Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2 ... страница 5страница 6


Ж О С П А Р:

І. Кіріспе

  1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу

  2. Есепке алу және талдау басқармасы болжамдардың орындалуына талдау жасайды және ауытқа динамикасын анықтайды.



ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сәйкес салық түрлері

    1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі бойынша

    2. Ақпараттық жүйені құрудың мақсаты мен тағайындалуы.

    3. Алматы қаласы бойынша Салық Комитетінің ұйымдастырушылық құрылымы.


ІІІ. Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойлатын талаптар

3.1. Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

3.2. Техникалық жабдықтау

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді. Біз жаңа мемлекет болып қалыптасып, өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін қаржы қажет болады, сондықтан әрбір мемлекет сияқты Қазақстан Республикасыда салық саясатын жүргізеді.

Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Алматы бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

Салық жүйесі - өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру. Осыған орай ЭЕМ базасында экономикалық талдауды автаматтандыру барынша объективті қажеттілік болып тұр. Ол сапалы ақпаратты қызмет процесінің қожалық іскерлігіне ЭЕМ – нің техникалық өркендеудің дамуына осы заманғы экономиканың даму айналымының артықшылықтарына негізделген.

Берілген жұмыстың негізгі мақсаты қаржы аналитигінің ақпараттық жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол оның жұмысын жеңілдетуін қамтамасыз етіп кәсіпорынның қаржы мүлкін талдауға мүмкіндік береді.

Берілген жұмыстың шарты мынандай: «Алматы қаласы бойынша Салық комитетің қызметімен танысу, талдау ақпаратының сараптамалық жүйесіндегі кемшіліктерді анықтау, жаңа ақпараттық жүйені жобалау, ақпараттық жүйені жобалауда негізгі міндеттерді айқындау.

Бұл жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың 1-бөлімінде «Алматы қаласы бойынша Салық комитетініңң сипаттамасы берілген, ұйымның негізгі атқарылатын салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжау көрсетілген ақпараттық жүйе негізінде «талдау және болжауң бөлімінің жұмыс орыны қарастырылады, сондықтан оның, іскерлік өрісі, салық және басқа да міндетті төлемдердіңбюджетке түсуін талдаудағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық ақпаратты сараптау жүйесін талдау және оның кемшіліктерін айқындау, негізгі қамтамасыздандыру түрлері мен ақпараттық жүйедегі міндеттерді көрсету, бағдарламалық құралдардың сипаттамасы мен осы берілген комплексті сұрақтарды шешу және олардың кемшіліктерін анықтау баяндалады.

Екінші бөлімінде ақпараттық жүйенің орындайтын комплексті есептердің қойылымын құру көрсетілген, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың ақпаратты базасын ұйымдастыру және комплексті сұрақтарды шешілу жолдары келтірілген. Бағдарламалық жабдықтаудың құрылымы, ақпараттық жүйе құрудағы қолдану ережесі берілген және ақпараттық жүйені пайдаланудағы ережелерді жеңіл шешуге мүмкіндік береді.

Үшінші бөлімде АЖ жасаудағы кеткен шығынның бағасы және оның нәтижелілігін анықтау қарастырылған, сонымен бірге нәтижені талдау, негізгі ақпараттық өнімді таратудағы негізгі міндеттерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдау және болжаудың комплексті есептерді шешудің технологиясын өркендетуге ұсыныс пікір айтылған.


следующая страница>


Жоспа р: І. Кіріспе

Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу

1079.45kb.

14 12 2014
6 стр.


ТӘрбие түрлері және бесік тәрбиесі жоспа р: кіріспе

Халық тәрбиесінің асыл тізбегі үзілмей келе жатқан дәуірлерден сол тарихтағы ірі –ірі төңкерістер дәуірінде тәрбиеде адам айтқысыз өзгерістер болды

424.41kb.

25 12 2014
3 стр.


Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе

М а з м ұ н ы кіріспе

1246.58kb.

16 12 2014
4 стр.


«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Р Үкіметінің 2010. 21. 10. №1092 Қаулысымен (бұр ред.қара); 2011. 11. 03. №253 Қаулысымен (бұр ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012. 17. 02. №231 Қаулысымен кіріспе жаң

897.8kb.

14 12 2014
4 стр.


Мазмұны І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім а. Табиғи материалдар және оларды өңдеу жолдары ә. Киіздің жасалу жолдары б. Сырмақтың жасалу технологиясы в. Ою-өрнек ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе

Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқа

217.2kb.

12 10 2014
1 стр.


Дәріс сабақтары 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері

Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік

138.64kb.

14 12 2014
1 стр.


Мазмұны. Кіріспе
956.2kb.

17 12 2014
5 стр.


Мазмұны кіріспе
649.77kb.

13 12 2014
4 стр.