Перейти на главную страницу
|
Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 61 қаулысына қосымша
|
2009 жыл
Бағдарлама құрылымы 1. Бағдарлама паспорты 2. Кіріспе 3. Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібінің қазіргі жағдайын талдау 4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі 6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
3
9
|
Атауы |
2009-2014 жылдарға арналған облыста құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамыту бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз |
«Қазақстан Республикасында Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысы |
Негізгі әзірлеуші |
Солтүстік Қазақтан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы |
Мақсат |
Жергілікті шикізат ресурсын пайдаланумен құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібінің әрі қарай дамуын қамтамасыз ету |
Міндеттер |
Облыстың кең тараған пайдалы қазбаларының пайдаланылмайтын кен орындарын әзірлеуге тарту; Кәсіпорындарды қайта құру, жаңарту, бәсекеге қабілетті жаңа құрылыс материалдарын игеру |
Іске асыру мерзімі |
2009-2014 жылдар |
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері |
Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар Бағдарламаны қаржыландыру көздері болып табылады |
Күтілетін нәтижелер |
Саланың өндірістік әлеуетін арттыру; Құрылыс қажеттілігі көлемінің 70%-ына дейін құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі өнім түрлерімен қамтамасыз ету; Құрылыс өнімдері импортының ауқымын азайту
|
Тұрғын үй құрылысы азаматтық, өнеркәсіптік және арнайы құрылыстарды дамытумен бірге 2030 жылға дейін Қазақстан Даму стратегиясы басым бағыттарының бірі болып танылды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі – экономиканың құрылыс саласының басты құрамдасы. Құрылыс үшін негізгі материалдық база бола тұрып, ол экономиканың басқа салаларында өсім қарқынына және қоғамның әлеуметтік жағдайына толығымен маңызды ықпал етеді.
Солтүстік Қазақтан облысы құрама темірбетон, силикат және қызыл кірпіш, тауарлық бетон, ұста өнімдері, полиэтилен құбыры, пластмассадан жасалған терезе және есік, металл құрастырмасы, қабырға материалы, тротуар тақтайшаларын шығару жөніндегі қуаттарға ие.
107 ірі, орта және шағын кәсіпорын құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісімен, соның ішінде 14 – құм және қиыршықтас, 34 – сүрек өңдеу және ағаш бұйымдары өндірісі, 16 – пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары өндірісі, 43 – басқа метал емес минералдық өнімдер өндірісімен айналысады.
Халықшаруашылық кешеннің өнеркәсіптік, тұрғын үй-азаматтық және су шаруашылығының құрылысы үшін құрылыс материалдарына деген қажеттілігі, сондай-ақ халықтың тұрғын үй салу, оны қалпына келтіру, жөндеу, қайта құру үшін құрылыс материалдарына деген қажеттілік саланың дамуына ықпалы аз емес.
2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2,7 есе металл емес минералдық өнімдер, 54,7%-ға пластмассадан жасалған бұйымдар, 33,7%-ға ағаштан жасалған бұйымдарды шығару көлемі артты.
Осы уақытта отандық құрылыс материалдары өнеркәсібі облыстың құрылыс кешені қажеттілігінің бір бөлігін ғана қанағаттандырады.
Құрылыстық кірпіш өндірісі жеткілікті дамымаған.
Облыста цемент шикізаты бар болса да, оны шығару жөніндегі қуаттар жоқ, бұл көлік шығысын есепке ала отырып, құрылыс материалын қолданумен оның өзіндік құнын және бағасын арттырады.
Құрылыс материалдарының негізгі түрлерін шығару үшін шикізат қоры бар.
Аудан атауы |
Кен орындарының саны | ||||
Барлығы, соның ішінде |
Пайдаланы латыны |
резервтегісі | |||
|
1. Құрылыс тасы | ||||
Ғабит Мүсірепов |
2 |
|
2 | ||
Айыртау |
4 |
1 |
3 | ||
Ақжар |
15 |
9 |
6 | ||
Тайынша |
1 |
1 |
| ||
Уәлиханов |
1 |
|
1 | ||
Есіл |
2 |
2 |
| ||
Шал ақын |
3 |
1 |
2 | ||
Барлығы: |
28 |
14 |
14 | ||
2. Құрылыс құмы | |||||
Тайынша |
3 |
2 |
1 | ||
Уәлиханов |
1 |
|
1 | ||
Қызылжар |
6 |
6 |
| ||
Ғабит Мүсірепов |
1 |
|
1 | ||
Мамлют |
1 |
|
1 | ||
Барлығы: |
12 |
8 |
4 | ||
3. Цементтік шикізат | |||||
Ғабит Мүсірепов |
1 |
1 |
| ||
Уәлиханов |
1 |
|
1 | ||
Барлығы: |
2 |
1 |
1 | ||
4. Құм-малтатас қоспасы | |||||
Ғабит Мүсірепов |
1 |
1 |
| ||
Барлығы: |
1 |
1 |
| ||
5. Кірпіштік шикізат | |||||
Тайынша |
2 |
2 |
| ||
Уәлиханов |
1 |
|
1 | ||
Қызылжар |
2 |
2 |
| ||
Барлығы: |
6 |
4 |
1 | ||
6. Шыны құмы | |||||
Ақжар |
2 |
2 |
| ||
Барлығы: |
2 |
2 |
| ||
|
|
Ақжар ауданында тау-кен өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдай бар, онда қиыршықтас шығару және өңдеу, асфальтбетон шығару жөніндегі бір қатар кәсіпорындар жұмыс істейді, бұл жол жұмыстары үшін материал шығарылымын маңызды арттыруға мүмкіндік береді.
Олардың ең ірісі - «Диорит- LTD» ЖШС-мен 2008 жылы құны 875 миллион теңге «Қиыршықтас өндірісі жөніндегі технологиялық базаны кеңейту» жобасы іске асырылды. «Дәуіт – 2» кен орнында тозаңды басқыш «ылғалды тозаңды ұстағыш» жүйесімен Финляндияда шығарылған қиыршықтас ұсату-сұрыптау жабдығы орнатылды.
Ауданда шыны өнеркәсібі үшін шикізат болып табылатын кварц құмын шығару жүргізілуде. «Ақтөбе Glass» ЖШС 1100 миллион теңге құнымен «Ленинград селосында байыту фабрикасы құрылысымен Айсары кварц құмы кен орнын игеру» инвестициялық жобасын іске асыруда.
Өнім атауы атауы |
2005 жыл |
2006 жыл |
2007 жыл |
2008 жыл |
Нақты көлем индексі 2008 жылы 2005 жылға, % |
Металл емес басқа бұйымдар өндірісі | |||||
Отқа төзімді құрылыстық қыш кірпіші, мың м3 |
2,7 |
2,0 |
25,5 |
7,8 |
2,9 есе |
Тауарлық бетон, мың тонна |
137,1 |
162,7 |
174,5 |
216,3 |
157,7 |
Құрылыстық мақсатта бетоннан жасалған бұйымдар, мың тонна |
66,8 |
73,4 |
77,1 |
86,4 |
129,3 |
Пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісі | |||||
Пластмассадан жасалған құбыр, шланг және фитингтер, тонна |
84,4 |
131,4 |
193,1 |
697,1 |
8,3 есе |
Пластмассадан жасалған терезе және есік, тонна |
679,8 |
1240,2 |
1695,9 |
1118,5 |
164,5 |
Ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі | |||||
Ағаштан жасалған терезе және есік блоктары, мың м3 |
22,4 |
11,8 |
14 |
21,3 |
95,1 |
Құм және малтатас өндірісі | |||||
Табиғи құм, мың м3 |
45,8 |
59,7 |
64,1 |
109,1 |
2,4 есе |
Ұсақ жұмыр тас, малтатас, қиыршықтас, мың м3 |
99,3 |
230,9 |
232,4 |
122,2 |
123,1 |
2008 жылы 2007 жылға 6,2% -ға өсіммен 1773,5 миллион теңге сомаға металл емес минералдық өнімдер шығарылды.
Резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісі 1283,6 миллион теңгені құрады. 2007 жылы «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС пластмассадан жасалған құбыр өндірісін игеру есебінен оларды мол (3,6 есе) өндірді.
Сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде 200,5 миллион теңгеге өнім шығарылды, физикалық көлем индексі 155,2%-ды құрады.
Тау-кен өнеркәсібінде 214,6 миллион теңге сомаға өнім шығарылды. 109,1 мың м3 табиғи құм шығарылды, 122,2 мың м3 қиыршықтас немесе ұсатылған тас өндірілді.
2005 – 2008 жылдары облыстың құрылыс индустриясын дамытуға 2,8 миллиардтан астам теңге инвестицияланды.
Облыс кәсіпорындары ішінде жағымды өзгерістер байқалады. Мысалы, «Единство» ЖШС-да технологиялық жабдық жаңартылған, тәулігіне 6м3 қуатымен өндіріс қалдықтарынан (қож) қож-бетон шығару игерілді, көбік-бетон шығару жөніндегі цех қайта құрылды. «Гедеон» ҚТ» ЖШС-да ерітінді-бетон торабына іргелі жөндеу жүргізілді, аражабынның көп қуысты тақтайын шығару жөніндегі желі пайдалануға берілді.
«Қызылжар кірпіш зауыты» ЖШС-да автономдық кептіру камерасы пайдалануға берілді, шала өңделген кірпішті жеткізу үшін қосымша тасымалдауыш дайындалды, балшықты ұсату үшін тас уатар орнатылды, пешті іргелі жөндеу және жаңарту жөніндегі жұмыс жүргізілді.
Осы уақытта кәсіпорындардың айналым қаражатының тапшылығына және 2-ші деңгейлі банктермен берілетін кредит бойынша жоғары пайыздық ставкаға байланысты оларда технологиялық базаны жаңарту және жетілдіру жөніндегі жұмыс нашар жүргізіледі.
Құрылыс материалдары өндірісін кеңейту мақсатында кейбір кәсіпорындарда жаңа қуат енгізілді.
«Севимсталькон» ЖШС, «Стройкомпания» ЖШС, «Основание» ЖШС, «Лира» ЖШС – ірі құрылыс кәсіпорындары өз өндірістік базасында іргетас блогы, тақтасы, көбік-бетон өндірісін ұйымдастырды, «Есіл стройсервис» ЖШС-да және жеке кәсіпкер Әбілмәжіновпен көбік-бетон қабырға блогы өндірісі игерілді.
«Стройкомпания» ЖШС, «Основание» ЖШС-да металпластиктен жасалған терезе және есік блоктары өндірісі ұйымдастырылды.
Құрылыс кәсіпорындары базасында тауарлық ерітінді және бетон шығару есебінен құрылыстарды олармен қамтамасыз ету жөніндегі шиеленіс шешілді.
«Строитель фирмасы» ЖШС-да 2007 жылы 10 мың тонна қуатымен бетоннан жасалған құрастырма және бұйымдар шығару жөніндегі цех пайдалануға берілді.
Көбік-полистироль термоблогын шығару игерілді («Көп пішінді жабдық зауыты» ЖШС). 2008 жылы қосымша қуат енгізілді, бұл жылына 40 мың дана блок шығаруға мүмкіндік береді.
«Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС-да 2007 жылы «Құрылыс материалдары өндірісін игеру» инвестициялық жобасын игерді. Жылына 1,2 миллионнан астам погонды метр қуатымен полиэтилен және полипропилен құбырлары; жылына 1,4 миллион шаршы метр өнімділігімен «Каскад» метал жабын қышы және кәсіби төсеніш; жылына 500 мың м3 қуатымен қабырға және шатыр сэндвич-панелі - өндірісі жөніндегі желі пайдалануға берілді. 2008 жылғы қазанда кәсіпорын ауысымына 3,5 шақырым өнімділігімен Тиги-Кнауф металл пішіні өндірісі жөніндегі желіні орнатты.
2008 жылы «Есілцементсервис» ЖШС-да қабырға блогы өндірісі басталды, күніне 340 дана блок өнімділігімен желі орнатылды.
«Олжас» ЖШС көбік-бетон блогы өндірісін игерді (негізгі қызмет түрі – өсімдік майын шығару), 7920 м3 қуатымен желі орнатылды. Дайындалған өнім Петропавл бройлер құс фабрикасы қайта құрылғанда өз қолданылуын тапты.
Бірақ, сала облыстың құрылыс кешенінің негізгі құрылыс материалдарына деген қажеттілігін толық көлемде қанағаттандырмайды.
Кірпіш өндірісі бойынша.
Солтүстік Қазақстан облысында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй және азаматтық құрылыс үшін құрылыс кірпішіне деген қажеттілік 2008 жылы 19,8 миллион дананы құрады, 2008 жылы 2,9 миллион дана шығарылды (қажеттіліктің 14,7%-ы қамтамасыз етілді).
Бетоннан жасалған құрастырмаларға деген қажеттілік 2008 жылы 53 мың м3 құрады, 2008 жылы 42,1 мың м3 шығарылды (қажеттіліктің 79,4%-ы қамтамасыз етілді).
құрылыс материалдарының негізгі түрлерін шығару үшін шикізат қоры бар болуы;
дамыған инфрақұрылым;
өндірістік базаның бар болуы.
құрылыс материалдарына деген сұраныстың маусымдылығы;
саланың маңызды энергия сыйымдылығы және көлік сыйымдылығы;
кәсіпорындардың негізгі қорының үстемелі тозуы;
өндірістің техникалық жаңартылуын жүргізу үшін жеке қаржы қаражатының тапшылығы.
Облыстың жергілікті шикізат қорын пайдаланумен құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін әрі қарай дамытуды қамтамасыз ету Бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Осыған байланысты келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
кең тараған пайдалы қазбалардың пайдаланылмайтын кен орындарын әзірлеуге тарту;
құрылыс индустриясы кәсіпорындарына бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын шығару жөнінде жаңа өндіріс ұйымдастыруға бағытталған бизнес-жоспар әзірлеу және оны іске асыруда мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
қолайлы кәсіпкерлік климат құру;
құрылыс индустриясын дамытуға инвестиция тарту.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі
5.1. Саланың дамуын қолдау жөніндегі жалпы жүйе шаралары
Саланың дамуын қолдауды жүзеге асыру үшін құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен өндіріс көлемін жоспарлау мақсатында оларға құрылыс материалдарына деген қажеттілік болжамы жеткізілетін болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету өңірлік даму стратегиясының маңызды элементі болып табылады.
Кәсіпорындардың көрме, конкурстарға қатысуы бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын шығаруда жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік береді.
5.2. Шикізат базасын дамыту
Мемлекеттік-жеке әріптестік аясында өңірде 2007 жылдан «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Тобыл» ӘКК) филиалы жұмыс істейді.
«Тобыл» ӘКК-мен өңірдің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөнінде жүргізілетін іс-шараларға экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде жергілікті шикізаттан құрылыс материалдары өндірісін дамытуда маркетингтік зерттеу жүргізу, жобаларды іске асыру, жаңа өндіріс құрулар кіреді.
цемент және құрғақ қоспаларды шығару жөніндегі зауыт салу;
құрылыс мақсаттары үшін металл құрастырмалары өндірісін ұйымдастыру;
кварц құмын байыту жөнінде фабрика салу;
жергілікті құрылыс материалдарын дайындау жөніндегі қолданыстағы өндірісті жаңарту және жаңасын құру;
бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған инвестициялық жобалар әзірлеу және іске асыру.
Жоспар нақты орындаушыларды, іске асыру мерзімін, сондай-ақ әр жыл бойынша болжамды көлем және қаржыландыру көзін көрсетеді.
прогрессивтік технология енгізу есебінен өнімнің энергия сыйымдылығын кеміту және өзіндік құнын арзандату;
саланың өндірістік әлеуетін әрі қарай ұлғайту үшін негіз құру;
құрылыс материалдары ассортиментін кеңейту және сапасын жақсарту;
құрылыс өнімдері импортының ауқымын кеміту.
Кәсіпорындарды техникалық жаңарту, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде 2014 жылы металл емес минералдық өнім шығару көлемі 2008 жылғы деңгейге 4,9 есе артады және 9 миллиард теңгені құрайды.
2014 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе кірпіш (32 мың м3), 1,3 есе бетоннан жасалған бұйымдар (103 мың тонна), 7% және 9,6%-дарға пластмассадан жасалған бұйым және ағаштан жасалған бұйымдар, 1,6 және 1,3 есе сәйкес қиыршықтас және құрылыс құмы өндірісі көлемінің өсімі күтіледі.
236 мың тонна және 12 мың тонна көлемде сәйкес 400 маркалы және 500 маркалы цемент – өңір үшін жаңа өнім шығару жоспарлануда.
№ |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Орындау үшін жауаптылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыс, млн.теңге |
Қаржылан дыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Сала дамуын қолдау жөніндегі жалпы жүйе шаралары | ||||||
|
Облыстың тұрғын үй, өнеркәсіп объектілері, инфрақұрылымдары іргелі құрылысының перспективалық жоспарын есепке алумен құрылыс материалдарына деген қажеттілік болжамын дайындау және оларды өндіріс көлемін жоспарлау мақсатында кәсіпорындарға жеткізу |
Құрылыс материалдарына деген қажеттілік туралы ақпарат |
Құрылыс басқармасы |
1 тоқсан жыл сайын |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
|
Өңірде шығарылатын құрылыс материалдары тізбесін нақтылау және оларды жобалық-сметалық құжаттарды әзірлегенде қолдану мақсатында облыстың жобалық ұйымдарына жеткізу |
Өңірде шығарылатын құрылыс материалдары туралы ақпарат |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудандар және Петропавл қаласы әкімдері |
|
Қаржылан дыру қажет емес |
|
|
Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі жөніндегі жаңа кәсіпорындарды ашуға және қолданыстағыларын дамытуға жағдай жасау |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудандар және Петропавл қаласы әкімдері |
Шілде. қаңтар жыл сайын |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
|
Құрылыс индустриясы кәсіпорындарын халықаралық, республикалық және өңірлік көрмелер, конкурстар өткізілетіні туралы хабардар ету |
Ақпарат |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудандар және Петропавл қаласы әкімдері |
2009-2014 жылдар |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
|
Құрылыс материалдары өндірісі дамуының көрсеткіштерін талдау |
Мониторинг жүргізу |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, СҚО бойынша статистика департаменті (келісім бойынша), аудандар және Петропавл қаласы әкімдері |
Ай сайын |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
|
Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу |
Облыс әкімі аппаратына ақпарат |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудандар және Петропавл қаласы әкімдері |
Шілде. қаңтар жыл сайын |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
|
2009-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамыту бағдарламасын іске асыру барысының мониторингі |
Облыс әкімі аппаратына ақпарат |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы |
Шілде. қаңтар жыл сайын |
Қажет емес |
|
2. Шикізат базасын дамыту | ||||||
8. |
Құрылыс материалдары өндірісі үшін негізгі шикізат түрлерінің пайдаланылмайтын кен орындарын әзірлеуге тарту |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімдері, Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, «Тобыл» ҰҚ» ӘКК» АҚ (келісім бойынша) |
шілде қаңтар
жыл сайын |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
9 |
Құрылыс материалдары өндірісінде қолданылатын кең тараған пайдалы қазбаларды барлау мен шығаруды жүргізуге келісімшарт шарттарының сақталуына мониторинг және бақылауды жүзеге асыру |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы |
Шілде, қаңтар, жыл сайын |
Қаржылан дыру қажет емес |
|
3. Кәсіпорындарды қайта құру, жаңарту, құрылыс материалдарының жаңа түрлерін игеру | ||||||
10. |
Бюджет және қаржы институттары қаражаты есебінен құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау көрсету |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Екінші деңгейлі банктер (келісім бойынша), СҚО бойынша «Даму» КДҚ» АҚ ӨФ (келісім бойынша), «Тобыл» ҰК» ӘКК» АҚ(келісім бойынша), Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудандар және Петропавл қаласы әкімдері |
2009-2014 жылдары |
Бөлінген қаражат шегінде |
Қаржы институт тары, облыстық бюджет |
11. |
Құрылыс мақсаттары үшін металл құрастырмалары өндірісін ұйымдастыру, Петропавл қ. |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Петропавл қаласы әкімі, бастамашы - «Жедел тұрғызылатын ғимараттар және имараттар зауыты» ЖШС |
2009-2010 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
12. |
«Айсары» кен орнында байыту фабрикасының құрылысын аяқтау және пайдалануға беру, Ақжар ауданы |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, бастамашы - «Ақтөбе-GLASS» ЖШС |
2009-2010 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
13. |
Құм блоктары, қож блоктары, тротуар тақтайшасы өндірісін ұйымдастыру, Айыртау ауданы |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, бастамашы - «Вектор НС» ЖШС |
2009-2010 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
14. |
Полистиролбетон өндірісін ұйымдастыру, Аққайың ауданы |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, бастамашы – «Мельничный-Киял» ЖШС |
2009 жыл |
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
15. |
Новоишимское селосында цемент және құрғақ қоспалар өндірісін ұйымдастыру, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, «Тобыл» ҰК» ӘКК» АҚ (келісім бойынша), бастамашы – «ЗАТ-2004» ЖШС |
2009-2011 жылдары |
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
16. |
Жеңіл бетон өндірісін ұйымдастыру, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, бастамашы – жеке кәсіпкер Б.Е.Жахин
|
2009 жыл
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
17. |
Силикат кірпіші өндірісін қалпына келтіру, Уәлиханов ауданы |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, бастамашы – «Силикат-К» ЖШС |
2009-2014 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
18. |
Құм блоктары, саман кірпіші өндірісін ұйымдастыру, Уәлиханов ауданы |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан әкімі, бастамашы – «Мөлдір су» МКҚК |
2009-2011 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
19. |
Жаңа цех, өндірістерді техникалық қайта қаруландыру, пайдалануға енгізуді жүргізу есебінен ағаштан жасалған құрылыстық құрастырмалар және бұйымдар өндірісін кеңейту үшін жағдай жасау |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан, Петропавл қаласы әкімдіктері |
2009-2014 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
20. |
Құрылыс мақсаттары үшін жергілікті шикізаттан қабырғалық материалдар, пластмассадан жасалған бұйымдар шығару жөніндегі жаңа өндіріс, цехтарды ұйымдастыру үшін жағдай жасау |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ақпарат |
Аудан, Петропавл қаласы әкімдіктері |
2009-2014 жылдары
|
Бөлінген қаражат шегінде |
Бюджеттен тыс қаражат |
Аббревиатураларды ашу:
СҚО бойынша «Даму» КДҚ» АҚ ӨФ – СҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өңірлік филиалы
«Мөлдір су» МКҚК- «Мөлдір су» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«Қазақстан Республикасында Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
25 12 2014
1 стр.
Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
09 10 2014
24 стр.
Облыстың тұрғын үй, өнеркәсіп объектілері, инфрақұрылымдары іргелі құрылысының перспективалық жоспарын есепке алумен құрылыс материалдарына деген қажеттілік болжамын дайындау және
01 10 2014
1 стр.
Мамандығы: 050730 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының технологиясы»
16 12 2014
5 стр.
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау деп
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау деп
25 12 2014
1 стр.
Бұл пән қарастырады: құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялар өнеркәсібін, оның нтп-дағы ролін; ресурстарды; оларды қолдану тиімділігі
12 10 2014
1 стр.
Азақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың наурыз айында 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының бағдарламасын бекіткені баршаға мәлім
25 12 2014
1 стр.