Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Жыл сайын Білім министрлігінің қолдауымен классикалық музыка саласында түрлі номинациялар бойынша Республикалық жас орындаушылар байқауы өткізіледі.

Республикалық жас орындаушылар байқауының тарихы 1979 жылы П.И.Чайковский атындағы колледжінің мұғалімдері Мәдениет министрлігіне ұсыныс берген кезінен басталады.

Бұл ұсыныс қолданып, 1979 жылдың сәуір айында П.И.Чайковский атындағы училищенің ішінде басқа музыкалық училищелер оқушыларының арасында үрмелі аспаптар мамандығы бойынша І-ші байқау өтті.

Келесі жылдары байқауға басқа мамандықтар қосыла бастады. 32 жылдың ішінде Республикалық байқау жас орындаушылардың сүйікті жиынына айналып, Қазақстанның беделді әділқазылар алқасы мен көпшілікке өз дарынын көрсетуіне мүмкіндік алды.

Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаттары ішінде ҚР халық әртістері Қуат Шәмелов, еңбегі сіңірген әртисттер Әйгүл Үлкенбаева, Батыр Теміралиев, Гүлнәр Дәукенова, профессор Біләл Ысқақов, халықаралық байқаулардың лауреаттары домбырашы Олжас Сүлейменов, пианист Александр Романенко, аккордеоншы Игорь Ананьев, әнші Мейір Бәйнеш және де белгілі әншілер Жәмиля Жаркимбаева, Римма Вальтер, Александр Сметанин, Батырхан Шукенов.

Наурыздың 28-31 аралығында П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледждінде «Музыка теориясы» (музыка әдебиеті) мен «Ән салу» (академиялық) мамандықтары бойынша колледждер мен арнайы музыкалық мектептер арасында ХХХІІ Республикалық орындаушылар бауқауы өтеді. Байқауға қазақстанның 12 ірі қалаларынан (Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қарағанды, Өскемен, Семей, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Көкшетау, Ақтөбе, Рудный) 50-қа жуық қатысушы келеді.

Байқауды сынауға Қазақстанның еңбегі сіңірген мәдениет қайраткерлері келеді. Музыка теориясы мамандығы бойынша Астана қаласындағы ҚазҰӨУ профессоры, өнертану ғылымының кандидаты С.А.Елеманова, Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы, өнертану ғылымының кандидаты Г.Д.Калымова, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті, өнертану ғылымының кандидаты Г.Мұсағулова, ән салу мамандығы бойынша Тәжікстан халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Милан опера театрының жеке орындаушысы Рустам Дулоев, ҚР халық әртісі, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Ғ.Есімов келеді.

Келе жатқан байқауда тек сайыс қана емес қызықты мәдениет шаралары да өткізілмек. Теория музыкасы мамандығы бойынша шығармашылық кездесулер, ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтеді. Астана қаласындағы ҚазҰӨУ профессоры, өнертану ғылымының кандидаты С.А.Елеманованың «Қазақтың халық және кәсіби-халық әндері» тақырыбына, М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ музыка бөлімі меңгерушісі, өнертану ғылымының докторы, профессор С.А.Кузембаеваның «Қазақ операсының ұлттық бастаулары», Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы, өнертану ғылымының кандидаты Г.Д.Калымованың «К.Орфтың «Кармина Бурана» кантата үлгісіндегі ХХ ғасыр музыкасы» тақырыптарына арналған ғылыми семинарлар өтеді. Өнертану ғылымының кандидаты, ҚазҰӨУ профессоры С.А.Елеманова, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті Ә.С.Қарамендина, өнертану ғылымының кандидаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті Г.Ж.Мұсағуловалардың қатысуымен өтетін «Қазақ музыка әдебиеті» пәнін оқыту мәселесі мен орта буында вокалды үйрету әдістемесі жайлы дөңгелек үстелдер өтеді.

Ән салу мамандығы бойынша шеберлік әдістер өткізу жоспарланған. ҚР халық әртісі, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Ғ.Есімовтың, Тәжікстан халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Милан опера театрының жеке орындаушысы Рустам Дулоевтың (Италия), Абай атындағы МАОБТ жеке орындаушысы Р.Вальтердің, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті Ж.Мекенбаеваның мастер кластары өтеді.

Жабылу салтанатына байланысты П.И.Чайковский атындағы АМК үлкен залында ХХХІІ Республикалық жас орындаушылар байқауының соңғы күнінде лауреаттарды марапаттау рәсімі өтіп, колледж ұжымдары мен байқау лауреаттарының қатысуымен концерт болады.



Біз байқау қатысушыларына ақ жол тілейміз!

Жыл сайын Білім министрлігінің қолдауымен классикалық музыка саласында түрлі номинациялар бойынша Республикалық жас орындаушылар байқауы өткізіледі
27.11kb.

04 09 2014
1 стр.


Өтінімдер 2012 ж. 30 наурыз дейін қабылданады. Республикалық өнертапқыштық саласындағы жетістіктер байқауына қатысуға өтінім Төмендегі номинациялар бойынша қарастыру үшін ұсынамыз (қажеттіні белгілеу): □ «Жыл өнертабысы»

«Жылдың ең жас өнертапқышы» мен «Жас талант» номинациялары үшін талапкердің туылған күні және төлқұжат ұсынылуы қажет

14.53kb.

25 09 2014
1 стр.


«Жас қанат» Жаңа түлектерін ұшырды. Әр көктем сайын Астана аспанын әнге бөлейтін

Астана аспанын әнге бөлейтін «Жас қанат» байқауы кезекті мәрте Сарыарқа төсіне келіп жетті. Биылғы жыл халықаралық ән фистивалі үшін ерекше болды

38.99kb.

25 12 2014
1 стр.


Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы зайсан қаласы, 2012 жыл мазмұНЫ

Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылад

2186.48kb.

25 12 2014
12 стр.


Жаңа есімдер анықталды

Ресей, Израиль, Корей, Арменияның музыканттары қатысты. XXXIV республикалық жас орындаушылар байқауының жүлдегерлері О. Жаңа баев, С. Нұрбеков, Қ.Құрал, А. Сидоров, А. Анпилова, Ж.

10.67kb.

25 12 2014
1 стр.


Осакаров ауданының білім бөлімі бойынша жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген XIV республикалық Абай оқулары туралы ақпарат

Облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №150 бұйрығы бойынша XIV республикалық Абай оқуларын өткізу туралы хаты негізінде Осакаров аудандық білім бөлімі 2013 жылы 02 м

14.25kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі

Бликасының жоо арасында болатын техникалық, әлеуметтiк-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауы

60.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Республикалық олимпиада қорытындылары

Республикалық конкурстарын өткізу Ережеcін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №668 бұйрығына сәйкес

122.29kb.

25 12 2014
1 стр.