Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жаңа 2013 жыл» атты ертеңгілік сценариі

Ақшақарлар биі.

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Бармысыздар замандас, бауырлар шабытты шәкірттер.

Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке , қуаныш пен мереке болып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1-жүргізуші: Қараңдаршы балалар

Ортада міне шырша бар

Сылдырлаған моншағы

Шыршамыздың мол шамы



2-жүргізуші: Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге,

Береке ырыс келсін жерімізге.

Жылан жылын кең пейілмен қарсы алайық,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.



Би 4 сынып

2-жүргізуші: Балалар ортаға өтіп бара жатқан жыл «Ұлу жылын» шақырайық.

1-жүргізуші: Балалар Ұлу жалғыз келе жатқан жоқ, досын ертіп келе жатыр.

Қарсы алайық.



Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мен сіздермен қош айтысып, менен кейін келетін жылға сіздерді тапсыруға келдім. Менің жылым жаман өткен жоқ, келісесіздер ме?

  • Апа, менің жылымда сіздің үйіңізде қандай жаңалықтар болды?

  • Құрметті ана, сіз менің жылыма ризасыз ба?

Биыл менің жылымда болған жаңалықтар туралы қысқаша айтып өтейін:

Олимпиададан еліміздің көк байрағы бірнеше рет көтеріліп, қазақ халқының төбесін көкке тигізді. Экспо-2017 жаңа инновациялардың дамуы туралы идеямыз іске асып, 2017 жылы 103 елдің алдында біздің Қазақстан елінің дарынды адамдары өз жұмыстарын көрсететін болып, шешім қабылданды. Осы шараға 5 миллион турист келеді . Соған арнап ел азаматтары жиналмалы киіз үйлер , түрлі роботтар ойластырып жасап жатыр. Астанада «Астана- Сити» деген қалашық салынады.

1-желтоқсан еліміздің алғашқы Президент күні мерекесі өтті . Еліміз тәуелсіздік алып, өркендеп, биік шыңдардан көрінгеніне биыл 21 жыл толды. 2012-2013 оқу жылында мектебіміздің іші-сыртын бағалай отырып, аудан көлемінен видео камера сыйға тартылды. Ол құрметті ата-аналар, ұстаздар , мектеп қызметкерлері және оқушылардың еңбектері.

Ауылымыздағы жаңалықтар:

Ауылымызда 7 отбасы құрылды. Дүниеге 3 сәби келді.

Менің жылымда еліміз тыныш болды . Мен өзіммен бірге досымды ертіп келдім. Бұл жай дос емес бұл биылғы табалдырығымызды аттағалы тұрған Жаңа Жылан жылы.



1-жүргізуші: Балалар қандай тамаша, Ұлу өзімен бірге , жаңа жылды ерте келіпті. Онда жылдарға төрден орын берейік.

Төрлетіңдер жаңа жылдар

Құшақ жая қарсы алыңдар.

Бірге тойлап жаңа жылды ,

Әсем әнмен ырғалыңдар .

Ұлу жылын ортадан шығарып саламыз

2-жүргізуші: Жаңа жыл келіпті ортамызға,

Мол дастархан сыйласын баршамызға.

Таусылмасын бақыт пен құт-береке,

Жақсы тілек тілейік баршамыңызға.



Жаңа жыл: Армысыздар ардақты қауым! Бармысыңдар бүлдіршіндер! Биыл менің жылым да да елімізде тыныштық болып ,ырыс-құтымыз азаймасын. Жаңалықтар көп болсын! Жаңалықтардың ең бастысы 2013 жылы алтын ұя мектебімізге 20 жыл толады. Ендеше балалар тұрмайық, барлығымыз шыршаны айналып, ән салайық. Той тойға ұлассын!

1-жүргізуші: Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын!



Жаңа жыл: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер, енді кезекті ойынға берейік.

«Боксерлер» қолғабы.

Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.

Балалар бізге кімдер жетіспейді?

Әрине, Аяз ата мен Ақша қар.

Аяз ата мен ақша қарды шақырамыз.

1-жүргізуші: Бәріміз қосылып барлық ниетімізбен, дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық. Балалар көптен күткен Аяз атаны біз ерекеше қарсы алайық. (Шырша жағылады)

2-жүргізуші: Хош келдіңіз Аяз ата, хош келдіңіз Ақшақар!

Аяз ата: Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілегім жыл бойғы

Сендердің денсаулығың.

Амансыңдар ма балаларым? Орман тоғайдан, үскірік аяздан сендерге зорға жеттім. Өздеріңді көргенше асықтым. Осы ауылды аралап немереміз екеуіміз жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, немерем екеуіміз дем алайық.

Ақниетпен нәр алған,

Сенсіз менің өлеңім

Әнге бөлеп әлемді

Ортаға мен келейін Жанель «Жаңа жыл» әнімен

«Айгөлек» шағын орталығы

Даярлық тобы ән-шашуы

Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейміз бәріміз.

Би «Қызыл өрік» 1-сынып

Ән «Ойыншықтар»

2-сынып «Жаңа жыл» әні

4-сынып «Ертегілер» әні

Қуыршақ театры «Ертегілер әлемі» қойылымы

Ән

9. Аяз атаны шығарып салу

Аяз ата: Ал, енді балалар, өнерлерің тамаша екен, бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Қош болыңдар, балалар. Келесі жылға дейін сабақты жақсы оқыңдар. Келесі Жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар.

Ақша қар: Сау болыңдар, балалар,

Аман-есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен

Қарсы алып тұрыңдар!

Қане, балалар Аяз ата мен Ақша қарды бәріміз хормен шығарып салайық.

Құрметті көрермендер осымен бүгінгі Жаңа 2013 жыл атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Бастауыш сыныптар арасындағы хор

Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.



Жақсылықта жүздесейік.

Әрбір жанұяға береке- бірлік, шаттық-қуаныш, бақыт тілейміз.

Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жаңа 2013 жыл» атты ертеңгілік сценариі

Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке болып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жы

37.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Зырян ауданында билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша ай сайын жұмыстар жүргізіледі. Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

Жыл сайынғы Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2010 жылдан бастап 2020 жылдарға дейінгі аралықт

14.56kb.

15 10 2014
1 стр.


Бекітемін Бородулиха ауданының әкімі Т. Қасымов 10 ақпан 2010 жыл

Р президентінің Қазақстан халқына «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыруда ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс-шаралар

70.08kb.

15 10 2014
1 стр.


2013 жыл 27 наурыз, Алматы қаласы Аса қадірлі Елбасы!

Біріншіден, Сізді жаңа ғана келген Наурыз мерекесімен, жаңа жылыңызбен құттықтауға, Сіздің еліңізге, халқыңыздың Сізге деген ақниет тілектері қабыл болсын деуге рұқсат етіңіз!

70.96kb.

16 12 2014
1 стр.


Бекітемін ақтөбе облысының әкімі А. МҰхамбетов 2013 жыл

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын облыс тұрғындары арасында түсіндіру және насихаттау мақсатындағы Ақтөбе облысы әкімі жанындағ

54.48kb.

09 10 2014
1 стр.


«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде 2030 Стратегиясының аясы жеткілікті емес. Біз жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, 15 жыл бұрынғыдай кезекті дүниетанымдық серпіліс

955.82kb.

14 10 2014
6 стр.


Жамбыл ауданының әкімі Н. С. Календеровтың

Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы баршамызға жаңа серпін берді. Еліміздің бас құжаты Қазақстанның келешегін айқындай

247.6kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар т

146.64kb.

15 09 2014
1 стр.