Перейти на главную страницу
Тіркеу №__________
Аты,жөні,тегі__________________________________________________________________
Өскемен 2007.
АННОТАЦИЯ
ӨҢДЕЛДІ: ОРСАЕВА РАИСА АНУАРҚЫЗЫ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОМК ҰСЫНЫЛДЫ.
ЮНИТА 1 Криминологияны ғылым ретінде қарау
ЮНИТА 2 Қылмыс және қылмыстық әрекет
ЮНИТА 3 Қылмыскерліктің детерминациясы және себептілігі
ЮНИТА 4 Қылмыскерлікпен күрес
ЮНИТА 2 Қылмыс және қылмыстық әрекет
Бұл тарауда қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскерлік, қылмыскерлікті зерделеу қаралып, жалпы Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы жан-жақты ашып көрсетілген.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
студенттері үшін.
3 Мазмұны
Аннотация
5
Мазмұны
Аннотация
6
Қылмыс және қылмыстық әрекет
Қылмысты, қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминология және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады.
Қылмыстық-құқықтық тәсiлде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды бұзған өзiнше оқшауланған aктіci ретiнде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементi арқылы талдау жағынан аударылады. Ол элементтер: объект, объективтiк жақ, субъект және субъективтiк жақ. Қылмысты жасау сатылары қылмыстық-құқықтың критерийлер негiзiнде бөлiнiп алынады.
Криминологиялық тәсiлде қылмыс бiрiншiден, адам үшiн сыртқы орта болып табылатын жағдайларда және адамның өзiнiң сипаттамаларымен бiр мезгiлде, екiншiден, бiр кездiк акт емес, кеңістік пен уақытта дамитын белгiлi бiр процесс ретiнде талданады.
Талдаудың бұл eкi аспектici тек теориялық емес, практикалық та маңызғa ие. Қылмыстың қылмыстық-құқықтық талдамасы адам қылмыстық заңның нақты нормасында көзделген (тыйым салынған) ic-әрекеттi жасады және соған сәйкес ол қылмыстық жауаптылық көтеруге жатады деп тану ушiн қажеттi және өзге адамдардың сондай қылмыстар жасауының алдын алу үшiн не жасау керек; айыптыға қатысты және жасалған қылмыстық әpeкeттiң келеңсiз әлеуметтiк салдарларын болдырмау мақсатында заң шеriнде қандай нaқrы шараларды қабылдағaн жөн екендiгiн түciнyгe мүмкiндiк бередi.
Заң қылмыстың өзiнiң қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаттамаларымен бiрге зерттелуiн талап етедi. Анықтама, алдын ала тергеу жүргiзгенде және icтi сотта қарағанда дәлелдеуге жататын мән- жайлар iшiнде қылмыстың сылтауы, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар (жауапкершiлiктi жеңiлдетeтiн және ауырлататындардан басқа), сондай-ақ қылмыс жасаудың себептерi мен жағдайлары сияқтылар да бар.
Қылмыстық іс-қимылдың тетігі
Қылмыстық ic-қимылдың тeтiгін қарастырғанда адам үшiн сыртқы орта мен оның жеке басының қасиетi өзара әрекеттесе отырып қылмыс жасауға сылтаудың (мотивация) туындауын, ол туралы шешiм қабылдауды, қабылданғaн шешiмді орындауды, одан кейiнгi мiнез-қулығын сипатын анықтайтындығы ескерiледi.
Бұл схеманы мына мысалмен көрсетуге болады: бақуатты адамдардан кем тұрмасам, сол үшiн материалдық молшылыққа кеңелсемдеген сылтау қалыптасады. Сонан соң адам мына шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды: молшылыққа жетудiң заңды жолын таңдау (заң факультeтiн бiтiру, шетел тiлiн үйрену және айлығы көп жұмысқа туру), не қылмыстық жолға тұру (урлау, қорқытп алу және т.б.). Бiрақ бұл шешiм оқталған объект жақсы қорғaлатындықтан жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қылмыс жасалған күннің өзiнде де ұрлық затын пайдалануға, қылмыс iзiн жасыруға және т.б. байланысты мәселелер туындайды.
Сылmау қылмыстық iс-қимыл себебiнiң туындау, қалыптасу процесiн және оның мақсатын қамтиды. Ic-қимылдың сылтауы әрекет жасауға iштей ұмтылыс, сыртқы орта мен нақты жағдайдың ықпалынан туындаған және асықанан мұқтаждық, мүдде, сезiм анықтайтын ниет. Сылтаудан кейiн белгiлi бiр ic-әрекеттiн алдын ала көрінген және қалаулы нәтижесi ретiнде мақсат қалыптасады.
Қылмыс жасау туралы шешiм қабылданғанда сол ниеттi жүзеге асырудан болуы мүмкін салдарлар болжамданады, нақты жағдай, өз мүмкiндiгi және басқа мән-жайлар ескерiлiп алдағы әрекет жоспарланады, қылмыс құралы таңдалады.
Қалыптасқан жағдайдың және бойындағы мұқтаждықтың мүдденiң, сезiмнiң ықпалымен адамда белгiлi бiр мақсат орнық қаннан кейiн онда бiршама «кiдipic» болады. Әдетте, адам сол мақсатқа сәйкес бiрден әрекетке кешпейдi, ол мақсатын қоғамдағы моральдық құқықты жәнe басқа нормалармен, қoғамның және топтың пiкiрiмен, жақын адамдар пiкiрiмен өлшеп көредi. Сонымен қатар ол объективтiк факторларды, оның iшiнде сыртқы әлеуметтiк бақылаудың (объектiнi күзету жүйесiн немесе кәсiпорындағы есеп-қисап жағдайын және т.б.) ахуалын ескередi. Сондай-ақ қылмысқа тосқауыл қою, оны ашу және айыптыларды жазалау практикасы да ескерiледi. Қылмыстан не пайда, не зиян болатындығы салмақтанады. Мысалы,
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
8
әңгіме аса ipi соманы ұрлау жайында болса, ол үшiн жаза ретiнде сол сомадан едәуiр аз айыппұл салынатын болса, әрине ондай қылмыстан адам пайда көpeдi. Бұл кезеңде сол адамның санасының сипаттамасы, сондай-ақ ол араласып жүрген немесе өзi елiктейтiн адамдар мен топтардың санасы үлкен рөл атқарады. Егер төңiректегiлер жалпы қылмысты айыптағанмен экономикалық қылмыстарға саусақ арасынан қарайтын болса, онда заңсыз баюға бағдар алған адам ұрлық жасауды емес, басқа қылмысты, мысалы, пара алғанды жөн көредi. Егер төңiректегiлер iс-қимылдың қылмыстық түрін мүлде айыптайтын болса және сол шешiм қабылдаған адамның өзi қылмыстық жазаланатын ic-әрекетке жол беруге болмайды деп санаса, онда ол қылмыс жасаудан бас тартуы не оны басқалардың күштi қылмысымен немесе қалыптасқан мән-жайға байланысты жасауы мүмкін. Сонымен, шешiм қабылдау сатысында адамда туындаған ниет қоғамда қалыптасқан нормалармен, пiкiрлермен, көзқарастармен, болуы мүмкін салдарлармен тауы бiр салыстырылады. Қайта құрудың белгiлi бiр кезеңiнде тыйым салмағанан бәрiне рұқсат» деген ұран болған. Бұл қылмыстық ic-қимылға тоск,ауыл болатын жене елеуметтiк реттеушi мiндетiн аткдрушы тек зан FaHa емес, сонымен к,атар моральдык, нормалар, дiни, этикалык, кдmдалар, экономикалык, ережелер де екендjпн елемегендiк едi. Әрбiр шешiм қабылдарда бұлардың барлығы жиынтыққa ескерiлуi тиiс. Қабылданған шешiм заңға, әcipece қылмыстық заңғa қайшы келе ме, бұл - «қорғаныстыңшсоңғы шебi», оны аттап өткен адам қылмыстық заңның әрекет аясына түседi.
9
Қылмыстар және қылмыскерлік
Бұл - қылмыскерлiк анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыскерлiк көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініc табады. Қылмыскерлiктiң қылмыстың жекелеген турлерiмен салыстырғандағы ерекшелiгi – оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бiр қылмыстың саны статистикалық талдауға келедi, нәтижесiнде белгiлi бiр статистикалық заңдылық анықталады.
Сондықтан да, қылмыскерлiк жайында тек қылмыстардың көптігi деп сөз болса, назар ол жайындағы мәлiметтердiң статистикалық талдамасына аударылады, қылмыскерлiктiң жайы, құрылымы динамикасы зерттеледi.
Бірақ қылмыстарды жаппай деп зерттеу олардың сол жаппайлықта көп жаңа сипаттарға ие болатындығын көрсетiп отыр. Әр түрлі қылмыстар арасында белгiлi бiр қатаң қатнастар байқалады. Мысалы, ашылған және тiркелген жеңiл дене жарақаты, ұрып-соғу фактiлерiнiң қару алып жүрумен байланысты қылмыстардың саны азайғанда адамның өмipi мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыстap саны артады.
Қылмыскерлiк пен қылмыстардың уақытпен байланысын жалпының жекемен байланысы деп қабылдай бастады. Жалпы, бiздiң бiлуiмiзше, жекенiң сипаттамасын қайталамайды. Мынадай ұқсастық бар: су тамшысында өзiне ғaнa тән сипаттама бар. Ал көп тамшы қосылса бұлақ өзен, теңiз, мұхит болады. Егер мұхиттан су тамшысын алсақ, онда оны жоғары көрсетiлген сипаттамаларды анықтау турғысында зерттеймiз. Ал, мұхитта су тамшысына тең емес бар, ол ағады, толқиды, тасиды және т.б.
Қылмыскерлiкте де тура осындай жағдай. Оны тек қылмыстар көптiгi деп қарағанның өзiнде де, ол басқадай жаңа сипаттамалармен сипатталады.
Қылмыстардың көптiгiнен қылмыстық iс-қимылдың тұрақтылығын да (рецидив), ұйымдасқандықты да (қылмысты ұйымдасқан құрылымдардың жасауы), қылмыс
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
10
көптiгiнен қоғамға келетiн қауiптi де байқауға болады.
11
Қылмыскерлік жүйелік-құрылымдық құбылыс ретінде
Бұл мiндет күрделi құбылыс ретiнде қылмыстың қоғаммен органикалық бiрлiгiн зерттейтiн, оның әр түрлi нысандарының өзара байланысын зерттейтiн криминологтер алдында да қалайда туындайды.
Қылмыскерлiк дегенiмiз өзара байланысты элементтердiң бөлгiлi бiр жүйесi, онда едәуiр дербестiк, оның жекелеген элемeнттepiнe тән емес сапалы сипаттама бар. Сондықтан да қылмыскерлiктiң өз тарихы, даму логикасы бар.
Қылмыскерлiк бүтiндiк сипаты және басқа құбылыстардан бөліктігі мүлде айқын емес жүйелер типiне жатады. қылмыскерлiк бiрiмен-бiрi байланысты емес әр түрлi қылмыстардың конгломераты деген де пiкiрлер бар.
Қылмыскерлiктiң жүйелiк сипатының негiздемесi мыналарға суенген:
а) қылмыскерлiктi әдеуiр жалпы жүйенiң - бүтiндей қоғамның элементi ретiнде, сол қоғамның ерекше шағын жүйесi деп тану;
ә) қылмыстықтың белгiлi бiр бүтiндiгiн негiздеу;
б) қылмыскерлiктiң бiрiмен-бiрi өзара байланыстағы, барлық қылмыскерлiкке бүтiндей жаңа сапалы сипаттама беретiн, оның жекелеген элементтерiнен өзгеше нақты элементтерiн бөлiп алу.
Жүйеге қойылатын талаптардың бiрi - «осы жүйенi қамтитындай кемiнде бiр үлкен жүйенiң болуы».
Қылмыскерлікке қатысты алсақ үлкен жүйе деп қоғамды санауға болады. Қылмыскерлiк - қоғамда болатын және онымен тығыз байланыстағы құбылыс. Оның түрлерi мен элементтерi тым болмаса қылмыстың тұтас, ортақ детерминанты ретiндегi қoғaм арқылы өзара байланысты.
Нақты зерттеулер ұрлық, зорлау, адам өлтiру, сапасыз өнім қорғapy, есептi бұрмалау сияқты әр түрлi қылмыстардың аймақтық, әлеуметтiк ортамен детерминациясының ортақ бағытын көрсетiп отыр. Бiр үлкен қалада ipi өнеркесiптiк
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
12
кәсiпорын негiзгi «жұмыс берушi» деп саналған. 70 жылдардың аяғында қысқа мерзiмде өндiрiс көлемiн үштен бiрге ұлғайту жөнiнде тапсырма келтірiлген. Ал, әлеуметтiк проблемаларды шешуге қажеттi қаражат кәсiпорынға бөлiнбеген.
Бұрын сотталғандар, «көптi көргендер» билiк тiзгiнiн қолдарына алды. Олар жастарды өзiнше «тәрбиелей» бастады. Ал айтқанына көнбей, айдауына жүрмегендерге зорлық -зомбылық жасалды. Қалада ұрлық әйел зорлау және басқа қылмыстар кебейдi.
Кәмелетке толмағандар мен ересек адамдардың қылмыстылығын, пайдақорлық және зорлық-зомбылық қылмысты зерттеушiлер қылмыстылықтың бұл түрлерiн тудыратын әлеуметтiк-экономикалық әлеуметтiк-психологиялық факторлардың уқсас екендiгiн байқады. Бұл аталған факторлар қылмыстық ic-қимылдың бiр-бiрiмен әр түрлi байланыстарындағы өзiнiң нысандарын, ықпал ету тетіктерінің бөлек екендiгiн анықтайды.
Қылмскерлiктi ол үшiн неғұрлым жалпы жүйенiң (бipақ бүтiндей қоғамнан кiшiлеу) бөлiгi peтінде келеңсi, әлеуметтiк ауытқулар peтіндe қарау керек. Бұл ауытқулар әр қилы: көлеңкелi немесе қосарланған экономика, маскүнемдiк, нашақорлық, жезөкшелiк, өзiне-өзi "ол жұмсау және т.б. Қылмыскерлiктiк келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардан айырмашылығы оның қоғaм үшiн аса қауiптiлiгiнде.
13
Мұндай бағаны мемлекет қылмыстық заңға берген.
Қылмыскерлiктiң ерекшелiгi туралы айтқанда оның қылмыстық жаза көзделген ең қатаң тыйымды көптеген азаматтардың айыпты бұзғандығын еш нәтижесi екендiгiн ескеру керек. Нормаларды қылмыстық заңмен қopғay оларға жаңа сапа бередi. Керiсiнше, бұл нормаларды бұзу да жаңа сапаға ие болады,
Қылмыскерлiк тepic әлеуметтiк ауытқулардың ең шыңында тұр. Криминологиялық зерттеулер көрсетiп отырғандай, қасақана ауыр қылмыc жасаған жағдайларда 90%-ынен астамында айыптының мiнез-құлқын бұрындары тepic ауытқулар байқалғанын. Нормаларында немесе оң ауытқулардан қылмысқа бiрден секiрiп өту де болады, бiрақ ол айрықша жағдайларда не айыпты адамның көңіл куйiнiң ерекше толқуы кезiнде (аффект) орын алады.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
14
Ұйымдасқан қылмыскерлік ұғымы
Ұйымдасқан топтар бiрнеше адам қылмысты, тiптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшiн алдын ала бiрiгiп, соған жан- жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасайды барлық күш-жiгерiн сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бiрлесiп шешедi, нақты жағдайға қарай оған тузетулер енгiзедi. Ұйымдасқан топ бiр қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін. Мысалы, банктен ақшаның ipi сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшiн қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдардың тұрақты тобы деп анықтама берiлген, ал банда - адамдарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшiн құрылатын тұрақты қарулы топ.
Қылмыстық әpeкетін ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әр түрлi субектiлердi тартумен байланысты.
Ic жүзiнде олар жеке тұлғаларалар да, әр түрлi қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, заңды тұлғалар да, мысалы, солар арқылы қылмыстық табыс заңдастандырылған және молаятын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстық әрекетке қатысушы әр түрлi субъектiлердiң жұмысын үлестiру қажеттiгi туындайды. Саны едәуiр әр түрлi қылмыстық субъектiлердiң күрделi, көп аспектiлi ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтiң басқарғанда ұйымдасқан қылмыстық құрамаларды тұтас организм ретiнде басқаратын арнайы құрылымдар құрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және қылмыстық кодекстiн Ерекше бөлiмiнде көзделген нақты қылмыстарды тiкелей жасаушы құрылымдарымен қатар басқарушы функциялар мен құрылымдар
15
(ұйымдастырушылар, жетекшiлер); қылмыстық ұйымның өзiне тән мұқтаждық арын қамтамасыз eтeтін функциялар құрылымдар (талдау бөлiмшелерi, өзiнiң қауiпсiздiк қызметiң қылмыстық табысты заңдастыру және т.б.) бөлiнiп алынады. Қылмыстық ұйымдарды құрудың негiзi осындай.
«Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы» федералдық занның жобасында қьлмыстық ұйымға мынадай анықтама берiлген: «Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру;
ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойынша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар».
Қылмыстық ұйымдар, өздерiнiң қылмыстық әpeкeтiн қорғау мақсатында мемлекеттiк құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған мiндеттерiн теpic арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенедi. Осыдан барып мемлекеттiк органдар жүйесiнде және кәсiподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттiк емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады.
Қылмыстық әрекет заңды кәсiпкерлiкпен, басқа да қоғам жол беpгeн тiптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл - халықтың наразылығын тудырмай олардың қылмыстық әpeкeтiн әшкерелеуге едеуiр қиындық тудыpaды. Олар мұқият жасырынады, 'заң шығарушының алдын орағытады, оларың
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
16
қателiктерiн жақсы пайдалады, қолайсыз құқықтық шешiмдерден ертерек caқтaнaды.
Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзiне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және оларды беру; құқық қорғау институттарын әpeкеттepiн бейтараптандыру, негiзгi әлеуметтiк -экономикалық қызметтердi пайдалану, iшкi құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай «заңды» көpiнyi.
Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуiнде ықпал ету өpiciн бөлiсу, мемлекетке бiрлесiп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды.
Ұйымдасқан топтардың бандалардың қылмыстық ұйымдарды бұл өзара әpeкeттecтiгiн ақпарат алмасуды, құкық қорғау жүйелерiн, өзге мемлекеттiк құрылымдарды және азаматты қоғамның институттарын бейтараптандыру :және пайдалану үшiн, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлерiне көмек көрсетуде күш жiгердiң бiрiктiрiлуi қамтамасыз eтeтiн қылмыстық қауымдастық пайда болады.
Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негiзiнде бiрлескен ұйымдасқан қылмыстық әрекет негiзiнде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа сипат бар.
Қылмыстық қауымдастықта өзара қарым-қатынасты қылмыстық ұйымдар мен оның элементi болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкiлдерi немесе тiптен, өзiнше жұмыс icтейтiн кәсiби қылмыскерлер жасайды.
Қылмыстық қауымдастық ол - басқа қылмыстық құрамалар үшiн жоғары тұрған саты емес, ол өзiнше үйлестiрушi орган, кәсiби қылмыскерлер үшiн онда қылмыстық кәсiподактар кейпi, ал, елдегi саяси процестерге ықпал өте бастаса - партия кейпi бар.
Қазакстанда қазiргi кезде бiрнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар бiрiмен-бiрi қиянкестік соғыс жүргiзуде (өртеп, өлтiрiп кетедi, көпе-көрiнеу атысады және т.б.)
17
немесе өзара мәмiлеге келедi.
Қылмыстық қауымдастық қылмыстық ұйымға толқтай айналуы немесе оның кейбiр сипаттарын иемденуi мүмкін.
Ұйымдасқан қылмыскерлiк - кең ауқымда қылмыстық әpeкeтi бар және ондай әрекет үшiн қолайлы жағдай жасаған, осы құрамаларға, олардың әpeкeтiнe және сыртқы өзара әpeкeттecтiктepiнe қызмет етуде басқарушылық және басқа функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекеттiк құрылмдаp мен азамaттық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделi жүйесi.
«Жүйе» ұғымы ұйымасқан құрамалардың жай көптiгiн ғана білдiрмейдi, сонымен қатар олардың органикалықұ бүтiндiгiн, олардың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың оның дамуы, қылмыстық табыстың задастырылуы және молаюы үшiн құрлым қолайлы жағдайдың бар екендiгiн де көрсетедi.
Ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң экономикасы, әлеуметтiк әрі рухани саласы бар, өзiнiң басқару , қауiпсiздiк, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесi, юстициясы,
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
18
өзiнiң iшкi және сыртқы саясатысы бар балама қоғам. Ол, шын мәнiнде, мемлекет, азаматтық қоғамның билеушi институттары, дiн ресми таныған және қолданған жүйеде орын тепкен балама болғантықтан, ic жүзiнде, жалпы адам қоғамы құрылымдарының бiрi болып табылады, тиiсiнше, «ресми» қоғам дегенмен өзара әрекеттеседi. Олардың арасында
Мұндай жағдайларда әр түрлi жеке және заңды тұлғалар «көзжұмбайлық.» жасайды, олар бiр «сүйкiмдi» адамдарға қызмет көрсеттік деп ойлайды, бұл адамдардың қыллмыстық құрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендiгiн бiлмейдi.
19
Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау
Мынаны ұмытпау керек: қылмыскерлiк - қоғaм ағзасындағы жат дене емес, ол оның сипаттамаларының ондағы бар қатынастардың өзiнше өзгеруiнiң нәтижесi, тipi ағзадағы рак iciгi сияқты , оның қайта пайда болуы.
Ракпен ауырған бауырды алып тастау - адамды өмiрден айыру. Қылмыскерлiк қанша етек жайса да қоғам адамдардың өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қамтамасыз етуге тиiс.
Қылмыскерлік қоғамда болады, қоғам оны тудырады. Бұл тезис клиникалық криминология өкiлдерiнiң пiкiрiн өзгерте алмайды. Егер адамның туа бiткен немесе бойына кейiн бiткен қасиетi оның iс-қимылын қылмыстық деп кесiп көрсетсе, ол eci дұрыс деп танылмайды. Қылмыс дегенiмiз - белгiлi бiр жасқа жеткен, өз әpeкeт MeHiH угынатын жене оган басшылык. ете алатын eci дурыс субъектiнiн. айыпты ic-ерекетi.
Қылмыскерлiк - жай әлеуметтiк қана емес, әлеуметтiк-психологиялық құбылыс, себебi ол адамдардан және олардың iс-қимылынан, әpeкeтiнeн тысқарыда болмайды. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауiптi iс-қимылын көрсетiп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық.-құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешiмнiң басқа варианттарына жол беретiн жағдайлардағы айыпты iс-қимылды да көрсетедi.
Қылмыскерлiктiң әлеуметтiк мәнi қандай? Мұндай сұраққа Ф.Энгельс өзiнің «Жұмысшы табының Англиядагы жағдайы» деген кiтабында жауап берген. Ол әр түрлi қылмыстардың объективтiк ұқсастыгын бөлiп алған, сонан соң қылмыскерлiктi» теориялық ұғымын қалыптастырған: «Мұнда ұрлық жайында, полицияғаа шабуыл жайында, ата-анасы тастап кеткен некесiз балаға алимент төлеуге әкeciн мәжбүрлеу жайында, күйеуiн әйелiнiң уландырғаны жайында жариялайды. Осы тектес оқиғаларды ағылшынның барлық газеттерi хабарлайды.
20
Англияда әлеуметтiк соғыс жаппай жүрiп жатыр. Әpкім өзi үшiн және өзi үшiн басқалардың бәрiмен күресуде, ал басқаларға зиян келтiру керек пе, оны ол тек менмендiк тұрғыдан шешедi: қай жағы өзiне тиiмдi. Бiр сөзбен айтқанда, әpкім басқаның бәрiн жау көредi, жолында тұрғанды қағып кеткici келедi, немесе ез мақсаттарына пайдаланaды».
Бiрiншi нышан (тәртiптi сыйламаудың ең соңғы көрінісі) қылмыскерлiктi тepic ауытқушы iс-қимылдың өзге нысандарынан, екiншiсi (таза менменшiл есеп) - қылмыскерлiктi, идеалы халықтың әлеуметтiк өмip жағдайын жақсарту болып табылатын революциялық күрестен бөлектейдi.
Қылмыскерлiкке сипаттамалардың eкi тобы тән:
1) «сыртқы» сипаттамалар, олар қылмыскерлiктiң қоғамда қалай әрекет eтетінің оның қандай да бiр құрылымдарына таралатындығын: жалпы таралуын, сылтауын, әлеуметтiк бағыттылығын, қоғамға қауiптiлiгiн, әлеуметтiк-аумақтық, әлеуметтік-топтыкқ, әлеуметтiк-салалық көп таралғандығын көpceтeтін;
2) «iшкi»: ұйымшылдығын, белсендiлiгiн, тұрақтылығын көрсететін сипаттамалар.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
21
Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат
Қылмыскерліктің жағдайы мен үрдісін бағалау, ынымен күрестіің бағытын анықтау мақсатында оның орын мен уақыттың нақты жағдайларында жалпы таралуы және қоғамға қауіптілігі;
Нақты алдын алу шараларын дайындау мақсатында қылмыскерліктің туындауы мен орын алып тұруының ерекшелігін көрсететін әлеуметтiк сипаттамалар (сылтау, әлеуметтiк бағыттылық әлеуметтiк-топтық әлеуметтiк-сапалық әлеуметтiк-аумақтық көп таралғандығы;
құқық қopғay қызметiн жетiлдiру, қылмыстар рецидивiнiң және ұйымдасқан қьrлмыстың асқынуының алдын алу мақсатында қылмыскерлiктң өзiндiк, iшкi сипаттамалары (тұрақтылық белсендiлiк, ұйымшылдық).
Статистикада қылмыскерлiк түгелдей, тiптен қылмыстардың барлығы бiрдей көрсетiле бермейдi. Оның жасырын, жабық яғни латенттiк бөлiгi болады. Латынша latens (latentis) - жасырын, сырттай көрiнбейдi дегендi бiлдiредi. Қылмыскерлiктiң латенттi бөлiгi немесе «латенттiк қылмыскерлiк» деп қылмыстардың статистикада көрсетiлмеген бөлiгiн айтады.
3ерделеудiң басты мiндеттерiнiң бiрi - «статистикалық қылмыскерлiктi» емес, ic жүзiндегi нақты қылмыскерлiктi айқындау.
Қылмыскерлiктi талдау оның нақты сапалық және сандық сипаттамаларын айқындауға бағындырылуы тиiс. Бұл әдiстер кешенiн қолдануды керек етедi. Талдау барысында қьrлмыскерлiк пен оның өзгеруiнің криминологияда айқындалып қойған және әдебиетте баяндалған заңдылықтары ескерiледi. Бұл қылмыскерлiктiң нақты жағдайлардағы ерекшелiктерiн дәлiрек бағалауга, оның әр түрлi құрылымдылық элементтерiнiң жан,а үрдiстерi мен өзiндiк ара қатынастарын уақтылы айқындауға мүмкiндiк бередi.
Қылмыскерлiктi зерделеудегi тану жане бағалау
Қылмыскерлiктi зерделеу - талдау, тану мен бағалаудың бiртұтас екендiгiн көрсетедi. Тану процесiнде зерттеушi қылмыскерлiк туралы нақты мәлiметтер
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
22
малады, оны «суретке түсiредi» десе де болады. Әрине, әңгiме көрсеткiштер жүйесiнде көpiнic тапқан ерекше фотография жайында қылмыстар саны, айқындалған қылмыстар саны және т.б.
Егер әңгiме қылмыскерлiктiң алдын алудың тиiмдiлiгiн көтеру тұрады болса, онда оның әлеуметтiк ортада қылмыскерлiктiң туындay ерекшелiктерiн көpceтeтін сипаттамалары бiрiншi кезекте талданады. Сонымен қатар, қылмыстық әpeкeттің көбірек таралған әдiстерi туралы мәлiметтер қылмыстарды ашу жөнiндегi қызметті жетiлдiру процесiнде ерекше маңызға ие болады.
Жалпы тану мен бағалауды абстракцияда ғaнa ажыратуға болады. Қылмыскерлiкке бағаны оның «фотографиясын» алдын ала алмай, яғни танымай беруге болмайды, ал мақсатсыз, ешқандай болжам болмай оны тану ic жүзiнде мүмкін емес. Қылмыскерлiк оның салдарымен бipгe талданады . Оның iшiнде мыналар назарға алынады:
қылмыстың құрбандарының саны;
айырылып қалған пайданы қасқандағы материалдық залалдың мөлшеpi;
әр түрлi әлеуметтiк топтарға қылмыстың таралуы (олардың ішіндегі қылмыс жасаушы және жасаған адамдардың үлестiк салмағы);
халықтың бөлгiлi бiр бөлiгiнiң «әлеуметтiк қараусыз қалуы» (әр түрлi көpiнicтeгi нашақорлықтың жезөкшелiктiң қадағалаусыздықтың панасыздықтың оның iшiнде қылмыскер отбасынан шыққан балалардың сондай-ақ өзгедей келеңсiз әлеуметтiк ауытқ'улардың кең таралуы; олармен қылмыскерлік өзара 6айланысты;
өмip тiрлiгiнiң әр түрлi салаларына қылмыстың таралуы (мысалы, реформа кезеңiнде Қазақстанда капиталдық 55%-ы экономикада және дауыс бepeтiн
23
акциялардың 80%-ы қылмыстық, кланның қолына өткен. Бизнесмендердiң өздерiнiң мәлiметтерi бойынша кәсiпкерлердiк 30%-дан 50%-ға дейiнi тiкелей қылмыстық құрамаларға жұмыс iстейдi екен).
қоғамның өркениеттi, құқықпен қорғалатын кқұндылық-нормативтiк жүйесiн шайқалту, қылмыстық идеология мен психологияны тарату;
Қылмыскерлiктi талдауда перспективалық сипат болуға тиic. Басқаша айтқанда, қылмыскерлiктiң өткен шағын көрсетумен қатар оның алдағы жағдайы да болжамдануы керек. Ол болжам қылмыскерлiкпен күреске бағдарлама жасауға мүмкiндiк бередi.
Сонымен, талдау жұмысының мақсатты бағыттылығын қамтамасыз етудiң, сол мақсатты дұрыс анықтаудың бiр емес бiрнеше болжамдар жасаудың бұл талдамаға белгiлi бiр бағдарламалық , сипат берудiң және жаңа, кейде тосын, бағдарланбайтын мәліметтер алуға дайын тұрудың оларды мұқият бағалаудың маңызы зор.
24
Әдебиеттер
1. Алауханов Е. Как уберечься от преступника. Алматы: Өркениет, 2005.
2. «Криминогендiк», «антикриминогендiк», «криминалдық» терминдерiн дұрыс қолдану керек. Кейде «криминогендiк жағдай» деп қылмыскерлiктiң жайын айтады. Бұл ретте «криминалдық жағдай» деу керек.
3. Қараңыз: Қайржанов Е. И. Криминология. Алматы, 1995. ll-бет.
4. Жекебаев У.С. О социально-психологических аспектах преступного поведения. Алматы, 1971. 28-бет.
5. Қараңыз: Ван-Кан. Экономические факторы преступности. М., 1915; Познышев С.В. Основные начала науки уголовного права. М., 1912; Чубuнcкuй М.П. Курс уголовной политики. М., 1907; Криминология (А.И.Долгованың редакциясында. М., 1997. 15-30-беттер.
6. Конгрестер 1885 жылы Римде, онда Ломброзо идеясы үстемдiк еттi, 1889 жылы - Парижде (онда Ломброзо әлеуметтiк факторды ескермегенін мойындады), содан соң 1892 жылы - Брюссельде, 1846 жылы - Женевада, 1901 жылы - Амстердамда, 1906 жылы - Туринде өттi. Қараңыз: Журнал Министерства юстиции. 1901. №9.
7. Маркс К., Энгельс Ф. шығармалары. Т.2. 361-бет.
8 Мұнда Ф.Листтiң Ресейде - М.В.Духовскийдiң И.Я.Фойницкийдiң Н.С.Таганцевтiң, М.П.Чубинскийдiң және басқалардың үлесi зор.
9 Кан Уэдо. Преступность и криминология в современной Японии. М., 1989. 23-26-беттер.
10. Курс советской криминологии. Т. 1. М., 1985. 58-бет.
11 Қараңыз: Криминология / Н.Ф. Кузнецованың Г.М. Минковскийдiң редакциясында. М., 1994; Криминология / В.Н.Кудрявцевтiң, В.Е.Эминовтың редакциясында. М., 1997; Криминология / Н.А.Беляевтiң, И.В.Болгареваның редакциясында, СПб, 1992; Криминология / В.Н.Бурлаковтың және т.б. редакциясында. СПб, 1995. және басқалар.
12. Қараңыз: Ағыбаев А.А. «Қылмыстық құқық), Алматы: Жеты жарғы. 2003.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
25
13. Алауханов Е.И. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002 с.117.
14. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968; Механизм преступного поведения. М., 1981.
15. Франк Л.В. Потерпевшие от преступления. Душанбе, 1977. Черных Н.С.
Виктимологическая профилактика преступлений военнослужащих / / Преступность и законодательство. М., 1997.
16. «Қылмыскерлiк - таптық қоғамның белгiлi бiр мемлекетте, белгiлi бiр кезеңде жасалатын барлық қылмыстар жиынтығынан тұратын, бiршама жаппай, тарихи өзгерiп тұратын әлеуметriк, қылмыстық-құқықтық сипаты бар құбылысы» - деп жазды Н.Ф.Кузнецова. Н.Ф. Преступление и преступность. М., 1969).
17. Джекебаев У.С. Преступность как криминологическая проблема. Алма- Ата, 1974. 105-бет.
18. Қараныз: Гуров А.И. Профессиональная преступность. М., 1990.
19. Қараныз: Шнайдер Г.Й. Криминология. М., 1995. 127-бет.
20. Қайржанов Е.И. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, 1986. С.19.
21. Жунусов Б.Ж. Проблемы уголовно-правовой политики. Алматы, 1993.
22. Себепке мынадай әмбебап анықтама беруге талпыныс болған: «Кез келген қоғамдағы қылмыскерлiктiң ортақ себебi - объективтiк әлеуметтiк қайшылықтар». Қараңыз: Криминология / В.Н.Кудрявцевтің, В.Е.Эминовтың редакциясында. 1995. 76-бет.
23. Миндагулов А.Х., т.б. Причины преступности, Хабаровск, 1988. 12-бет.
24. Шаргородский М.Д. Преступность, ее причины и условия в соц. обществе // Преступность и ее предупреждение. Л. 1966, 30-бет; А.Н Ағыбаев. Уголовная ответственность за должностные злоупотребления в РК. Аламаты, 1995, 115б.
25. Жұмағали А. Криминология. Жалпы бөлiм. Дәрicтер. Алматы, «Lem» баспасы, 2003. 57-бет.
26. Дюркгейм Э. Норма и патология // Социология преступности. М., 1966. 27 Аванесов Г.А. Теория и методология крим. прогнозирования. М., 1972; Лунев В.В.
26
Мотивация преступного поведения. М., 1991 және басқалар.
29. Булатов С.Я. Возрождение Ломброзо в советской криминологии / / Революция права. N2 1. 1920. С. 48.
30. Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970; Дубинин ВЛ. және басқалар. Генетика, поведение, ответственность. М., 1982.
31 Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002 С. 133.
З2. Кудрявцев В.М. Правовое поведение: норма и патология. М., 1982.
33. Мәлiметтер Е.О. Алаухановтың «Пайдақорлык'-ЗОРЛЫК кылмыстардьщ алдын алудын: криминологиялык проблемалары» такырыбындаfыl 3.Г.д. гыл ... дарежесiн алу ушiн дайындалган диссертациядан алынды (Алматы, 2004, l3l-бет).
34. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. Алматы, 2002. С. 146
35. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002. С. 126.
36 Мауленов Г.С Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. Алматы, ғылым, 1999. с.б.
37. Қ.Р. Президентiнiң және Қ.Р Министрлер кабинетi актiлерi жинағы, 1992.
№ 27. 493-496-беттер.
38. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002. С. 187.
39. Скаков А. К. К вопросу о правовых основаниях назначения режима исправительной колонии в порядке исключения // Вестник Мин. Юст. РК. Алматы, 1995. 136 с.
40 Алауханов Е.О. Пайдакорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. З.ғ.д. ғыл ... диссертация. Алматы, 2004. 201бет.
41 Ибрагимов М.А. Влияние юридической и моральной ответственности на развитие сознания личности// Взаимодействие правового сознания с моралью и нравственностью
27
в обществе переходного периода. Алматы: Жетi жарғы, 1995. С. 197.
криминологиялық проблемалары. З.ғ.д. ғыл ... диссертация. Алматы, 2004. 230 бет.
43. Кудрявцев в.н. Правовое поведение: норма и патология. М., 1982.
44 Алауханов Е.И. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002. С. 199.
45 Жадбаев С. Х. Криминология. Алматы: Жетi жарғы, 2002. С. 93.
46. Ашитов 3.0. Вопросы дальнейшего укрепления социалистической законности. Алматы. 1976. С. 11.
47 Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002 С. 197.
48 Алауханов Е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. З.ғ.д. ғыл ... диссертация. Алматы, 2004. 82бет.
Бұл тарауда криминология пәнінің түсінігі, мазмұны және криминология ғылым ретінде қалыптасуы, дамуы қарастырылған. Криминология ғылымның методологиясы мен және криминологиялық тан
14 12 2014
3 стр.
Бұл тарауда қылмыскерлікпен күрес ұғымы, аспектілері, алдын-алу шаралары қаралып, қылмыскерліктің жекелеген түрлеріне криминологиялық сипаттама берілген
17 12 2014
1 стр.
Специальность 12. 00. 08 «Уголовное право и криминология; уголовно-исполнительное право»
08 10 2014
1 стр.
Бұл тарауда қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскерлікті зерделеу қаралып, жалпы Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы жан-жақты ашып көрсетілген
25 12 2014
1 стр.
Криминологические и уголовно-правовые проблемы защиты прав и интересов женщин в россии
25 12 2014
1 стр.