Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Жер  теліміне  құқық рәсімдеуді тоқтата тұру негіздері

Жер  теліміне  құқық  рәсімдеуді  тоқтата тұру  төмендегідей негізде жасалады:



  •  осы  жер телімі  бойынша соттық  шешімдер  не соған  қатысты жүргізіліп   жатқан соттық  шешімдер не  соған қатысты жүргізіліп  жатқан соттық тексеру туралы  хабарламаның бар  болуы;

  • заңнаманың  бұзылуын жойғанға  дейін  прокурорлық қадағалау актілеріне;

  • бір  жер теліміне құқық рәсімдеуге бірнеше өтініштің бар болған немесе басқа  пайдаланушылар осы телімге  құқық рәсімдеу  кезінде анықталған жағдайда,  ауданның, жер телімінің шекарасының және басқа  жағдайлардың өзгеруі кезінде.

Соттық актілер және  прокурорлық қадағалау  актілері бойынша жер  теліміне  құқық рәсімдеуді  тоқтата тұру,  соған  негіз  болған  деректерді жойғанға  дейін,   ал  бірнеше өтініш келіп  түскенде – тараптардың арасында  келісім орнатқанға дейін  не  заңды күшіне енген сот шешімін  табыстағанға дейін  тоқтатылады. 
Өтінушіге тоқтата тұру  себебі мен  мерзімін көрсететін, қажет  болған жағдайда рәсімдеуді тоқтата тұру себептерін жою  үшін жасалып жатқан істерді  және соған кететін уақытты  көрсететін жазбаша түрде хабарлама жіберіледі.

 

Заңды  тұлғалардың меншігіне жер  телімдерін рәсімдеу мемлекеттік  меншіктегі  жер телімдерін беру  тәртібі



Жер  теліміне жеке меншік және (немесе) жер  пайдалану құқығын алуға мүдделі,  заңды  тұлғалар жер телімі  орналасқан жері бойынша  ауылдардың (село), ауылдық (селолық) округтердің, кенттердің аудандық  маңызы  бар қалалардың  әкімдері, облыс,  ауданның жергілікті атқарушы органдарына  өтініш береді.
Өтініште:

  • жер телімін пайдалану мақсаты;

  • оның  болжамды  мөлшері;

  • орналасқан жері;

  • сұралып отырған пайдалану құқығы  көрсетілуге тиіс.

Жер  теліміне құқықты табыстау туралы өтінішке міндетті түрде төмендегі құжаттар және олардың көшірмелері беріледі:

  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

  • статистикалық карточка;

  • салық төлеуші куәлігі;

  •    жер  қойнауын пайдалануға сұралатын  лицензия немесе келісім-шарт  жасасу  ісін немесе қызметін жүзеге асырудағы лицензия немесе   келісім – шарт.

Қазіргі уақытта «бір терезе» принципі бойынша Өскемен және Семей қалаларында жер  телімдеріне құқық табыстау ережелерінің жобасы әзірленуде.

 

Оралмандарға жер  телімдерін  беру тәртібі


Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 49-бабына  сәйкес оралмандарға өзіндік  қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық  және  саяжай құрылысы  үшін жер  телімдерін  беру ауылдық елді  мекендердің жерінен,  ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер  қорының, арнайы жер  қорының жерінен және  босалқы жерден  уақытша  өтеусіз жер  пайдалану құқығымен жүзеге асырылады, ал  оралмандарға тауарлы ауыл  шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін  жер телімдерін беру ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жерден,  арнайы  жер  қорының,  иммиграциялық жер қорының жерінен және  босалқы  жерден уақытша жер  пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Жер  телімі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға  оралманмен  жер  телімін  беру  туралы  өтінішті тапсырылған кезде:



  • жер  телімін  пайдалану мақсаты ;

  • оның болжамды мөлшері;

  • орналасқан жері;

  • Қазақстан  Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралмандарға  уақытша  өтеусіз жер  пайдалану құқығындағы сұралып отырған пайдалану құқығы;

  • өзіндік  қосалқы  шаруашылық жүргізу,  жеке тұрғын үй  құрылысы,  бағбандық және  саяжай құрылысы үшін – басқа  жер  телімінің болуы  (болмауы)  көрсетілуге  тиіс.

 Берілген  жер телімдері Қазақстан  Республикасының азаматтығын  алғаннан кейін  Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда олардың жеке меншігіне  өтеді.

Оралмандар мемлекет  меншігіндегі  жер  телімдеріне құқықты  сауда- саттық (конкурс, аукциондар)  арқылы  ала алмайды.

 

Жер телімдерін  обьектілер  құрылысы үшін беру  тәртібі


Жер  телімдерін обьектілер құрылысы үшін жер  телімдерін  беру  Қазақстан  Республикасының Жер Кодексінің 44  бабына сәйкес жүзеге  асырылады.
Обьектілер салу үшін жер  телімдері сұралған кезде жер  телімдерін таңдап  алдын  ала жүргізіледі,  оны (республикалық маңызы  бар  қаланың,  астананың ),  ауданның (облыстық маңызы  бар  қалалардың) жергілікті  атқарушы  органдары,  аудандық маңызы бар қаланың,  кенттің, ауылдың(селоның), ауылдық (селолық) округтің  әкімі жер  телімдерін беру  жөніндегі өз  құзыреттері шегінде құратын арнаулы комиссиялар  жүзеге  асырады.

Обьект салу үшін,  ал  қажет  болған  жағдайларда оның  күзет  немесе санитариялық – қорғау аймағын белгілеу  үшін де жер телімдесін таңдау  нәтижелерін облыстың (республикалық маңызы  бар  қаланың, астананың), ауданның (облыстық  маңызы  бар қаланың) уәкілетті органы жер  телімдерін  таңдау  туралы  актімен рәсімдейді. Осы  актіге әрбір  жер  телімдерін таңдаудың  ықтимал нұсқаларына сәйкес олардың шекарасының жобалары  қоса  тіркеледі.


Мұнай мен  газды магистральді  мұнай  құбырларымен тасымалдауға, одан кейінгі сақтау және  көліктің басқа  түрлеріне тиеуге байланысты мұнай- газ тасымалы инфрақұрылымы саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органымен де  келісіледі.

Құрылыс обьектісін орналастыруға таңдалған аумақта, бұзылуға немесе көшірілуге тиісті ( соның ішінде жерді бөліп беру кезінде өнеркәсіп орындарының санитарлық – қорғау аймағына кіретін) тұрғын үйлер, басқа да  ғимараттар мен  құрылыстар, сондай-ақ инженерлік  коммуникациялар  және  жасыл екпелер орналасқан жағдайда,  тапсырыс беруші шығындарды  өтеу талаптары туралы жылжымайтын мүлікке меншік иелерінің әрқайсысымен жасалған шартты қосымша ұсынады.


Шартты сол кездегі бар құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды,  жасыл  екпелерді басқа жерге  ауыстырудың, көшірудің  нақты шарттары мен  мерзімдері, құрылыс  жүргізушінің жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық  шығындарды өтеу жөніндегі  міндеттемелері көрсетіледі.
Өтінуші немесе  оның сенім білдірген тұлғасы жер  телімдерін бөліп беруге талап етілетін келісімдерді жеке – дара қамтамасыз етеді.
Осы Кодекстің 43-бабының 2- тармағына сәйкес, жер  телімдерін таңдау актілері және жер телімдері шекарасының жобалары комиссияға қарау және қорытынды әзірлеу үшін табыс  етіледі.
Комиссияның  қорытындысы  негізінде  жерге  құқық  табыстау туралы жерге орналастыру жобасы  әзірленеді.
Жерге орналастыру жобасының құрамында  берілетін жер телімдерінің  көлемі,  оның шекарасы мен орналасқан жері, жер телімінің аралас меншік  иелері және жер пайдаланушылар, сондай-ақ  берілетін жер  телімдерінің ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады. Болжанып отырған, жер  телімін мемлекет мұқтажы үшін алып  қою, мәжбүрлеп  иеліктен шығару  жағдайында, алып  қойылатын алқаптардың түріне   байланысты жер  телімдерінің  меншік иелері және жер  пайдаланушылар (жалдаушылар) шығындарының,  ауыл шаруашылығы және орман  шаруашылығы өндірісіндегі шығасының есептеулері қоса  беріледі. Жерге орналастыру жобасының негізінде жер  телімдері орналасқан жердегі  облыстың (республикалық маңызы  бар  қаланың, астананың), ауданның (облыстық  маңызы  бар  қаланың) уәкілетті органы жерге  тиісті құқық  табыстау  туралы  жергілікті  атқарушы  орган  шешімінің  жобасын  дайындайды.           

 

Мемлекет  меншігіндегі жер  телімдерін берудегі жер  үшін төленетін төлемдер



Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудғы немесе  бастапқы  уақытша өтеусіз жер   телімдеріне  Қазақстан Республикасының  салық  заңдарына сәйкес  жер  салығы  салынады.

Мемлекеттік уақытша  өтеулі  пайдалануға (жалға)  берген жер телімдері үшін  жер телімдерін  пайдалану төлемақысы  алынады. Жер телімдерін пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттік кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан  Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.

Жер  учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру өтеулі  негізде,  өзінің жер  учаскелерін беру  жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы  бар қаланың, астананың),  ауданның (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті атқарушы органының шешімі  бойынша  ақысы  бірден төленіп  не төлеу мерзімін  ұзартып  сату арқылы жүргізіледі, бұған:
1)Қазақстан  Республикасының азазматтарына – тұрғын үй – жайлардың меншік  иелеріне кондоминиум  обьектілеріндегі мінсіз  үлесі  ретінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген нормалар шегінде өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын және саяжай құрылыстары үшін;
3) Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын  халықаралық  қатысуы  бар ғылыми орталықтарға;
4) осы  Кодексте және  Қазақстан  Республикасының заң  актілерінде көзделген  өзге  жағдайларда, жер  учаскесі меншікке  өтеусіз негізде берілетін  жағдайлар қосылмайды.
Жер учаскесіне  жеке  меншік құқығын өтеулі  түрде  беру (сату) (бұдан әрі – жер учаскелері  үшін төлемақы) немесе уақытша  өтеулі  жер пайдалану  құқығын  өтеулі  түрде  беру(сату)  төлемақысы (бұдан әрі – жалдау құқығын сату  төлемақысы) жер  учаскелері  үшін  төлемақының базалық  ставкаларына түзету  коэфиценттерін қолдану  арқылы шығарылатын кадастрлық  (бағалау) құны негізінде  есептеледі.
Мемлекеттік ауыл  шаруашылығы мақсатындағы жер  учаскелерін жеке  меншікке  сатқаннан  түсетін қаражат  Ұлттық  қорға  аударылады және  Қазақстан  Республикасының заңдаоында белгіленген тәртіппен  пайдалынылады.

Өзіндік  үй ( қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық, жеке  тұрғын үй  және  саяжай  құрылысы үшін өтеусіз  берілген  жер учаскесінің  нысаналы  мақсаты  өзгерген  жағдайда жер  учаскесінің меншік  иесі  жер  учаскесінің  өзгерген  нысаналы  мақсаты үшін Қазақстан  Республикасының  заңында  көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын  соманы бюджеттік  кірісіне төлеуге  міндетті.

Меншік  иесі  жер  учаскесін   сатқан  немесе жалға  берген  кезде, мемлекеттік  емес  жер  пайдаланушы өзіне  тиесілі  жер  пайдалану құқығын  басқа  тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ  ол  жер  учаскесін кейінгі  жер  пайдаланушыларға жалға  берген  кезде,  жер  учаскелері үшін  төлемақының  мөлшері,  мерзімдері  мен  нысаны Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңдарына  сәйкес сатып алу – сату  немесе  мүлік  жалдау  шарттарымен  айқындалады.

Қазіргі  уақытта облыста  жер  реформасының  басынан  нарықтық  қатынастардың  дамуы  жалғасуда. Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың 1  қарашасына жеке  меншікке 133432,0 мың  теңге  бағалау құнымен жалпы ауданы -15145,3 га ауыл  шаруашылық мақсатындағы 148 жер  телімі, соның ішінде: жеке  тұлғаларға -94445,2  мың теңге бағалау   құнымен жалпы  ауданы – 11850,1 га 130 жер телімі, заңды тұлғаларға – 38896,8 мың  теңге бағалау құнымен  жалпы  ауданы – 3325,2 га 18 жер  телімі  сатылды.

2007 жылдың 1 қарашасына ауыл  шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді жеке  меншікке 363 5,35,4 мың  теңге  бағалау  құнымен жалны  ауданы – 8102,2 га 30324 жер  телімі берілген, 99320,0 мың  теңгеге  жалпы  ауданы – 529,6 га 503 жер  теліміне  жалға  алу  құқығы  сатылған.
5277,6 мың  теңге  бағалау  құнымен  жалпы  ауданы  - 4,0 га 50 жер телімі сатылған, 21 жер аукциондары, 22147,4 мың  теңге  бағалау  құнымен жалпы ауданы – 251,9 га105 жер  телімі  сатылған, 65 жер конкурстары  өткізілді. Сонымен  қатар, 8691,3 мың теңге  бағалау  құнымен жалпы  ауданы – 1299 га ауыл  шаруашылығы мақсатындағы  жер  телімдерін беру  бойынша 2 жер конкурсы өткізілді.
Еркін нарықтық  экономика жерлерді тауар айналымына белсенді қатыстыру үшін жағдай жасап отыр, бұл бюджеттік қаражаттың көбеюіне және халықтың  жағдайын жақсартуына әсерін тигізеді. 

Азаматтардың қабылдау кестесі: дүйсенбі, жұма 900 -1800


Байланыс телефоны: 27-211 

 

Жер теліміне құқық рәсімдеуді тоқтата тұру негіздері

Заңды тұлғалардың меншігіне жер телімдерін рәсімдеу мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін беру тәртібі

76.37kb.

04 09 2014
1 стр.


Салықтық қызметтер Қызмет көрсетуге уәкілетті, салық қызметінің органы

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін тапсыруды (тоқтата тұру мерзімін ұзарту, қайта жанарту) тоқтата тұру

66.18kb.

08 10 2014
1 стр.


1 ші–тақырып. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі. Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері»

Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері

429.18kb.

25 12 2014
3 стр.


Бизнес және қҰҚЫҚ факультеті

В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалавриат түлектері «Құқық және экономика негіздері бакалавры» академиялық деңгейіне ие болады

23.15kb.

09 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының Заңы

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның төлнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

975.96kb.

25 12 2014
7 стр.


Маржанбұлақ селолық округі бойынша жеке тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекке тұрған азаматтардың тізімі бектемін Маржанбұлақ с/о әкімі. Т. Кангужин

Маржанбұлақ селолық округі бойынша жеке тұрғын үй салу үшін жер теліміне кезекке тұрған азаматтардың

1304.77kb.

25 12 2014
9 стр.


Жылдары Басқұдық селолық округі әкімінің аппаратына жер теліміне өтініш берген азаматтар тізімі

Басқұдық селолық округі әкімінің аппаратына жер теліміне өтініш берген азаматтар тізімі

969.04kb.

25 12 2014
5 стр.


Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы:«Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері және түрлері» «Қаржы және қаржылық құқық мамандығы күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті Тугельбаев Данияр Ғылыми жетекшісі:

Тарау Салықтық құқық бұзушылықтың теориялық негіздері және салық санкцияларын қолдану

867.38kb.

25 12 2014
4 стр.