ЖОБА
Біржолғы талондардың
құндарының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (салық Кодексi) қолданысқа енгiзу туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін ара тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрінің біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға Көкпекті ауданының базарында сатуға құқық беретін біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Е.Сихварт
Көкпекті аудандық
мәслихаттың хатшысы Р.Беспаев
КЕЛІСІЛДІ:
Көкпекті ауданы бойынша
салық басқармасы бастығы С. Жұмағалиев
Көкпекті аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша
__________2012 ж. №___
Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір күші
жойылған шешімдерінің тізімі.
Көкпекті аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 18-4 «Біржолғы талондардың құнын және тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 804 тіркелген, «Новая жизнь» газетінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 22 санында жарияланған) шешімінің;
Көкпекті аудандық мәслихатының 2004 жылғы 15 шілдедегі № 7-6 «Көкпекті аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 сәуірдегі 18 сессиясындағы № 18-4 «Біржолғы талондардың құнын және тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 6 тамыздағы № 1908 тіркелген, «Новая жизнь» газетінің 2004 жылғы 14 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешімінің;
Көкпекті аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 сәуірдегі №22-6/5 «Ара тұра сипаттағы қызметтерін жүзеге асыратын субъектілер үшін біржолғы талон ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 18 мамырда №5-15-13 тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2006 жылғы 3 маусымдағы №23 санында жарияланған) шешімінің;
Көкпекті аудандық мәслихатының 2007 жылғы 23 шілдедегі № 29-5/4) «Көкпекті аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 сәуірдегі 18 сессиясындағы № 18-4 «Біржолғы талондардың құнын және тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 22 тамыздағы № 5-15-27 тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған) шешімінің;
Көкпекті аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-4/2) «Көкпекті аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 сәуірдегі 18 сессиясындағы № 18-4 «Біржолғы талондардың құнын және тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 5-15-33 тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 8 санында жарияланған) шешімінің.
Көкпекті аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі №15-5/4) «Көкпекті аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 сәуірдегі 18 сессиясындағы № 18-4 «Біржолғы талондардың құнын және тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 3 маусымда № 5-15-52 тіркелген, «Жұлдыз» газетінің 2009 жылғы 13 маусымда 2009 жылғы №25, 20 маусымда 2009 жылғы №26 санында жарияланған) шешімінің.