Перейти на главную страницу
1.2. Сезіктіні ұстау – мәжбүрлеу шарасы ретінде.....................10
1.3. Сезіктіні ұстау – тергеу әрекеті ретінде.............................23
ІІ-тарау. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ...............................................28
2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері................................................28
2.2. Сезіктіні ұстаудың мотивтері..............................................36
2.3. Сезіктіні ұстаудың процессуалдық тәртібі.........................43
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................48
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына өтуімен біздің қоғам күрделі мәселелерге тап болды. Соңғы кездердің әлеуметтік-саяси, экономикалық өзгерістері заңдардың түп негізінен өзгертуін кажет етті. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан процестер демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің бекітілуі жөніндегі конституциялық ережелердің қамтамасыз етілуіне бағытталған. Ал, мұндай мемлекеттің негізгі құндылықтары болып адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылатындығы белтілі.
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстан 2030" атты халықка жолдауында: "Бізге заңдарымыздың жарты кештігіне және тұрлаусыздығына көңіл бөлу қажет. Үйдің ірге тасын қалау жеткіліксіз — оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет" — деп көрсетеді.1
Басымды міндеттердің ішінде мемлекет Президентімен келесілерді белгілеп көрсетеді:
- Сот билігі мен құқық қорғау органдарының реформасының
белсенді түрде жалғасуы;
- Заңның абсолютті билігін бекіту және заңды құрметтейтін
Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінде адамның ажыратылмайтын құқықтарын, тұлғаның қауіпсіздігі мен құқықтық тұрғыдан қорғаушылығын алып жүреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына 2007 жылы 21 мамырда қабылдаған толықтырулар мен өзгерістер негізінде № 254 Заңы бойынша 16-баптың 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.Осы заңның 2-бабының 4-тармағына сәйкес Конституцияда көзделген соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сезікті мәселесі қылмыстық сот өндірісінің тез және толық ашу, кінәлілерді әшкерелеу және заңды дұрыс қолдану сияқты міндеттерімен тікелей байланысты. Сезікті мәселесінің өзектілігі тұлғаның қылмыстық процестегі құқықтары мен заңи мүдделерін қорғау қажеттілігінен шығады; оны шешу құқық қорғау органдарына процессуалдық мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде ұстау мен қамауды занды және негізді түрде қолдануға мүмкіндік береді.
Осы мәселенің шешілуі қылмыстық процестің әрі қарай жетілуін қамтамасыз етуге, алдын ала тергеу міндеттерін шешуге, тергеу әдістемесінің дамуына мүмкіндік береді.
Терең ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің маңыздылығы жөнінде айта отырып, қылмыстық процесте қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғалардың қатысуымен байланысты сұрақтар көп көңіл аудартады. Бұл назар (интерес) сезіктінің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайы мен сезіктіні іс бойынша өндіріске тарту тәртібі заңмен толық анықталмағандығымен, ал заң әдебиеттерінде бұған байланысты әр түрлі көзқарастардьң болуымен түсіндіріледі.
Қылмыстың жауаптылыққа нақты тұлғаны тарту әр кезде де тұлғаның кейінгі тағдырын анықтайтын, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық қатынастардың дамуын анықтайтын объективтік және субъективтік факторлардың суммасы.
ҚР-да С.Т. Тыныбековтың және Қ.Бековтың жұмысынан басқа сезікті мәселесін қарастырған монографиялық зерттеу болған жоқ С.Т.Тыныбеков сезікті мен айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету кағидаларын зерттеді. Ал Бековқа болса сезіктінің алдын ала тергеудегі процессуалдық жағдайын қарастырды. Сезікті мәселесі көптеген ғалым-заңгерлердің назарын аудартты. Сұрақтардың кең шеңберін немесе кейбір жекелеген аспектілерін шешумен байланысты сезікті мәселесіне Ж. Алексееванын, А. А. Альперттің, А. А. Александровскийдің, Д.Н.Беляковтың, П.Бекешконың, А.Я. Дубинскийдің, Н.А.Козловскийдің, Л.Д. Кудиновтың, А.М. Лариннің, М.М. Михеенконың, М. Строговичтің, В.И. Шпиляевтың, А.А. Чувилевтың және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері арналған. Осы мәселенің теориялық өңделуіне бағаланбас үлесін танымалы қазақстандык ғалымдар: Н. А. Абдиканов, А. Н. Ақпанов, 3. О. Ашитов, А. А. Әлдекеев, Қ.А. Бегалиев, Л.Ш. Берсугурова, Т. К. Биятов, А. Я. Гинзбург, Б. X. Төлеубекова т. б. қосты.
1997 жылы 13 желтоқсанда ҚР-ның ҚІЖК-нің қабылдануымен сезіктінің кылмыстық процестегі мәселесі шешілгенімен, сезіктінің пайда болу негіздерін бекіту мәселесі шешілусіз қалды. Тәжірибеде әлі күнге дейін сезікті туралы мәселені бірыңғай түсінушіліктің әлі де жарық екендігін айта кеткен жөн. Тергеушінің, анықтаушының пікірі бойынша қылмыстық жауаптылыққа әлі мұндай шешім қабылданғанға дейін тартылған азамат ол әлі ұсталмағанымсн және әлі бұлтартпау шарасы қолданылмағанымсн, одан жауап сезікті ретінде алынады. Мұндай тәжірибе заңсыз, өйткені ол заң бойынша сезікті болып табылмайтын тұлғаны сезікті жағдайына қояды.
Зерттеу пәнінің аспектілері болып келесілер көрініс табады: алдын ала тергеуде сезіктінің процессуалдық жағдайын қамтамасыз етудің нақты тәжірибесі; сезікті ретінде ұстауды жүзеге асыру; сезіктінің процессуалдық жағдайының құқықтық реттелу жағдайы және бұл мәселенің заң әдебиеттерінде көрініс табуы. Бітіру жұмысының зерттеу объектісі кұқықтық нормалардың жүйесі, сондай-ақ уақытша ұсталған тұлғаларды ұстау үшін тергеу органдарының, прокурордын, изолятор қызметкерлерінің, кезекші бөлімдердің сезіктінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша және оларға жүктелген міндеттерді орындау бойынша кызметтері.
Диплом жұмысын дайындау процесінде ҚР Конституциясы, ҚР ҚІЖК- сі, ҚР Президентінің жарлықтары, "Қылмыс жасалуына сезіктілер және айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы " ҚР Заңы, 15 қыркүйек 1999 жылғы "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы" ҚР Заңы, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы полициясының, Кіріс министрлігінің нормативтік қүкықтык актілері, ҚР Прокуратурасының бұйрықтары мен нұсқаулары және т. б. нормативтік құқықтық актілері қолданған.
Өзімізге мәлім, зерттеу негізінде бірқатар авторлар "сезік" түсінігін қолданады. Осыған сәйкес ғалым-процессуалистер сезіктің мәнін ашуға тырысқан еді. Л.В. Франк бұл мәселені ең алғаш "Кеңес қылмыс процесіндегі сезіктіні ұстау және камау" деген қызықты әрі тиімді еңбегінде атап, сезікке анықтама береді.
Л.В. Франктың пікірінше, "сезік — ол тергеушінің шынайы фактілерге, тәрбиелік-ғылыми ережелермен ой-тұжырымдарға, сондай-ақ қандай да бір деңгейдегі болжаммен осы тұлғаны қылмыс жасады деп әшкерелеуге болатын тексерілмеген деректерге негізделген істің белгілі жағдайы мен белгілі бір тұлғаның арасындағы өзара катынас, байланыс және сәйкестігі туралы ойы (суждение)" 3
Біздің ойымызша, бүл анықтаманың аргументтелгенінс қарамастан, бірқатар кемшіліктер де бар. Л.В. Франк сезікті накты тұлғаның кінәлігі жөніндегі болжаумен ұксастырады. Біз Л.В. Франктың ой - тұжырымы даулы деп есептейміз, өйткені сезік пен қылмыс субъектісі жөніндегі жекелеген болжамдар әр түрлі ұғым болып табылады. Біздің ойымызша, жорамалдардың қандай да бір процессуалдық салдары болмайды, себебі ол криминалистикалық категория ретінде орын алады. Сезік, біздің ойымызша, тек қылмыстық - процессуалдық тұрғыда, қылмыстық процесте сезікті фигурасының пайда болу негізінде қарастырылуы керек.
Қылмыстық процессуалдық әдебиетте авторлар «сезік» деген түсінікті көптеген мағынада саралайды.
Л.И. Корнеева сезіктіні 3 аспектіден қарастырады:
А.М. Ларин сезік деген түсінікті екі мағынада түсіну керек деп есептейді:
Көптеген авторлар криминалистикалық және қылмыстық процессуалдық сезіктің арасынан ерекшелейтін шекті жүргізуге болады деп есептейді. Пищак Я.6, Васильев А.Н.7, Ларин А.М., Арцашевский Г.В., Образцов В.А.8 "Криминалистикалық сезік-процессуалдық мәні жөніндегі, қылмыстық процессуалдық кодексте оның негіздері көзделген болжамның тұжырымы деп есептейді. Жоғарыда аталған ғалымдардың анықтамаларын біз тавтологиялық деп есептейміз. Өйткені, болжамның өзі өзінің сыртқы көрінісінде тұжырым ретінде көрініс табады және оны басқадай етіп елестету мүмкін емес.
Жалпы болжамдар (версиялар) бір деректерге негізделуі мүмкін, ал кез келген болжам әр кезде де жалғыз емес, қарастырылып отырған мүмкін түсіндірмелердің біреуі болғандықтан, тергеушіден бар бір фактілі деректер квалификациясы бойынша әр түрлі қылмыстардың жасалуы туралы болжамдарға жалпы негіз ретінде қызмет етеді.
Козловский Н. А. сезікті тек бір мағынада, яғни қылмыстық процессуалдық мағынада ғана түсінген дұрыс деп есептейді. Біз оның көзқарасымен толығымен келісеміз, аспектіде қарастыру керек деп есептейміз.
Тәжірибеден мәлім, қылмыстық істі тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушіге қылмыс субъектісі жөнінде өте аз ақпарат мәлім болады. Қылмыс жасаған тұлға жөнінде барлық дәлелдемелер жиналғанға дейін тергеушіде орын алған нақтылық жөнінде сенім қалыптаспайынша, кез келген баска білім мүмкін болады. Бұл мәселенің маңыздылығы заң актілерінде де, теорияда да атап өтілген. М. С. Строгович: "Сезікті жөніндегі азаматты сезікті ретінде шақырту мен жауап алу мүмкін болатын шарттар мен жағдайлар туралы сұрақ ол тек теория мен терминологиялық мәселе ғана емес, ол азаматтық тұлға мүдделерімен жанасатын үлкен тәжірибелік маңызы бар мәселе" деп жазған9.
Біз қылмыстық - процессуалдық қызмет сапасына сезікті тұлғаларды тартудың негізімен, тәртібімен байланысты мәселелер (сұрақтар) мәнді, азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін жанап өтетін, қылмыстық процестің міндеттерінің дұрыс шешілуіне тікелей әсер ететін және жалпы қылмыстылыққа қарсы күреске бағытталған деп есептейміз.
Козловский Н. А. сезікті ұғымы мен оны қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негіздері мәселесіне процессуалдық әдебиеттерде қарама- қайшы позициялары да бар деп есептейді. Оған сәйкес тұлғаларды қылмыстық процессуалдық қызметке тартудың негізін сезікті ретінде тарту деп қарастыру керек деп ойлайды. Козловский Н. А., 10 Ермаков Г., Кобликов А. сезікті деп соларға қатысты алдын ала тергеу жүргізілетін тұлғаларды білу керек дейді11. Боровский Э. тұлға сезікті деп есептеле алады, егер оған қатысты ұстау немесе бұлтартпау шарасы қолданғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар тінту, корреспонденцияға қамау салу және т.б. с.с. шаралар қолданған кезден бастап деп есептейді.12 Кузнецова Э.Ф. тұлғаны сезікті ретінде тану үшін келесілер қажет деп есептейді:
а) нақты осы тұлға қылмысты жасады деуге негіз беретін
б) мүндай тұлға сезікті жағдайына түсетін процессуалдық актіні шығару.
Мұндай актілердің қатарына Чувилев А.А., Линагор И.А. келесілерді жатқызады: ұстау хаттамасы, бұлтартпау шарасы туралы қаулы, сезікті ретінде жауап алу хаттамасы, сезіктінің қызметіне байланысты сараптама тағайындау туралы қаулымен танысу туралы хаттама, тінту, куәландыру немесе мүлікке тыйым салу өндірісі туралы қаулы, тану үшін көрсету хаттамасы.13
Тәжірибедегі қызметкерлердің осындай позициясымен келісетіндігін айта кеткен жөн. Сұрау салу көрсеткендей, сұралған 110, қаржы полициясы, әскери полиция органдарының, әділет органдарының қызметкерлерінің 92%-ті тұлғаны сезікті деп танудың негіздерін кеңейту кажеттілігін білдірген. ҚР ҚІЖК-де сезіктінің пайда болуын тек нақты адамға қатысты қылмыстық іс қозғаумен, не міндетті ұстауды қолдану, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдануымен ғана байланыстырмау керек. Бұл көзқарасты Михайленко А. Р.,14 Осташенко В. Г.,15 Берсугурова Л. Ж...16 Тыныбеков С. Т.,17 Қоғамов М. Ч.,18 Төлеубекова Б. Х.19 Леви А. А.20 ұстанады.
Сезіктіні ұстау — дәстүрлі түрде қылмыс жасағаны үшін сезік келтірілген тұлғаға қысқа уакытқа қамауда ұстауды білдіретін қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде сипатталады.21
Заң әдебиеттерінде сезіктіні ұстаудың мәніне қатысты өзге де көзқарастар кездеседі, яғни бүл бас бостандығынан айыру түріндегі қысқа мерзімді процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде де, дәлелдемелерді жинауға бағытталган тергеу әрекеті ретінде де қарастырылады. 22
Сезіктіні ұстау превентивтік сипаттағы процессуалдық шараларға жатады. Осы шаралардың қатарына сезіктіні ұстаудың қылмыстық іс жүргізу шарасына баска әкімшілік ұстау, қылмыстық іс бойынша мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау, үкімді орындау процесіндегі ұстау шаралары жатады.23
Сезіктіні ұстаудың процессуалдық белгісі оның материалдық құрамына қатысты қызметтік ролін білдіреді. Бұл шара қылмыс жасау фактісі бойынша тек өндіріспен байланысты ғана пайдалану үшін ғана арналған.
Сезіктіні ұстаудың провентивтік сипаттамасы оның қылмыс фактісімен байланысты істі өз өндірісіне алғантұлғаның қалыпты іс жүргізуін қамтамасыз ету үшін шара болып табылатынын білдіреді. Осы белгі бойынша аталған шара қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалау шарасынан ажыратылады. Бұл белгі сезіктіні ұстау мақсатының негізінде болады.
Сезіктіні ұстаудың мақсаты – заңда тікелей көзделмеген. Заңда қылмыс жасаған айыпталушыны және сезіктіні ұстау ҚР ҚІЖК- де көздлген мақсаттарда жүзеге асырылады. ҚР ҚІЖК –де бұл мақсатттар туралы тікелей ештеңе айтылмаған. Бұл ұстау мақсаты қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімге ұстау тәртібі туралы ережеде көзделген болатын (13.07.1976 жылғы СССР-дің Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Бұйрығымен бекітілген Ереже.) Осы Ереженің 1 бабына сәйкес ұстау ұсталған. Адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін және оған қамаудан ұстау мақсатында қолданылады. Бұл ереже заңды түрде әрекет етпейді. Алайда онда қамтылған норма заңды тәртіпте өзгермеген және доктрина түрінде әрекет етуін жалғастыруда. Оқу және ғылыми әдебиеттерде, ол қандай да бір өзгерістерсіз қолданылады.24 Мысалы, кейбір авторлар қазіргі кезде Ереже нормалары әрекет етпесе де, өзге мақсаттарда ұстауды жүргізу аталған қылмыстық іс жүргізу институтының мәніне қайшы келетіндігін негізді ескереді. 25
Сезіктіні ұстау мақсатының доктриналды анықтамасын бере отырып, кейбір авторлардың оны кеңейте отырып, толықтыруына талпынғандығын ескеру керек. Мәселен, А.К.Трусов ұстау мақсатына қылмыс жасауға сезік келтірілген тұлғалардың жеке басын анықтауды да қосады26, В.С.Чистякова – сезіктіге қылмыстық әрекетті жасауға тергеу мен соттан жасырынуға, ақиқатты орнатуға кедергі келтіруді қосады.27
Мұндай көзқарастар біздің ойымызша, нақты емес деп ойлаймыз. Сезіктінің жеке басын анықтау сезіктінің қылмыс жасауға қатыстылығын анықтаудың бір бөлігі болып табылады және ұстаудың бөлек мақсатын құрамайды. Ал сезіктінің қылмыстық әрекетті жасауына, тергеу мен соттан жасырынуына, ақиқатты орнатуға кедергі жасауына қатысты оны ұстаудың міндеті ретінде сипатталуға, ал осындай ниеттер жөнінде мәліметтер дәстүрлі түрде ұстаудың себебіне жатады.
Құқық қорғау тәжірибесінде доктриналдық көзқараспен бірге сезіктіні ұстаудың тұрмыстық көзқарастарын да кездестіруге болады. Ол сезіктіні айғақ бруге мәжбүрлеу, қылмыс жасауды мойындау, қызметтестіктен бас тартуына жазалау мақсаты үшін ұстау туралы тұржырымдарды қамтиды. Мұндай көзқарастар құқық қорғау органдарының бөлек қызметкерлерінің теоретикалық дайындықтарының шектеулігінен туындайды, заң шарттарының жүзеге асырылуының технологиялық қиындықтарымен, қылмыспен күрес бойынша қызметтің көптеген ұйымдастырушылық және психологиялдық мәселелерімен шартталған.
Ұстаудың мақсаты туралы мұндай көзқарастардың әртектігі ерекше аргументациялауды қажет етпейді. Олардың практикадағы зияндылығы да көззге көрінеді. Әдетте, олар заңды бұзуда, теріс пайдаланудан көрініс табады және әртүрлі ауыр зардаптарға әкеп соғады. Оларды, сонымен қатар, назардан тыс қалдыруға да болмайды. Мұнда тек заң бұзушылықпен күресу туралы сөз болып отырған жоқ. Кейде милициялық “тұрмысқа” байсалды қатынас оны күн ілгері орналастыру талпынысы құқық қорғау тәжірибесінле кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді және олардың алдын алу мен жою бойынша заңдық және ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкесінше шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. “Алдын-ала тергеу мен анықтауға прокурорлық қадағалау туралы” ҚР Бас Прокурорының Бұйрығында тікелей көзделген: “ұстау мен қамауға алуды сезіктіден немесе айыпталушыдан қылмыс жасаудағы кінәлілігін мойындауды таныту құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.”
Мұндай құбылыстардың талдауы айқасушы “тәжірибешілердің” оларды норма мен заң қалыбына енгізудегі жиі кездесетін талпынысын өз уақытында жоюға мүмкіндік береді.
Қылмыстық процестің дұрыс қалпыты барысын қамтамасыз етумен тікелей байланысты емес ұстаудың барлық мақсаттары ұстауды қолданудың негізінде қосымша факторлар ролін атқара алады деуге де болады. Бұл міндеттер өздігімен ұстауды қолдануды шарттамайды, алайда, басқа міндеттер мен жиынтықта ұстауды қолдану туралы шешіледі. Қолдануға сенімнің құрылуына әсер ете алады. “Бұл шараның мәні- қылмыс жасады деп сезіктілген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А.С.Сергеев ұстаудың мәнін қысқаша түсіндіреді. 28 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының мәнін жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың ұстаудың бір белгілері көрсетіліп, "оның мәнін дұрысырақ ашатын басқа белгілсрі ашылмай қалады".29
ҚР ҚІЖК - нің мәжбүрлеу шарасы ретіндс сезіктіні ұстаудың мазмұны бас бостандығынан айырудан тұрады. А.А. Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттары білдіреді. Олар қылмыс жасады деп сезік келтірілген тұлғаларды қысқа мерзімді30 ұстау 72 сағаттан аспайтын мерзімде тұлғаның қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады.31 Қылмыс жасауда сезік келтіру бойынша ұсталғандарға ҚР-ның 1999 жылғы 30 наурызында "Сезіктілерді және қылмыс жасаган айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңы қолданылады. Осы заң бойынша сезіктінің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы қамтамасыз ететін, олардың міндеттерін орындауды, сыртқы және ішкі оқшаулауды, қадағалауды, сонымен қатар ҚР ҚІЖК –де көзделген міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін режим көзделген. Ұсталған тұлғалар ұсталғандар үшін арналған камераларда, ал өзге жағдайларда өзге арнайы жабдықталған орындарда ұсталады. Ұсталғандар үшін камералар сезіктілер айыпталушылардың уақытша ұстаудың изоляторында жабдықталады. Ұсталғанды қамауда ұстау уақыты жазалау мерзіміне есептеледі. (ҚР ҚІЖК -нің ... бабы).
Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б.Н. Григорьев былай береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу орындарымен кейінге қалдырылмайтын жағдайларда ұсталған тұлганың қылмысқа қатысын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрағын шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымсн тұлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай-ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.32 Бас бостандығынан айыру күзетте ұстау түріндегі қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасының мазмұнын құрайды. Қамауға ұстау түріндсгі мәжбүрлеу шарасы таңдалған тұлғаларға арнайы бектілген режим қолданылады. Ол ҚР-ның 1999 жыл 30 наурыздағы "Сезіктілерді және қылмыс жасаған айыпталушыларды күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" Заңында көзделген және мәні бойынша ұқсас болып табылады. Күзетте ұсталатындар ҚР Әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесіндегі тергеу изоляторларында ұсталады.
Сезіктіні ұстаудың кідіртілмейтін сипаты. Сезіктіні ұстау тек іс кейінге қалдыруды көтермейтін жағдайда қолданылады. Бұл жағдай мынадай екі шарттың үйлесуімен туындайды:
Бұл байланыс ұстаудың қамауға алуға қатысты бағыныштылық сипатын куәландырады.
Қолданудың процессуалдық тәртібіндегі айырмашылык ең алдымен қамауға алу үшін алдын — ала сот шешімінің немесе прокурор санкциясының қажеттілігі. Ал сезіктіні ұстауда мұндай талап жоқ. Ұстау тек сезіктіге қатысты қолданылады, ал қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде айыпталушыға (сотталушыға, сотталған адамға) қатысты, ерекше жағдайларда ғана сезіктіге қатысты қолданылады. Ұстау барысында хаттама толтырылады, күзетпен ұстау қаулы шығарылады; бұл жағдайда хаттама толтыру қарастырылмаған. Ұсталғандарды ұстау үшін уақытша ұстау изоляторы (УҰИ) бар, ал күзетпен ұстау тергеу изоляторында жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда сезіктіні ұстаудың үкімді орындау процесіндегі ұстаумен қатынасы ұқсас болып келеді, тек олардың әртүрлі мәні бұл шаралардың сыртқы айырма белгілерін келтірудің қажеттілігін көрсетеді (мерзімдері, субъектілері және т.б.).
Алайда кейбір жағдайларды бұл шаралар бір-бірімен шиелінісіп кететін жағдайлар болады. Алғашында ұстау әкімшілік тұрғыдан болып, артынша ол тұлғаның әрекетінде қылмыстың белгілері орын алғаннан кейін сезіктіні ұстау түріндегі мәжбүрлеу шарасымсн ұштасады.
Қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау - қылмыстық істер бойынша тергеу органдарымен қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады. Ол қылмыстың алдын ала құқық бұзушылардың қашып кетпеуін ескертуге, оның жеке басын анықтауға, жасалған қылмысқа қатысын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл Конституциямен кепілденген адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасын мәнді түрде жанап өтеді.
Қолдауға сенімнің құрылуына әсер ете алады. "Бұл шараның мәні –қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды, оларды қамауға алу жолымен қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады” деген тұжырымға келген А.С.Сергеев ұстаудың мәнін қысқаша түсіндіреді.37 Бұл берілген анықтамалар, біздің ойымызша, ұстау институтының мәнін жеткілікті толық ашпайды, өйткені мұнда негізсіз ұстаудың бір белгілерін көрсетіліп, оның мәнін дұрысырақ ашатын басқа ұғымдар ұмытылып қалады.38 А.А.Чувилев өзінің ұстауға берген анықтамасында ұстаудың ең жоғарғы мерзімі мен оның мақсаттарын білдіреді. Ол қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды ұстау қысқа мерзімді болып табылады деп есептейді.39 Осыған сәйесс ұстау 72 сағаттан аспайтын қысқа мерзімде тұлғаның қатыстылығын тексеру және оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу жөнінде сұрақты шешу мақсатында бас бостандығынан айырудан тұрады.40 Сол сияқты осы ережеде бекітілген ұстаудың мақсаттарына негізделе отырып, бірақ барынша ашық түрде ұстау ұғымын Б. Н. Григорьев береді: "Сезіктіні ұстау дегеніміз - анықтау не тергеу органдарымен кейінге қалдырмайтын жағдайларда ұсталған тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу туралы сұрақты шешу мақсатында оны ұсталғандар орнына жеткізу жолымен түлғаны бас бостандығынан айырудан тұратын, сондай - ақ процессуалдық санкциямен қамауға алғанға дейін не ұсталған тұлғаны босатқанға дейін бұл шараның қысқа мерзімді бастапқы кезеңі түрінде көрініс табатын қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде анықтауға болады.41
1) Прокурордың санкциясымсн қабылдаушы — бөлуші (приемник-распределитель), қайыршылық үшін ұсталған тұлғаларды олардың тұлғасын анықтауға, сондай-ақ ол тұлғаларды жүмысқа орналастыру жөніндегі сұрақтарды шешуге кажетті;
Қарт адамдар мен мүгедектер үйіне орналастыру үшін немесе оларға қорғаншылықты белгілеу үшін не заңға сәйкес жауапқа тарту үшін ұстау, бірақ 30 тәулікте көп емес мерзімге ұстау жүргізіледі. Егер қалада немесе ауданда мұндай қабылдаушы-бөлуші (приемник-распределитель) болмаса, мұндай тұлғалар прокурордың санкциясымен УҰИ-да 10 тәуліктен аспайтын мерзімге ұсталуға жатады.48
Процессуалдық әдебиеттерде ұстау тек процессуалдық қызмет ретінде қарастырылады. Ол оның мәнін, қолданудың шарттары мен жағдайларын анықтайтын қылмыстық-процессуалдық заңмен көзделген. Осының барлығы осы институтының қылмыстық процессуалдық табиғатын көрсетеді.
Ұстау институтының мәні туралы айта келе ұстау қылмыстық процестің әрі кейінгі дұрыс барысы үшін жағдайлар құрады, ұсталған тұлғаны, егер оның кінәлігі дәлелденсе, жауаптылыққа тарту үшін жағдайлар құрайтындығын айта кеткен жөн. Ұстау қылмыстардың тез және толық ашылуынша, жасалған қылмыстың "ыстық іздері"бойынша ("горячие следы") дәлелдемелерді тағу мен бекітуге септігін тигізеді.
Ұстаудың мәні оның дәлелдеу процесіне тигізетін әсерін де анықталады. Ұстаумен бірқатар кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттеріне байланысты. Олардың көмегімен дәлелдемелер жиналады. Мысалы, жеке тінту, киімді қарау, куәландыру және т.б.
Ұстаудың мәні, сондай-ақ ол сезіктіні қылмытық әрекетін жалғастыру мүмкіндігінен айыра отырып, жаңа қылмытың жасалынуынан алдын алады. Мұндай процессуалдық мәжбүрлеу шарасының қолданылуы куәлардың, жәбірленушілердің қылмыстық процестің өзге де қатысушыларының қорғалуын қамтамасыз ету аспектілерінде де өте маңызды.
Бүгінгі кездс тұлғаға қол сұқпаушылықтың процессуалдық кепілдерінің тиімді жүйесін құру үшін міндеті тұр. Бірақ қандай да бір нормативтік-құқықтық акт қабылдамайынша және оның қолданылуына мүмкіндік берілмейінше мұндай жүйені құру мүмкін емес. Осы процесте бізге перспективті болып ұстау институтының дамуының келесідей бағыттары көрінді:
4) ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне прокурорлық сот қадағалауының құқықтық негіздерін кеңейту;
Осыған сәйкес қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қылмыстық іс қозғалғанға дейін ұстау мүмкіндігі туралы сұрақты қарастыру керек.
25 12 2014
4 стр.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы бет
15 10 2014
6 стр.
Рахат” АҚ өндірістік маркетингтік іс әрекеттерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұысқалар
25 12 2014
6 стр.
Экологиялық тәрбие берудің маңызы
16 12 2014
4 стр.
Мемлекеттік айыптаудың субьектілері
25 12 2014
4 стр.
Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
25 12 2014
4 стр.
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
17 12 2014
3 стр.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында
25 12 2014
3 стр.