Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 5страница 6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 03.07.2010 12:33:44
Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

 2009 жылғы 7 шілдедегі № 135 Қаулысы

(2010.29.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 49 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



 

«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14-2-тармағына және 13-бабының 4-2-тармағына сәйкес, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.

2. ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 189 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 133 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4734 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 106 (1309) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар 2009 жылғы 1 қазанға дейін зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметтің, олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін ішкі құжаттарды, сондай-ақ пайдаланылатын программалық-техникалық қамтамасыз етуді осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.

5. 2010 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың зейнетақы активтерінің немесе меншікті активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель бойынша шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшеріне қатысты талаптарды белгілейтін 9-тармақтың 3) тармақшасын, 19-тармақтың 7) және 11) тармақшаларын, 28-тармақтың 7) тармақшасын, 33-тармақтың 3) тармақшасын, 37-тармақтың 2) тармақшасын, 39-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 41-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацын, 42–45-тармақтарды, 55-тармақтың 8) тармақшасын, 78-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацын, 79-тармақтың 2) тармақшасын, 80-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацын, 80-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацын, 82-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.

7. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

 

 

Төрағаның м.а.

Қ. Қожахметов

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2009 жылғы

7 шілдедегі № 135 қаулысымен



бекітілген

 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық

 

Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң) 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң) 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар сақтауы міндетті тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілейді.



 

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрі – Қорлар) және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – Ұйымдар) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілеу осы Нұсқаулықтың мақсаты болып табылады.

2. Қордың (Ұйымның) Директорлар кеңесі және басқармасы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және Қордың (Ұйымның) қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласында өз міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.



3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ашық валюталық позиция – Қордың (Ұйымның) жекелеген шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын талаптардың (міндеттемелерді) жинақтаушы зейнетақы қорының сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда асуы;

2) баға тәуекелі – қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

3) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе Қорға (Ұйымға) деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

4) бэк-тестинг – Қор (Ұйым) бойынша тарихи деректерді пайдалану арқылы және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

5) валюталық нетто-позиция – Қордың (Ұйымның) барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;

6) валюталық тәуекел – Қор (Ұйым) қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды асыра бағалаудан туындайды;

7) гэп – Қордың (Ұйымның) сыйақы ставкаларының өзгеруіне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділікті жоғалту тәуекелін өлшеу әдістері;

8) елдің (трансферт) тәуекелі – шет мемлекеттің немесе шет мемлекет резидентінің міндеттемелер бойынша төлем қабілетсіздігі немесе жауап беру ниетінің болмауы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

9) ішкі аудит қызметі – Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, негізгі функциясы Қордың (Ұйымның) қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылатын Қордың (Ұйымның) бөлімшесі;

10) ішкі бақылау жүйесі – Қордың (Ұйымның) рентабельдіктің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Қордың (Ұйымның) саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар немесе Қордың (Ұйымның) бедел тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдау жүйесінің элементі;

11) ішкі құжаттар – Қордың (Ұйымның), олардың органдары, құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері), қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;

12) контрсеріктес – лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру барысында Қор (Ұйым) ынтымақтастық жасайтын, (немесе ынтымақтастық жасауды жоспарлайтын) қаржылық қызмет көрсететін және (немесе) Қор (Ұйым) қатысатын мәміледе тарап болып табылатын ұйым;

13) корпоративтік басқару – ұйымның жоғарғы органының, басқару органының, атқарушы органының және өзге де органдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар кешені болып табылатын, ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге ұйымның қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасауға мүмкіндік беретін, ұйымды стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

14) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз шығару талаптарымен белгіленген мерзімде инвесторға тиесілі негізгі борышты және сыйақыны эмитенттің төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, сондай-ақ своптар, опциондар және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді әріптестің орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;

15) құқықтық тәуекел – Қордың (Ұйымның) Қазақстан Республикасы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының резиденттері еместермен қатынастарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзуы не Қордың (Ұйымның) практикасының олардың ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

16) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

17) нарықтық тәуекел – қаржы нарықтарының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдердің дерек көздері болып табылады;

18) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс жасауы барысында қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ:

жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік және басқару құрылымын қосқанда Қордың (Ұйымның) анық емес және тиімсіз ұйымдастыру құрылымына;

ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, программалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктермен;

шындыққа сай келмейтін ақпаратпен не оны тиісінше пайдаланбаумен;

қызметкерлерді тиімсіз түрде басқарумен және (немесе) Қордың (Ұйымның) білікті емес штатымен;

Қордың (Ұйымның) қызметін жүзеге асыру процесін жеткілікті түрде тиімді құрмауына;

Қордың (Ұйымның) қызметіне сыртқы ықпалдың болжанбаған немесе бақыланбайтын факторларына;

Қордың (Ұйымның) қызметін реттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктердің немесе қателердің болуына;

Қордың (Ұйымның) басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік база ауқымының тарылуына, клиенттердің және (немесе) контрсеріктестердің Қорға (Ұйымға) деген сенімсіздігіне немесе оны жағымсыз қабылдауына алып келген кәсіби емес іс-әрекеттеріне байланысты тәуекелдер кіретін сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

19) өтімділікті жоғалту тәуекелі – Қордың (Ұйымның) өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың тез сатылу қабілетімен, төмен шығасыларымен және қолайлы бағалары бойынша анықталады;

20) пайыздық тәуекел – сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі, оған:

орналастырған активтер мен тартылған міндеттемелерді (белгіленген сыйақы ставкалары кезінде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкес келмеуінен шығыстардың (шығындардың) туындауына;

өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаттамасы бар бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты (негізгі тәуекел) тәуекелдер кіреді;

21) стресс-тестинг – Қордың (Ұйымның) қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ Қордың (Ұйымның) қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;

22) тәуекелдерді басқару жүйесі – төрт негізгі элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кіретін процесс;

23) форс-мажор жағдайы – төтенше және еңсерілмейтін (осы жағдайлар кезінде) оқиға (дүлей күш);

24) «stop-loss» лимиттері – қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

25) «take profit» лимиттері – қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті рұқсат етілген деңгейі жөніндегі лимиттерді белгілеу саясаты;

26) VAR (Value at Risk) моделі – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір ықтималдық дәрежесімен инвестициялық портфельдің белгілі позициялары бойынша барынша жоғары ықтимал шығындарды сипаттайды.

4. Қорлар және Ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей Агенттікке осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес:



1) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың толық тізбесі;

2) тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуді (сәйкес келмеуді) дербес бағалау;

3) тәуекелдерді басқару жүйесінде кемшіліктер анықталған жағдайда, түзетілуі тиіс кемшілікті көрсетумен оларды жою жөніндегі іс-шаралар, жауапты адамдарды және іс-шаралар орындалуының нақты мерзімдерін көрсетумен кемшілікті түзету үшін қажет іс-шаралар жоспары болатын тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі есепті ұсынады.

Қордың (Ұйымның) осы Нұсқаулық талаптарының орындалуына жүргізген бағалауының бірдейлігі уәкілетті органмен белгіленеді.

5. Меншікті активтер және инвестициялық басқаруға берілген активтер бойынша баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел және өтімділік тәуекелі жөніндегі стресс-тестинг осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес екі айда кем дегенде бір рет есептеледі.

6. Осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ресімделген стресс-тестинг нәтижелері Агенттікке әрбір жұп айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Осы Нұсқаулыққа 3-қосымша жөніндегі ақпарат Агенттікке есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.



 

 

2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын негізгі талаптар



 

7. Қорда (Ұйымда) тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы Қор (Ұйым) қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі аясында операциялар жүргізу практикасының, активтер мен міндеттемелерді басқару практикасының болуы, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпараты жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.

8. Қордың тәуекелдерді басқару жүйелері оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:



1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығының негізгі көрсеткіштеріне тұрақты түрде талдау жүргізу және макро және микроэкономикалық факторлардың әсер етуін ескере отырып олардың өзгерістерін болжау;

2) зейнетақы активтері бойынша инвестициялық декларацияны және меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту;

3) салымшылармен (алушылармен) жұмыс істеуді ұйымдастыру тәртібін белгілеу және:

есепке алудың шынайылығын және жеке зейнетақы шоттарын ашудың және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдер мен жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының келіп түсуінің уақтылы болуын қамтамасыз ететін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) шағымдары мен өтініштерінің мәні бойынша белгіленген мерзімде қаралуына кепілдік беретін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының және төлемдерінің уақтылы жүзеге асырылуына кепілдік беретін рәсімдер;

зейнетақы активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бухгалтерлік есеп туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін рәсімдер;



комиссиялық сыйақының дұрыс есептелуін тексеруді жүзеге асыру тәртібі;

Қордың және салымшылармен (алушылармен) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу үшін тартылатын жеке тұлғалардың арасында шарттар болған кезде – олардың қызметіне бақылау жасау жөніндегі рәсімдер кіретін олардың жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу;

4) Қорды басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын құру;

5) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

6) Қордың мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Ұйыммен ақпарат алмасу тәртібі;

7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау.

9. Ұйымның тәуекелдерді басқару жүйелері оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтиды:



1) зейнетақы қызметтерін көрсету нарығын және бағалы қағаздар нарығын қосқандағы қаржы нарығы көрсеткіштерінің болжам мәндерін ескергендегі инвестициялық мүмкіндіктерге тұрақты түрде талдау жүргізу және осы талдау негізінде инвестициялық шешімдер қабылдауға ұсынымдар дайындау;

2) Ұйымның меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу және бекіту, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияны әзірлеуге қатысу;

3) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) инвестициялау лимиттерін, шығындардың жол берілетін барынша жоғары мөлшерін, «stop-loss», «take-profit» және гэп-позиция лимиттерін белгілеу;



4) инвестициялық басқаруға қабылданған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;

5) меншікті активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;

6) инвестициялау барысында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында, зейнетақы активтері жөніндегі инвестициялық декларацияда және меншікті активтерді инвестициялау саясатында белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг жасау;

7) инвестициялық басқаруға қабылданған активтері есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;

8) меншікті активтер есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельердің ықтимал шығындарға ұшырағыштығына стресс-тестинг жүргізуді жүзеге асыру;

9) Ұйымды басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын құру;

10) ішкі рәсімдер мен құжаттарды әзірлеу және бекіту;

11) Ұйымның мүдделі органдарына және құрылымдық бөлімшелеріне шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, сондай-ақ Қормен ақпарат алмасу тәртібі.

10. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы негізінде зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметінің осы Нұсқаулықтың


следующая страница>


Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

960.43kb.

25 12 2014
6 стр.


ҚРӘМ №5794 15. 09. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

703.51kb.

14 12 2014
6 стр.


Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республик

886.96kb.

14 12 2014
5 стр.


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұ

35.83kb.

25 12 2014
1 стр.


ЖӘне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының

Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының “Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ере

30.34kb.

25 12 2014
1 стр.


Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ банктің, сақтандыру

Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді

110.68kb.

09 10 2014
1 стр.


ҚРӘМ №5322 30. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының Қаулысы

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіт

1245.42kb.

05 09 2014
7 стр.


Жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру тәртiбi туралы нұсқаулықты

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының

63.75kb.

05 09 2014
1 стр.