Қызылорда облысы әкімдігінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 723 қаулысы
Мемлекеттік қызмет көрсету
регламенттерін бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Қоса берілген:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 255 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4294 тіркелген, «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 243-244, 2012 жылғы 9 ақпандағы № 23 және «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 213-214, 2012 жылғы 7 ақпандағы №20 нөмірлерінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Б. Қуандықов
2012 жылғы «29 »желтоқсан № 723
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысына
4-қосымша
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі түсініктер пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - алушы);
2) орындаушы – міндеттеріне мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту бойынша құжаттарды рәсімдеу кіретін «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімінің қызметкері;
3) уәкілетті орган – «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі.
2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.
3. Мемлекеттік қызмет стандарттың 1-тармағына сәйкес жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органмен көрсетіледі.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 14-1-бабы негiзiнде көрсетіледі.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (бұдан әрі – акт) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап (бұдан әрі – бас тарту) беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен барысы туралы ақпаратты мекенжайлары стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардан, Қызылорда облысы әкімдігінің www.e-kyzylorda.gov.kz ресми порталынан, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарынан алуға болады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7 және 9-тармақтарында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негізі стандарттың 16-тармағында келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттар ұсынылған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) алушы немесе сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасы уәкілетті органға құжаттарды ұсынады;
2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттарды тіркейді, қолхат береді және құжаттарды уәкілетті органның басшысына ұсынады;
3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыны анықтайды;
4) орындаушы құжаттарды қарайды, актіні немесе бас тартуды дайындайды және уәкілетті органның басшысына жолдайды;
5) уәкілетті органның басшысы актіні бекiтеді немесе бас тартуға қол қояды және оларды уәкілетті орган кеңсесінің қызметкеріне жолдайды;
6) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері актіні немесе бас тартуды тіркейді және алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына береді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
12. Алушы немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасы мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға ұсынады.
13. Алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі, онда:
1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
2) уәкілетті органның басшысы;
3) орындаушы.
15. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) дәйектілігінің және өзара байланысының мәтінді кестелік сипаттамасы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
16. Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген және ол мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысын көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.
18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 5-бөліміне сәйкес жүргізіледі.
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты
жер учаскелерінің кадастрлық(бағалау)құнын
бекіту»мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігінің және өзара байланысының сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы
Негізгі үдерістердің іс-әрекеттері (барысы, жұмыс ағыны )
|
1
|
іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының)№
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Орындаушы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Құжаттарды тіркеу
|
Құжаттарды қарау
|
Құжаттарды қарау
|
Актіні бекiту немесе бас тартуға қол қою
|
Актіні немесе бас тартуды тіркеу
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Қолхат беру, уәкілетті органның басшысына құжаттарды ұсыну
|
Орындаушыны таңдау
|
Актіні немесе бас тартуды дайындау және уәкілетті органның басшысына жолдау
|
Актіні немесе бас тартуды уәкілетті орган кеңсесінің қызметкеріне жолдау
|
Актіні немесе бас тартуды алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына беру
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
1 жұмыс күніне тең уақыт ішінде, бұл ретте уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері үшін – 30 минуттан аспайды
|
1 жұмыс күні
|
1 жұмыс күніне тең уақыт ішінде, бұл ретте уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері үшін – 30 минуттан аспайды
|
Стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздер болған жағдайда алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына өтінім келіп түскен күнінен бастап бір күн ішінде актіні бекітуді тоқтатуға себеп болған құжатты, рәсімдеудің тоқтатылуын жоюға алушының қажетті іс-әрекеттерін көрсете отырып және оның мерзімі туралы жазбаша хабардар етіледі
|
2 - кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Орындаушы
|
1. Құжаттарды қарау, қолхат беру
|
3. Құжаттарды қарау
|
5. Құжаттарды қарау
|
2. Құжаттарды уәкілетті органның басшысына ұсыну
|
4. Орындаушыны анықтау
|
6. Актіні дайындау және уәкілетті органның басшысына жолдау
|
8. Актіні тіркеу және алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына беру
|
7. Актіге қол қою және уәкілетті орган кеңсесінің қызметкеріне жолдау
|
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Орындаушы
|
1. Құжаттарды қарау, қолхат беру
|
3. Құжаттарды қарау
|
5. Құжаттарды қарау
|
2. Құжаттарды уәкілетті органның басшысына ұсыну
|
4. Орындаушыны анықтау
|
6. Бас тартуды дайындау және уәкілетті органның басшысына жолдау
|
8. Бас тартуды тіркеу және алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына беру
|
7. Бас тартуға қол қою және уәкілетті орган кеңсесінің қызметкеріне жолдау
|
|
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты
жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын
бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-әрекет сызбасы
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі (барысы, жұмыс ағыны және ҚФБ-дің өзара іс-қимылы)
|
Алушы немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасы:
құжаттарды ұсыну
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері:
құжаттарды тіркеу, қолхат беру және құжаттарды уәкілетті органның басшысына ұсыну
Уәкілетті органның басшысы:
құжаттарды қарау және орындаушыны анықтау
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері:
актіні болмаса бас тартуды тіркеу және алушыға немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті тұлғасына беру
Уәкілетті органның басшысы: актіні бекіту немесе бас тартуға қол қою және оларды уәкілетті орган кеңсесінің қызметкеріне жолдау
Орындаушы:
құжаттарды қарау, актіні немесе бас тартуды дайындау және уәкілетті органның басшысына жолдау
|