Жоба
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданы өткiзу туралы ереже
 - 
Жалпы ереже
 
 
 - 
Осы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізінде және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
 - 
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада (бұдан әрі – Республикалық олимпиада) теориялық және практикалық турлардан тұрады.
 - 
Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаттары:
 
  - 
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдері бар дарынды студент жастарды анықтау; 
 - 
студенттердің адамгершілік-рухани білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру.
 
  - 
Олимпиаданы өткізудің негізгі бағыттары – өзін-өзі тану, өзін-өзі танудың тарихы.
 - 
Республикалық олимпиада аталған бұйрықпен бекітілген ереже негізінде жүргізіледі.
 - 
Алқа құрамына адамгершілік-рухани білім беру саласындағы мамандар, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, практикалық қызметкерлер енеді. Қазылар алқасы мынадай функцияларды орындайды:
 
  - 
тапсырмалардың мазмұны мен конкурсты бағалау өлшемдерін бекітеді;
 - 
әзірленген әдістеме мен өлшемдерге сәйкес командалық конкурстар мен конкурсқа қатысушыларды бағалайды;
 - 
Республикалық олимпиадаға қатысущылардың жұмысына талдау жасайды.
 - 
жеңімпаздарды анықтайды.
 
 
 - 
Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
 
 
 - 
Олимпиада 2013 жылдың наурыз айында 2 кезеңде өтеді:
 
  - 
бірінші кезең – жоғары оқу орындарының ішінде
 - 
екінші кезең - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында 2013 жылғы 27-28 наурызда өтеді.
 
  - 
Бірінші кезең (білім беру мекемелері деңгейінде) «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша оқитын екінші курс студенттері арасында оқу орындарында өткізіледі. Келесі кезеңге қатысуға команда құрылады (3 адам).
 - 
Студенттерді Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне қатысу үшін ұсынуда жоғары оқу орны базалық жоғары оқу орнына Республикалық олимпиадаға қатысуға өтінім жолдайды (тіркеу карточкасы).
 - 
Республикалық олимпиаданың екінші кезеңі екі турда өтеді.
 
 
Бірінші тур 2013 жылғы 10 наурызға дейін: шығармашылық, үй тапсырмасы. 
«Әуестікті іздеуде» шығармашылық эссесі. 
Конкурстың мақсаты: шығармашылық нысанда адамгершілік-рухани білім беру проблемаларының тұтас көрінуін анықтау.
Жұмыс электрондық пошта ([email protected]) арқылы жіберіледі.
Жұмыс қөлемі 4 бетке дейін. Мәтін баспа түрінде А4 форматты ақ қағаздың бір жағында, Times New Roman 14 шрифтімен теріледі, интервал - 1,0, абзац үстінен, астынан, сол жағынан – 2,5 см, оң жағынан – 1,5 см. 
Эссенің ең жоғары балл көлемі 10 балды құрайды.
Келесі турға қатысу үшін жұмыстың қағаз нұсқасы Республикалық олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне тапсырылады.
 Бағалау өлшемдері:
 - 
эссе мазмұнының конкурстың тақырыбына сәйкестік дәрежесі;
 - 
эссе мазмұны құрылымының қисындылығы және тұтастығы; 
 - 
эссені ұсыну нысанының тұпнұсқалығы.  
 
 
Екінші тур – теориялық және жобалық, базалық жоғары оқу орнында 2013 жылғы 27 наурызда өткізіледі.
Теориялық – жеке компьютерлік тестілеу (өзін-өзі тану тарихы және теориясы сұрақтары бойынша). Аталған конкурста ең жоғары балл - 25.
Жобалау – «Өзін-өзі тану – Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» педагогикалық жобасын қорғау (командалық сынақ) 10 минут. 
Бағалау критерийлері:
 - 
жоба мазмұнының конкурстың тақырыбына сәйкестік дәрежесі;
 - 
адамгершілік-рухани білім беру идеясы проблемасының, маңыздылығының өзіктілігін негіздеу;
 - 
ұсынылған жобаның теориялық негіздеуінің тұтастығы және сөз сөйлеу мазмұнын құру қисындылығы, конструктивті-ұйымдастырушылық және коммуникативтік іскерлігі;
 - 
жобаны ұсыну нысанының тұпнұсқалығы.  
 - 
сөз сөйлеу мазмұнының үйлесімділігі, музыкалық және көркемдік ресімделуі;
 - 
орындаушылық мәдениеті;
 - 
регламентті сақтау;
 - 
таныстыру мәдениеті.
 
 
Команданы таныстыру (командалық сынақ) 7 минут: «Өзін-өзі тану біздің өмірде» атты таныстыру рәсімін өткізу.
Жарияланған тақырып контексінде команда қатысушылары кәсіпті таңдау туралы бейнефильм немесе таныстыру ұсынады. Ұсынулар нәтижесі бойынша командаларға номинациялар беріледі.
 - 
Қорытындылау және Республикалық олимпиада  
 
 
қатысушыларын марапаттау
 - 
Қазылар алқасы әр тур өткеннен кейін кезең-кезеңмен Республикалық олимпиаданың қорытындысын жасайды. 
 - 
Ең жоғары балл жинаған команда олимпиаданың жеңімпазы болып саналады.
 - 
Мынадай жүлделі орындар саны белгіленеді:
 
  - 
командалық сынақта бірінші орын – біреу, екінші орын – екеу, үшінші орын – үшеу;
 - 
жеке сынақта – номинациялар.
 
  - 
І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған қатысушылар бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
 - 
Жүлделі орынға ие болмаған қатысушы командаларға Республикалық олимпиадаға қатысқанын растайтын дипломдар беріледі.