Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


27.05.2013 ЭҚАБЖ МО (7.10.0 версия)







Ж О Б А

«Қызылорда облысының

коммуналдық мүлікті сенімгерлік

басқаруға беру қағидасын бекіту

туралы» Қызылорда облысы

әкімдігінің 2012 жылғы

13 ақпандағы № 322 қаулысына

өзгерістер мен толықтыру

енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 322 қаулысына (нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4297 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" газетінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 45, «Кызылординские вести» газетінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 43 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Годуноваға жүктелсін.»;

аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасында:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген ең төменгі есепті көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;»;

7-тармақтың бірінші абзацы мен 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген кезде мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге еркін нысандағы өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша келісімі;»;

7-тармақтың 3) тармақшасындағы «жеке кәсіпкер» және «жеке кәсіпкерді» деген сөздер сәйкесінше «дара кәсіпкер» және «дара кәсіпкерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызына дейін бөлек белгіленеді.»;

27 және 28-тармақтардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;

27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға осы Қағиданың қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтінімді;»;

аталған Қағида осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Годуноваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қызылорда облысының

әкімі                         Қ. Көшербаев

2013 жылғы «_____» ______________ № _____

Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысына

қосымша
Қызылорда облысының

коммуналдық мүлікті сенімгерлік

басқаруға беру қағидасына

қосымша

Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру



жөніндегі тендерге қатысуға

Өтінім
      1. Кейіннен сатып алу _______________________ _______ мерзімге ______________________________



(құқығымен/құқығынсыз)   жыл (объектінің атауы)

сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен. өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы, ______________________ _____________________________________________



(толық аты-жөні, тегі) (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)

атынан тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________ ______________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын

      2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында тендерге қатысу үшін ақпараттық

            (теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)

хабарламада көрсетілген облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті атқарушы органның депозиттік шотына: ______________________________________________

            (ЖБК, БИR, СТН, төлем коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.

      4. Егер біз (мен) тендердің Жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.

5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:

      тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;

      Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;

      менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда Комитетте қалатынымен келісеміз (мін).

      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өтінішке

      1) ____________________________________________________________

      2) ____________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________ қоса беріліп отыр.

      8. Төлем деректемелері:

____________________________________________________________________

    (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, СТН, ЖСК, БСК)

____________________________________________________________________

      (алушының деректемелері: атауы, СТН, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)

9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні)  және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.) ______________________________________

_________  ____________________________________________________

       (қолы)    (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)


20_____ жылғы "____" ____________

Мөр орны

Ж о б а «Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облысы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімд

51.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы

Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны

318.36kb.

10 10 2014
1 стр.


Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы

Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгер

285.78kb.

10 10 2014
1 стр.


2013 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «2013 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспары туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №67

649.9kb.

16 12 2014
5 стр.


Ақпараттық хабарлама Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы ақпанның 24-дегі №57 «Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі Қағидасын бекіту туралы»

Сайрам ауданы, Жандарбеков көшесі, нөмерсіз мекен-жайда орналасқан ғимаратта білім беру ұйымдарындағы коммуналдық мүлiк объектiлерiндегі бос жайларды 2013 жылдың 1 наурызынан баста

171.62kb.

14 12 2014
1 стр.


«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған cтратегиялық жоспары Мазмұны

«Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»

1731.98kb.

18 12 2014
10 стр.


118 Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурызда

201.17kb.

25 12 2014
1 стр.


Аралауданыны ң Ә кімдіг І қ аулы арал ауданы № 2012 жыл Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-іv заңына және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы»

68.72kb.

08 10 2014
1 стр.