ЫРҒЫЗ АУДАНЫНЫҢ
2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
АУМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ырғыз, 2011 жыл
МАЗМҰНЫ
Рет саны
|
Атауы
|
Бет номері
|
1
|
Бағдарламаның төлқұжаты
|
3-5
|
2.1
|
Ағымдағы жағдайды талдау
|
6-7
|
|
Өңірдің жай-күйінің оң және теріс тұстары, сондай-ақ олардың елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау
|
|
2.2.1.
|
Өңірдің экономикалық дамуы
|
8-18
|
2.2.2.
|
Өңірдің әлеуметтік саласы
|
18-26
|
2.2.3
|
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені
|
27-32
|
2.2.4
|
Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы
|
32-33
|
2.2.5
|
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы
|
33-40
|
2.3.
|
Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
|
40-41
|
2.4.
|
Аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
|
41-42
|
3.
|
Өңірді дамытудың пайымы
|
42-43
|
4
|
Негізгі бағыт, мақсат, міндеттер, нысаналы индиаторлар, көрсеткіштер нәтижесі және оған жету жолдары
|
43
|
4.1
|
Өңірдің экономикасының дамуы
|
43-49
|
4.2.
|
Әлеуметтік саланың дамуы
|
49-70
|
4.3.
|
Инфрақұрылымдық кешен
|
70-79
|
4.4.
|
Аймақтың құрылымының дамуы
|
80-92
|
4.5.
|
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы
|
75-83
|
5.
|
Қажетті қаражат көздері
|
92-93
|
6.
|
Бағдарламаны басқару
|
94-95
|
Қолданылатын қысқартулардың тiзiмі
АК - Агроөнеркәсiптiк кешен
АӘА- Аудан әкімі аппараты
ЖӨӨ - Жалпы өңірлік өнiм
МАӘК - Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек
МДҚ- Мемлекеттiк деректер қоры
МБЖ - Мемлекеттiк балалар жәрдемақысы
МО - Мемлекеттiк орган
ММ - Мемлекеттiк мекеме
МЖӘ- Мемлекеттiк -жеке әрiптестiк
БЖСМ – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебi
ЭҚАБЖ - Электрондық құжат айналымының бiрынғай жүйесi
ИКТ - Информациялық - коммуникациялық технологиялар
АЖ - Ақпараттық жүйе
ИКТ-Инфокоммуникациалық технология
АДИ - Адамгершiлiк даму индексі
ФКИ - Физикалық көлемнiң индексi
КМК - Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын
ЖҚШ - Жеке қосалқы шаруашылық
ЖАО - Жергiлiктi атқарушы орган
ШОК - Шағын және орта кәсiпкерлiк
ҮЕҰ - Үкiметтiк емес ұйым
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
ӘКК - Әлеуметтiк - кәсiпкерлiк корпорация
ІСБ – Ішкі саясат бөлімі
АОА –Аудандық орталық аурухана
ЖҚБ – Жер қатынастары бөлімі
ЖҚжӘББ – Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі
МжТДБ – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
БДШжСБ – Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
СҚҚжҚБ – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
АШжВБ – Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі
ҚБ – Қаржы бөлімі
ЭБЖжКБ – Экономика , бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі
ТКШЖКжАЖБ- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы
|
Ырғыз ауданының 2011-2015 жылдарға Ауылдық аумақты дамыту Бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» №1297 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы "Мемлекеттiк жоспарлау жүйесі туралы"№827 Жарлығы
|
Өңірдің негізгі сипаттамасы
|
Ырғыз ауданы Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 41,5 мың шақырымды қамтыған ауданның аумағы Ақтөбе облсының жерінің 13,7% алып жатыр.Халқының тығыздығы 1 шақырымға 0,3 адамды құрайды. Солтүстік шығысында Қостанай облысымен, шығысында Қарағанды облысымен, оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен,оңтүстік батысындаАқтөбе облысының Шалқар ауданымен,солүстігінде Әйтеке би ауданымен шектеседі. Аудан тұрғындарының саны 14,8 мың адам. Ауданның құрамында 7 селолық округ, 20 елді мекен бар. Ауданның орталығы –Ырғыз селосы, тұрғындарының саны -5,5 мың адам.
Ауданның экономикасының негізгі бағыты-ауылшаруашылығы өнімдерін, оның ішінде мал өнімдерін өндіру.
|
Бағыттары
| -
Өңірдің экономикасының дамуы;
-
Әлеуметтік саланың дамуы;
-
Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы;
-
Өңірдің аумақтық ( кеңістіктік) дамуы;
- Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару жүйесінің дамуы;
|
Бағдарламаның мақсаттары
| -
Тұрғындардың тұрмыс сапасының деңгейiн жоғарылату, сапалы әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету.
-
Тұрғындардың тiршiлiк әрекетi үшiн үйлестiрiлген энергетикалық дамыту, инженерлiк, көлiк, су шаруашылық инфрақұрылымның қамтамасыз етуi және қолайлы орта жасау.
|
Міндеттері
|
-Аграрлық-өнеркәсiптiк кешенді дамыту;
-Жағымды бизнес-орта қалыптастыру және отандық өнім
сапасын көтеру;
-Тұтынушыларды сапалы коммуналды қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру;
-Аудан елді мекендерімен аумақтық құрылысын тиімді дамыту;
-Қоршаған ортаның ластануын азайту және табиғатты қалыпты жағдайда үстау
-Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту;
-
Гендерлік теңдікті нығайту
-Аудан әкімі аппараты жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру;
- Жергілікті бюджеттің кірістер түсімдерінің, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы және мақсатты трансферттердің тиімді ппайдаланылуының мониторингін жүргізу;
-Мемлекеттік басқарудың нәтижеге бағдарланған жаңа жүйесін енгізу .
|
Iске асыру кезеңдерi
|
1 –кезең –аралық- (3жыл) - 2011-2013 жылдар - бiрiншi кезектегi және дағдарысқа қарсы шаралардың iске асырылуы.
2-кезең- қорытынды - (2 жыл) - 2014-2015 жылдар – бағдарламада көзделген міндеттерді жүзеге асыру жәнеауданның ары қарай әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн міндеттерінің негiзін жоспарлау.
|
Нысаналы индикаторлары
| -
Аграрлық сектордағы еңбек өнімділігі көлемінің 2015 жылға қарай 1,5 есе өсіру;
-
2015 жылы жұмыссыздық деңгейін 5,0%-ке дейін (2009ж. – 6,0%) төмендету;
-
2015 жылға дейін 2 селолық округтердің бас жоспарларын әзірлеу;
-
Тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы 70,1 жас (2009ж. – 68,2 жас);
-
1000 адамға шаққанда жалпы өлім көрсеткішін 2015ж. – 7,62% дейін төмендету (2009ж. – 8,49%);
-
Жалпы білім беретін мектептердің ішінде арнайы білім беруге жағдай жасалған мекемелердің үлесі, олардың жалпы саны 2015ж. - 10% (2009ж. – 5,0%);
-
2015жылы мектепке дейінгі тәрбиемен 100,0% қамту (2009ж-91,6%) жеткізу;.
-
Ауылдық елді мекендердің жалпы санының 40 пайызын орталықтандырылған сумен қамтуға жету
-
2015 жылға село, ауыл тұрғындарының 41,3 % табиғи газбен қамту;
|
Қаржыландыру көздері мен көлемдерi
|
Қаржыландырудың көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, несие.
Қаржыландырудың көлемдерi:
2011 жыл–441,55
2012 жыл–785,2
2013 жыл– 905,9
2014 жыл–
2015 жыл–
Барлығы 2132,65 млн. тенге.
|
следующая страница>