Р/с
|
Мазмұны
|
Орындалу уақыты
|
Орындалу барысы туралы
|
1
|
Қала, аудандардың 2010-2015 жылдарға жұмылдыру жоспарын түзуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізу
|
қаңтар
|
2010 жылдың 22 қаңтарында барлық аудандарындағы жұмылдыру дайындығына жауапты, құпия құжаттармен жұмыс жүргізетін мамандардың қатысуымен семинар өткізіліп, «2010-2015 жылдарға арналған жұмылдыру жоспарының» жобасы сәуір айының 3-ші онкүндігіне дайындауға тапсырма берілді.
|
2
|
Облыс аумағының қауіпсіздік төлқұжатын нақтылау
|
қаңтар
|
28.01.2010 жылы №23-16/8-270 санды хатпен сызба картасымен 3 дана төлқұжат ҚР ТЖМ-не келісілуге жіберілген.
|
3
|
Білім беру, денсаулық сақтау ғимараттарының қыс кезеңіндегі жылу беру жүйесіндегі өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылау
|
қаңтар
|
Төтенше жағдай департаменті, аудан, қала әкімдерімен бірлесіп білім беру, денсаулық сақтау нысандарын тексерілді. Қыс кезеңінде Кентау қаласында жылу беру жүйесіне қажетті көмір және мазутты Кентау қаласы теңгеріміне беру туралы қаулы дайындалды. Көмір мен мазут жеткізіліп берілді. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелері ғимараттарының өрт қауіпсіздігі мәселелері облыстық ТЖ комиссиясының кезектен тыс мәжілістерінде бірнеше рет талқыланды.
|
4
|
Төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша кезекші қызметтермен өзара әрекеттесудің шұғыл жоспарын жасау
|
қаңтар
|
Төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша кезекші қызметтермен өзара әрекеттесудің шұғыл жоспары жасалып облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілді.
|
5
|
Азаматтық қорғаныс бастығы облыс әкімінің қосалқы басқару бекеттеріне (ЗПУ) жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлдіруге тиісті ұсыныс жасау
|
қаңтар
|
Ұсыныс жасалып, облыс әкімінің хаттамалық 2010 жылғы 18 ақпандағы №20 шешімімен бюджетті нақтылаудың екінші кезеңіне қарауға тапсырма берілді.
|
6
|
Сырдария өзеніне Шардара су қоймасынан құйылатын тасқын судың қауіпсіз өткізілуіне дайындық жүргізу.
|
қаңтар
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасарымен 2010 жылғы 27-ақпанда «Сырдария өзені бойынша су тасуының алды алу іс-шаралары» бекітіліп, аудан, қалаларға іс-шара бойынша іс-әрекет ету тапсырылған.
Облыс әкімінің қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте барлық тиісті аудан, қала және басқа да мемлекеттік органдарға тапсырмалар беріліп, қазіргі таңда жұмыс атқарылуда. Облыстық ТЖ комиссиясының бірнеше рет кезектен тыс мәжілісі болып, су қоймаларының жағдайы күнделікті бақылауға алынып, тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Облыстық ТЖ комиссиясы төрағасының 2010 жылғы 17 наурыздағы «Облыс аумағында орналасқан су қоймалардағы жағдайды бақылау туралы» №5 өкімі бойынша аудан, қалаларда топтар құрылып, жұмыс жүргізілген. Бұл туралы «Оңтүстіксушар» РМК-ң күнделікті су қоймаларға бақылау жүргізіп, күнделікті мәлімет облыс әкіміне және облыстық ТЖ комиссия төрағасына беріліп отыр. 2010 жылдың 28 наурызда облыстық ТЖ комиссиясының хаттамалық шешімімен аудан, қала әкімдеріне иесіз су қоймаларды анықтап, «Оңтүстіксушар» РМК теңгеріміне беру туралы тапсырма берілген.
|
7
|
Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы асуларды бақылауда ұстау, үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру
|
қаңтар
|
Облыстық ТЖ комиссия төрағасының 2009 жылғы 26-қазандағы «ОҚО 2009-2010 жылдардың қыс мезгіліне дайындау туралы» №7 өкімімен құрылған комиссия автомобиль жолдарын, асуларды қар басуы мен боран болуы ықтимал аудандар мен қалалардағы жол мекемелері техникаларының және жанар-жағар май мен тайғаққа қарсы материалдар қорының, жылыту бекеттерінің , байланыс құралдарының қыс кезеңіне дайындығын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар беріліп,орындалуы бақылауда болған.
|
8
|
Тарылтылған мәжiлiстiң 2010 жылға арналған жоспарын бекiту
|
қаңтар
| Жұмыс жоспары облыс әкімімен бекітілген (28.01.2010 жыл №М06 құпия) |
9
|
Апатты жағдайдағы білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының ғимараттары және көпірлерді қалпына келтіруге керекті шығынының бюджетке қосылуына мониторинг жүргізу
|
қаңтар
|
Биыл 8 мектеп облыстық ТЖ комиссиясы мәжілісінде қаралып, комиссия төрағасы тарапынан аудан, кала әкімдеріне, облыстық Білім басқармасы және Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Жол картасына» кіргізуге тиісті тапсырмалар берілді.
|
10
|
Ауыл әкімшіліктеріндегі әскери міндеттілермен жұмыс жүргізетін мамандарға (ВУС) әскер жасындағы жастарды ҚР Қарулы күштеріне шақыру заңнамасына енген өзгерістерді түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық қорғаныс департаменті мен бірлесіп семинар өткiзу
|
ақпан
| 2010 жылдың 25 ақпанында облыстық қорғаныс департаментінің қызметкерлері Т.Бидайбеков, М.Шегебаев, Н.Дүйсебаев және басқарманың бөлім бастығы Е.Тленшиннің қатысуымен семинар өткізіліп, Созақ, Бәйдібек және Отырар аудандарының осы жұмысқа қатысты мамандарына әдістемелік көмек көрсетілді. |
11
|
Облыстың аумақтық қорғаныс жоспары мен картасын нақтылау
|
ақпан
| Облыстың аумақтық қорғаныс жоспары нақтыланып 22.12.2009 жылы шығыс № 1-2/027 қж хатпен ҚР ҚМ келісу үшін жолданған, алайда ҚР ҚМ Заңнамаларының өзгеруіне байланысты өзгерістермен толықтырулар енгізіліп қайта әзірленеді. |
12
|
ОҚО аймағында жұмылдыруды өткiзуде материалдық –техникалық қамтамасыздандыру және ҚР Қарулы Күштерiне жұмылдыру бойынша көлік құралдарын тағайындау, азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы тарылтылған мәжіліс өткізу
|
ақпан
| Мәжіліс өткізіліп, облыс әкімінің №15 құпия шешімі қабылданып, тиісті органдарға орындауға жолданды. |
13
|
Шардара ауданы аумақтық қорғаныс ротасымен тактикалық оқу-жаттығу өткiзу туралы облыс әкімі тарылтылған мәжілістің шешімін дайындап, оқу-жаттығу жоспарын ІІД, ТЖД, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚД – мен келісіп бекіту
|
ақпан
| Тарылтылған мәжілістің шешімі дайындалып 15.03.2010 жылы аталған барлық мекеме басшыларымен келісіліп, облыс әкімімен бекітілді |
14
|
Жеке қорғану құралдарын лабораториялық сынақтан өткізуге қажетті қаражатты бөлдіруге және лабораториялық сынақтың қорытындысы бойынша жарамсыз деп табылған газқағарларды есептен шығаруға кол жеткізу
|
ақпан
| Көтеріліп отырған мәселе 2010 жылдың 23 ақпанында ҚР Премьер Министрінің қатысуымен өткен «ҚР Азаматтық қорғаныс жүйесінің жағдайы және дамуы туралы» өткен мәжілісте қаралып, тиісті ұсыныстар беру үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсырма берілген. |
15
|
Шардара су қоймасының және Сырдария өзені бойындағы елді мекендердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу
|
ақпан
|
Шардара ауданы Қазақстан ауыл округіндегі су қашыртқы каналын механикаландырылған тазалау, Сүткент елді мекені тұсында Сырдария өзенінде тұрғызылған қорғаныс бөгетін тасқын су бұзып кетуінен сақтап қалу, Сарыағаш ауданы, Келес өзені тарапынан Оймауыт және Маңғыт каналдарын бұзып кетуінің алдын алу шараларын қаржыландыру қажеттілігі туындап отыр. Бұлардан басқа Бәйдібек және Төлеби аудандарында бірнеше нысандардың жоба-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Бұл мәселелер облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезектен тыс мәжілістерінде қаралған.
Облыс аумағынан өтетін өзендердің және су қоймаларының, көктемгі жауын-шашын көп болуына және таулы аймақтардағы қардың еруіне байланысты, су тасқынының орын алу қаупі бар. Сондықтан аумақты және халықты қорғау мақсатында аудан, қалаларда қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып апатты жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін аудандағы барлық су арналарын, қашыртқы каналдарын тазалау, тоспалардың мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аудан, қала әкімдеріне облыс әкімінің тапсырмасы беріліп, іс-шаралар жүргізілуде.
|
16
|
«Көктемгі су тасқынынан туындауы ықтимал төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбы бойынша өтетін «Көктем-2010» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуға азаматтық қорғаныс құрылымдарын дайындау
|
наурыз
|
2010 жылдың 2-5 наурыз аралығында «Көктем-2010» республикалық командалық-штабтық жаттығулары өткізілді. Басқарма бастығының 2010 жылғы 2 наурыздағы бұйрығымен шұғыл топтар құрылып, басқару органдарының авариялық құтқару қызметтері мен Азаматтық қорғаныс құрамаларының облыс көлемінде болуы ықтимал төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекетке дайындығы анықталып, КШЖ жоғары деңгейде өткізілді.
|
17
|
Облыс аумағында жұқпалы аурулар бойынша қалыптасуы ықтимал эпидемиологиялық жағдайды болжау, емдеу-профилактикалық мекемелерінің дайындық іс-шараларын тексеру
|
наурыз
|
Облыстық ТЖ комиссиясының хаттамалық шешімімен аудан, қала әкімдеріне Қырым қанды геморрагиялық қызба ауруының алдын алу үшін кенеге қарсы күреске дайындық жүргізу жарияланды. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай бақылауда тұр. Сайрам, Бәйдібек аудандарынан түскен мәліметке байланысты жедел лабораториялық зерттеулер жасалып, диагнозы анықталып емдік шаралар көрілді.
|
18
|
Шардара ауданы аумақтық қорғаныс ротасымен арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізу үшін тарылтылған кеңес отырысын өткізу
|
наурыз
| Тарылтылған мәжіліс 15.03.2010 жылы өткізілді №1-6/034қ. |
19
|
Облыс бойынша аса маңызды қорғауға және күзетуге жататын нысандардың тізімін анықтап, әр нысанның күзету және қорғау сызбасын тексеру
|
наурыз
| Тізім анықталып, Қорғаныс министрлігіне жолданған. Күзету және қорғау сызбасы облыстық аумақтық қорғаныс жоспары толық әзірленгеннен кейін тексеріледі. |
20
|
ОҚО «Жағдайды талдау орталығын»(областной ситуационный центр) құру, оны жабдықтау бойынша тиісті ұсыныс беру.
|
наурыз
|
2010 жылғы 8 ақпанда №4-10/104 санды хатымен облыс әкімінің орынбасары У.Қайназаровқа, сонымен қатар У. Қайназаровтың атынан облыс әкіміне қызметтік жазба жазылып жіберілді. Қазіргі таңда қызметтік жазба облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қаралуда.
|
21
|
Облыс көлеміндегі өзендердің тасуына және жер асты суларының көтерілуіне байланысты туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу
|
наурыз
|
Көктемгі су тасқынының алдын алу және жою мақсатында іс-шаралар жоспары дайындалып, аудан, қалаларға, тиісті жұмыстар жүргізілуге жолданды.Қазіргі таңдағы облыс бойынша апатты жағдайдағы нысандардың тізімі кезең-кезеңімен топталған. Бірқатар аудандарда жер асты суларының көтерілуі әсіресе көктемгі су тасқыны кезінде жиі орын алуы мүмкін. Жер асты суы көтерілуінің кері әсерін сейілтуге шара көріп, қазіргі уақытта істемей тұрған тік дренаж қондырғыларын жедел іске қосу үшін аудан, қала әкімдеріне тапсырма берілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен басқарма тарапынан 30 дана мотопомпа сатып алынып, тізім бойынша аудан, қалаларға таратылып берілді. Мақтарал ауданында 8 сегіз тік дренаж іске қосылған. 3 млн теңге қаражатқа қажетті құрал саймандар: бос қаптар, күректер, резеңке етіктер, жұмыс киімдері т. б. керек-жарақтар (инвентарь) сатып алынып, өзендердің, каналдардың тасуы салдарынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Шардара аудандарына таратылып берілді.
|