Перейти на главную страницу
Сурет 1 - Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру деңгейлерінің динамикасы.
Демек, адам мен табиғатты біртұтас деп тану - бүкіл әлем халықтарында қалыптасқан сана. Қазақ халқының бұл орайдағы философиясының ұлттық санасының басты арқауы - тұтастық туралы ұғым, яғни табиғатты қасиеттеу, қастерлеу - оның өмірінің салты екендігінде, оны субъект мәртебесінде қабылдауында, оған адамгершілік қатынас жасауында.
Қазақ ауызекі шығармашылығын зерттеуші М. Ғабдуллин: «Жазу-сызу болмаған ерте кезде-ақ, қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы, бала тәрбиесі, туған жерге деген қатынасы жайында неше түрлі өлең-жыр, әңгіме-ертегі, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан бұларды халықтың шығарған ауызекі шығармасы деп атайды» дей отырып, оның бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде, мәдениетін қалыптастыруда үлкен роль атқаратындығын атап өткен.
Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілікті қамқор, мейірбанды көзқарас қазақ халқының ұлттық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, барынша тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы сияқты үш құбылыс түркі ақындарының, демократ ағартушыларының, «Бес арыстың» дүниетанымында көрініс тапқан. Қазақ халқының ұлттық ойлауы, ұлттық сана-сезімі, табиғатқа көзқарасы ауызекі шығармаларында бейңеленген. Ә. Нысанбаев пайымдағандай, қазақ философиясы негізінен «фольклорда, поэзияда, мақал-мәтелдерде, шежіре-дастандарда, эпостарда, мифологияда жинақталған және тұжырымдалған» . Сан ғасырлық тарихы бар қазақ қауымы жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған мол рухани қазына жасай білген.
Қазақ халқының өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде жинақтаған тәжірибесін ең алдымен ауызекі шығармашылығынан табамыз. Осындай мол тәрбие көзіне бет бұру халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасындағы даналығын сақтауға мүдделігін, табиғат байлығын тиімді пайдалану тәжірибесін, табиғи ортаға деген саналы да жауапкершілікті қарым-қатынасын бағамдап, ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жаратуға мүмкіндік береді.
А. Сейдімбектің деректері бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1989 жылы құрылған қолжазба орталығында қазақ фольклорының ірілі ұсақты екі жүз мыңдай нұсқасы сақталуда.Бұл мұра жанр жағынан өте бай, ертегі - 10 том, аңыз - 3 том, әңгіме - 3том, шешендік сөздер - 5 том, мақал-мәтел - 4том, жұмбақ - 2 том, жаңылтпаш - 1 том, тиым сөздер - 1 том. Осыншама бай мұраны, Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда, “Жастарға ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесін жасап, іске асыруда пайдалану қажет”.
Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын алғашқылардың көш басында кемел зерттеген Қ.Б. Жарықбаевтың халықтың тәрбие идеяларын талдап, оның тәрбиелік әдіс-құралдарына, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесіндегі ықпалына берген сипаттамалары олардың мазмұны мен функцияларын танып-білуге көмектеседі.
Қазақ этнопедагогикасының зерттелуіне айрықша үлес қосқан С. Қалиевтың қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін, қазақ халқының тәлімдік және ұлттық ойлауының ерекшеліктерін, халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі мүмкіндіктерін, қағидалары мен принциптерін, әдіс-құралдарын ғылыми тұрғыда саралап, халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіру жолдары мен амалдарын анықтап беруі ауызекі шығармашылығында көрініс алған қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі бай тәжірибесін танып-білуде маңызы ерекше деп түсінеміз.
Профессор С. Ұзақбаеваның зерттеу нәтижелері өзінің сонылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның жетекшілігімен халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелері жөнінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, аталған проблеманың зерттелуіне айтарлықтай теориялық, практикалық үлес қосылды. С.А. Ұзақбаеваның халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығын (мақал-мәтелдер, эпос, айтыс өлеңдері, жыраулық дәстүр, жыр-терме), музыкалық шығармашылығын (ән мен күй), сәндік - қолданбалы өнерін (қыз балаларды киіз басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, кесте және алаша тоқу, киім тігу, оларды ою-өрнекпен әшекейлеу тәрізді еңбекке баулу, үйрету; ер балаларға ұсталық, зергерлік, етікші, ерші, үйші т.б. кәсіптік еңбек түрін меңгерту) педагогикалық мақсатпен саралап қарастыруы және оларға берген сипаттамалары бізге олардың мән маңызын пайымдауды негізге алды.
Т. Иманбеков балалар ойындарына былай деп баға береді: «...ата-бабаларымыз ұлттық ойындарды баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құ-ралы ретінде қарастырған, оны ең күшті, қағылез, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау ролін ғана атқарумен оны қатар, тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш» деп түсінген. Шын мәнінде «Ұшты-ұшты», «Дауысынан айырып біл», «Жүз қаз», «Қасқыр- қақпан», «Торғай мен бұтақ», «Неше қаз ұшып келді», «Мысық пен тышқан», «Қасқыр мен қаздар» сияқты толып жатқан ойындар әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл, балалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға қажетті тиімді құралдар болып табылады.
Е. Сағындықов пайымдағандай, жаңылтпаштар «Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып-білуге, сол ортамен жеке танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым, шығардым да бар шымын, жүрегімді шаншыдым»; «Базда боз ат мінген атам. Бозда боздап жүрген атам»; «Беріп тай, лақты, алдым тайлақты. Беріп тайлақты, алдым тай, лақты» т.б. Бұлар әрі жылдам, әрі дұрыс айтылуы тиіс. Бүл оқушыға қатты әсер етеді».
Белгілі фольклортанушы М. Ғабдуллин: «Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты, күлідіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол оның, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған»- деп жазады. Экологиялық тәрбиені сабақтастықта жүргізудің педагогикалық негіздерін зерттеуші А.Е. Манкеш атап өткендей: «Кейбір жаңылтпаштар баланы табиғаттың әдемі көріністерін танумен бірге, сөз мағынасына, мәнерлілігіне назар аудартып, дұрыс сөйлеуге үйретеді, көркем сөзге әдістендіреді».
Бұл пікір жаңылпаштың тіл дамытудағы мүмкіндігінің мол екендігіне, сонымен бірге тірі табиғат объектілерінің өмір сүру ортасымен қарым-қатынасы туралы мол мағлұмат беретіндігіне көз жеткізеді.
Жұмыстың бағыт- бағдары |
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрі |
Мұғалімге қажетті дағды |
Ұйымдастыру |
Оқушылардың ұлттық тәрбиесін жүзеге асыратын іс- әрекетті ұйымдастыру |
Халықтық педагогиканы материалдарды талдау, жинастыру |
Ынталандыру |
Табиғат қорғауға арналған іс-әрекеттердің маңызын ұғындыру |
Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы жайлы жеткілікті мағлұмат беретін тәрбиелік жұмыс түрлерін таңдау |
Айқындау |
«Адам-табиғат» ұғымының мазмұнын ұғындыру, дүние- танымдық, көзқарасты қалыптастыру |
Табиғат қорғаудың қажеттілігін уағыздап айқындау |
Әсершілдік, көркемдік талғампаздықты қалыптастыру |
Ауыз әдебиеті жазба әдебиет үлгілерінен көркемсөздің әсерлілігіне, мазмұнының тереңдігіне мән беру, сүйсіну |
Оқушылардың сезім дүниесіне әсер ететін ұлттық көркем туындыларды іріктеу |
Байқағыштықты қалыптастыру |
Оқыған немесе жаттаған үлгіден автордың немесе халықтың) көтеріп отырған басты мәселесін тауып ала білу |
Оқушының бойында көркем шығармаларының басты түйінің таба білу дағдысын қалып- тастырудың әдіс-тәсілін меңгеру |
Дамыту |
Алынған ақпаратты меңгере отырып, «адам- табиғат» деген алғашқы түсініктің мағынасын терең ұғынып, өзінің дүниетаным аясын кеңейту, халық дәстүрлерінің, әдет – ғұрыптарының мағынасын құрметтеу |
Халықтық педагогиканың мұраларының негізінде оқушының адамгершілікті, иманды, қайрымды болып өсуін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. |
Тарау. АйыпталушыНЫњ Т‡сінігі және казаќстан Республикасыныњ ќылмыстыќ іс ЖҮргізу Кодексі
14 12 2014
5 стр.
Экономикалық өрлеу және оның себептері
15 10 2014
4 стр.
Хх ғасырдың басындағы Түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
14 12 2014
4 стр.
Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
16 12 2014
5 стр.
АштықҚА Қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқыншылықты тоқтатуға бағытталған шаралар
16 12 2014
4 стр.
Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігі, халықаралық ұйымның қалыптасу тарихы
15 10 2014
4 стр.
Бастауыш сынып оқушыларыныњ құлықтыќ тәрбиесінде Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
25 12 2014
3 стр.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің ґзімен тығыз байл
16 12 2014
4 стр.