Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен
бекітілген
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру туралы» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 және «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кеме экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ХҚО аудандық бөлімге жүгінген кезде куәлікті беру - жеті жұмыс күн (құжаттарды уәкілетті органға 2 күнде және орындалған документтерді ХҚО-ға 2 күнде жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) ХҚО облыстық филиалына жүгінген кезде куәлікті беру жеті жұмыс күн (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО-да кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды;
4) куәлікті алу кезінде ХҚО-да кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. ХҚО мемлекеттік қызмет, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, ХҚО белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін пандус орнатылған күту залы және толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кеменің атауын және кеменің тіркеу портын көрсете отырып еркін нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарына сәйкес экипаждың бекітілген штат кестесінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызмет алушы салыстырып тексеру үшін негізгі құжаттардың түпнұсқаларын береді.
12. ХҚО-ға мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш еркін нысанда ұсынылады.
13. Құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
14. Құжаттар қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке келуі кезінде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша жүзеге асырады.
16. Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлікті беруден бас тартудың негізі осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібi
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].
22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы
туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызметтер стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi
Р/с
№
|
Бөлімше атауы
|
Толық заңды мекенжайы
|
Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 95
|
8 (7132) 54-29-03
[email protected]
|
2.
|
«Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Орал қаласы, Еуразия даңғылы, 100
|
8 (7112) 53-86-43
[email protected]
|
3.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 107
|
8 (7182) 32-06-39
[email protected]
|
4.
|
«Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114
|
8 (7232) 25-22-06
[email protected]
|
5.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131
|
8 (7282) 24-55-01
[email protected]
|
6.
|
«Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 11
|
8 (7272) 43-72-71
[email protected]
|
7.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 а
|
8 (7122) 32-73-65
[email protected]
|
8.
|
«Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Ақтау қаласы, 1 ш.а., 1
|
8 (7292) 60-55-50
[email protected]
|
9.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесі, 4
|
8 (7252) 56-44-88
[email protected]
|
10.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы
|
Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыр көшесі, 1
|
8 (7262) 34-21-41
[email protected]
|
11.
|
«Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы
|
Қызылорда қаласы, Әуезов көшесі, 24 а
|
8 (7242) 27-68-26
[email protected]
|
12.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87
|
8 (7162) 25-69-93
[email protected]
|
13.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалы
|
Қостанай қаласы, Чехов көшесі, 105 а
|
8 (7142) 56-85-25
[email protected]
|
14.
|
«Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы
|
Петропавл қаласы, Бейбітшілік көшесі, 122
|
8 (7152) 46-44-07
[email protected]
|
15.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесi
|
Қарағанды қаласы, Гапеев көшесі, 5
|
8 (7212) 34-80-00
[email protected]
|
16.
|
«Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің филиалы
|
Астана қаласы, Ақжол көшесі, 28
|
8 (7172) 46-44-07
[email protected]
|
следующая страница>