Перейти на главную страницу
Филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубайқызының бұл кітабына жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарға және мектеп, лицей-гимназияға арналған оқу құралдарының нұсқалары қатар енгізілді. Бұл еңбектерде қазақ әдебиетінің түп-тамыры - біздің заманымыздан бұрынғы сақ, ғұн, үйсін дәуірлерінен бастап, Алтын Орда ескерткіштеріне дейін талданып көрсетіледі. Аталған дәуірлердің өз ерекшеліктері, бағыты пайымдалады. Заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар, Орхон ескерткіштері: ("Білге қаған", "Құлтегін", "Тоңұқұқ"), сондай-ақ, "Қорқыт ата", "Оғыз қаған", "Жұмжұма", "Қисса Жүсіп", тағы басқаларының мән-мағынасы, ой-мұраты, қазақ әдебиетімен үндестік-бірліктері сөз болады. Ежелгі әдебиетті зерттеудегі соңғы жылдардағы жаңаша қөзқарас тұрғысынан талданад
Осы конференцияда сөз алған Бейсембай Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихын жыраулық поэзиямен де шектеуге болмайды, түркілік ортақ дәуірлерімізді қосуымыз керек деген ойды ұсынды. Б.Кенжебаевтың бұл пікіріне түрткі болған нәрсе осы кездерде татар, өзбек ғалымдарының түркі әдебиетін сөз ете бастауы болатын. (Бірақ ол уақытта әрқайсысы түркі жұртына ортақ мұраларды тек өз халқына қарай тарту жағында болған). Бейсекеңнің ойларын қабылдауға әлі орта дайын емес еді. Сондықтан ол кісі өз идеясын іс жүзінде дәлелдеуге кірісті. Шәкірттеріне тақырып етіп беріп, зерттете бастады. Алпысыншы-жетпісінші жылдарда қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлерін зерттеудің орталығы Әл-Фараби университетінің (ол кезде С.М. Киров атындағы) қазақ әдебиеті кафедрасы болды. Жаңа бағдарлама жасалды, "Ертедегі әдебиет нұсқалары" атты хрестоматия шығарылды (1967). Оқулық жазыла бастады. Б.Кенжебаевтың жетекшілігімен М. Жолдасбеков Орхон ескерткіштері және оның қазақ әдебиетіне қатысын зерттесе, М. Мағауин XV-XVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын ашты. Х. Сүйіншәлиев қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін VІІІ ғасырдағы жазба ескерткіштерден бастап қарастырды. Осы жұмыстардың нәтижесінде "Қобыз сарыны" (1967), "Алдаспан" (1972), "Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері" (1967), "Ғасырлар поэзиясы" (1987), "Үш ғасыр жырлайды" (1965), "Асыл арналар" (1986), "Махаббатнама" (1985), "Ғасырлар мұрасы" (1988) т.б. еңбектер жарық көрді.
Бүгінгі күнде қазақ әдебиетінің мың жарым жылдық тарихы жасалып отыр. Енді онымен де шектеліп қалмай, сақ, ғұн замандарына барып, одан да бұрынғы "Авеста", "Гильгамеш" кітаптарындағы ортақ сарындарға барлау жасалуда. Қолдарыңыздағы оқу құралы әдебиет тарихына жаңаша көзқараспен қарап, пайымдау арқылы жазылды. Әдебиет зерттеудегі жаңалықтарды ескере отырып, түркі әдебиетін төмендегідей дәуірлерге бөліп қарастырдық:
1. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар (сақ, ғұн, үйсін дәуірі б.з. д. VІІ ғ. - б.з. ІV ғ.);
2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VІІІ ғ.ғ.);
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ғ.ғ.);
4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ.ғ.):
Сыр бойы әдебиеті;
Қарахан әдебиеті;
5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІV ғ.ғ.).
Қолыңыздағы кітапта жоғарыда аталған дәуірлердің өз ерекшеліктері, бағыттары көрсетіледі. Жеке ескерткіштердің ой-мұраты, мән-мағынасы, бүгінгі қазақ әдебиетімен үндестік-бірліктері талданады.
ЗАМАНЫМЫЗДАН БҰРЫНҒЫ ЖАЗУ-СЫЗУЛАР, АҢЫЗ-ЖЫРЛАР
(Сақ-ғұн, үйсін дәуірі б.з.б. VІІ ғ.– б.з. ІV ғ.)
Сақтар біздің заманымыздан бұрын Монғұлия мен Дунайдың арасын мекендеген. "Сақ" сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы: сақа (асық), сақшы, сақпан, қарсақ, сақсыну тағы басқа. "Сақты" грек тарихшылары – искит, еуропалықтар (европалықтар) скиф дейді. Сақтар жауынгер болған. Жауынгер көшпенділердің батырлары туралы аңыз-әңгімелер б.з.б.¹ V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" атты кітабында, қытайлықтар Сыма-цяньның "Жылнама", Бань-Гудің "Ханнама" атты кітаптарында жазылған. Олар біздің заманымыздан бұрын гректермен мәдени, сауда-саттық байланысын орнатқан. Византиялық Феофилакт Симокатта: "Күншығыста тұрған скифтерді біз түріктер деп атаймыз",- деген. Көне Грециядағы жеті ғұламаның бірі саналған Анахарсис² көшпелі скифтердің ұлы.
Сақтардың біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған. Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады. Жазу бар жерде мәдениет, әдебиет дамитыны анық. Күміс тостағандағы: "Аға, саңа, очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азуқ". Аудармасы: Аға саған (бұл) ошақ! (Ошағынан) безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай)! (А. Аманжолов оқып шыққан³),- деген жолдарды жазған ел-жұрттың бұдан да көлемдірек шығармалары болуы керек. Сөйлеу тілінің өзімізге мәлім түркі тілі екені көрінеді.
___________________
¹б.з.б.- біздің заманымыздан бұрын
² Грек жазбаларында скиф-сақтар аты грек тілінің ыңғайымен Анахарсис, Томирис, Спаргапис болып жазылған.
³ Аманжолов А. Түркі филологиясы. – Алматы, 1996. - 43-б.
Геродоттың кітабында жазылып қалған скиф-сақ дәуіріндегі аңыздардың бірі – Тарғытай. Тарғытай – біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір сүрген, скиф-сақтың көсемі.
Тарғытай бабаның әкесі – Көк Тәңірі, шешесі –су перісі екен. Тарғытайдан үш ұл туған. Олар: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай. (Қол – әскер, оқ – ел, сай – патша деген ұғымды білдіреді). Сол кезде Көк тәңірінің бұйрығымен аспаннан алтын: Түрен, мойынтұрық, балта, шөміш түсіпті. Тарғытайдың үлкен екі ұлы бұл заттарды алайын деп жақындаса, жанған жалыннан жолай алмайды. Кіші ұлы Қолоқсай келгенде ғана жалын су сепкендей басылып, алтын дүниені сол иеленеді. Әкесінің орнына патша болады. Осы үш ұлдан скифтер тарайды. Түрен, мойынтұрық, балта, шөміш аспан денелерін бейнелейтіндігін қазақ арасында бүгінге дейін сақталып келген мына бір жұмбақтан байқауға болады:
Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,
Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық,
Төртеуін таңдап алдым ерекшелеп.
(А.Сейдімбек. Қазақ әлемі.- А., 1997. - 216-б.).
Бұл жұмбақтағы балта – Таразы, шөміш – Жетіқарақшы, түрен – кіші Жетіқарақшы, мойынтұрық – Қарақұрт (Кассиопея) жұлдыздары көрінеді.
Тарғытай сақтардың кейінгі ұрпақтарының есінде Ер Тарғын атымен сақталған.
Скифтер тайқазан жасап, оған жылқының етін асып, аталарына ас берген. Сол дәстүр қазақтарда бүгінге дейін сақталып келеді. Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде тұрған тайқазан – скиф дәуірінен бері үзілмей келе жатқан дәстүріміздің белгісі.
Ариант¹ деген патша скифтердің санын білмек болып, "әрбір скиф бір-бір жебенің ұшын әкелсін",-деп бұйырады. Жиналған жебенің көптігі сонша, патша жебенің ұшындағы жезді балқытып, қазан құяды. Скифтердің тайқазанын көзімен көрген Геродот былай деп жазыпты: "Ол қазанды көрмесеңіздер, мен суреттеп берейін: Оған 600 құмған су еркін сыяды, ал скифтердің бұл ыдысының қалыңдығы алты елі".
Скифтердің тағы бір дәстүрі – бие сауып, қымыз ашытқан.
"Ерте замандағы грек авторларының суреттеуіне қарағанда, олардың көшіп қонатын көлігі – екі, төрт, алты дөңгелекті арба, оған екі, үш жұп өгіз, ат немесе түйе жегілген. Осы арба күймесінің сырты киізбен қапталған. Бұлар шөптің сонысы мен судың тұнығын жүзіп, малдарын оттатып көшіп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй мүкемелімен² күймелі арбада, қонғанда киіз үйде отырған. Олардың қыстауларында кесектен (сабан араласқан балшық кірпіштен) там үйлер болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар, жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген, егіншілікпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тіпті мал шаруашылығымен шұғылданушылардың да қыстауларының маңында шағын егіншілігі болған"³. Осыдан-ақ скиф-сақтардың өмір тіршілігінің қазақ өмірімен бірдей екенін аңғарамыз.
______________
² мүкемел – дүние
Алып-Ер Тұңға – Иранның ұлы жазушысы Фирдоусидің "Шаһнама" кітабына кейіпкер болған. Онда Афрасияп, Тұран патшасы болып суреттеледі. "Тұран" – Тұр елі – түріктер елі деген сөз. Иран патшалары мен Афрасияптың соғысы Сейхұн (Сырдария) – Жейхун (Әмудария) шекарасында болған Афрасияптың аңыздағы бейнесі Қорқытқа ұқсас. Ол өмірінің ақырында адам бойынан мың есе ұзын, есік-тесігі түгел бекітілген қорған салып алып, тығылып жатыпты. Алтын мен күмістен бірі – ай, бірі – күн, екі шам орнатыпты. Қорғанның іші асыл тастардың жарқылынан күндізгідей жарық болып тұрады екен. Бірақ ажалдан құтыла алмапты. Ажал адам кейпіне еніп келіп, жанын алыпты. Афрасияп сияқты, Қорқыт ата да ажалдан қашқан. Өздері өлсе де, жасаған жақсы ісі, даналық сөздері қалды. Өлмеудің жолы сол екен.
Алып – Ер Тұңға – тарихи адам. Ақыл-айласымен, күшімен, айтса сөзін өткізіп, тірессе жеңіп, елді - ел қылған батыр әрі көсем. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау ауыздан-ауызға тарап, одан ХІ ғасырда түрік ғалымы Махмұт Қашқаридің "Түркіше сөздігіне" кірген, сөйтіп біздің дәуірімізге жеткен.
Алып – Ер Тұңғаға арналған жоқтау – ежелгі түрік әдебиетінің алғашқы нұсқаларының бірі болып есептелген. Енді жоқтауды оқиық.
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар...
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер.
Айқаймен жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды,
Жазылған жара жаңғырды.
Кешкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізделер.
Ұры тұзағын ілдірді.
Бектердің бегін ап кетті,
Қашса қалай құтылар.
Пенденің күшін меңдетер.
Пәниді жұрттан тазартар,
Қашсаң тағы артылар.
Бұдан да басқа сыр көп-ақ.
Заман атса кезеп-ақ,
Таулардың басы күйрелер.
Кім тоқтатар көлбеу кеп.
Тауды атса көздеп кеп,
Шың шатқалы қарқырар.
Замана түгел күйреді,
Білімді жақсы сиреді.
Жаман-жәутік түптеді¹,
Ізгі бектер шертілер.
Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Ізгілер тәні жидіді,
Жерге тиіп сүртілер.
Қорыта айтқанда, батырға арналған жоқтау жыры Алып – Ер Тұңғаның түріктерді жау табына салдырмаған аяулы ұлы болғандығын көрсетеді.
Кир көп әскермен Сырдария өзенінің жағасына жетті. Тұмар жасауылын жіберіп, тұрысатын жерін сұрайды. Екеуара келісімнен кейін Тұмар патша өзеннен үш күншілік жерге дейін шегінді. Кирдің әскері Сыр суынан өтіп, бергі жағына шығады. Сөйтіп, соғыс басталады. Кир қулық ойлап, біраз адамын оздырып апарып, көл-көсір __________________
тамақ-шараптарымен тастайды да, өзі әскерімен кейін оралады.
Тұмар патшаның он алтыдан асқан ұлы бар еді. Ол бүкіл әскердің үштен бірін алып келе жатып Кирдің әлгі адамдарына кездесіп, оларды жеңеді. Алғашқы жорығының жеңіспен аяқталғандығына қуанған жігіт, сол жерде той тойлап, шарап ішіп, әскерімен алаңсыз ұйқыға кетеді. Мұны білге Кир қайтып келіп, ұйқыдағы әскерді тас-талқан етті. Тұмардың баласы қолға түсті.
Тұмар патша Кирге жаушы жіберіп, баласын босатып, еліне тыныштықпен қайтуды талап етеді. Тұмар Кирге былай деп сәлем айтады: "Сен менің тұтқындағы ұлымды қайтар да, аман-сауыңда еліңе кет. Бұл айтқанымды тыңдамасаң, қанға тоймас басыңды қанға тұншықтырамын!" Кир баланы босатпайды. Кирдің жібермейтініне көзі жеткен жас жігіт өзін-өзі өлтіреді.
Баласының қазасы Тұмар патшаны есеңгіретіп кетті. Көзі жасқа толып, бауыры езіліп, іштей зар еңірейді. Сонда да бауырын жазып атқа қонды. Артындағы әскерін атойлап соғысқа бастады. Ата-бабаның жерін таптатпауға, қанға-қан алуға бел байлады.
Қанды шайқас басталды. Барлық жасақ іске кірісті. Кирдің әскері әлсірей бастады. Ақырында Тұмар патша Кирдің басын шауып алып, сығырайған жансыз басты жиіркене ұстай тұрып: "Аңсағаның қан еді, іш енді соны!" - деп, қан толтырылған сабаға тығыпты да, өзенге лақтырып жіберіпті. Тойымсыз Кирді жеңген сақтың қызы Тұмар патша осылай тарихта қалыпты. Бұл оқиғаны сол заманда өмір сүрген грек тарихшысы Геродот "Тарих" атты кітабында жазып кеткен. Онда Томирис деп аталады.
Сонымен Дарий қара құрттай қаптаған әскерімен дарияның бергі бетіне өтіп, шабуылға шықты. Сақ әскері сан жағынан аз еді. Ойсырай жеңіле бастағаннан кейін халқының тағдырын ойлаған Ширақ деген батыр ел-жұртына: "Бүкіл ел қырылғанша, біріміз құрбан болайық"- дейді.
Сөйтеді де өзінің құлақ-мұрнын кесіп, Дарий патшаның алдынан шығады: "Өз елім мені қорлады. Енді сізге қызмет етемін",- дейді. Бұған сеніп қалған Дарий Ширақты жолбасшы қылып, көшіп кеткен сақтардың ізіне түседі. Бірақ жеті күн, жеті түн жүрсе де, алдынан ешкім көрінбейді. Елсіз-күнсіз Қызылқұмның ішінде қамалады. Әскері қырыла бастайды. Бір бәленің болғанын сонда ғана сезіп, Дарийдің қолбасшысы Ширақты алқымға алады. Сонда Ширақ: "Мен дегеніме жеттім, елімді аман алып қалдым. Енді қолыңнан келгенді істей бер!"- дейді.
Дарий сонда ғана алданғанын түсініп, ызадан не қыларын білмей, Ширақтың басын қылышпен шауып түсіреді. Адамдары да, аты да қырылады. Сасқаны сондай, тәңіріне жалбарынып: "Осыдан аман қалсам, енді сақтарға қарап аяқ баспаспын!"- деп ант береді. Сол кезде жаңбыр жауып қана жаны аман қалып, аз ғана әскермен еліне қайтады.
Сөйтіп, Ширақ батырдың арқасында сақ даласы жауынан құтылды.
САҚ ПАТШАЙЫМЫ ЗАРИНА СҰЛУ
(б.з.б. дейінгі V ғасыр)
Зарина жастайынан атқа мініп, соғыс өнеріне машықтанған дала сұлуы, патша қызы еді. Бір күндері Зарина соңына нөкер қыз-келіншектерін ертіп, кең далаға аң аулап, көңіл көтеріп қайтуға шығады. Алдынан құланның үйірі қашып, оны қуып, қызықтап, байқаусызда алыстап кетіп қалады. Бір төбеден бір төбеге асып, құлан қуып жүргенде, алдынан қаз-қатар тізілген жау әскері көрінеді. Олар Заринаның әйел екенін танымайды, дулыға киген жас жауынгерді қолға түсіру үшін қоршай бастайды. Зарина өжеттікпен қоршауды бұзып өтеді. Соңынан жау әскерінің көсемі қуады.
Бір уақытта Заринаның санына оқ тиіп, жараланып, аттан құлайды. Ақсаңдап орнынан қайта ұмтыла бергенде, басындағы дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген қолаң шашы жібектей сусып беліне түседі. Қуғыншы Заринаның әйел екенін білген соң, аттан секіріп түсіп, көмектесіп, көтеріп алады. Ай мен күндей сұлу келіншекті ұнатып қалады. Ол Мидия патшасының баласы Ханзада еді.
Ханзада Заринаны бір көріп қайту үшін жиілетіп ұлы сақтар даласына келіп тұратын болады. Бір күні Заринаның күйеуі Мөрмөрдің қолына түсіп қалады. Ол қолындағы тұтқынын өлтірмекші болады. Мидия ханзадасын өлтірсе, екі елдің арасында жанжал туып, соғыс басталатынын сезген Зарина Мөрмөрді райынан қайтарғысы келсе де, күйеуі оған көнбейді. Зарина нөкерін жұмсап, араша түспекші болғанда, тайталасқан Мөрмөр байқаусызда жараланып, ұзамай қансырап өледі.
Мидия ханзадасы еліне кетерінде Заринаға сөз салып, бас қоспақ ниетін білдіреді. "Екі патшалықты біріктіріп бір ел болайық",- дейді. Зарина жауабын бірден бермей: "Бір жылдан кейін анығын айтамын",- деп қала береді.
Арада бір жыл өтті. Заринаның да Мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар. Жүрегі лүп-лүп етіп соны ойлайды. Қара көзінде мұң толып, алысқа қарайды. Бір күндері болғанда көп әскермен атқа қонып, Мидияның шекарасына жақындайды. Арғы жақтан Ханзада күтіп тұр екен. Зарина сабырлы, салқындылықпен былай дейді:
– Армысың, сүйіктім!
Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Оның себебі, екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Менімен қоса артымдағы елім де саған бағынышты болады. Мен сүйгеніме қосылып, бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айрылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. Қош, сүйіктім!
Осы сөзді айтып бола бергенде, Заринаның қара көзінен жас тамып кетті. Ханзада да мұңға батып, басын төмен салады. Екеуі:
– Қош!
– Қош! - десіп, қимай-қимай тарасты.
Мөдемен жауласқан көршілері оның елін менсінбей, алым-салық салады, намысына тиеді. Әуелі, Мөденің әкесі Түмен ханнан қалған күніне мың шақырым жүгіретін тұлпары бар еді, соны сұратады. Мөде өзінің билерімен ақылдасып еді, олар: "Бұл не сұмдық, ол тұлпар елдің құты емес пе, бермейміз!" - дейді. Мөде елдің тыныштығын ойлап, жауын өштестіргісі келмей, тұлпарды бергізеді.
Бұған дандайсыған көршілер енді Мөденің ханымын сұрап хат жазады. Билер: "Ханның ханымын сұрау қандай ұятсыздық, бермейміз, соғысқа шығамыз!"- дейді. Мөде елінің жайын ойлап, бір ханымын беріп жібереді. Олар: "Бізден қорқады екен",- деп, Мөдені тіпті менсінбейтін болады. "Енді ұзындығы мың шақырым жерін берсін",- дейді. Мөде билерін тағы жинап алады. Біреуі: "Жерді берейік", бірі: "Бермейік!", - деп дауласады. Сонда Мөде: "Жер – елдің байлығы. Өз байлығымды берсем де, ел байлығын бермеймін"! - деп, қаһарына мінеді. Жерді бергісі келген билердің басын алдырып, соғысқа шығады.
Өздеріне туысқан үйсіндермен бірігіп, бас қосқан елін 24 ұлысқа бөліп, мың басы, жүз басы, он басы сайлайды. Мөденің әскері 300 мыңнан асады, қытай әскері 100 мың болған. Сөйтіп, қытай әскерін қирата жеңеді, олардың өздерін салық төлеп тұратын қылды. Енді Ғұндардан қаймыққан көршілері 5 мың шақырымға созылған қытай қорғанын салды. Ғұндар Орхон өзенін қыстап, Жетісу, Сырдария бойын жайлап өмір сүрді. Сыр, Шу өзендерінің бойынан әдемі қалалар салды. Астанасы Шу бойындағы Талас (Тараз) қаласы болды. Ол - қазіргі Тараз қаласының орны.
Ғұндар күнге табынған. Ғұнның хандары таңертең шыққан күнге бас иіп, қолын көкке көтерген. Жаңа туған айға табынған. Бұл салт қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ жаңа ай туғанда:
Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім.
Жаңа айда жарылқа,
Ескі айда есірке! - дейді.
Енді Көкбөрі аңыздарының шындығы қайсы десеңіз, біздің заманымыздың V ғасырларында бес жүз үйлі бөрі тайпасы Сары Жазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің аты – Түркіт екен. "Түркіт" – "дулыға" деген сөз, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда темір қорыта білген. Темірден қару-жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. Көкбөрі аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болып табылады. Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда, атының басына бөрінің бас терісін қаптап алатын болған.
Ол туралы Жамбылдың ұстазы Сүйімбай ақын:
Бөрілі менің байрағым¹,
Бөрілі байрақ көрінсе,
Қозады қай-қайдағым,- деген.
ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Болмасын деп байлығы басқаға азық, Кеткен бабам тарихын тасқа жазып.
(Б.Бәйітұлы)
_________________
Бұмынның мұрагері Мұқан қаған Сары теңізден (Хуэнхэ) – Каспийге, Гобиден Байкал көліне дейінгі аралыққа созылып жатқан түркі қағанатының батыс өлкесінің билігін әкесінің інісі Естемиге берді де, өзі Орхон өзенінің жоғарғы ағысындағы хан ордасында болды. Орхон – Моңғұлиядағы өзен. Рим тарихшысы Менандрдың айтуынша, осы жерге 568 жылы Византия елшісі Земарх келген. Түріктердің алтын, күмістен жасалған ыдыс-аяқ, түрлі шебер бұйымдарын көріп, таң-тамаша қалған.
Мұқан мен Естемиден соң олардың ұлдары билікті екіге бөлді. 582 жылы Түркі қағанаты батыс және шығыс қағанаты болып екіге айырылды. Әлсіреген қағанат осыдан былай көрші Қытайдың Таң империясының уысына түсе бастады. Қытай ханшаларын ханымдыққа алды. Ішінара күрестен ештеңе шықпай, 630 жылы шығыс және батыс Түркі қағанаты құлады. Осыдан былайғы жарты ғасыр табғаштарға құлдыққа өтті. Олардың есін жиған кезі Елтеріс пен Тоңұқұқтың тұсында болды. Елтеріс 682 жылы көтеріліс бастап, жеңіп шықты. Елтерістен соң таққа Қапаған (Мойыншор) отырды. 715 жылы Қапаған қаза тапқаннан кейін жаужүрек Құлтегіннің көмегімен ағасы Білге қаған болды. Қасына Тоңұқұқ жырауды¹ ақылшы қылып алып, Құлтегінге әскердің билігін берген. Сөйтіп, осы үш ердің тұсында түркілер айбынды жұрт болып, бір тілек, бір мақсатта өмір сүрген. Тәңірі жарылқағыр, Құлтегін 731 жылы, Білге қаған 734 жылы дүниеден озған. Тоңұқұқтың қай жылы өлгені белгісіз.
Білге, Құлтегін, Тоңұқұқтың басына құлыптастар
________________
¹ Зерттеуші Жолдасбеков М. "Тоныкөкті" жырау деп дәлелдеген / Асыл арналар. – Алматы, 1986. – 109-б.
қойылып, оның бетіне осы ел үшін еңіреген үш батырдың ерлігін жазып қалдырған. Бұл тастағы жазулар тарихта Орхон ескерткіштері деген атпен белгілі болды. Орхон ескерткіштерін оқудың кілтін Дания ғалымы В.Томсен тапты, Ресей ғалымы В.В.Радлов 1893 жылы оқып шықты. Бұдан кейінгі осыған ұқсас жазулар Енисей, Талас, Шу бойынан табылды. Орхон жазуы түркілерде б.д.д. замандардан б.д. Х ғасырларына дейін қолданылған. Орхон жазуының ізі қазақтың ру таңбаларында қазірге дейін сақталған. Бір қызығы Орхон ескерткіштеріне алғаш кезіккен швед офицері Табберт-Страленберг оған "ру-на" жазуы деген ат берген.
Бұдан басқа Елтеріс пен оның әйелі Елбілге қатынға арналған Онгин ескерткіші, Суджа, Мойыншор т.б. ескерткіштер бар. Орхон ескерткіштерінің қысқаша тарихы осындай.
Орхон ескерткіштерін арнайы зерттеген ғалымдар М.В.Стеблева Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков, Қ.Өміралиевтер жанры жөнінде әр түрлі пікірде:
Бірі қара сөз, бірі өлең, бірі өлең мен қара сөз аралас жазылған деп бағалайды. Осының ішінде біраз толымды, дәлелді пікірді М.Жолдасбеков айтты. Ол кісі қазақтың жыр дәстүріне ұқсас екендігін нақты зерттеп, қазіргі тілге солай аударып шыққан. Біз осы аударманы пайдаландық¹. Енді қойнына талай сыр бүккен тастағы жазу не дейді?! Соған келейік. Жыр басы Білге қағанның ел-жұртына үндеуімен ашылады.
Түрік білге² қаған³.
Бұл шақта отырдым,
Сөзімді түгел естіңдер:
________________________
¹ Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Алматы, 1986. – 3-11-бб.
²білге – ақылды, данышпан, білікті.
³қаған – хан.
Бүкіл жеткіншегім, ұланым,
Біріккен әулетім, халқым,
Оңымда шад, апа бектер¹
Солымда тархан, бұйрық бектер.
Тоғыз оғыз² бектері, халқы,
Бұл сөзімді мұқият тыңда,
Терең ұқ.
Тауғаш халқымен табыстым.
Тауғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді.
Олар тәтті сөз, асыл қазынасын беріп,
Жырақтағы халықты өзіне сонша жақындатар еді.
Түркі халқы қырылдың,
Түркі халқы жойылдың! – дейді.
Жырдың айтуынша, түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебі екі түрлі: Бірі – тауғаштардың алтын, күміс
_________________
Ұлдары әкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Әміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен.
Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,
Тауғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,
Арбауына сенгендігінен,
Інілі-ағалының дауласқандығынан,
Бекті-халқының жауласқандығынан,
Түркі халқы елдігін жойды.
Қағандығығынан айрылды.
Пәк қыздары кұң болды,
Түркі бектер түркі атын жоғалтып,
Тауғаш бектерінің тауғаш атын тұтынып,
Тауғаш қағанына бағынды,
Елу жыл ісін-күшін берді.
Былай депті: "Түркі халқы жойылмасын",- дейді. "Ел болсын",- дейді.
Шешем Елбілге қатынды
Тәңірі төбесіне ұстап,
Жоғары көтерген екен.
Тәңірі қуат берген соң,
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,
Жаулары қойдай болыпты.
Елтеріс қағанның тұсында түркілердің айналасы түгел жау екен. Оңында – тауғаш, солында – Баз қаған, тоғыз оғыз халқы, қырғыз, құрықан, отыз татар, қытай татабылар жауласушы еді.
Елтеріс қырық жеті рет соғысқа аттанып, түркілерді бүтіндеп, "бастыны еңкейтті, тізеліні бүктірді", сөйтіп "ұша" барды¹. "Оның елінің үстіне ағам қаған болды" (Қапағанды айтып отыр).
Жырдағы оқиғаны ұйыстырушы негізгі тұлға – Құлтегін. Ол ағасы Қапаған ханмен бірге Жасыл өзені, Шаңтұң жазығы, Темір қақпа, Көгмен еліне дейін "бас-аяғы жиырма бес рет аттанып, жиырма үш рет соғысады. Жауларының елдігін әлсіретіп, қағандығын қағансыратады". Әкесі Елтеріс секілді, "тізеліні бүктіріп, бастыны еңкейтеді". Бұрын тауғаштарға бағынып, құл болып келген түркілер енді өздері иелік етті, яғни "құл-
________________
құлды болды, күң-күңді болды". Жерінің кеңейгені сонша, "інісі ағасын білмес еді, ұлы әкесін білмес еді".
Құлтегін Ұмай текті анадан туып, он алты жасқа келгенде, ел жұртын молайтқан. Жырда Қүлтегінге көп көңіл бөліп, "Жауға жалғыз ұмтылған" батыр екендігін дәріптейді.
Құлтегін шыдамдылық көрсетіп, елін-жұртын қорғайды: "Жиырма бір жасында Чача Сеңүңмен айқасқанда, Тадықұл Чұрдың боз атын мініп шабады. (Бұл адамдардың кім екендігін ғылымда анықталмаған). Ол ат сонда өледі. Екіншіде Ышбар Ямтардың боз атын мініп шабады. Соғыста шыдай алмай, ол ат та сонда өледі. Үшіншіде Сілікбектің ертеулі торы айғырын міне шапты, ол да шыдас бермеді. Құлтегіннің сауытына жүз оқ тисе де, өзіне оқ дарыған жоқ. Жырда: "Оның шабуылын, түркі бектері, жақсы білесіңіздер!"- дейді.
Құлтегін жиырма алты жасқа келгенде, Көгмен қойнауынан асып, қырғыздарды ұйқыда басқан, бір ерін оққа ұшырып, екеуін найзаға шанышқан. Сол жылы түркешке қарсы тағы жорыққа шығып, Алтын қойнауынан асып, Ертіс өзенін кешіп, "отша, бөріше" қаһарына мінген, түргеш қағанының әскерін жеңген, қағанын өлтірген. Одан Інжу өзенін кешіп, Темір қақпаға дейін аттанған. Сол соғыста отыз бір жаста еді. Бұдан Қапаған ханның тұсында, туған ағасы Білге елі билікке келмей тұрған кездің өзінде-ақ айтулы батыр болғандығын көреміз. Құлтегін батыр "Қырық жеті жасында қой жылы" өлген. Оған халқы қатты қайғырған. "Қайғырғаны соншама, көзге ыстық жас келер, көңілге ауыр шер келер",- дейді. Жырдағы Білге қаған да ақылды, батыр адам:
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың,
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқы үшін,
Түн ұйықтамадым.
Түргеш қағандығы 704-766 жылдары өмір сүрген. 766 жылдан қарлықтар елеулі саяси күшке айналды да, Түргеш қағандығын құлатты. Қарлықтар 734 жылы Білге қаған өлген соң күшейген.
Күндіз отырмадым,
Түнде ұйықтамадым,
Біріккен халықты от-су қылмадым, - дейді.
Тоңұқұқ бейнесі қазақтың жыраулық дәстүріндегі Бұқар жырауды, Қорқыт атаны, "Оғыз қаған жырындағы" Ұлық түрікті еске түсіреді. Ол - Білге қаған кезінде төбе би болған, Білге қағанға қызын берген қайын атасы. Алтайдағы қара Ертісті жайлаған қарлықтардың Сәбек тайпасынан (жүз тайпа деп те айтылады) шыққан. Жасында Тауғаш елінде тәрбиеленген. Он үшінші ғасырда найман Таян ханның хатшысы болып, кейін Шыңғысханның шежірешілеріне ұйғыр жазуын үйреткен Тататұңға (Тәте Тұңға) осы Тоңұқұқтың ұрпағы екен¹.
Тоңұқұқты жыраулар қатарына қосу себебіміз: "Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым, Мен Білге Тоңұқұқ",- деуіне қарағанда, біз әңгімелеп отырған жырларды шығарушы адам осы Тоңұқұқ болуы керек.
___________________
¹Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1995.
Ежелден ұлы жыраулар ханның қасында отырып, ақылшы-кеңесші болған. Жорыққа бірге шыққан, әрі жауынгер, әрі білікті сөз ұстаған адамдар еді. Тарихтағы Бұхар жырау, Қазтуған, Доспамбеттер де дәл осындай тұлғалар. Тоңұқұқ та Елтеріс, Қапаған, Білге - үш ханның тұсында ақылшы болды. Қағанның ұлдары Бөге, Інел хандары да жебеп-желеген. Өзі туралы былай дейді: "Сонда ақылгөйі мен едім… қызыл қанымды төктім, қара терімді ағыздым, күш-қуатымды аямадым. Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым".
Тоңұқұқтың өзін-өзі көтере мақтауы жыраулық-ақындық дәстүрмен қабысып жатыр. Өйткені ақынның өзін асыра мақтауы қарсыласының мысын басу үшін айтылады.
Тоңұқұқ – сол кездегі түркі қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткізген дана абыз. Түркі қағанатының жай-күйін білетін оғыздар табғаштарға: "Қағаны алып еді, ақылгөйі білгір еді. Ол екі кісі тірі тұрса, сені – табғашты қырады",- депті. Сөйтіп, үшеуі бірлесіп, соғыс ашпақ болыпты. Осы сөзді естіп, "күндіз отырғым келмеді, түнде ұйқым келмеді",- дейді. Тоңұқұқ. Сонан соң, қағанына айтыпты:
Тауғаш, оғыз, құтан –
Құл үшеуі біріксе, біз –
Өз іші-тысымызды ұстап қала алмаспыз¹.
Жұқаны бүктеу – оңай,
Жіңішкені үзу – оңай.
Жұқа қалыңдаса,
Оны тек алып бүктейді.
Жіңішке жуандаса,
Оны тек алып бүктейді.
¹ Елді қорғап қала алмаймыз
Екі-үш мың қолмен бара аламыз ба?
Қарды бұздым.
Жоғарыға атты жетелеп,
Жаяу таяқ тіреп шықты.
Төмендегі ерлер жоғары шығып,
Шың басынан әрі астық.
Азанменен төмен түстік,
Он күн дегенде тау етегіне әрең жеттік.
Орхон ескерткіштерінде көне түркілердің наным-сенімі, өмір туралы түсінігі көркем бейнеленген. Мысалы, қаған көк Тәңірі Ата мен От-су, жер Ананың құдіретімен дүниеге келеді. Оны Көк Тәңірі жердегі түркі халқын ұйыстырып, иелік етсін деп әдейі жаратқан. Бұл – көне түркілердің аспанды – ата, жерді – ана деп ұғынудың көрінісі. Ертедегі түркілер жалпы жаратылыстың төрт негізі бар деп есептеген. Олар: топырақ (жер), су, от, жел (ауа). Осы түсінік Елтерістің дүниеге келуінен аңғарылады.
"Білге", "Құлтегін", "Тоңұқұқ" ескерткіштері тақырыбы, көтерген мәселесі, кейіпкерді бейнелеуі, көркемдігі тұрғысынан қазақтың эпостық жырларына өте жақын. Екеуінде де елдің қамы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ерлердің дамылсыз жорықтары туралы суреттеледі.
"Қобыланды", "Алпамыс" жырында:
_____________
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды, - десе,
"Құлтегінде":
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары кұң болды
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді.
"Құлтегінде":
Жаулары қойдай болыпты.
Қасқыр мен қой қарама-қарсылығы – жауыздық пен әділет бейнесінде түркі поэзиясында қалыптасқан тұрақты сурет. Сондай-ақ қасқырды "бөрі" деп атау өзінің шығу тегін "бөрі" тотемінен алған түркілердің ежелгі түсінігіне сәйкес келеді.
"Құлтегін" жырындағы "азды көп қылдым, кедейді бай қылдым, құл – құлды болды, күң – күңді болды",- деген қайталаулар қазақ эпосында жиі ұшырасады. Орхон жазуында "Шығайды бай қылдым", - дейді. Қазақ ертегісіндегі Шық бермес Шығайбай образы осы "шығай" сөзінен шыққан. Өзі бай болғанмен, көңілі кедей, сараң мағынасында. "Кедей бай" – "Шығайбай" аталған. Қасиетті жеті санының ежелгі түркілерде де киелі сан екеніне көз жеткізуге болады.
Жырдың көркемдігіне келсек, әдемі, айшықты сөз қолданысынан оны жазған кісінің ақын екендігі анық. Мысалы: "Өштестірмедім" дегенді "от-су қылмадым", әкем қағанның әскері "бөрідей, жаулары қойдай болыпты", "түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым", "қасы-көзі әз болар деп қайғырдым", "көзге ыстық жас келер, көңілге ауыр шер келер", "жұқаны топтау оңай, жіңішкені үзу оңай", "бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды", "тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті", "отша, бөріше келді" деген тіркестердің ақынның қолынан шыққаны айқын.
Сөз соңында Білге қаған, Құлтегін, Тоңұқұқ жырларын жазған адам кім? Соған келейік. Жырда: "Түрк білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен білге Тоңұқұқ және "Бұл жазуды жаздырған Йоллық тегін" деген сөздер бар". Йоллық тегін – Білге қағанның баласы. Тегін – хан тұқымының атауы. Хан ұлдары әкесіне: "Мен сізге құлмын", яғни "бағынамын" деген мағынада "Құлтегін" деп атап кеткен. "Тек", "тегі" сөздері қазақ тілінде бүгінге дейін бар сөз. Йоллық тегін тарихта қаған емес, ақын ретінде аты қалды.
Түркештер - Батыс қағандығының қаңлы, үйсін, бес арыс, дулаттың белді тайпалары еді. Олар Іле мен Шу аралығын мекендеген. Ал қарлықтар - Алтай тауының батыс бөлігі мен Тарбағатайды қоныстанған, ежелгі көк бөріге табынған түркілердің ұрпағы, VІІІ ғасырда Жетісуға қарай ығысып, Суяп, Тараз қалаларының маңайында орныққан. Қарлық мемлекеті Түркеш қағанатының орнын басты. Оның қарамағында Жоңғар Алатауынан Сырдарияға, Балқаш көлінен – Ыстықкөлге дейінгі жерлер болды.
Ал ІХ-Х ғасырларда Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойында Оғыз қағандығы құрылды. Орталығы – Сыр бойының көне мекені – Жанкент қаласы. Кейін қыпшақтардың қысымының нәтижесінде бір жағы оңтүстікке ығысып (Түрікмен жері), одан әрі Қапқазға дейін кетті. Кіші Азияға келіп, Селжұқ мемлекетін құрды. Каспийден жоғары ығысқан бір тармағы татар, башқыр құрамына кірді. "Қорқыт ата кітабында" Сыр бойындағы жер аттары мен Қапқаз жер-су атауларының қапталдаса-жалғаса келіп отыратыны содан.
ҚОРҚЫТ АТА
(VІІІ - Х ғ.ғ.).
Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,
Қазылған көрді көріп қатты сасқан.
Тағдырдың тақымына тәнті болмай,
Ажалмен арпалысып жан таласқан
(Әлқуат Қайнарбаев. "Қорқыт").
Тарихшылардың айтуынша, дана Қорқыт Мұхаммед пайғамбардың замандасы екен. Сыр бойында туған. Қорқыттың бейіті бүгінде Қызылорда облысының Қармақшы стансасынан 18 шақырым жерде тұр. Өзі оғыз тайпасының Баят руынынан, анасы – қыпшақ қызы. Оғыз -қыпшақтар – қазақ халқының арғы аталары. Түркілер шежіресін жазған Әбілғазының айтуынша: "Қорқыт – оғыз қыпшақтарының ұлы атасы, оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, ақылшы, кеңесші. Ол Оғыз хан заманындағы үлгі айтып, билік құрған, дана кісі. Оғыз елінің жұрттары күн шығыста: Ыстықкөл, Алмалық, Талас; Ортасы: Сайрам, Қазығұрт, Қарашық тауы (Қаратау), Ұлытау, Кішітау, мыстың кені (Жезқазған); Күн батыста: Сыр суының аяғы (қазақ жырында: "Су аяғы - Қорқыт") - Жанкент, Қарақұм. Осы айтылған жерлерді оғыздар бес мың жылдай қоныс етіп отырады". В.ВБартольд пен В.М.Жирмунский: "Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мың жылдық өнегесі бар"- деген¹.
Қорқыт туғанда Қаратауды қараңғылық басып, сұрапыл дауыл соққан, содан Қараспан тауы аталған. Ел аузында:
Қараспанды су алған,
Қара жерді құм алған,- деген сөз бар.
Қорқыт осылай елді қорқыта туғандықтан, Қорқыт атаныпты дейді.
Тағы бір аңызда Орта Азияға ортақ кейіпкер Көроғлы сияқты, көрден туған болып шығады. Анасының құрсағынан шыға салып, сөйлеп кетіпті. Ел есінде ерекше сақталған батырлардың тез-тез өсіп-жетілуі, батырлық жырлардың бәріне ортақ деуіне болады. Мысалы, Оғыз батыр, Қобыланды, Алпамыс батырлар күн санап, сағат санап өскен.
Қорқыт жиырма жасқа жеткенде түс көріп, түсіндегі ақ киімді кісі: "Қырықтан артық өмір сүрмейсің",- деген. Содан нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеуге шығады. Қазақ тарихында желмаяға мініп, жанға жайлы жер іздеген екі ойшыл бар. Бірі – Қорқыт, екіншісі – Асан қайғы.
Қорқыт жүріп келе жатса, алдынан қазылған көр шығады.
– Бұл не? - деп сұраса.
– Қорқыттың көрі, - деп жауап береді.
Жан сақтауға жер қалмаған соң, Сыр суының үстіне кілем төсеп, қобызын тартып, сонда отырады. Қорқыт – ел есінде қобызды алғаш жасап тартқан адам. Қорқыттың
_________________
жанын алғалы келген ажал күндіз-түні күңіренген қобыздың даусынан жақындай алмайды. Неге келгенін ұмытып, тұрып қалады. Қорқыттың көп күйлері сонда тартылады."Ұлардың ұлуы", "Әупбай" т.б. Қорқыт көп заман өліммен алысады. Өлімді бәрібір жеңе алмайды. Шаршап қалғып кеткенде, ажал қайрақ жыланның кейпіне еніп, шағып өлтіріпті.
Қорқыт туралы тағы бір ел аузында айтылатын аңызда: күңіренген қобыздың даусын естіп, маңайдағы жұрт дарияның екі жағынан жиналып тыңдайды. Кешке соққан самал желмен қобыз үні Арқаға дейін жетеді. Оны естіп, үйінен шыққан қырық қыз жүгіре-жүгіре жете алмай, шаршап құлайды. Жалғыз бір қыз аяғының талғанына қарамай жүгіреді. Ақыры Қорқыттың жанына жетіп жығылады. Аяғы ақсақ боп қалады. Шындығында, Қорқыт атаның күмбезінен Арқаға қарай бір шақырымдай жерде "Ақсақ қыздың мұнарасы" бар екен.
Тағы бір аңызда: Әзірейіл Қорқыттың жанын алу үшін алтын сандық жасатып әкеліпті де:
– Мына сандыққа кір!- дейді.
Қорқыт:
Әзірейіл ішіне кіргенде, Қорқыт сандықтың аузын жауып, дарияға ағызып жібереді. Оны бір балықшы тауып алып, аузын ашқан бойда Әзірейіл жанын алады.
Бұл аңыздың ел аузында ондаған нұсқалары айтылады. Соның бірі – "Зергер мен Әзірейіл".
Бір зергер адал еңбегімен күн көреді. Бір күні Әзірейіл келіп жанын алмақшы болыпты. Ол кезде Әзірейіл көзге көрінеді екен. Шебер балаларына тамақ тауып беріп кету үшін бір айға мұрсат сұрайды. Күні-түні жұмыс істейді. Бір айдан соң Әзірейіл келсе, керемет әдемі сандық жасап қойыпты. Бір нүктесін басып қалса, сыңғыр етіп ашылады. Іші сыртынан да әдемі екен. Қызыл барқытпен тысталған. Әзірейіл ішіне түсіп көреді, сол кезде сандықтың аузы жабылып қалады. Зергер оны дарияға ағызып жібереді. Көп жылдар өтеді. Ағып бара жатқан сандықты балық аулап тұрған жас жігіт көріп, ұстап алады. Аузын ашып жібергенде, Әзірейіл секіріп шығып, жазықсыз жігіттің жанын алады. Сол бетімен құдайдың алдына келеді.
Құдай тағала:
– Е, қайда жүрсің, жер бетінде адамдар сыймай кетті ғой, - дейді.
Әзірейіл болған оқиғаны айтып береді. Сонда құдай тағала: "Бұл адамдардан айла құтылмайды екен. Енді адамның жанын көзге көрінбей келіп алатын боласың", - депті. Содан былай Әзірейіл көзге көрінбейтін болыпты.
Өліммен күресу оқиғасы Шумер эпосы "Гильгамеште" суреттелген. Прометей мен Харта аңызында да айтылады. Осы сарын көне парсыларда да бар. "Алкестида" трагедиясында өлгелі жатқан Адметтің орнына әйелі Алкестида өлуге келісім береді. Бірақ Геракл адам жанын билеуші Танатпен соғысып, Алкестиданы аман алып қалады. Қорқыттың өлімнен қашуы одан бұрынғы Тұран патшасы Алып – Ер Тұңғаның да басынан өткен. Ол дағы өлімнен құтыла алмай, ажал құшқан еді.
Қорқыттың өлімнен қашуы, өлімді жеңу ойлары да ислам діні келгенге дейінгі дәуірде айтылғанын көрсетеді. Өйткені өлімді мойынсынбау ислам дініне жат. Әзірейілмен күресі – бұл дінді әлі қабылдап болмаған заманда туғанының айғағы. Қорқыт-әулие, бақсы, жырау, батагөй абыз. Қазақ даласында ислам діні күшейген кезде "Қорқыттың жолын қуған бақсылардың халі нашарлай бастаған көрінеді. Ислам оларды өлім жазасына дейін апарды. Кейін келе бақсылар бүтіндей азып-тозып, ерте кезде қолданған, мойыншақпен өрнектелген қобыздарын да сақтай алмай қалды" (Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. 166-б). Қорқытты ажалдан құтқарған қобызы болғандықтан, кейінгі бақсылар да ауруды, ажалды қобызбен қорқытқан. Қорқыт – бүкіл жырау-бақсылардың атасы. Қорқыт сарынын мирас еткен Қойлыбай, Төбе тәңір, Кет-Бұғы сынды көптеген бақсылар болды.
"Қорқыттың күйшілік дәстүрі Орта Азиядағы мәдени оянудың ІХ-Х ғасырлардағы жарқын бір көрінісі болған еді" (Ә. Қоңыратбаев).
"Қазақ халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық, үлкен прогресс болды" (Ә. Қоңыратбаев). Кейін Қорқыт туған топырақтан әлемге әйгілі әл-Фараби шықты. Екеуі де бүкіл Орта Азия халықтарының өнер-іліміне зор үлес қосты.
"Қорқыт" сөзінің тарихи-лингивистикалық мағынасы "хұр" және "құт" сөзінен шыққан дейді. Құт – құт-береке, құтты болсын дегендегі "құт" түбірі. Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанын еске алайық. "Құт"–түркілерге тән сөз. Сонымен "құт әкелуші кісі" деген мағынаны білдіреді. Қорқыт – исламға дейінгі дәуірдегі ежелгі түркілердің ойшылы, бақсы, жырауы (озаны), түркі мәдениетінің құты болған адамы. "Қорқыт ата" кітабының екі нұсқасы: бірі Дрезденде (Германия), екіншісі Ватиканда (Италия) сақталған. Дрездендегі нұсқасы 12 сюжеттен, Италиядағы нұсқасы 6 сюжеттен тұрады. ТМД елдерінде де 1950 жылы Бакыден ("Деде Коркыт"), 1982 жылы Мәскеуде ("Книга моего деда Коркут") басылған. Орыс, неміс, италиян тілдеріне аударылған. Қазақ тіліне аударып бастырғандар: Ә. Қоңыратбаев, М. Жолдасбеков Ш. Ыбыраев¹, Б. Ысқақовтар².
Шет елдерде – үстіміздегі ғасырдың бас кезінде-ақ зерттеліп, аударылған. Тілі жағынан қазіргі қазақ, түрікпен, азірбайжан тілдерімен, ал эпикалық сарындары түркі эпостарымен ұқсас жыр. "Қорқыт жырларының арғы тегі - Сыр бойындағы Жанкент маңында туылған болса, онда оғыз-қыпшақ ұлысының тууы, пешенекпен, түрікпен арасындағы соғыстар (922-956), одан соң Жанкент ханы шах Мәліктің Сырдан кетуі суреттелсе керек³".
Ежелден Сыр бойын мекендеген оғыз тайпалары қазақ халқын құрауға зор үлес қосқан (кете, кердері, адай рулары). "Қорқыт ата" кітабында әңгіме болған оғыз тайпаларының оқиғасы қазақ тарихына, қазақ әдебиетіне тікелей қатысты.
"Қорқыт ата" - VІІІ ғасырларда, одан да бұрын туған аңыздардың уақыт бедерінен біраз өзгеріп, хатқа түскен түрі. Кітапта төмендегідегідей жырлар бар: "Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр", "Байбөрі баласы Бамсы Байрақ", "Тоқа баласы Ержүрек Темірұл", "Төбекөз дәуді өлтірген Бисат батыр", "Оғыз қаңлы баласы хан Төрәлі" т.б.
____________________
¹ Ыбыраев Ш. "Қазақ эпостарындағы тегі бір желілер және олардың өзгеруі" / Қазақ фольклорының типологиясы. – Алматы, 1981; "Қорқыт ата кітабы" / Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991.
² "Қорқыт ата кітабы".- Алматы, 1994.
Алма. Бес томдық шығармалар жинағы. – 2-том: Ежелгі әдебиет / Томды баспаға әзірлегендер: Г. Асқарова., Н. Мәтбек. Астана: б
17 12 2014
1 стр.
Алма. Бес томдық шығармалар жинағы. – 4-том: Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар / Томды баспаға әзірлегендер: Н. Мәтбек, Г. Асқарова. Астана: б
16 12 2014
3 стр.
Ж. Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы (жалпы редакциясын басқарған – акад. С.Қирабаев). 1-том. Алматы: Ғылым, 1996. 328 б
14 12 2014
1 стр.
Машани А. Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 1 Жаңа дәуір; Шындық шыңы ғылымда. – Алматы, 2009. 318 б
25 12 2014
1 стр.
Астана қ., «Алматы» ауд., Абай данғылы, 103 үй 010008, г. Астана, р-он «Алматы»., пр. Абая 103
16 12 2014
1 стр.
«Баку оттары» клубтарымен қатар екінші орын алған командалардың арасындағы ең жоғарғы нәтиже көрсеткен «Астана арландары» да жартылай финалда жұдырықтасуға мүмкіндік алған болатын
25 12 2014
1 стр.
В "Астана Су Арнасы" внедрена практика использования видеоконференцсвязи, передает Tengrinews kz со ссылкой на пресс-службу гкп "Астана Су Арнасы"
11 10 2014
1 стр.
Организатор государственных закупок ргкп «Национальный центр тестирования» мон рк, расположенный по адресу г. Астана, пр. Победы, 60, провел закупки способом из одного источника ус
17 12 2014
1 стр.