Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1



Қарағанды қаласы әкімдігінің


2012 жылғы «______»__________________
№ __________ қаулысымен
бекітілген

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды
ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарының фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ҚалаББ) kargoo.gov.kz сайтында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.


      6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;

2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;

3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:

белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған ҚалаББ қарамағындағы білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:

1) осы регламенттің 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
      2) осы регламенттің 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      3) осы регламенттің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
      4) осы регламенттің 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
      12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес және қажетті құжаттар тізбесі білім беру ұйымдарының фойесінде орналастырылады, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.
      13. Осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты білім беру ұйымдарының қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы регламентқа 3-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген білім беру ұйымдарының жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі білім беру ұйымдарының жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

3. Жұмыс қағидаттары

17. Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:

1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік қызметті уақытында ұсыну;

5) сыпайылық және нақтылық.

4. Шағымдану тәртібі

      18. ҚалаББ қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмек көрсетеді.


      19. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Қарағанды қаласы, Степной 2 ықшамауданы, 9 үй (53-59) мекен жайы бойынша орналасқан ҚалаББ кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Шағым беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін нысанда жазылған өтініш және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері кіреді.

20. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

21. ҚалаББ шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркiн нысанда өз қолымен жазады.

22. Қабылданған шағым кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтiнiштiң  күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.


      Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта арқылы хабарланады.

«Жалпы білім беретін мектептерде білім


алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар
қабылдау»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен
қамтамасыз ету туралы анықтама үлгісі

      Осы анықтама ___________________________


                     (Т.А.Ә.) 20__ - 20__ оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгендігі туралы берілді.

М.О.      Мектеп директорының қолы, күні

«Жалпы білім беретін мектептерде білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар
қабылдау»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен
қамтамасыз етуге өтініштің үлгісі

№ _____________ мектеп директорына


  (мектептің аты)
____________________________
(______ ауданның, _________облыстың)
________________________
(директордың Т.А.Ә.)
_______________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
мына мекенжай бойынша тұратын:
____________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты
мекен-жайы, телефоны)

Өтініш

      Менің кәмелеттік жасқа толмаған (Т.А.Ә. туған күні) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуіңізді сұраймын.

Күні, қолы

«Жалпы білім беретін мектептерде білім


алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін
тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар
қабылдау»
мемлекеттік қызмет
регламентіне 3-қосымша

Тұтынушыдан құжаттарды алғаны жөніндегі қолхаттың үлгісі

________________________ мектеп (мектептің № немесе атауын көрсету)


_____________________________________________________________________
      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      Құжаттың алынғаны туралы № _______ қолхат


_________________________________ мынадай құжаттар алынды:
      (тұтынушының Т.А.Ә.)

      1. Өтініш.

2. Өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама
      3. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
      4. Отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде екендігін растайтын уәкілетті органның шешімі
      5. Материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.
      6. Басқа
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қабылдады_________ (қолы)



20__ ж. "__" _____________

___________________________

Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін

71.08kb.

17 12 2014
1 стр.


«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19 тармақшасына, 3-тармағының 21 тармақшасына, 4-тармағының 14 тарма

91.64kb.

25 12 2014
1 стр.


Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды

Мемлекеттiк қызмет «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19 тармақшасына, 3-тармағының 21 тармақшасына, 4-тармағының 14 тарма

1035.55kb.

25 12 2014
3 стр.


«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйге тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызмет регламенті

Осы «Оқушыларды және тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін ұйымдардан және кейін үйге тегін тасуды қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі

223.63kb.

12 10 2014
1 стр.


Дипломдық жұмыстың

Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық денгейге көтеру мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін арттыру сия

547.96kb.

14 12 2014
3 стр.


Ақсу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы

Мемлекеттік қызметтің атауы «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білімнің жалпы беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдауды қамтамасыз ету»

112.23kb.

25 12 2014
1 стр.


Сыныбы Өткізетін мұғалім

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 жалпы білім беретін орта мектеп кмм қамқоршылық кеңесінің құрамы. 2012-2013 оқу жылы

93.68kb.

15 10 2014
1 стр.


1 Осы ереже қалалық Абай, Шәкәрім оқуларын жалпы білім беретін оқу орындарында оқушылар арасында өткізудің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды

Жалпы білім беру оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамдарын,тұлғалық сезім мәдениетін дамыту

35.91kb.

17 12 2014
1 стр.