Перейти на главную страницу
Үкіметінің
2011 жылғы « 18 » ________
№ 817 қаулысымен
бекітілген
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына сәйкес әзірленді.
Қағида өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) үшінші бағытына қатысу, қоныс аударуды ұйымдастыру, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қолдау көрсетуге берілген нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2) қызметтік тұрғын үй беруді;
3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық/қалалық комиссия – жергілікті атқарушы органның жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
3) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз азаматтар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталықтары арасындағы тараптардың құқықтары мен өзара міндеттемелерін айқындайтын келісім;
4) Бағдарламаға қатысушылар – Бағдарламаға қатысуға оң шешім алған, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
5) Бағдарламаның операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын ынталандырушы төлемдер – Бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғаларға төленетін ақшалай қаражат (стипендиялар; оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалдаумен (жалға алумен) байланысты шығындарды өтеуге субсидиялар; бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын жеке тұлғалар жалақысының бөлігі; көшуге берілетін субсидиялар);
7) беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар;
8) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – бюджетті атқару саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
9) қызметтік тұрғын үйді жалға беру – қызметтік тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалға алушыға уақытша пайдалануға және ақысын төлетіп пайдалануға беру;
10) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган – құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
11) қызметтік тұрғын үй – азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін, оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
12) өңірлік комиссия – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
13) уәкілетті орган – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы – жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында ауданда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылатын мемлекеттік мекеме;
15) экономикалық даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
16) экономикалық өсу орталығы – соңғы 5-10 жыл бойы экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен және жоғары демографиялық әлеуетімен (көші-қон сальдосы оң) сипатталатын елді мекен.
1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;
2) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендердегі және экономикалық өсу орталықтарындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ресурстарына қажеттілігін, олардың жұмыс күшіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттілігін айқындайды;
3) еңбек ресурстарына қажеттілікті аудандық/қалалық комиссиялармен келіседі және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
1) экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын, облыстың (ауданның/қаланың) экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударуға қатыса алатын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың жалпы санын айқындайды;
2) еңбек ресурстарына деген қажеттілік және азаматтардың қоныс аудару ықтималдығы туралы ақпаратты өңірлік комиссияға жолдайды.
7. Өңірлік комиссия шыққан және қабылданатын жерін айқындай отырып, облыс (аудан, қала) шегінде қоныс аударатын азаматтардың ықтимал санын келіседі және қоныс аударуды ұйымдастыру үшін ұсынымды уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.
8. Өңірлік және аудандық/қалалық комиссияның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, уәкілетті органның (халықты жұмыспен қамту органдарының), қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
2. Азаматтардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тәртібі
9. Бағдарламаға қатысу үшін экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалада және астанада тұратын өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
10. Өтінішке азаматтың және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (отбасының кәмелетке толған мүшелеріне Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не паспорты, отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәліктері);
2) салық төлеушіні тіркеу нөмірінің (ЖСН, СТН) көшірмесі;
3) әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) көшірмесі;
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы) көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (еңбек қатынастарындағы қызметкерлер үшін);
6) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;
7) өтініш берушінің келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорынан алынған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзінді көшірме.
11. Халықты жұмыспен қамту орталықтары он жұмыс күні ішінде өтініштер мен құжаттарды өңірлік не аудандық/қалалық комиссияның қарауына жібереді.
12. Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленеді.
1) қоныс аударуды ұйымдастыру кезінде:
соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қала және астана шегінде тұруы;
кәсіптік даярлығының өңірлік немесе ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың бейініне, сондай-ақ өңір, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпорындарының еңбек ресурстарына деген қажеттілігіне сәйкес келуі;
айлық жиынтық кірісі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда өтініш берген тоқсаннан алдыңғы тоқсандағы ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауға тиіс.
Бұл ретте, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде статистика жөніндегі уәкілетті орган айқындаған ең төмен күнкөріс деңгейі қолданылады.
1. Қоныс аударуды ұйымдастыру, көшуге субсидия беру және
қызметтік тұрғын үй беру тәртібі
25. Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аударуы қызметтік тұрғын үйдің берілуімен, сондай-ақ көшуге субсидияның төленуімен өз бетінше жүзеге асырылады.
Бұл ретте, жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйі бар Бағдарламаға қатысушыларға қызметтік тұрғын үй берілмейді.
26. Қызметтік тұрғын үй алу және көшуге субсидия тағайындау үшін Бағдарламаға қатысушы отбасының құрамын және беру жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішке Бағдарламаға қатысушы мен оның көшіп келген отбасы мүшелерінің мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) шыққан жерінің халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (отбасының кәмелетке толған мүшелеріне Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі не паспорты, отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәліктері);
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (ЖСН, СТН) көшірмесі;
4) әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) көшірмесі;
5) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ білімі мен біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі;
6) келген жері бойынша тұрғын үйінің жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның анықтамасы.
27. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге берілетін субсидия олар жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін және қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен жағдайда келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.
Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жеріне келмеген отбасы мүшелеріне көшуге субсидия берілмейді.
28. Келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді жалға алу туралы шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен жағдайда келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде, осы Қағиданың 26-тармағында көрсетілген құжаттардың барлығы болған жағдайда, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарады.
Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде тұратын және қызметтік тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушыларға көшуге берілетін субсидия тағайындалмайды.
29. Көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешімде Бағдарламаға қатысушының отбасы құрамы, оларға берілетін тиісті төлемдердің мөлшері және беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған жеке шотының нөмірі көрсетіледі.
30. Халықты жұмыспен қамту орталығы көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады.
32. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес Бағдарламаға қатысушы (отбасымен бірге) келген жерінен алты айдың ішінде кеткен жағдайда көшуге берілетін субсидияның сомасы бюджетке өтеледі.
33. Бағдарламаға қатысушыларға келген жерлерінде олардың қалауы бойынша қызметтік тұрғын үй беріледі.
Берілетін қызметтік тұрғын үйдің ауданы отбасының құрамына қарай бірге тұратын отбасы мүшесінің біреуіне он сегіз шаршы метрден не отбасына жүз шаршы метрден аспауға және бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауға тиіс.
Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғын үйі не тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйі бар Бағдарламаға қатысушыларға отбасылық үлгідегі жатақхананы қоспағанда, қызметтік тұрғын үй берілмейді.
34. Республикалық маңызы бар қалада және астанада қызметтік тұрғын үй беру қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделеді.
35. Қызметтік тұрғын үй халықты жұмыспен қамту орталығының тұрғын үй беру туралы қабылданған шешімі және халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушы арасында жасалған қызметтік тұрғын үйді жалға беру туралы шарт негізінде беріледі.
36. Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын келген жерінің халықты жұмыспен қамту орталығы тұрғын үй комиссиясы тиісті шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды.
Бағдарлама қатысушы қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының тарапы болады. Қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартына Бағдарламаға қатысушының сенімді адамының қол қоюына жол берілмейді.
Қызметтік тұрғын үйді жалға алу шарты үш данада жасалады. Қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартының бір данасы халықты жұмыспен қамту орталығында сақталады, қатаң есептілік құжаты ретінде сақталатын екіншісі жергілікті атқарушы органға беріледі, үшіншісі өтініш берушіге беріледі және қызметтік тұрғын үйге қоныстануға құқық беретін бірден-бір құжат болып табылады.
38. Жалға алу шартына сәйкес жалға алу шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және ол аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай бұрын хабарлама жіберетін жағдайларды қоспағанда, автоматты түрде ұзартылады.
45. Бағдарламаға қатысушылар тиісті біліктілігі болған жағдайда қызметтік тұрғын үйді салу және тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту барысында құрылатын жұмыс орындарына басым құқығы болады.
46. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар ретінде қызметтік тұрғын үй берілген Бағдарламаға қатысушылар қызметтік тұрғын үйде кемінде бес жыл тұрған жағдайда, өздері тұратын қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіре алады.
47. Қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жұмыспен қамту жаңа тұрғылықты жеріне келгенге дейін және одан кейін жұмыс берушілермен жасалған Келісім негізінде қамтамасыз етіледі.
49. Жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жағдайда Бағдарламаға қатысушыларға келген жері бойынша Бағдарламаның бірінші бағытында көзделген шарттарда кейіннен жұмысқа орналастыра отырып оқуға немесе Бағдарламаның екінші бағытында көзделген шарттарда жеке ісін ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
50. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде, оған Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуы туралы ақпарат «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалайды және Бағдарламаға қатысушылардың өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындауын бақылайды.
3. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру
51. Бағдарламаға қатысушыларға көшуге, инфрақұрылым объектілерін дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға субсидия беру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.
Нысаналы трансферттерді уақытылы аудару, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және түпкілікті нәтижесіне мониторинг жүргізу үшін:
1) бағдарлама Операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аудару шығындарын өтеу бөлігінде;
2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бөлігінде нысаналы трансферттердің нәтижелері туралы келісімдер жасалады.
52. Бағдарлама операторы мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттерді аударады.
53. Инфрақұрылым объектілерін салуға немесе реконструкциялауға нысаналы даму трансферттері объектілер бойынша бөлместен бір сомамен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті шешімдер қабылданғаннан кейін екі апталық мерзімде іске асырылуына қаражат көзделген объектілер бөлінісінде жергілікті инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді.
54. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Келісімде бекітілген нысан бойынша Бағдарлама операторына – экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіп келген, субсидия алған, тұрғын үй алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамту түрлері бөлінісінде), оқуға жіберілген және жеке ісін ұйымдастырған Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы туралы;
2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі орталық уәкілетті органға – салынған және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектілердің саны туралы есеп береді.
Жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 бағдар
15 10 2014
1 стр.
Уәкілетті орган халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды өңірлік деңгейде қамтамасыз ететін, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімше
25 12 2014
1 стр.
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды
25 12 2014
6 стр.
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 2012. 08. 17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен
25 12 2014
5 стр.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, табысы аз адамдарды және жұмыссыз азаматтарды (азаматшаларды) төмендегі мамандықтарға
25 12 2014
1 стр.
Шағын несие – бұл кәсіпкерлік бастаманы дамытуға арналған несиенің бір түрі, халықтың экономикалық белсенді бөлігін өзін-өзі жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету, жалпы өмір сүру деңге
25 12 2014
1 стр.
Шағын несие – бұл кәсіпкерлік бастаманы дамытуға арналған несиенің бір түрі, халықтың экономикалық белсенді бөлігін өзін-өзі жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету, жалпы өмір сүру деңге
25 12 2014
1 стр.
Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі
17 12 2014
6 стр.