Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
14.04.2011 ж

Білім мекеме басшыларына!

ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаментінің қалалық басқармасы Сізге, жұқпалы ауруларға (вирустық гепатитінің «В», туберкулез, көкжөтел, күл, сіріпе, қызылша, қызамақ, шошқа мойыны, вирутық гепотит «А», полиомиелит) қарсы профилактикалық егуден бас тарту жағдайларының көбеюі алаңдаушылық тудырып отырғанын хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудің арқасында қәзіргі таңда Қазақстанда (натуральная оспа, полиомиелит), тіпті 2002 жылы полиомиелиттен еркін ел мәртебесін иеленген. Соңғы полиомиелит жағдайы 1995 жылы тіркелген. Орталық Азия өңірінде (Тәжікістанда) бұл аурадың расталған жағдайлары бар болғандықтан, Қазақстан полиовирустың сырттан әкеліну қаупіне ұшырайды. Балалар арасын жиі кездесетін ауа-тамшы арқылы жұғатын қызамақ, қызылша аурулары вакцинацияның арқасында соңғы 2 жылдың ішінде Ақтөбе қаласында тіркелмеген. Егілуден бас тартқан балалар, қоршаған ортаға жұқпалы арулардың ауру көзі болып табылу қаупі төніп тұр. Бастарту себебін діни көз-қараспен байланыстырады . Қалада егуден бас тартқан балалар саны бүгінгі күні – 167, соның ішінде мектеп оқушылары – 8, мектепке дейінгі ұйымның балалары екеу екендігі анықталды. Олар № 11, 2, 16, 27, Арынов атындағы Пригородный орта мектептерде, №2, 10 бала бақша тәрбиеленушілер арасынан тіркелген.

Сонымен қатар, 2011 жылдың 23-30 сәуір аралығында «Жалпыға ортақ қауіптен бірлесіп қорғану» ұранымен иммундау апталығы өтетінін хабарлайды. Осы акция кезінде егуден бас тартып отырған балаларға аса назар аударуыңызды және белсенді қатысуыңызды сұрайды.

Өткізілген шаралар бойынша 2011 жылдың 6 мамыр күні беруіңізді сұрайды.

Бақытжанова Г.Ш
14.04.2011 ж

Білім мекеме басшыларына!
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің 2011 жылға 10 наурыздағы хаттамасына байланысты, «Космосқа бірінші болып тұңғыш космонавт Юрий Гагариннің ұшқанына 50 жыл толуын» атап өтуге арналып бекітілген жоспарындағы іс-шараларды орындау мақсатында барлық облыстағы жалпы орта білім беретін мектептерде сәуір айынан бастап бірінші космонавттың космосқа ұшқанына 50 жыл толуына арналған шығарма байқаулар, ашық сабақтар және жас мамандармен конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу керек.

Атқарылған іс-шаралардың орындалуы жөніндегі ақпаратты 20 сәуірге дейін білім бөліміне түсіруіңіз сұралады


Бақытжанова Г.Ш

14.04.2011 ж

Білім мекеме басшыларына!
Ақөбе қаласының білім бөлімімен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша басқармасы сізге қабарлайды, 2011 жылдың 3 айында Ақтөбе қаласында егілгендердің арасынан дифтерия, сіреспе, қызылша, көкжөтел, полиомиелит, вирустық гипатит А, В аурулар тіркелген жоқ. Ал, қалада ата-аналар тарапынан балаларына алдын алу, егілуден (ұлттық күнтізбесі бойынша) бас тартқандар саны өсіп келеді, осы күнге дейін барлығы 172 адам егілуден бас тартқан, олардың көбісі діндар адамдар арасында байқалады. Егілуден бас тартып отырған тұрғындар эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына себеп болуы мүмкін. ҚР ДСМ ақпараты бойынша 2011 жылдың 23-30 сәуір аралығында «Жалпыға ортақ қауіптен бірлесіп қорғану» ұранымен иммундау апталығын өткізу туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен №26-н/қ. §1 24.04.2011 ж. және №51-ө§5 бұйрығымен сәйкес, вакцинаның нәтижелілігі және қауіпсіздігі туралы хабарлау арқылы, егілуге оң көзқарас туындау үшін тұрғындарды жұқпалы ауруларға қарсы егулермен толық қамту үшін осы акцияға мемлекеттік қоғамдық мекемелердің, ұйымдардың басшыларының діни орындардың қызметкерлерімен қатысу белсенділігін арттыру мақсатында, Сізден «Иммунизация апталығы туралы» акциясына ықпал етуіңізді сұраймыз.
Бақытжанова Г.Ш
14.04.2011 ж

Білім мекеме басшыларына!
Еріктілер қозғалысы-оқушылар арасында белсендіруші және өздігінен таратушы әкімшіліктің бірден-бір ереше түрі. Сондықтан да өткізілетін барлық іс-шаралардың еріктілер қозғалысын дамытуда осы іске белсене атсалысуда оқушылар білім беру мекемелерінде түрлі жағдайларға дайын болу шарт.

Жоғарыдағы жағдайларға орай қалалық білім бөлімі еріктілер ісін арттыруда барлық білім беру және орта арнаулы білім беру мекемелерінде осыған сәйкес іс-шаралардың жоспарын орындалуын сұрайды.

Мәліметтерді әр айдың 20-на дейін қалалық білім бөліміне

№36 кабинетке тапсырыңыздар!


Бақытжанова Г.Ш

14.04.2011 ж

Білім мекеме басшыларына!
2010 жылғы 31 желтоқсандағы №592 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылға арналған негізгі іс-шаралардың желілік кестесінің 91-тармағын орындау мақсатында Халықаралық отбасы күніне арналған «Мөлдір бұлақтан...» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестивальді өткізу жоспарланған.

Фестивалдің мақсаты-отбасылық қарм-қатынасты нығайту, отбасының қоғамдағы ролі мен беделін арттыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.

Жоғарыда аталғанға байланысты, аталған іс-шараны ұйымдастыру және өткізу жөнінде алдын ала ақпаратты қалалық білім бөліміне 15 сәуірге дейін, іс-шараның қорытындысы бойынша ақпаратты 2011 жылдың

6 мамырына дейін кешіктірмей жіберулеріңізді сұраймыз. Жеңімпаздар

15 мамыр айында облыстық фестивальге қатысады.



«Мөлдір бұлақ...» атты өңірлік отбасылық шығармашылық фестиваль ережесінің жобасын №36 кабинеттен аласыздар!
Бақытжанова Г.Ш

Білім мекеме басшыларына!

«Діни экстремизмнің алдын-алу»тақырыбында кнб,ІІ д қызметкерлерімен бірлескен алқа жиыны өкізіледі. Алқа жиынына білім мекеме басшылары шақырылады

43.11kb.

25 12 2014
1 стр.


Білім мекеме басшыларына! 14 жастан жоғары жалпы білім беретін мектептердегі жастар

Ескерту: жоғарыда көрсетілген кестені поштаға салыңыздар. Соңғы мерзімі 25 ақпан

39.83kb.

14 12 2014
1 стр.


Білім мекеме басшыларына!

Білім басқармасы Сізге Білім және ғылым министірлігінің орта білім департаментінің 04. 12. 2009 жылғы №02-/2371 хатын жолдай отырып, хатта көрсетілген оқу құралдарымен оқу-тәрбие б

25.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Білім мекеме басшыларына

Невада-Семей қозғалысының 2009 жылғы 5 қазандағы №01-120 қатынас хатының көшірмесін жолдай отырып, білім беру ұйымдарында іс-шаралар өткізуді жоспарлап, ұйымдастыру жұмыстарын жүрг

73.38kb.

25 12 2014
1 стр.


Білім мекеме басшыларына!

Сіздерге, жаңа 2007-2008 оқу жылының басталуына байланысты, оқушылардың арасында қышыма, тері ауруларын алдын алу мақсатында жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында дикта

82.26kb.

17 12 2014
1 стр.


Ж Білім мекеме басшыларына!

Сізге, жұқпалы ауруларға (вирустық гепатитінің «В», туберкулез, көкжөтел, күл, сіріпе, қызылша, қызамақ, шошқа мойыны, вирутық гепотит «А», полиомиелит)

37.52kb.

25 12 2014
1 стр.


Ж Білім мекеме басшыларына! 2011 жылы «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм»

Сондай-ақ, фильмнің мақсаты Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттерге сай келеді деп есептейміз

15.72kb.

25 12 2014
1 стр.


Мектеп басшыларына! 14. 10. 2008

Ақтөбе қаласының білім бөлімі облыстық білім басқармасының қатынасына сәйкес төмендегіні хабарлайды

42.44kb.

12 10 2014
1 стр.