Перейти на главную страницу
Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдай құрылымды-жүйелі өзгерістермен қатар, біршама құңдылықтардың ескісін қайта бағалап, жаңасын дайындау қажеттілігімен сипатталады. Осындай жағдайларда қазіргі қоғамның діни сана-сезімінің деңгейі аса маңызды мәселе ретінде қарастырылады, жекелеген жағдайларда түрлі конфессиялардың сандық, бағыттық ерекшеліктері айырықша мәнге ие болады. Мұндай жағдайларда конфессиялық ұқсастықтар мәдени және ұлттық тұрғыдағы өзара пара-парлығымен бір-бірімен жақындаса түседі.
Шымкент қаласы тұрғындарының діни ой-өрісін анықтау мақсатында 2008 жылғы 10 наурыз мен 1-сәуір аралығында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша мына төмендегілер анықталды:
Респонденттердің әлеуметтік – демографиялық сипаттамасы
Сұрақ - жауапқа қатысқандардың 53 пайызы әйел, 47 пайызы еркектер.
Қазақтар - 46,3 %
Өзбектер - 17,8 %
Орыстар - 20,3 %
Кәрістер, татарлар, украиндар - 15,8 %
Әлеуметтік статус:
Жоғарғы сынып оқушылары – 4,5 %
Колледж оқушылары – 8,3 %
Студенттер – 20,3 %
Жұмыссыздар – 7,3 %
Кәсіпкерлер – 5,0 %
Жумысшылар – 8,8 %
Өнеркәсіптік өндіру және көлік жұмысшылары – 11,8 %
Ауыл шаруашылығы саласының жұмысшылары - 4,5 %
Банк және қаржы саласының жұмысшылары - 3,5 %
Қызмет және сауда саласының жұмысшылары - 3,5 %
Білім беру және мәдениет саласының қызметкерлері - 5,3 %
Әскери қызмет, полиция, сот қызметкерлері - 1,8 %
Мемлекеттік қызметкерлер - 6,0 %
Зейнеткерлер - 11,0 %
Үй шаруасындағы әйелдер - 7,0 %
Жалдамалы жұмысшылар - 1,8 %
Сауалнамаға қатысқандардың жас шамасы
16- мен - 25 жас арасы - 35,0 %
26 - мен - 35 жас арасы - 16,0 %
36 - мен - 45 жас арасы - 21,5 %
46 - мен - 55 жас арасы - 15,8 %
56 - мен - 65 жас арасы - 8,3 %
66 - мен - 75 жас арасы - 3,5 %
Қала тұрғындарының діни ұстанымдарының нақты түрлеріне келетін болсақ, сұралғандардың 74,8 % ислам дінін, 18,3 % православиялық, 1,3 % католиктік, 0,8 % иегова куәгерлері, 0,5 % кришнаидтер, 0,3 % иудаистер, 1,8 % басқа діни нанымдарды (ескі дәстүрдегілер, вайшнавтар, меннониттер) ұстанатын болып шықты, 2,3 % пайызы дінге сенбейтіндер (атеистер). Сонымен, респондентердің саналы түрде діншілдікке ұмтылуы олардың конфессиялық тиесілік жөнінде берілген жауаптарынан анық байқалады.
Түрлі діни нанымдарға көзқарасы жайлы сұрақ респонденттер үшін айтарлықтай қиын болды. Өйткені сауалнамада халықтың түрлі сенім жолын ұстаушылар деңгейін талдау ғана емес, әрбір сенушінің өзге де діндерге деген сабырлылық деңгейін зерттеу мақсаты қойылды.
Жалпы, талдау нәтижесінде респонденттердің басым көпшілігінің келесі діни нанымдарға сенімділік білдіретіндігін көрсетті: Бұл Ислам - 86,5%, православиялық шіркеу 38,5%.
Адвентистер шіркеуі 33,8%, иегова куәгерлері 53,0%, иудаизм - 40,5%, басқа діндер - 15%.
Католик шіркеуі - 42,0%, баптистер - 39,5%, буддизм- 36,5%.
(Егер) Респондентердің 34,5% пайызы дін қағидаларын орындап жүргендігін айтатын болса, 19,5% пайызы оны күнделікті өмірде орындап жүргендігін, сондай-ақ, 15,8% пайызы мешіт (шіркеулерге) үнемі қатысып, сенімін күшейтіп жүретіндігін білдірген.
Сұрау салынған респонденттердің 12 % пайызы діни парыздарды қатаң түрде орындауды мүмкін емес, осыған байланысты діни шарттарды кей уақыттарда ғана орындау қазіргі заман адамына тән деп есептейді. Олармен қатысқандардың 13,8% пайызы өздерінің діни шарттарды кейде орындап, кейде орындай алмай жүргендігімен келіседі. Ал респонденттердің 4,5% пайызы өздерінің атеистік көзқараста екендігін білдірген.
Респонденттердің өміріндегі діннің рөлі деген сұраққа әр түрлі жауаптар алынды, 38,0 % пайызы діни сенімді өз өмірінің бір бөлшегі ретінде санайтын болса, 21,0 % дін жолын белсенді ұстанушылар болып табылады, 27,5 % пайызы ғибадат етуге уақыт таппайтындығын айтса, 7,5 % пайызы дінге қатысты көзқарасының бейтарап екендігін білдірген. Мұндай өзіндік "космополитизм" қоғамдағы діннің тарихы мен қазіргі жағдайының терең мағлұмат алуға ие еместігін көрсетеді. Қатысушылардың 5,5 % пайызы жауап беруге қиналатындығын жеткізсе, 0,5 % өзінің саналы түрде қарсылығын білдірді.
Дінге ену процестері респонденттер үшін бірқатар күрделілікті туындатты, олардың қоғамдағы жағдайы өзін өзі әлеуметтік идентификациялаумен белгіленді. Сұралған респонденттердің жартысынан көбі, яғни, 54,0 % діншілдікті туылғаннан ұстанатындығын білдірді, яки діни сананы отбасындағы сабақтастық, әлеуметтік қалыптылық ретінде бағалайды. Сұралған респондентердің 32 % пайызының дінді кәмелеттік жасына толғаннан кейін ұстанғандығы белгілі болды. Қазақстандық қоғамда діни сананың дәстүрлі екендігі есепке алына отырып, ал оның адам психологиясына кірігуі, әсіресе XX ғасырдың 90-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі діни санаға енетіндігі, сәбилік кезеңдерден бастау алатындығы қызықты жайт. 16 - 18 жас аралығындағы респонденттердің дінді ұстанатындықтарына бір жылдай ғана болған - бұл сауалнамаға қатысушылардың 7,5 % құрайды. Респоденттердің 4,0 % принципиалды атеистік бағытты ұстанса, 0,8 % пайызы дінге сенбеушіліктен атеистікке өткен, ал 1,8 % басқа дінге өту шешіміне тоқтаған.
Сұралғандардың 61% көбі ғибадатты өмірдегі принцип ретінде қарастырады. 20,5 % ғибадат жасауды міндетті деп есептемейді, ал 18 % ғибадатқа қатыса алмайтындығын білдірген.
29,8 % күнделікті ғибадат етеді, 19,3 % аптасына бір рет, 4,5 % айына бір рет, 3,3 % жарты жылда бір рет, 2,5 % жарты жылда бір реттен кем, 1,8 % арнайы ғибадат етпейді, 11,3 % жауап беруге қиналады. Әрине, бұл респонденттер үшін сұрақтар алғаш рет қойылған, оларға мұның алдында діни сана жайында сұраулар жүргізілмеген, сондықтан жауап бере алмағандардың саны 10 % көп болып отыр.
15,5 % жауап беруге қиналатындығын білдірді.
37,3 % - өзінің сенім - нанымының басты қағидаттарын хабардар;
27,8 % - басты қағидаттарын ғана біледі;
22,0 % - бірнеше қағидаттарын біледі.
Барлығы 87,1 % респонденттер өз сенім - нанымдарының бастапқы діни қағидаттарынан хабардар, яғни, тұрғындардың діни рухани ой - санасы жоғары деңгейде. Сонымен бірге, 8,5 %- хабардар емес, бірақ терең оқылатын діншілдік қағидаттарына қызығушылық білдіреді. 4,5 % - дінге сенбейтіндер.
Діни әдет - ғұрып үлгілерінің орындалуын сараптау жөніндегі сұраққа түрлі нұсқалар белгіленді:
43,3 % - әрдайым ұстанбайды, бірақ дінін сыйлайды;
28,5 % - басты қағидаттарын ұстанады;
22,0 %- діни іс-шараларға белсенді қатысушылар;
6,3% - қатыспайды, бірақ діншіл адамдар болып табылады.
5 8% пайыз сұралған респондентердің көпшілігі діни - дәстүрлерді отбасы ортасында ұстануды қолдайды.
Діни сенім бостандығын қолдау немесе қолдамау қағидаттары 35,0 % респонденттер, ал сұралған респонденттердің 6,5 % діни дәстүрді қолдауға құлықсыздық танытқан.
Қызықты жауаптар респонденттердің, діни сана - сезімі деңгейінің әлеуметтік ортадағы қандай да бір құрамы ретінде отбасы, туыстар, достар, қызметкерлерді атауға болады.
Отбасы - айырықша бір сенімде (88,8 %),
Ортақ сенімдегі туыстар (73,3 %), әртүрлі сенімдегілер (26,3 %)
Түрлі сенімдегі достар (67,5 %), ортақ сенімдегі 30,3 %
Түрлі сенімдегі қызметкерлер (68,8%), ортақ сенімдегілер (22,5%).
Дін мәселелеріндегі негізгі әдебиеттердің рейтингі:
1. 44,0 % - құран оқуды, библияны, көне кітаптарды, т.б басты дін әдебиеттер ді оқуды;
35,8 % - ұстанушылар
24,8 % - белсенді ізбасарлары
16,0 % - діннің нормаларына сай салттарды орындаушылар
3,5 % - атейстер
3,0 % - дінге жаңадан бет бұрғандар
2,3 % - басқа дінге өткендер
Құран қағидаттары бойынша өзге дінді ұстанушылар немесе жолдан тайғандармен күрес туралы пікірлер төмендегідей болды:
30 % қолдайды, 15,5 % аздап келіседі, 27,8 % пайызы құранда мұндай қағидаттар жоқ деп санайды, 26,8 % жауап беруге қиналады. Құранның негіздерін түрлі деңгейде талдау көбіне қате түсініктер тудырады, бұл қоғамға қауіпті фактор болып есептеледі, азаматтарды ұлттық және діни топтарға жіктелуге әкеліп соқтырады.
Әлеуметтік зерттеулерге облыста тұратын барлық ұлт өкілдерінің қатысқандығын есепке ала отырып, орын алып тұрған мұндай өзекті мәселелердің қоғам үшін, әсіресе жастар үшін қауіпті, теріс фактор екендігін білуге болады.
Соңғы кездерде көбінесе мазмұны сапасыз миссионерлік әдебиеттердің таралуы орын алуда. Мұндай әдебиет, қоғамыздың ерекше мінезіне бейімделіп құрастырылған. Адам санасына кері әсерін тигізетін мұндай әдебиеттерге шетелдерден қоныс аударып келген оралмандардың бейім екендігін көрсетеді. Оралмандардың қазақстандық қоғамда әлеуметтік теңестіру процестерінен өтіп жатқаны белгілі.
Қазіргі жастарды адамгершілік және өнегелік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесіне келер болсақ, қатысушылардың 21,0 % рухани әдебиеттерді оқу керек деп есептейді, 20,8 % сенім мәселесінде тәжірбиелі дін адамдары, қариялардың насихаттары, адамның сенім тұрғысынан позицияларын анықтауға септігін тигізеді деп сенеді. 19,0 % бүгінгі қоғамда адамгершілік пен құлықты адамдардың жеке тұлғасы белгілейді деп есептесе, респонденттердің 15,0 % пікір - сайыстар мен диспуттарға қатысу, рухани лидерлермен кездесулерді жиі өткізу керек деген стратегияны алға тартады. 15,1 % рухани жиындарға қатысуды, дінбасылардың рухани нағыз үнін тыңдауға болатын жиындарға жиі бару қажеттігін айтады. 2,3 % мемлекет және дін қайраткерлерінің өзара бірлесіп атқарған іс-шаралары - экуменизм, яғни қоғамда төзімділікті арттыру - белсенді фактор болады деп есептейді.
Социологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша
негізгі қорытындылар.
1. Қазіргі Қазақстанда діни сенімдерді күшейтудің негізгі факторларының бірі діншілдікті көтеру, қоғамда орын алған рухсыздықтың алдын алу, санадағы тоқырауды жеңу үшін алға ұмтылу.
2. Социологиялық зерттеулер облыстағы түрлі сенім - нанымдағы діндарлардың мынадай бірнеше мінездемелерін ашып көрсетті: дінге сенушілер "жасарған", көпшілігі білімді, әлеуметтік енжарлық пен саяси бойкүйездіктен арылып, қазіргі таңдағы білім мен техниканы, соңғы ақпараттық құралдарды пайдаланып, өз білімдерін жетілдіруге тырысады. Діндар адамдардың бірқатары дінді салт-дәстүрмен, тарихи түп-тамырмен байланыстырады.
3. Зерттеулердің бірден бір қорытындыларын, діннің маңызы мен рөлін оған қатысушы діндарлардың санымен ғана анықтауға, өлшеуге болмайды.
4. Дінге сенбейтіндердің көпшілігі дінді жалпыұлттық өнегелі тірек ретінде қарастырады, оны әлеуметтік бедел ретінде қабылдайды, олардың санасында дін ұлттық дәстүрмен сәйкестендіріледі.
5. Тұрғын халықтың діни сенімдерінің өсуі, сонымен бірге қазіргі дін қызметкерлерінің санасында электикалық қайшылық процестер орын алуда.
6. Исламда, дінді үйрету мен ағарту үшін арнайы әдістердің аз екендігі байқалады, дегенмен (діни оқу орындарынан тыс) талдау жұмыстары көрсеткендей, сауалнама барысында ислам дінін тұтынатын респонденттердің едәуір көп шоғырланғандығын көрсетеді.
7. Қоғамның санасында елде жасалынып жатқан конфессиялық ұйымдардың беделінің бірден өсуі, діни - саяси қозғалыстардың пайда болуы, дінге селсоқ қарайтындардың дінге ұмтылуы. Екінші жағынан дінді мәдениеттің элементі ретінде түсіну процесі басым.
8. Діндарлардың бір бөлігінде діни дүниетанымы, әсіресе өзіндік "сәнге" еруі, сырт көзге көріну діндарлығы, белгісіздік пен мазмұнсыздығымен ерекшеленеді.
9. Кейбір респонденттер өзін діндар деп есептемейді, сонымен қатар, басқа да жауаптарында өздерінің белігілі бір дінге, көбінесе дәстүрлі дінге тиесілігін көрсетеді. Мұндай көрініс олардың "исламды" немесе "православияны" ұлттық өмір салтымен, мәдениет пен өркениет түрімен теңестіруі деуге болады.
10. Қоғамда орын алған ой- саналық қысым, халықтың сол мұраттары мен құндылықтарынан бас тартуға мүмкіндігі болмай, қаншалықты тұтас жүйені, құндылықтарды, зайырлы мінез түсінігін халықтың қабылдауы, еліктеуі, үміттендіру шарттарының көпшілігі өз үміттерін дәстүрлі діни мекемелермен байланыстырып, олардың күшін біріктіріп, сәйкестендіруі арқылы патриоттық рухта тәрбиелеуді мақсат қояды.
11. Әртүрлі діни ағымдардың, оның ішінде жаңа ағымдарға табынушылардың қозғалысы, түрлі пікірлері, таралуы мен басым жақтары қазақстандыққоғамның бір мезгілдегі қолдауы мен төзімділіктің тенденциялары болып табылады.
1.Дін әлеуметтік сезімдерге ықпалды
2. Көпұлтты қоғамда әлеуметтік ынтымақтастықты насихаттап, бекіту.
Діншілдіктің жағымсыз факторлары.
1. Үлкендер мен балалар және жастардың наным - сенім жағынан бөлінуі
2. Түрлі секталардың қоғамнан салттық - әлеуметтік тұйықтануы, оқшаулануы
3. Балаларды, жеке тұлға ретінде қалыптаспаған жас жеткіншектерді күштеп отырғызу
4. Діншілдіктің рухани мәдениет пен идеологияға айналуы
5. Діншіл фанат экстремистердің "Барлық адамдардың бір дінде болуы" деген қағидамен қоғамымызға енуі
Қорыта айта бірінші бөлімде классикалық және ресейлік ғалымдарының діни интеграция және діннің әлеуметтік өзгеруі жайлы толық айтып өткен. Э.Дюргейм, М.Вебер, Б.Малиновский, К.Маркс және тағы басқада ғалымдар дінді жан-жағынан талдап зерттеген.
Дюргейм діннің қоғамдық интеграциясын социологиялық теорияны жасаудағы басты еңбегі «Діни өмірдің элементті факторларынан» ол діннің пайда болуы мен дамуының эволюциялық теориясын жасайды. Дюргеймнің еңбегін сыни бағалағандардың бірі Малиновский болды. Малиновский Дюргеймнің қоғам тұрақтылығын сақтау мәселесі өз мақсатына жетпеді.
Малиновскийдің ойынша адам қажеттілігі және талпыныстары қоғамдағы тепе-теңдік сақтауға мүмкіндік беретін тәсілдірмен қанғаттандырылып отыруы керек дейді. Д.Хоманста Малиновский мен Рэдклифф-Брауынның теориларын салыстыра келіп, олардың бір-бірін жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырады дейді. Осылайша, интеграция ұғымы Парсонсқа жүйенің тұрақтылығы, тәртіп мәселесі ұғымдармен байланысты. Парсонсқа сәйкес дін ұйымындағы маңыздысы мәдени элемент болып табылады.
Классикалық функционализмге жақын Никлас Луманның дін теориясын мына түрде қарастыруға болады: жүйе барлық уақытта мүмкін әрекеттердің шектелуін, редукциясын білдіреді, яғни, «қиындықтар редукциясының қайсыбір» оңтайлануы. Сонымен қоса М. Вебер да осы функционализм көзқарасынан тұрақтылық негізін емес, әлеуметтік өзгеріс факторын түсінуге тырысады. Вебер өзінің діни концепциясында Парсонстың тұжырымдамаларын қолданған.
Ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы діни экстремиз мен діни ахуал, оның ұлттық дүниетанымына әсері және қазақ жерінде исламның таралуы жайлы талқыланған
Қазіргі Қазақстандағы діни экстремизмнің негізгі проблемалары олардың заңсыз өз істерін жүргізу болып отыр.
Қазір алматының өзінде ғана 42 конфессия, 275 діни бірлестік жұмыс істейді. Ал бүкіл Қазақстан бойынша 3340 діни бірлестік бар екен. 1991 жылдары бұл сан он еседей аз еді. Бұлардың үгіт-насихат құралы да, материалдық-техникалық базалары да мықты.
Діни экстремизм төңірегінде жазылған зерттеулерді қорытындылай келе, оның пайда болуы мен бой көрсетулеріне басты себепкер болатын факторлар төмендегідей:
Сонымен қоса өзімнің қосқан үлесім Оңтүстік Қазақстандағы "Діншілдік дүниетанымының деңгейі" тақырыбында зерттеу жүргіздім. Ондв барлық Шымкент қаласындағы діни проблемалар анықталды.
1.В.И. Гараджа. Социология религии: Учебник для вуза. –М.,1996.
2.В.И. Гараджа. Религиеведение. М., 1995. 2-е изд.
3.Б.С. Ерасов. Социальная культурология. М., 1994. Ч. І-ІІ.
4.Р. Арон. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.
5.Белл Д. Культурные противоречия капитализма // Религия и общество. Ч. ІІ.
6.Белла Р. Социология религии // Американская социология. Перспективы, проблемы, методы; под ред. Т. Парсонса. М., 1972.
7.Малиновский Б. Магия, наука и религия// Магический кристал. М., 1982.
8.www.google.kz.
9.Жақсыбай С. Тұрапбайұлы А. «Қазақстан діндер арасындағы татулықтың үлгісін көрсете алады». // Егемен Қазақстан 2007ж. 19 қырқүйек.
10.Мекежанов.Б.У. «Діни экстермизм құбылысының мәні және оның зерттелуі»/ ҚазҰУ Хабаршысы. Саясаттану. Философия. Мәдениеттану сериясы №1 (23) 2005.
11. Иірқамшылаған Иеһова иек астына келді // Жас Қазақ №34(86) 1.09.2006.
12.Бесбоғда А. «Секталар қашанғы секеңдей береді?»// Заң газеті 2008 30.04
13.Энциклопедия «Ислам»/ Бас редакторы Р.Нұрғалиев. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. 2001 321-б.
14.Токарев С.А. Религия в истории народов мира. М., 1964
15.Көбеева О. Дінтану негіздері. Алматы 1998.
16.Вебер М. Социология религии (типы религиозных сообщества) // Работы М.Вебера по социологии религии и идеологии. – Москва ИНИОН РАН 1985.
17.Вебер М. Хозяйственная этика мировых религии. Введение //Работы М.Вебера по социологии религии и идеологии. Москва ИНИОН РАН 1985 С.40-75.
18.Н.Өсеров, Ж.Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы. Алматы, Қазақстан. 1992. 149-беттік. 135-149 б.
19.Вебер М. Протестанская этика и дух капитализма // Избр.произв. – Москва 1990.
20.Қ.М.Борбасов «Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі»/ ҚазҰУ Хабаршы. Философия, Мәдениеттану, Саясаттану сериялары №2(28) 2007.
21.Арестов В.И. Религиозный экстремизм. – Харковь: Вища школа. 1987.-С-4.
22.Коровиков А.В. Исламскай экстремизм в арабских странах. – М., Наука. Главная редакция восточной литературы. 1990. – 170,70.
Сілтемелер
1-2. Парсонс Т. Общий обзор // Американская социология. М., 1972. с. 364.
17 12 2014
4 стр.
Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысын
18 12 2014
4 стр.
Географиялық ауданда йод жетіспеуіне байланысты организде йод алмасуының бұзылуы
15 10 2014
1 стр.
Бастауыш сыныптарда оқытылатын морфологялық ұғымдардың мазмұны мен олардың өзара сабақтастығы
15 12 2014
5 стр.
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе бөлім, теориялық бөлім, дамыту жолдарын қарастыру бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшалар
25 12 2014
5 стр.
Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы қазақ әдебиеті тарихындағы әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Бұл роман 1941-1945 жылдары неміс басқыншыларына қарсы күресте
16 12 2014
3 стр.
14 12 2014
1 стр.
ХалықТЫҢ ӘРТҮрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың теориялық ЖӘне әдістемелік негіздері
25 12 2014
5 стр.