Перейти на главную страницу
Қазақ тіл білімінде фузия құбылысы «сіңісу құбылысы» деп аталады. Фузия терминіне О.С.Ахманованың «Лингвистика терминдерінің сөздігінде» мынадай анықтама берілген «Фузия-(от латинского слово-сплавление) морфологически обуслвленное формальное взаимопроникновение контактирующих морфем, при котором проведение морфологических границ» [Ахманова А.1994, 204]. Тілдің морфологиялық даму заңдылықтары жайлы сөз болғанда, грамматикалық тұлғалардың дамуындағы кейбір факторды аттап өтуге болмайды. Богородицкий оларға қарапайымдану (опрощение) морфологиялық ығысу, аналогия және халықтық этимология, дифференсация, сөз мағынасының өзгеруі тәрізді құбылыстарды жатқызады. Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі бірсыпыра сөздер бірнеше түбірлерге, түбір мен әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Бірақ күнделікті қолданыста ол сөздердің әрқайсысы-беретін мағынасы тұрғысынан бөліп-жаруға келмейтін бір ғана түбір [М.Томанов.1988,264]. Мысалы, қазіргі тілімізде бар ашудас, айқабақ, ақ табан, ала өкпе, бізқұйрық, бірқазан, елкезер, жамбас, көлбақа, құрқұлақ, сегізкөз, Жанұзақ, Тоқсанбай тәрізді кісі аттарын қолданғанда, олардың құрамына және о бастағы мән-мағынасына қарап жатпаймыз. Біз бұл сөздерді осы мағынасында түсінеміз де, осы тұлғасында айтамыз. Сол сияқты қазіргі тілімізде түбір есебінде қалыптасқан сөздерден де байқауға болады. Мысалы, соққы, мұңлық, немене, сыртқары, әрі, бері, сөздерін де біз түбір мен қосымшаға бөліп қараймыз. Осы қалпында тұтас түсінеміз. Өйткені, осы сөздер құрамындағы –қы, -қары, -лық, -рі қазіргі тілде сөз жасайтын актив аффикстері емес. Қалай болғанда да, бұларды қазіргі –шы, -лы тәрізді сөз жасайтын аффикстер сияқты қабылдаймыз. Түбір мен қосымшаның өзара жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін.
Бұны анықтау үшін түбірдің бастапқы сипатын басқа сөздермен салыстыру керек немесе, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мына мысалдарға назар аударайық: ілгері, айт, кет, жоры, алда, байла, арт, сан, т.б. Осы сияқты сөздер түбір мен қосымшаның жымдасып кетуінен пайда болған.
Оны тек салыстыру арқылы ғана байқауға болады. Айталық, айт сөзін онымен мағыналас айқай, айқын сөздерімен салыстырсақ, ортақ түбір ай екеніне көзіміз жетеді. Ал т-түбірмен кірігіп кеткен қосымша болып шығады. Сол сияқты айқай, айқын сөздерінің құрамындағы –қай, -қын, -да қосымшалар екенін көреміз. Кет сөзінің құранды екенін, кел, кері, кейін сөздерімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Алғашқы сөздің соңындағы –т біздің ойымызша, айт сөзінің құрамындағы т-мен бірдей. Бұл екеуі де етіс қосымшасы болу керек. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қоысмшалары жалғасып, жымдасып кеткен. Қазіргі тілімізде байырғы түбір деп қаралатын толып жатқан бір буынды сөздердің морфологиялық қарапайымдану процесінің нәтижесінде барып қалыптасқан. А.Н.Кононов мұны фузия, яғни жымдасу, Рамстедт «сращение» деп атайды.
Морфологиялық жымдасу, фузия тек түбір мен қосымшаның бірігіп, бөле-жаруға келмейтін ұғымға ие болуына ғана әсер етіп қоймаса керек. Бір фонемадан ғана тұратын алғашқы қосымшалардың фузияның нәтижесінде өзара жымдасып, бірігіп кетуінің салдарынан осы күнгі бір буынды аффикстер қалыптасса керек. А.Н.Кононов осындай топқа мына аффикстерді жатқызады:
Кіш+ке+н++тай. Ескі түркі тілінде соңғы сөздің кішіг (соңғы 2 қосымша) түрінде айтылғаны белгілі. Ал қарамық сөзінің құрамындағы –мық аффиксін құранды деуге себеп-қарам сөзінің жеке қолдануы. Бірақ ол зат атауы ретінде тек қарамық түрінде айтылып, түбірі өз мағынасын сақтаған, оған тікелей жалғанған қосымша да (-м) солай, бірақ соңғы аффикстің дербестігі жоқ. Сөйтіп, фузия – түркі тілдерінің, оның бірі қазақ тілінің морфологиялық құрылысына үлкен із қалдырған процестің бірі. Сіңісу арқылы жеке түбірлер, түбір мен қосымшалар бір-бірімен жымдасып, ажыратып болмастай күйге жеткен. Көп ретте фузияға ұшыраған тілдік элементтер өзінің о бастағы дербестігін жоғалтқанымен, жеке алғанда актив қолданылуы мүмкін.
Қазіргі қазақ тілінде сіңісу нәтижесінде қалыптасқан сөздер көп. Олардың қыр-сырын ашу ұзақ ізденуді талап етеді. Қандай морфологиялық форма қандай жағдайда қай формамен кірігіп адам танымастай өзгеріске ұшырап кетті, олардың солай сіңісуіне қандай-қандай сыртқы факторлар немесе ішкі себептер әсер етті деген сұрақтарға жауап қайтару болашақ ізденушілердің міндеті деп білеміз.
І.1. Қазақ тіліндегі фузия құбылысының зерттелуі.
Бұл тарауда сіңісу құбылысының өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасала отырып, түбір мен жалғаудың, түбір мен жұрнақтың, түбір мен түбірдің, сөз тіркестерінің өзы В.А.Богородицкийдің «Введение в татарское языкознание в связи с другими тюрксикими языками» (1953), А.Н.Кононовтың «О фузии в тюрсксих языках» атты мақаласында, қазақ ғалымдары К.Ахановтың «Тіл біліміне кіріспе» (1993), Ә.Т.Қайдаровтың «Структура односложных корней и основ в казахском языке» (1986), Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» (1999), А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991), М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (1988), Б.Сағындықұлының «Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері» (2005), Б.Қ.Қалиевтің «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» (1984), Н.Оралбайдың «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» (1984), А.Салқынбайдың «Қазақ тілінің сөзжасамы» (2003) еңбектерінде әр қырынан қарастырылған.
Осы жоғарыдағы авторлардың еңбектерінде айтылған тұжырымдарға сәйкес тіліміздегі сіңіскен сөздер «Өзара сіңіскен жұрнақтар», «Түбірге сіңіскен жұрнақтар», «Түбірге сіңіскен жалғаулар», «Сіңіскен тіркестер» деп топтарға бөлінді. Сіңісу құбылысының нәтижесінде құрамындағы бөлшектері бір-біріне сіңісе келіп, бұл күнде мүшеленбейтін дәрежеге жетеді. Жекелеген кейбір дыбыстардың түсіріліп айтылуы, буынның түсіріліп айтылуы, қатаңдардың ұяңдануы немесе өзге дыбыстарға ауысуы сияқты өзгерістер сіңісу құбылысын редукция құбылысымен байланысты қараған жөн. Ғалым Б.Қ.Қалиев «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» еңбегінде: «Тіл біліміндегі редукция құбылысының мәні мынада: қандай да болмасын белгілі бір дыбыс сөздегі фонетикалық жағдайна байланысты өзінің әдеттегі дыбысталу айқындылығын жойып, саны жағынан да сапасы жағынан да әлсірейді. Кейде негізгі қасиеттерін мүлдем жоғалтып алып, «нольге айналады» немесе басқа бір дыбысқа ауысып кетеді»,-дейді [Қалиев,1984,116]. Сіңіскен сөздердің ішкі мағыналық жағы, сыртқы дыбысталу жағы да әрдайым өзгеріске ұшырап ықшамдала айтылады.
Қазіргі тілімізде әр алуан сөздер бірімен-бірі бірігіп жаңа мағына беретін дербес лексикалық категорияға айналған. Олардың компоненттері, көбіне бастапқы формасын өзгертіп, ортаңғы не соңғы бір буынын, кейде одан да көп буындарын жоғалтқан. Ғалым К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» еңбегінде: «Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірінгіп кетуіне, соның нәтижесінде сөз жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады»,-дейді[Аханов,1993,446]. Сіңісу құбылысының нәтижесінде түбір мен жалғау, түбір мен жұрнақ, түбір мен түбір, сөз тіркестері сіңіседі. Түбір мен қосымшаның өзара кірігуін ғалым М.Томанов бастапқы түбір сөздің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болатындығымен түсіндіреді [Томанов,1988,94]. Септік жалғауларының түбірмен кірігіп кетуін профессор Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» еңбегінде айтып өтеді [Оралбай,1988,38)]. Тарихи сөзжасам мәселесін зерттеуші ғалым А.Салқынбай «Қазақ септік жалғауларының орта түркілік ескерткіштерде үстеулік сипатта орныққандығын пайымдайды [Салқынбай,2003,199].
- нды, -ынды, -інді жұрнақтары бөлшектенбейді. Берілген жұрнақ туралы орыс ғалымы Э.В.Севортян «Аффиксы именного словообразование в азербайджанском языке» еңбегінде былай дейді: «Салыстырулар көрсеткендей азербайжан, түрік, татар тілдерінен басқа тілдердің көпшілігінде -ынды жұрнағы кездеседі. Тілдердің қатарында бұл жұрнақтың беретін мағыналары белгілі дәрежеде екендігі айқын. Бұл жұрнақ түрікмен, қазақ, қырғыз, тува тілдерінде қолданылады. –ынды, інді туынды жұрнағының нәтиже белгілерін білдіруі сын есімдік немесе атрибуттық ерекшеліктері болып табылады, ал басқаша айтсақ, берілген жұрнақтар перфетивті мағынаға ие болады» [Севортян,1962,292].
Э.В.Севортян «Аффиксы именного словообразование в азербайджанском языке» еңбегінде былай дейді: «Бұл жұрнақтың беретін мағынасы –ымтыл жұрнағының мағынасына ұқсас. Туынды –ымпаз жұрнағы басқа тілдерде де осы мағынаны білдіреді. Азербайжан тілінде –ымпаз жұрнағы арқылы мынандай сөздер жасалады: ағымпаз «беловатый» ағ «белый», ачымпаз «горковатый», от ачы «горький», сарымпаз «желтоватый» от сары «желтый», гырмызымпаз «красноватый» от гырмызы «красный». Берілген сын есімдер (ағымпаз сөзінен басқа) түрік тілінде де кезедеседі» [Севортян,1962,275].
«Өзара сіңіскен жұрнақтар» деп аталатын тараушадан сіңісу құбылысының әсерінен құранды жұрнақтардың әр басқа элементтерге бөлін«Қазақ говорларының диалектілік сөз тудыру» атты еңбегінде былай деп жазады: «Н.А.Баскаков бұл жұрнақтың тегін көне түркілік гьыкъ/гик жұрнағымен байланыстырады, ал ол гъакъ/гек жұрнағымен тектес [Баскаков,1951,402]. М.Хабичев –къа-/-ке, къы/ки жұрнақтарын бірге алып қарайды [Хабичев,1971,53-69]. Қазақ тілінің фактілері түпкі негізгі бір болғанымен, бұлардың қазір дербестігін байқатады; ер бұқа, бұғы. Көптеген зерттеушілер бұл жұрнақты етістіктен есім тудырушы жұрнақтардың қатарына жатқызады [Баскаков,1951,405-406]. Тілімізде түбірге –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы сіңісіп кеткен сөздер: алғы, ауызғы, батқы, соққы, сойқы, қайқы, қалтқы, қатырғы, таңқы, ұйытқы, шайқы, шалғы, шапқы, әлгі, тозыңқы, жұмысқы, жонғы, жоралғы, ұңғы, ұрғы, торалғы, жоралғы, кедергі.
Алғы сөзіндегі –ғы жұрнағы түбірге сіңісіп кеткен. өйткені, бұл сөзді ал-түбірі, -ғы-жұрнақ деп бөлмейміз. Алғы күйінде айтамыз. Бұл сөздің түбірі-ал, яғни етістік мағынасында жұмсалып тұр, бір нәрсені алу, ал алғы деген сөздің мағынасы қазіргі тілімізде түбірмен бірге айтылады.
Қазіргі тілімізде зорға деген түбірі –зор, ға-барыс жалғауы немесе үстеу тудыратын қосымша деп талданбайды. Зор сөзі: ірі, нән, үлкен, дәу, мықты, күшті мағыналарын білдіреді. Ал енді зорға сөзі әрең, зордың күшімен деген мағынада жұмсалады.
Қазіргі тілімізде –да, -де, -та, -те жалғауының түбірге сіңісіп кеткендері мыналар: алда, әлгінде, кезде, жылда, жөнінде, қорда, баяғыда, күнде, үсте, мұнда, сонда, мұндайда, қалайда, анда-мұнда, беріде.
Әлгінде. Жаңа бір әзірде жап-жаңа. Мен әлгінде ғана келдім [Қазақ тілінің сөздігі,67]. Әлгінде ғана бір ауылға түсіп, аш -өзекке қымыз ішіп аттанған ек,-деді Қайрақбай (С.Мұқанов). Әлгінде ғана көктемнің кәусар жаңбыры жауып өткен екен, сирень гүлдеріне тамшы ілініп, ашылған күн сәулесімен жақұттай жарқырап, мың құбыла ойнап тұр (Ш.Мұртаза). Әлгінде сөзі үстеудің сұрағына жауап береді. –де жалғауы бұл жерде мекендік ұғымды білдірмейді.
Кезде. Көзбен өлшеу, метрлеу. Матаны кездеді, жер танабын кездеді [Қазақ тілінің сөздігі,295]. Сол кезде есік алдының адамдары сиреп, артта Найзабек көріне қалды. Бір кезде бойымды шамаласам, басым айналып, жүрегім өрекпіп барады (С.Мұқанов). Берілген сөйлемдерде –де қосымшасы табыс септігінің бөлінбейтіндей болып бірігіп кеткен көнелеген сөздері жатады. Мысалы, шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, келтесінен, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден, т.б.
Шалқасынан. Адамның көкке (төбеге) қарап, арқамен жатқан қалпы. Төсекте шалқасынан жатыр. Айқара ашу. Есікті шалқадан ашты, шашын шалқасынан қайырған. Шалқасынан түсті-оғаш мінез көрсетіп, шарт кетті [Қазақ тілінің сөздігі ,717]. Шалқасынан жатқан кісінің бұрын шоқша сақалы жоғары қарай шаншылып селтие қалыпты (Ш.Мұртаза). берілген сөйлемдерде шалқасынан сөзін түбір мен шығыс септік жалғауы деп қарауға болмайды. Тілімізде шалқасы деп қолданыламйды. Сондықтан да –нан жалғауы түбірмен бірге айтылады.
Жүресінен. Жүресінен отыру-екі тізені бүгіп, тізерлеп отыру [Қазақ тілінің сөздігі,256]. Тілдік қолданыста жүресінен сөзінің түбірін жүресі деп қолданбаймыз. Сол себепті –нен жалғауы түбірге кірігіп кеткен.
Ғалым Ә.Төлеуов осыған байланысты: «Кейбір сөз таптарына тән белгі өздерінің объектілік қызметінен алшақтап, жалғанған сөздерінің айырылмайтын бөлшегі болып қалыптасады. Ондай қалыптасқан, орныққан морфемаларды тіл ғылымында көнелеген формалар деп атайды»,-дейді [Төлеуов,1974,42].
Тіл білімінде көмектес септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу мен бірлесу, астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және басқа әр алуан мағыналарды білдіреді. Көмектес септігінің түбірге сіңісіп кеткен сөздеріне қалпымен, жайымен, түйдегімен сөздері жатады.
Жайымен. Алаңсыз, қаннен-қаперсіз, жайбарақат. Байсалды түрде, салмақты қалпында баяу. Төрде тұрған Сұлтанмахмұт жайымен жауап берді (Әбішев). Берілген сөйлемде жайымен сөзі көмектес септік мағынасын емес, үстеу қызметін атқарып тұр. Ретімен сөзі тәртіппен, бірінен соң бірі, қатар-қатарымен деген ұғымды білдіреді. Мысалы, Жұртты төрден төмен қарай рет-ретімен орындықтарға орналастырды (Мекебаев). Жоғарыда талдағанымыздай, ретімен сөзіндегі –мен көмектес септігі түбірден бөлінбейді, яғни тұтас түбір сөз болып қолданылады.
Сіңіскен тіркестер.
Тілімізде кейбір сөз тіркестерінің мағыналық жағы күңгірттеніп қазірде бір бүтін түбір күйінде айтыладытндары кездеседі.
Қазіргі тілімізде сіңіскен сөздерді проф. А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде кіріккен сөздер дейді [Ысқақов,1991,104]. Ғалым А.Ысқақов кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыстық жүйесіндегі әр қилы заңдарға байланысты екендігін айтады. Кіріккен сөздердің ішінде бас-басына мағыналары бар дербес сөздерден біріккендері де (бел-беу, бәй-шешек, сахар-асы, сегіз-он т.б.), дербес сөздермен көмекші сөздерден біріккендері бар. Бірақ осы кіріккен сөздердің ішінде салаласа құрылған тіркестерден гөрі (қолғанат, ағайын, көнетоз, шамшырақ, көнтерлі т.б.) сабақтаса құралған тіркестерден туғандары (бәйшешешек, қонағасы, қарлығаш т.б.) әлдеқайда көп кездеседі [Ысқақов,1991,105]. Кіріккен сөздің тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің құрамындағы компоненттердің мағыналарының жоғалуы, екіншіден олардың формасының өзгеруі себеп болады. Мысалы, белбеу деген сөздің екінші сыңары бастапқы өз мағынасын біржолата жоғалта келе, кейін ол сөз өзінің әуелгі формасынан да айырылған [Ысқақов,1991,105]. Сіңіскен сөз тіркестерін зерттеу жұмысымызда «Сіңіскен түйдекті сөз тіркестері», «Өзара сіңіскен түбірлер», «Сіңіскен тіркестер « деп қарасытарымз. Сіңіскен түйдекті сөз тіркестеріне содан, бүйтіп, нетіп, әкел, бүгін, биыл, сөйде, неғып, апар деген сөздерді жатқызуға болады.
Нетіп- не істеп деген етістіктің қысқарған түрі. Мысалы: -Оу, айналайын Едеке, сен әлгі нетіп, менің басымды қатырма, нетіп. өлсе-өлді, нетіп... Менің сені алмастыра қоятын адамым жоқ. өліктің жанында нетіп, отырмын дегенің не, Едеке! Сен жанында отырғаннан өлген адам қайта тірілмейді ғой, деп ойлаймын нетіп (Ш.Айтматов). Берілген сөйлем көркем шығарма тілінде түбір сөз ретінде қолданылып тұр.
Өзара сіңіскен түбірлерге қарлығаш, ағайын, абысын сияқты сөздерді жатқызуға болады.
Қара ала құс тіркесі мынандай өзгерістерге түскен : Элизия заңы бойынша а дыбысы түсіп қалған да, қ-ғ дыбысына, с-ш дыбысына ауысқан.
Сіңіскен сөз тіркестеріне мына сөздер мысал бола алады:
Біздің байқауымызша, үнемдеу құбылысы тілдің бүкіл жүйесін-фонетиканы да, лексиканы да, морфологияны да, синтаксисті де қамтиды. Алайда бұл заңдылық тіл білімінде әр түрлі терминдермен аталып жүр. Мысалы, ол фонетикада элизия, апокопа, гаплология деп аталса, лексикада метонимия, морфологияда-сіңісу, кірікке сөздер, синтаксисте эллипсис, толымсыз сөйлемдер деп аталады. Түптеп келгенде, үнемдеу процесінде пайда болатын соңғы нәтиже – белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, тіпті сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Біздіңше, бытырап жүрген терминдердің барлығының басын қосып үнемдеу заңы деп атаған дұрыс. Мұның өзі бір жағынан үндесу, ұқсату заңымен лингвистикалық үндесім табады. Екінші жағынан, өте ықшам. Енді үнемдеу заңының біртұтастығын байқату үшін оның тілдің әр саласындағы көріністеріне жеке-жеке тоқталалық.
Белгілі ғалым К.Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты кібында былай деп жазады: «Кейбір фонетикалық жағдайда дыбыстардың мүлдем түсіп қалуы элизия деп аталады. Дауыстылардың элизиясы (түсіп қалуы) сөздің тіркесінің құрамындағы сөздердің аралығындағы, сондай-ақ біріккен сөздердің құрамында да кездесуі мүмкін. Мысалы, торы ат айтылуы- торат, алты ай айтылуы-алтай, келе алмады айтылуы келалмады, қайын аға айтылуы қайнаға т.б. (Аханов, 1978,255). Келтірілген мысалдарда ы, е, а дыбыстары айтылуда түсіп қалған. Алайда бұл дыбыстар дауысты дыбыстардан басталатын сөздермен тіркескенде түспейді. Яғни бұл-уақытша өзгеріс: дыбыстардың түсіп қалуы, яки түспеуі қолданылу позициясына байланысты анықталады. Қазіргі тілдердің тұрғысынан қарағанда әрдайым осылай. Ал тарихи тұрғыдан қарағанда, кейбір дыбыстар әр түрлі себептермен элизияға ұшырайды да, бірте-бірте мүлде айтылмайтын жағдайға келеді, тұрақтанған тілдік құбылысқа айналады. Мысалы, диалектілерде ұшырайтын егер сөзі әдеби тілде ер (көлікке салт мінгенде тоқымның үстінен салатын арнаулы жабдық. Тарихи ескерткіштердің лексикасында кездесетін йегрен сөзі қазіргі қазақ тілінде-жирен қызғылт сары-көбіне жылқы малына байланысты айтылады. Бұл сөздерден г дыбысының түсіп қалуы-уақытша құбылысы емес, этимологиялық талдау барысында анықталатын тарихи құбылыс.
Элизияның бір түрі-апокопа. Мұнда сөздің соңындағы дыбыстар түсіп қалып ықшамдалады. Мысалы, «сары» сөзінің алғашқы формасы «сарығ» екені тілшілер қауымына белгілі. Тілдің даму барысында қазақ тілінде аталған сөздің соңындағы ғ дыбысы айтылмайтын болған. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдағы «ұлық» сөзінің «ұлы» болып, «кішік» сөзінің «кіші» болып өзгеруі де апокопаның нәтижесі.
Сөз басындағы дыбыстардың түсіріліп айтылуы жергілікті говорларда да байқалады. Мысалы, «еш нәрсе қамады» деген тіркесте «қалмады» сөзінің л дыбысы түсіп қалған. Мұндай құбылысы негізінен оңтүстік шығыс говорларында ұшырасады. Сондай-ақ әдеби тілімізде жарыса қолданылатын «тарқау-тарау» сөздерін бір-бірімен салыстырсақ, қ дыбысының тұрақсыздығын байқар едік.
Сөйлеуші дыбыстау органдарына күш түсірілмеуі салдарынан дыбыстарды ғана емес, буындарды да түсіріп айтады. Бұл факті әсіресе ауызекі тілімізде елеулі орын алады. Мысалы, «болып-боп», «қалып-қап», «келіп-кеп», «барамын-барам», «көремін-көрем» т.б.
Сөйтіп, мысалдардан көрінетіндей, элизияға немесе апокопаға ұшыраған дыбыстар кейде уақытша түсіріліп айтылса, кейде толық сыңары мен толық емес сыңары жарыса қолданылады. Белгілі бір дыбыстың немесе буынның мүлдем түсіп қалып, тұрақталып орнығуы, сөз жоқ, қысқарып ықшамдалудың жемісі. Қатарласып келген екі буынның біреуінің түсіріліп айтылуы (мысалы, қайсысы-қайсы) тіл білімінде «гаплология» деп аталады.
Үнемдеу-ежелгі дәуірден келе жатқан тілдік құбылыс. Дыбыстардың, буындардың бірте-бірте түсуі сөздің формасын адам танығысыз дәрежеде өзгертіп жібереді. Үнемдеу заңы тарихи жазба ескерткіштерде де, оның диалектілерінде де өзінің ізін қалдырған. Сол ізге түсіп, түбірлердің, қосымшалардың ең алғашқы күйі қандай болғанын болжамдауға болады. Ең алдымен тілдік фактілерге назар аударалық. Орхан-енисей ескерткіштерінде, «Қутадғу билиг», «Дивану луғат-ит турк», «Мухаббат наме», «Гулстан бит-турки», «Хусрау уа Ширин» әдеби нұсқаларында мына төмендегідей дыбыс қысқарулары жиі ұшырайды.
сөз ортасында: чомғуқ-чомуқ; кергак-керак, қазғуқ-қазуқ, қағадаш-қадаш, қапғақ-қапақ, қағатыр-қатыр, қулқақ-қулғақ-қулақ, қуртға-қурта, йалбырғақ-йапырғақ, тамғақ-тамақ т.б.
ҮІ-ХІҮ ғасыр аралығындағы ескерткіштерде қ,к,ғ,г дауыссыздарының сөз құрамында бірде сақталып, бірде сақталмағанын байқасақ, кейінгі кезеңде бұл процесс тездеген, гуттурал дыбыстар көп жағдайда мүлде айтылмайтын болған. Көне нұсқалардағы тілдік фактілер қазақ тілімен салыстырылғанда бұл өзгерістердің сипаты айқындала түседі: буғра-бура, буғдай-бидай, күргәк-күрек, оғры-ұры, оғуз-уыз, тоғра-тура, тумағу-тұмау, игнә-ине, қағун-қауын, қуғу-қу, тарғақ-тарақ, қулғақ-құлақ, қуруғсақ-құрсақ, қуруғсақ-құрсақ т.б. Уақыт өте келе адам организмінің табиғи өзгеруі, тіл арты дауыстылары мен дауыссыздарының тіл адына қарай жылжуы гуттурал дыбыстарды ығыстырды, бұл процесс келешекте де жалғаса береді.
қ,к,ғ,г дыбыстары сөз соңында, сөз ортасына қарағанда, көбірек түсіріліп айтылған. Бұл құбылыс ХІІ-ХІҮ ғасырларда түркі тілдерінде мықтап орын тепкенге ұқсайды. Қазіргі тілдерде сан жағынан әлдеқайда артқан.
Н,ң дыбыстарының түсірілуі. Ежелгі дәуірде түркі тілдерінде бұл дыбыстар сөз басында қолданылмаған. Сондықтан н мен ң сөз ортасында , сөз соңында ғана элизияға ұшыраған. Сөз ортасында да н мен ң түсе бермейді. Жұрнақ, жалғау қосылғанда ғана кейбір түбірлерден бұл дыбыстардың түсіп қалатыны байқалады: қандаш-қадаш, туйнақ-туйақ, анлар-олар, т.б.
Өлі жұрнақ. Көптеген жұрнақтардың түбірін табу қиын. Анықтап зерттесе ғана түбірін ажыратуға болады. Мысалы, сын есімнің жұрнақтары тег-тег-тек-ата тегі. Оны салыстыра қарастырса, -тағ,-дағ түріне апаруға болмас еді. Сондай-ақ , басында бір сөзден, яғни бір түбір тұлғадан жұрнаққа ауысқанда олардың түрі көбейеді. Етістік бір түбірден жұрнаққа ауысқан түбір екеу екені бірден көрінбейді. Айталық, қас+қыр деп бөріні атаса, малға шабады-мыс деген ұғымнан шаққанын білеміз. Мұның екі түбірі де айқын. Ұш-қыр дегенде, жаңағы қыр жұрнағына толық үйлестік бар екені көрінеді. Дұрысы олай емес, мұның екі компоненті де өзгерген ұс (ас) және қар. Ұш-құстың ұшуы емес пе? Сол ұшудан алынған, ол-рас. Бірақ ұш түбірінің көнесі ұс, арғы тегі-ас, -қар жұрнағы жоғарыда айтылған қар, қарай, қару, ар.
Сөз тудырғыш жұрнақтар негізгі екі арнадан шыққанын айта кету керек. Біреуі басқа сөздердің шылауына ере жүре мағынасын жоғалтып түрленген. Бұлардың жұрнаққа айналу жолдары негізінен сыбайлас. Ал, жұрнақтың өзгеруі сан қилы. Сондықтан тақыр тақ+йер (тақ+дер) тақыр жер ме? Болмаса, тақ+қыр ма? Осы сияқты жалаң түбірлер мен қатар есім сөздер етістік түбірден жұрнақ арқылы жасалатынын айта келіп, М.Қашқари бұрын ешкім айтып көрмеген, қолданылмаған жаңа қағида шығарды. Жұрнақ арқылы сөз жасаудың жаңа жолын тапты. Сөйтіп ол жоғарыда саналған он екі (шынында 22) варианттарын қоса, онан да көп жұрнақты жеке-жеке көрсетті. Енді сол жұрнақтарды қарастырайық.
Етістік түбірінен жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді топтастыруы ашық қалып отырады. Қылынышланма (қыл+ын+ыш+ла+н+ма) деген сөздің морфемаларын жіктесек: қыл-түбір етістік, -ын –ырықсыз етіс, -ыш қимыл атауының жұрнағы, -ла етістіктің бұйрық рай жұрнағы, -н ырықсыз етіс, -ма етістіктен есім жасайтын жұрнақ. Сөйтіп, бір түбірге қат-қабат жалғанған бес жұрнақ бар екен. Бұл алуандас сөздер диуанда баршылық. Мысалы: юм+ыр+т+ға үш жұрнақты болса да, М.Қашқаридың түсінігінше, өлі жұрнақ тобына кіреді. М.Қашқари дәуірінде осылай топтастыру дұрыс десек: қарын+ча а жұрнағы тобына жатады да, қарын+чак қ жұрнағы тобына жатады. Сөйтіп бір жұрнақ екі топқа жарылады. Мұның қолайсыздығы міне осында. Осының өзіне де былай болуы оңайға соқпаған. Сондықтан да ол :-Осы сөздік түбіме жетті (өмірімнің ақырына жеткізді),-деп, қынжылған. өлі жұрнақ тобындағы жұрнақтардың жайы міне осындай. Есте болатын жай, жұрнақтың тегін іздегенде, ешбір жұрнақ жалаң дауыстыдан жасалған емес.
М.Қашқари диуанында бұл жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалуда –ат, ет, ыт, іт, т тұлғалары түгел қамтылған. Мысалы: тіг, тігіт, тігу етістігінен, чығ-шығыт (шығу), түб (түп)-түбіт, сығ (сық)-сығыт (сықпа, сығынды), құр-құрт, көч-көчет, у-уыт, өл-өліт (өлітші-өлтіруші) тағы басқалары іт дыбысына аяқталатын жұрнақтар, бірақ бұлардан кейін келетін қосымшалар өте көп. Ондайлар М.Қашқари диуанында жиі ұшырайды. Мысалы, ұлтланды, үгітілмек, өл-өлтілмек (өлтіріспек) деген қоысмшалар қосыла береді.
Мысалы, ұр етістігінен ұр+ыс есімі жасалған екен. Мұның екі мағынасы бар: бірі: -соғыс, таяқпен ұрыс, екіншісі ұрыс, ұрысты, сөзбен ұрысады. Аз да болса, дыбыстық жарықшақ кіре бастаған. Алдыңғысы-бір құрал алып ұрысу, соғысу, сол баяғы күйін сақтаса, соңғысын –сөзбен ұрысады маған-деп, жұрнақтағы қысаң ы – дыбысы түсіріліп айтылу нәтижесінде іргесін аулақтата бастаған. өйткені, тіл-тілдің бәрі де омонимнен аулақ болғысы келгенде дыбыстық, тұлғалық дифференцияны қолданады. Ортақ етіс жасағысы келсе, ұрысады болады. Сөйтіп бірі –ұрыс, екіншісі-ұрс болып бөліне бастаған екен. Осылай бола тұрса да, ортақ етістен ажырап кетті дей алмаймыз. Өйткені бұлардың көпшілігі обьект, субъектісін дараламай, екі, онан да көп болуын талап етеді. Мысалы, күрес –кіммен, немен деген сұрауды ойымызға салады. Шығыс, неден деген орын туралы ұғымнан ажырамайды. Ойнап қырға шығысты дегенде , екі батыр бір төбеге шықса да, екеуі екі төбеге шықса да мейлі, екі жақта біріне-бірі қарсы шықса да бәрібір- екеуінің әрекетін ұластыруға дәнекер –осындағы ыс жұрнағы. Қорытып айтқанда, бұл жұрнақ есімде де, етістікте де қалайда аралас қатыстықты білдіреді.
14 12 2014
1 стр.
Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысын
18 12 2014
4 стр.
Соңғы кезде жүктеулі дифференциалдық теңдеулерді оқуға көп көңіл бөлінді, өйткені оларды пайдалану аймағы кеңеюде. Жүктеулі теңдеулерге арналған еңбектерге, А. Кнезер, Л. Лихтенште
14 12 2014
1 стр.
Орталық Азияның XVI ғасырдағы атақты тарихшысы, әдебиет майталманы Мұхаммед Хайдар Дулаттың (1499-1551) өмірі мен шығармашылығын зерттеу мен зерделеу әдебиеттану, тарих, философия,
15 09 2014
4 стр.
Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы қазақ әдебиеті тарихындағы әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Бұл роман 1941-1945 жылдары неміс басқыншыларына қарсы күресте
16 12 2014
3 стр.
Тақырып 7: «Инфестациялардың (қотыр) жалпы сипаттамасы. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.»
25 12 2014
1 стр.
Бұл тарауда қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскерлікті зерделеу қаралып, жалпы Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы жан-жақты ашып көрсетілген
25 12 2014
1 стр.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
25 12 2014
4 стр.