Тақырыбы: Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен шағын - жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі
Бүгінгі заман талабына сай білім берудің сапасын арттыру және жаңалау нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында мектебіміздің даму бағдарламасы жасалынды. Даму бағдарламасының басты мақсаты - білімді, шығармашыл, құзыретті және бәсекеге қабілетті, динамикалы даму үстіндегі ортада өмір сүруге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру және дамыту. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшуге арналған іс-шараларының жоспарында да оқушылардың жобалық , ғылыми зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған болатын. Жобалау жұмысы жүйелі, тиімді әдіс ретінде біздің мектепте оқытудың әр сатысында қолданылады.
Мақсаты:
-
Сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың жоба жұмыстары тәжірибесін ұйымдастыру , талдау және тиімділігін анықтау ;
-
Оқушыларды меңгерген білімдерін практикада қолдана білу қажеттілігіне баули отырып, зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;
Өзектілігі:
«Естігенімді – ұмытамын , көргенімді - есте сақтаймын , өз істегенімді- меңгеремін»,- деп Конфуций айтқандай, жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау бүгінгі тақырыптың өзектілігі.
Практикалық жұмыстың барысы:
“Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім”, деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім барша әлем тыныс тіршілігінің алғашқы іргетасы. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің ойын еркін айтуға тәрбиелейтін, теориялық алған білімді тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуге үйрететін шағын –жобалар сабақ барысында қалай жүзеге асырылады?
-
«Бастауыш сыныпта қуыршақ театры арқылы жобалау»
Күшік пен мысық
(ертегі)
Қарны ашқан күшік жем іздеп, тауда қаңғып жүрсе, оған қасқыр кездесіп қалыпты:
-
Ей, күшік мен сені жеймін! - депті.
-
Қой,көкешім,қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің,-депті күшік
-
Жарайды,жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер,-депті қасқыр.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті.Қасқыр серігіне қарап:
-
Маған қарашы: менің көздерім,құлақтарым,аузым,құйрығым қандай екен?-депті
-
Сенің көздерің шоқтай жайнаған,құлақтарың жылмиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып,жас шыбықтай майысқан,- депті күшік.
-
Мен не қылар екем,енді соған қара, -депті де, қасқыр атылып барып, бір бұзаудың
тамағына жабысып,тұншықтырып өлтіріпті. Сөйтіп, күшікті де тойғызыпты , өзі де тойыпты.
-
Мен тойдым,сенің етіңді енді жемеймін.Қош бол!-депті де, қасқыр желе жортып,кетіп қалыпты.
Күшік бұзаудың жемтігінің қасында үш күндей болып,тегін етке тойып жатыпты.Ақырында,іші пысқан соң жортуға шыққан екен,бір аш мысыққа кез болыпты.Оған:
-
Ей, мен сені жеймін! –депті
-
Қой,күшеке,қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, -депті мысық.
-
Жарайды! Менімен бірге еріп жүр,-депті күшік.
Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.
-
Мысық! Маған қарашы: менің көздерім,құлақтарым,аузым,құйрығым қандай екен?- депті күшік.
-
Несін айтасың! Сенің көздерің бозарып тұр, құлақтарың салпиып,аузың аңқайып тұр,тілің салақтап,құйрығың салбаңдап тұр, -депті мысық.
-
Енді мен не қылар екенмін, көр де тұр!-депті де күшік жүгіріп барып, бір түйенің
аяғын тістейін дегенде ,түйе мұны дәлдеп тұрып,басқа теуіп қалыпты.Күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
-
Ей,мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды создың! Сенің етіңді енді мен жеймін! –депті
-
Математика сабағында оқушылармен шағын-жоба ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы: Туынды және оның қолданылуы (10-11 сынып). ҰБТ-ге дайындық.
Мақсаты: «Туынды »тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
-
Оқу-танымдық:туынды ұғымын стандартты және стандартты емес жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастыру;тақырыпқа байланысты базалық және жоғары деңгейлі қиындықтағы есептерді шығаруды қарастыру;
-
Дамытушылық: практикалық және теориялық есептерді шешуде өздігімен білімдерін қолдана алу дағдылары мен біліктіліктерін дамыту;үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жағдай жасау;
-
Тәрбиелік: еңбексүйгіштік пен қайсарлыққа тәрбиелеу;өз мүмкіндіктері мен жетістіктерін объективті бағалауға үйрету;шапшаңдықпен жұмыс жасауға дадыландыру;
-
Коррекциялық: бағыттылықпен, табандылықпен жұмыс істеу назарын түзету.
Түрі: әр түрлі деңгейлі қорытынды қайталау сабақ
Сабақтың барысы
1-кезең- Ұйымдастыру кезеңі (1 мин).Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды және сабақ уақытында алдарындағы таратпа материалдарды қолданылатыны туралы айтады. Бағалау парағын әр оқушы өзі толтырып отырады.
Бағалау парағы
|
Барлық сынып үшін тапсырмалар
|
Жұмыстың негізгі түрлері
|
Ұпайлардың ең үлкен ұпайы
|
Өзін-өзі бағалау
|
Қорытынды
|
Ауызша тест №1
|
5 ұпай
|
|
|
Тест №2 (сурет бойынша)
|
4 ұпай
|
|
|
Тест №3 (жазбаша )
|
6 ұпай
|
|
|
Жұмыстың қосымша түрлері
|
Теория, баяндама
|
3 ұпай
|
|
|
Тақтада қосымша есеп шығару
|
3 ұпай
|
|
|
Компьютерлік қорытынды тест
|
4 ұпай
|
|
|
Барлық ұпайлар
|
|
Бағасы
|
|
-
Мұғалім сөзі.(слайд)
Сабағымыздың тақырыбы «Туынды және оның қолданылуы».Сабақта материалды қорытындылап, жүйелеуіміз керек. Сабағымызда француз математигінің мына сөздері ұран болады: «Жолды жүрген адам меңгерсе, математиканы ойлаған адам меңгереді».
-
Үй жұмысын тексеру.(шағын жоба жасау , слайд)
Оқушылардың бірі туынды туралы жаңалық хабар береді. Бұл жұмыстың жоғары бағасы – 3 ұпай. Ал үш оқушы теориялық мазмұндағы карточка бойынша сұрақтарға дайындалады:
-
Тақырып бойынша теориялық материалды қайталау(7 мин)
Карточка №1.
Туындыны табу таблицасы.
Карточка №2.
Туынды алу ережелері.
Карточка №3.
Туындының геометриялық мағынасы Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі.Жанаманың бұрыштық коэффициенті.
Карточка №4.
Түзу (қисық) мен абсцисса осінің оң бағытымен жасайтын бұрыш, оның шамасы. Екі түзудің параллельдік, перпендикулярлық шарттары.
Карточка №5.
Туындының физикалық мағынасы.
Карточка №6.
Туындыны функцияны зерттеуде қолданылуы: функцияның өсуі, кемуі.
Оқушылардың дайындық кезінде бір оқушы үй жұмысы бойынша хабарлама жасайды.Бұл жұмыс 3 ұпайдан артық бағаланбайды.
Баяндалған үй жұмысы мен карточка бойынша теориялық тексеру мен бағалаудан соң сынып сабақтың келесі кезеңіне көшеді.
2-кезең –(5 мин).
Ауызша тест жұмысы.
Оқушылардың негізгі теориялық фактілерді стандартты немесе жартылай өзгертілген жағдайларда қолдана алу дағдылары мен білімдерін тексеру.
Тапсырма №1. Функциялардың туындысын тап .Әр дұрыс жауапқа 0,5 ұпай.
№
|
Функция
|
Туындысы
|
А
|
В
|
С
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
Тапсырма №2. "Сурет -есептер". Мұғалім 10 суретті 3 жауабымен кезегімен көрсетеді.
Сұрақты тындап болған соң оқушылар өздері дұрыс деп санаған жауап номері бар сигналдық карточкаларды мұғалім командасымен көтереді. Тест соңындағы ең үлкен ұпай саны – 4 ұпай. Әр дұрыс емес жауап ескеріліп 0,5 ұпайға бағаны кемітеді. Оқушылар тестті орындауда жинаған ұпайларын санап, бағалау парағына жазады.
Тапсырма №3. Жазбаша тест . Құны 1 ұпайдан алты тапсырмадан тұрады. Ең үлкен ұпай саны – 6 ұпай.
ТЕСТ№3
1. Дене
S(t)= 2
t3 – 3
t заңымен түзу сызықты қозғалады. Дене қозғалысының
t0 = 2c мезетіндегі жылдамдығын есепте
1) 9
2) 13
3) 21
4) 18
2. s(t) =t3-5t2 заңымен қозғалатын нүктенің үдеуі:
1) 2(3t-5);
2) 9t2-10;
3) 3t2-10t;
4) 6t-8.
3. m массалы дене x(t) =3cos3

заңдылығымен қозғалады. t=

уақытындағы денеге әсер ететін күшті анықта.
1) 0;
2) 27
2m;
3) 9
2m;
4) 9m.
4.Маховик t секунд тежелу уақытында φ(t)= 6t - t² радиан бұрышқа бұрылады.Маховиктің t=1 с уақыттағы айналуының бұрыштық жылдамдығын тап
1) 3;
2) 4;
3) 5;
4) 9.
5. Түзу сызық бойымен қозғалысқа түскен дене бастапқы М нүктесінен бастап s(t) арақашықтығы s(t)=t4 -4t3 -12t +8 (t – уақыт секундпен) заңымен өзгереді. 3 секундтан кейін оның үдеуі( м/с2) қандай болады?
1) 30;
2) 36;
3) 46;
4) 44.
6. f(x)= 14x2 – 27x + 15 функциясына жүргізілген жанама абсцисса осімен 45o бұрыш жасаса, жанасу нүктесінің абсциссасын тап
1) 3
2) 4
3) 2
4) 1
Тестіні тексеріп болған сон оқушылар нәтижелерін бағалау парағына енгізеді.
Келесі кезеңде сынып өздерінің білім, білік, дағдыларын жоғары деңгейде қолдануға кіріседі.
4-кезең. (10 мин) Қосымша есеп:
Оқушылар білімін қорытындылау және күрделірек есептерді шешуде қолдануы.
Сыныпқа жоғары деңгейдегі есептер ұсынылады, жеке оқушылар кезегімен есепті тақтада түсіндіруімен шығарады. Есепті шығарар алдында есептеу алгоритмі еске түсіріледі.Әр есептің жоғары бағасы- 3 ұпай.
Туындының геометриялық мағынасына берілген есеп.
-
а-ның қандай мәнінде
функциясы
түзуін жанап өтеді? (9)
-
Функция f (x) = 5x - x5 формуласымен берілген. Табу керек:
а) функция графигіне x
0 = 2 нүктесінде жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициентін.
(Жауабы: - 75)
б) f (x) функциясына А нүктесінде жүргізілген жанама у = 5х + 8 түзуіне параллель болса, жанасу нүктесінің координаталарын анықта . (Жауабы: А (0; 0))
г) Функцияның өсу, кему аралықтарын, экстремумдерін.
(Жауабы: (-∞; -1],[1; +∞) аралығында кемиді, f (x) - [-1;1 аралығында өседі], xmin = -1, ymin = -4, xmax = 1, ymax = 4)
Туындының физикалық мағынасына берілген есеп.
1. Материалдық нүкте x(t) = t3– 5t2 + 6t+ 7 заңдылығымен қозғалады (x –орын ауыстыру (м), t – уақыт (с)). Нүкте қозғалысқа түскеннен кейін неше секундтан соң үдеуі 8м/с2-қа тең болады?
1) 1
2) 2
3) 3
4) 4
Шешуі:
v(t) = x' (t) v(t) = 3
t2 – 10
t + 6
a(t) = v(t) a(t) = 6
t – 10
a(t) = 86
t – 10 =
8, t = 3.
Жауабы: 3
2. Түзу сызық бойымен қозғалған екі дененің уақытқа байланысты қозғалыс заңдары
теңдеулерімен берілген. Уақытттың қандай мезетінде олардың жылдамдықтары тең болады? (3с)
3. Нүктенің осьті айналу заңы
. Қандай да t уақыттағы үдеу
4 рад/с² болатыны белгілі болса, осы уақытты тап. ( 2с)
5- кезең. (10 мин). Өзін-өзі тексеру қорытынды тесті (1,2-нүска 5 есеп).
Сабақты қорытындылау мақсатымен өзіндік жұмыс –қорытынды тесті №4(нұсқау 1,2) жүргізіледі. Ең жоғары ұпай -5. Нәтижесі арқылы әр оқушы оны орындау бағасын есептейді.
Мұнда компьютерлік тест арқылы өз рейтингісін көтерумен қатар, жинаған ұпай санын арттыра отырып, ең жоғары баға алады.
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма: жеке деңгейлік тапсырмалар таратылады.
Қорытынды:
Жобалау технологиясының негізін қалаушы Хилпатрик : «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі» деген екен. Ендеше оқушыларды дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде тәрбиелеу біздің міндетіміз деп білеміз .
Балқаш қаласының білім, спорт және дене шынықтыру бөлімі
Жалпы білім беретін №24 орта мектеп
МЕКТЕПТІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жобалау технологиясы бойынша
оқушылармен шағын - жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесі
Орындаған: Асылбекова М.С