Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ШЫҒЫС

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ.
Дистанционды-кредиттік оқу

Тіркеу №__________


Жұмыс оқулығы
Оқушының

Аты,жөні,тегі__________________________________________________________________



КРИМИНОЛОГИЯ
ЮНИТА 4

Қылмыскерлікпен күрес

Өскемен 2007.


file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
АННОТАЦИЯ

ӨҢДЕЛДІ: ОРСАЕВА РАИСА АНУАРҚЫЗЫ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОМК ҰСЫНЫЛДЫ.
КРИМИНОЛОГИЯ
ЮНИТА 1 Криминологияны ғылым ретінде қарау

ЮНИТА 2 Қылмыс және қылмыстық әрекет

ЮНИТА 3 Қылмыскерліктің детерминациясы және себептілігі

ЮНИТА 4 Қылмыскерлікпен күрес




ЮНИТА 4 Қылмыскерлікпен күрес
Бұл тарауда қылмыскерлікпен күрес ұғымы, аспектілері, алдын-алу шаралары қаралып, қылмыскерліктің жекелеген түрлеріне криминологиялық сипаттама берілген.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ

студенттері үшін.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

3 Мазмұны



Мазмұны

Аннотация




  1. Криминологияны ғылым ретінде қарау

1.1 Криминология пәні және оның мазмұны

    1. 1.2 Криминологияның ғылым ретінде қалуптасуы және дамуы

    2. 1.3 Криминология ғылым жүйесінде

    3. 1.4 Методология және әдістеме ұғымы

    4. 1.5 Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану

    5. 1.6 Криминологияда нақты-социологиялықәдістерді қолдану

    6. 1.7 Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі





  1. Қылмыс және қылмыстық әрекет

2.1 Қылмыс криминологиялық зерттеу объектісі ретінде

2.2 Қылмыстық іс-қимылдың тетігі

2.3 Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет

2.4 Қылмыскерлік

2.5 Қылмыстар және қылмыскерлік

2.6 Қылмыскерлік жүйелік-құрылымдық құбылыс ретінде

2.7 Ұйымдасқан қылмыскерлік ұғымы

2.8 Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау






  1. Қылмыскерліктің детерминациясы және себептілігі

3.1 Қылмыскерліктің себептерін зерделеудің маңызы

3.2 Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері

3.3 Криминологиядағы себептілік ұғымы

3.4 Себептілікті әлеуметтік орта мен жеке бастың өзара әрекеттестігі ретінде қарау

3.5 Қылмыскерліктің себептері мен жағдайларының диалектикасы

3.6 Шектеулі детерминизм шегінде зерделеу

3.7 Қылмыскерліктің себептілігіжәне детерминациясын айқындау пропроцесінің жалпы сипаттамасы

3.8 Қылмыстың себептері мен жағдайларын зерделеу

3.9 Қылмыскерліктің себептілігі мен детерминациясын қылмыстар жайындағы мәліметтерді жинақтап қорыту жолымен айқындау


  1. Қылмыскерлікпен күрес

    1. 4.1 Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

    2. 4.2 Қылмыскерлікпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы

    3. 4.3 Қылмыскерліктің алдын алу

    4. 4.4 Құқық қорғау қызметінің криминологиялық аспектілері

    5. 4.5 Қылмыскерлікпен күрестің міндеті және негізгі аларлық бастаулары

    6. 4.6 Қылмыскерліктің жекелеген түрлерін бөліп алудың және оларды зерделеудің маңызы

    7. 4.7 Қылмыскерліктің сылтаулама негізінде бөлініп алынған жекелеген түрлерінің ерекшеліктері


file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

4


    1. 4.8 Қылмыскерліктің адамның жеке басын сипаттайтын демографиялық белгілер негізінде бөлінетін алынған жекеленген түрлерінің ерекшеліктері

    2. 4.9 Объектілердің сипаттамалары және қылмыстық қастандықтың тәсілдері негізінде бөлінетін қылмыскерлік түрлерінің ерекшеліктері

    3. 4.10 Ұйымдасқан қылмыскерлік, оның рецедивтік және кәсіби қылмыскерлікпен өзара байланысы




file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
5

Мазмұны
Мазмұны

Аннотация

4. Қылмыскерлікпен күрес


    1. 4.1 Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

    2. 4.2 Қылмыскерлікпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы

    3. 4.3 Қылмыскерліктің алдын алу

    4. 4.4 Құқық қорғау қызметінің криминологиялық аспектілері

    5. 4.5 Қылмыскерлікпен күрестің міндеті және негізгі аларлық бастаулары

    6. 4.6 Қылмыскерліктің жекелеген түрлерін бөліп алудың және оларды зерделеудің маңызы

    7. 4.7 Қылмыскерліктің сылтаулама негізінде бөлініп алынған жекелеген түрлерінің ерекшеліктері

    8. 4.8 Қылмыскерліктің адамның жеке басын сипаттайтын демографиялық белгілер негізінде бөлінетін алынған жекеленген түрлерінің ерекшеліктері

    9. 4.9 Объектілердің сипаттамалары және қылмыстық қастандықтың тәсілдері негізінде бөлінетін қылмыскерлік түрлерінің ерекшеліктері

    10. 4.10 Ұйымдасқан қылмыскерлік, оның рецедивтік және кәсіби қылмыскерлікпен өзара байланысы




Өзіндік жұмыстың тапсырмалары

Әдебиеттер


file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

6
Қылмыскерлікпен күрес

Қылмыскерлікпен күрес ұғымы және оның мазмұны

Қылмыскерлiкпен күрес дегенiмiз жүйелiк -құрымдылық қыз­мет, ол үш жүйенiң жиынтығынан тұрады: 1) күpecтi жалпы ұйым­дастыру; 2) қылмыскерлiктен сақтандыру; 3) құқық қорғау қызметi. Бұл әлеуметтiк басқару салаларының бipi және мыналар­ға ықпал етедi: а) қылмыс және қылмыскерлiк тудыратын себеп­тер мен жағдайларға; ә) қылмыскерлiктiң өз бетiмен детермина­циялануынан сақтандыру және оны тыю мақсатында оның өзiне.

«Қылмыскерлiкпен күрес» терминi құқықтық және басқа рес­ми құжаттарда, сондай-ақ ғылыми еңбектерде кеңінен қолданы­лады.

«Қылмыскерлiкпен кесiмдi күрес жүргiзудiң маңызы қазақстан Республикасында құқықтық тәртiп орнатуда ғана емес, со­нымен қатар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардың өміріне, бостан­дығына, мүлкiне т.б. құндылықтарына қол сұғу қылмыстарының саны ғана өскен жоқ, сонымен қоса қазiргi күнi ұйымдасқан қылмыскерлiк, жемқорлық тапсырыспен кici өлтiру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлерi пайда болды».

Бiрiккен Ұлттар Ұйымы қылмыскерлiкпен күрес және құқық бұзушылардың күтімi жөнiнде конгресс өткiзiп тұрады. Соны­мен қатар бiр қатар жұмыстарда «бақылау», «қарсы әрекет», кей­де «қьrлмыскерлiкпен соғыс» сияқты ұғымдарды пайдалану керек деген ұсыныстар бар. Бiрақ бұл терминдер қаралып отырған мәселенiң мәнін толықтай аша алмайды.

«Күрес» - дегенiмiз бiрiне-бiрi үстемдiк етудi мақсат тұтқан қарама қарсы мүдделердiң топтардың пiкiрлердiң белсендi қақты­ғысы. Бұл - әр уақытта қандай да бiр мақсатты көздейтiн қызмет. Заң қорғ'айтындармен бiтiспес қайшылықта болатын мүдделер, құндылықтар, мақсаттар қылмыскерлiктен өз көрінісін табады. Мұндай жағдайдағы мақсат – бәрiнен бұрын қылмыскерлiктiң де­терминация және себептiлiк процесiне, оның өзiне ықпал өте оты­рып қылықты, занның жаппай бұзылуына жол бермеу, ал ол бұзыла қалған жағдайда - айыптылардың қылмыстық iс-қимыл­дан бас тартуына қол жеткiзу және қылмыскерлiктi тыю үшiн айыпкерлерге мемлекеттiк



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

7

мәжбурлеу шараларын қолдану. Мем­лекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейдi. Сонымен, қылмыскерлiкпен күрес дегенiмiз - қоғамның қылмыскерлiкпен белсендi қақтығысы.



«Бақылау» деген сөз бiреудi, бiрдеменi тексерудi, бiреудi, бiрдеменi байқауды бiлдiредi.

Бұл ұғымды криминологияда пайдалану әлi күнге дейiн көңiлге қонарлықтай болған жоқ себебi әңгімe бұл жерде қылмыскерлiктi «байқау» жайында емес.

«Қарсы әрекет» басқа әрекеттi жою, «бiрдемеге қарама-қарсы жүру, оған кедергi келтiру» дегендi бiлдiредi. Ал, бiрiншiден, тек мемлекет қылмыскерлiкке кедергi келтiрмейдi, қайта қылмыс­керлiк мемлекетке, қоғамға кедергi келтiредi. Екiншiден, күрделi себептiк -салдарлық кешенi бар, оның iшiнде қалыпты заңның бұзылуына жол бермеудi, ол бұзыла қалғанда - айыптыға мемле­кеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануды қарастыратын әлеу­меттік құбылыс ретiндегi, қылмыскерлiкке ықпал ету шаралары­ның барлық жиынтығын қамтымайды.

«Ықпал ету», бұл - бiрдемеге қол жеткiзу мақсатында бiреуге немесе бiрдемеге бағытталған бiржақты әрекет. «Қылмыскер­лiкпен күрес» - eкi қарама-қарсы тараптың өзара әpeкeиттecтігінің айрықша түpi.

«Қылмыскерлiкпен күрес» терминiн қолданғанда қоғамның өнегелiк, құқықтық негiздерi мен қылмыскерлiк арасындағы бiтiспес қapaмa-қайшылыққа ғана бола назар аударылатын сияқ­ты. Егер бұл соғысты өмip үшiн емес, өлiм үшiн соғыспен теңдестiретiн болсақ онда ал соңғының шеңберiне сыйыспайды. Қылмыскерлiкпен күрестен басты мақсат - оның алдын алу, адам­ды қылмыc жасаудан сақтандыру, ал егер оның қылмыстық әpeкeтi айқындалса - ондай әрекеттiң сылтауы мен себептерiн бiлу, оған қолданылатын қылмыстық жазаны басқа шарамен алмастыпу мүмкіндігін қарастыру, қажетті әлеуметтік көмек көрсету.

Кейбiр авторлар ұстамдылық керек, қылмыскерлiкпен күресті coғыс жағдайына дейiн жеткiзудiң қажетi жоқ: дейдi, олар уақыт өзгере келе бүгiнгi қылмыскер мен жәбiрленушi ертең орында­рын алмастыруы мүмкін, ал шоқдардың екiншi басы бүгiнгi шоқ­пар ұстап тұрғанның басына тиiп қалуы ғажап емес дегендi айта­ды. Бұл - аса криминологиялық пессимизм теориясы. өкiнiшке орай, бiздiң елдiң тарихы,



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

8

саяси режимi тұрақты емес басқа елдердiң тарихы солай деп айтуға әжеп тәуiр негiз бердi. Әрине, өмip болған соң қорқынышсыз болмайды, бiрақ күндердiң күні сол қылмыстың құрбаны болып кетпеймiз бе'? Олай болмас үшiн мемлекеттегi саяси және құқықтық режимнiң тұрақтылығын қам­тамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдап, оларды жүзеге асыру керек., азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қopғay­дың сенiмдi жүйесi жасалып оның тиiмдiлiгiн көтеретін заңнама­лар шығару қажет.



Кез келген өркениеттi қоғам қылмыскерлiкке қарсы тұрады, олай болмаған жағдайда ол өз өркениеттiгiн сақтай алмайды. Ал бұл қарсы тұрушылық қылмыс жасаған aдaмғa қатысты да, жәбiр­ленушiге қатысты да заң шеңберiнде жүзеге асырылуға, онда өркениеттiк нысан болуға тиiс.

Сонымен, қылмыскерлiкпен күpecтi толық көлемде жүргiзу керек.

Қылмыскерлiкпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы

Қылмыскерлiкпен күpecтi жалпы ұйымдастыруға мыналар жатады:

1. Ақпараттық-талдау қызметi. 2. Криминологиялық болжау­лау. 3. Қылмыскерлiкпен күрес стратегиясын анықтау. 4. Қыл­мыскерлiкпен күреске бағдарлама жасау. 5. Қылмыскерлiкпен күрес саласында заң шығарушылық. 6. Қылмыскерлiкпен күрес бағдарламасын жүзеге асыру, oғaн түзету енгiзу және қылмыс­керлiкпен күрес жөнiндегi қызметтi үйлестiру. 7. Қылмыскерлiкпен күpecтi ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және да­мыту.

1. Ақпараттық-талдау қызметі бұл көрініc тапқан қыл­мыскерлiктi тіркеу, ол көрiнiстердi, олардың себептiлiгiн және детерминациясын, қылмыскерлiкпен күpecтің өткен кезеңдегi нәтижелерiн зерделеу және тиiстi мәлiметтердi бағалау жөнiндегi қызет .

Ол: қылмыскерлiктi, статистикалық есептердi есепке алу жүйелерiн құру; қылмыскерлiкпен күрес жүргiзушi органдардың ағымдағы талдаушылық қызeтiн; криминологиялық зерттеулердi дамыту, алынатын деректердiң теориялық қорытпаларын пайда­лану жолымен жүзеге асырылады.

2. Крuмuнологuялық болжаулау - қылмыскерлiктiң болашақ жайында және қандай да бiр басқарушылыкқ шешiмдердiң крими­нологиялық маңыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

9

Ic-әрекеттi қылмыстық жазаланатындар қатарынан шығаруару кең таралған eкi жағдайда орын алады. Бiрiншiден, егер ic-әрекет қоғамға едәуiр қауiптi болудан қалса. Екiншiден, қылмыстар қата­рынан шығару басқа жағдайға байланысты болады: ол өте көп та­ралады, ал барлық кiнәлiлерге қылмыстық-құқықтық шаралар қолдануға нақты мүмкiндiк болмайды. Бұл жағдайда, мысалы, қылмыстық жазаның орнына әкiмшiлiк жауапкершiлiк енгiзiледi. Мемлекеттiк және қоғамдық мүлiктi аз мөлшерде ұрлауға қатыс­ты сондай жағдай болды. Үшiншi жағдай да бар: заң саясатына қылмыстық ортаның белсендiлерi қысым жасайды, нәтижесiнде, олардың арасында көп таралған ic-әрекет қылмыстық жазаланатындар қатарынан шығып қалады. Бұл - мемлекеттiк билiк орган­дарының қылмыстанғандығының айғағы.



Кылмыскерлiкпен KypecTi к'ук'Ык'ТЫк' реттеу проблемалары едебиетте, оньщ iшiН,Де криминологиялыК, едебиетте kel-l,iнен тал­К,ылануда.

Бұл жолда Қазақстан Республикасы Президентiнiнің «қылмыс­керлiкпен күpecтi күшейтудің қосымша шаралары туралы» жарлығы басты маңызға ие.

6. Қылмыскерлiкпен күрес бағдарламасын iскe асыру, оған түзету енгiзу және қылмыскерлiкпен күрес жөнiндегi қызметтi үйлестipу.

Қылмыскерлiкпен күрес бағдарламасын iскe асыруды тiкелей қамтамасыз етуде көп аспектiлi сипат бар. Ол - басқарушылық қызметтi, бақылауды, кадрлар iрiктеудi, оларды даярлауды, оңтайлы орналастыруды, олардың бiлiктiлiгiн көтеру жұмысын ұйым­дастыруды, жаңа криминологиялық және ауқымды әлеуметтiк шындықтарды ескерiп оларды қайта даярлауды, жаңа техника жасауды, қылмыскерлiкпен күрестің ресурстық қамтамасыз етiлуiн, қабылданатын шаралардың тиiмдiлiгiн талдауды және бағдарламаларға түзету енгiзудi қамтиды.

Орындалуы кезiнде бағдарламаға түзету енгiзу қажеттiгi то­сын әлеуметтiк өзгерiстер жағдайында туындайды.

Сонымен қатар, бағдарламаны орындау барысында нақтылау енгiзiлуi мүмкін. Жалпы оның тұрақтылығы керек - бағдарлама­да бастан жақсы ойластырылғандық және ғылыми негiзделгендiк сипат болуға тиiс.

Шаралардың тиiмдiлiгiн бағалауға қатысты алатын болсақ ол: а) қылмыскерлiкпен күрес жөнiндегi қызметтетiгiнiң тиiмдiлiгi, ә) қылмыскерлiкпен күрестiң әлеуметтiк

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

10

тиiмдiлiгi болып бөлi­недi. Бiрiншi жағдайда, мысалы, қанша конференция өткiзiлгендiгi, қанша құқықтық нормалар қабылданғандығы қанша адамның өз бiлiктiлiгiн көтергендiгi, қылмыстардың ашылу жайы, яғни қылмыскерлiкпен күрес «тетiгiнiң» өзi қалай жұмыс iстейтiндiгi бағаланады.



Екiншi жағдайда, мынандай тетіктің жұмыс қорытындысы қан­дай: қылмыскерлiктiң және оның қоғамға қауiптiлiгiнiң деңгейi төмендедi ме, бағдарламада алға қойған мақсатқа қол жеттi ме.

Қылмыскерлiкпен күрес субъектiлерiнiң саны өте көп бол­ғандықтан бұл күpecтi үйлестiрудiң де қажеттiлiгi туып отыр. Бұған мемлекет, азаматтық қоғамның институттары (қоғамдық ұйымдар, қорлар, т.б.), барлық жеке және заңды тұлғалар қатысады.

Құқық қорғау қызметінің криминологиялық аспектілері

Қылмыскерлiкпен күрес саласындағы құқық қорғау кызметі дегенiмiз, бұл - мемлекет арнайы өкiлеттiк берген субъектiлердiң қылмыc жасаған адамдарға, осындай шараларды қолданудың заң­да белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, заңда көзделген шаралар­ды қабылдау жолымен жүзеге асыратын қызметi.

Бұл құқық қорғау қызметiнiң eкi жағы бар: 1) жазалаушылықтың айқындау, тойтару , ашу, қылмыс жасаған адамға қыл­мыстық шара қолданып оны жазалау немесе заң негiзiнде оны алмастыратын шара қолдану; 2) құқықты қалпына келтіруші- қыл­мыс нәтижесiнде бұзылған құқықтар мен заңды мүдделердi қал­пына келтiру, зиянды өтеу жөнiндегi қызмет.

Құқық қорғау қызметi қылмыскерлiкке қатысты көптеген нысандарда жүзеге асырылады, олар: жедел-iздестiру, қылмыс­тық ic жүргiзушiлiк, қылмыстық-атқарушылық қызмет құқықты қалпына келтiру қызетi азаматтық сот iciн жүргiзу шегiнде, кей­де тәртiптiк құқық бұзушылық туралы ic жүргiзу шегiнде де жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қылмыскерлiкпен күреске «арнайы қызметтер» деп аталатындар - контрбарлау, барлау қызметтерi де қатысады. Олардың қызметi арнайы заңмен реттеледi.

Ең бастысы - құқық қоргау қызметiнiң осы нысандары өзара үйлескен, өзгерiп туратын криминалдық және криминогендiк жагғдайға сәйкес болуы тиiс. Бұл жерде

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

11

де криминологиялық зерт­теулердiң маңызы зор.



Криминолог қылмыстық құқық қылмыстық процесс, жедел ­-iздестiру, контрбарлау және басқа қызметтер бойынша маманды алмастыра алмайды және алмастыруға тиiс емес. Бiрақ ол, бiрiншiден, бұл мамандарды қылмыскерлiктегi жаңа құбылыстар оның себептiлiгi мен детерминациясы туралы, қылмыстық қыл­мыстық ic -жүргiзу және өзге заңнамалардың қылмыспен күpecтeгi тиiмдiлiгi туралы дер кезiнде хабардар етуге мiндеттi.

Екiншiден, криминолог, зерттеу негiзiнде құқық қорғау қызетiң қылмыскерлiкпен күрестегі бiрiңғай жүйе peтiндe құру­дың және жетiлдiрудiң негiзге аларлық бастаулары туралы ұсы­ныс бере алады. Ал заңнаманың тиiстi саясын жетiлдiруге қаты­сады. Бұл, әcipece, мүлде жаңа институттар, тәсiлдер кұpғанда, ал тиicтi мамандар олардың қажет eкенін де байымдап үлгере алма­ған жағдайда маңызды болып табылдыы. Нормада, тиicтi құқықтық шешiмдердi, криминологтердiң қатысуы және консультациясы болғанмен, тиiстi мамандар қабылдауы көзделген.

Үшiншiден, криминолог тиiстi заң жобаларына криминология­лық сараптама жүргiзедi.

Құқық қорғау органдары құқық қорғау қызметінің субъектici болып табылады. Дәстүр бойынша оған тек мемлекеттiк органдар: прокуратура, iшкi iстep, федералдық қауiпсiздiк қызмет, кеден, салық, полициясы органдары, соттар (бұл бiр шамадаулы), бiрқатар басқа органдар жатқызылған. Мысалы, әдiлет органдары, нотари­ат, адвокатура. Ал, ic жүзiнде ведомстволық қауiпсiздiк қызме­тiнде жұмыс iстейтiн, жеке күзетпен және детективтiк қызметпен айналысатын, жалпы адамдар саны 150 мыңдай мемлекеттiк емес қуатты құқық қоpғay қызметi пайда болды.

Қоғамдық құқық қорғау opгaндарының қатарына epiктi халық дружиналарын да жатқызуға болады, оларға мемлекет қоғамдық тәртiптi қоргау жөнiндегi өзiнiң бiрқатар өкiлеттiгi берiлген.

«Құқық қорғау қызметi» мен «құқық қорғау органдарының қызметi» ұғымдарын шатастыруға болмайды, себебi соңғының мазмұны кең құқықтық қорғау органдарына қылмыскерлiктiң алдын алудан, онымен күрестi жалпы ұйымдастырудан туындай­тын функциялар да жүктеледi.



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

12

Қылмыскерлiкпен күрестің мiндетi және негiзге аралық бастаулары



Адамзат еш уақытта кқлмыссыз және қылмыскерлiксiз болған емес, ал жақын арада олардан арылады деп ойлау ағаттық бо­лар.

Әркімгe - олардың ауқымында және қоғамға қарсы келуiнде.

Адамзат тарихы көрсетiп отырғандай, егер қылмыскерлiкпен күрес нашар болса немесе мүлде болмаса, қылмыекерлiк кең етек алып, қоғам түгелдей қылмыстанып кетедi екен.

Қылмыскерлiкпен күрес бұл қоғамға қауiптi құбылысты тiзгiн­деуге, адамның жеке басының менмендiк себебi мен басқа объек­тiлердiң қоғамның мүдделерi арасындағы теңестікті сақтап тұруға мүмкiндiк бередi; мұқтаждықтар мен мүдделердi қанағаттандырудың қоғам үшiн неғұрлым қауiптi тәсiлдерiне жол бер­мейдi.

Қылмыскерлiкпен күрестің ең маңызды негiзге аларлық бас­таулары деп мыналарды ұғынуға болады:

1. Алдын алу қызметiнiң құқық қорғау қызметiнен басымдылығы алдын алу қызметiнде - мұқтаждарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi шаралардың заңда көзделген шектеулерден басымдылығы.

2. Қылмыскерлiктi айқындау, ашу және айыпты адамдарға қатысты занда көзделген шараларды қолдану.

3. Азаматтардың құқықтары мен бостандығын шектейтiн ша­раларды тек заңның бұзылғандық фактiсi бойынша және заңда көзделген жағдайларда ғана қолдану. Қылмыстық iс-қимылға ниеттi, оның болу ықтималдығын ғана негiзге алып мұндай сипат­тағы алдын ала ықпал ету әpeкeтiнe жол берiлмейдi.

4. Күpecтi жалпы қоғам болып, жалпы халық болып жүзеге асыру. Мұнда мемлекеттiк рөлi ерекше, себебi мәжбүрлеу құрал­дары мен институттары мемлекеттiң қолында. Қылмыскерлiкпен күрестің бағытын да мемлекет анықтайды. Бiрақ мемлекеттiң тал­пынысы азаматтық қоғамның барлық институттарыньң заңды және жеке тұлғаларының талпынысымен өзара байланыста ғана ойдағыдай жемiс беруi мүмкін. Мұны әлемнiң барлық кримино­логтерi мойындаған, ол БҰҰ-ның бiр қатар қарарларында бекiмiн тапқан.
file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

13

5. Қылмыскерлiкпен күpecтi заңдылық режимiнде, тек мемле­кeттегі Конституциясы, оған қайшы келмейтiн басқа заңдар мен заңға тәуелдi актiлер шегiнде, халықаралық -құқықтық нормалар­ды сақтай отырып жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының Консти­тутциясында заңдық күш бар, ол тiкелей әрекет етедi және Қазақ­стан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдар мен басқа құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы ке­луге тиiс емес ... Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптерi мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның құқықтық жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Егер Қазақстан Республикасы халықаралыкқ шарттарында заңда көзделгеннен өзгеше ереже белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.



Адамдардың құқықтары мен бостандығын реттеу және қорғау қауiпсiздiк; сот құрылысы; прокуратура; қылмыстық, қылмыс­тық iс-жүргiзушiлiк және кқылмыстық-атқарушылық заңнама; рақымшылық және көшiру; федералдық мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының басқаруында болады. Ал, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау, заңдылықты құқық тәртiбiн, қоғамдық экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, Қылмыскерлiкпен күресте едәуiр маңыздылығы бар бiр қатар мәселелер Ресей Федерациясы мен оның субъектiсiнiң басқаруында болады. Қылмыскерлiкпен күреске Қатысатын органдардың халықтың бақылауында болуы. Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясына сәйкес «билiктiң бiрден-бiр көзi оның көпұлтты халқы болып табылады сол сияқты: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк билiк заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну негiзiнде жүзеге асырылады. Билiктiң заң шығарушы, атқарушы және сот органдары өзiнше дербес». Өзектi мәселелердiң бiрi - халықтың сот органдарының басқа да құқық қорғау органдарының қызметiне бақылау жасауының тиiмдi тетігін ойластыру.


file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

14

Қылмыскерлiктiң жекелеген түрін бөлiп алудың және оларды зерделеудiң маңызы



Криминологияда 70 жылдардың аяғынан бастап Ерекше бөлiм бой көтере бастады. Бұл қылмыстық құқық жөнiндегi мамандар үшiн үйреншiктi тәсiлдердi өзiнше қалпына келтiру едi, себебi Қазак.стандық криминологтер қылмыстық құқықтан «шыққан» бо­латын. Ал, Жалпы және Ерекше бөлiмдер бөлектендi, мұнда өзiнше мән бар едi. Ерекше бөлiмде криминологияның барлық жалпы теориялық проблемалары қылмыскерлiктiң жекелеген түрлерiне байланыстырылып қаралады, әдетте, нақты қылмыс­керлiк бөлгiлi бiр мемлекетке және тарихи кезеңге «байланысты­рылады». Бұл қылмыскерлiктiң арнайы алдын алу шараларын қабылдауға негiз болады.

Адам өлтiру, әйел зорлау, ұрлық көптеген криминологиялық параметрлер бойынша парақорлықтан, алаяқтықтан, абайсызда жасалған қылмыстардан және басқалардан өзгеше. Қылмыс­керлiктiң жекелеген түрлерiнiң криминологиялық маңыздылыққа ие ерекшелiктерiн ескермеу - онымен куресте мақсатты және нақты тәсiлдердi қамтамасыз етпеу деген сөз.

Сонымен қатар, адам өлтiрудi немесе алаяқтықтың өзi де бiртектi болмайды. Тиiсiнше, мұндай әртурлi қылмыстармен күрес шаралары да бiртектi болуға тиiс емес.

Қылмыскерлiктiң жекелеген түрлерi әр түрлi негiздер бойын­ша бөлектенедi.

Белгiлер – көріністер деп аталатындардан шығатынатын қылмыс­тық iс-қимылдардың мына топтамалары кең таралғaн:

1. Қылмыстық-құқықтық сипаттамаларға негiзделгендер: адам өлтiру (оның iшiнде қасақана және абайламай), мүлiктi жою және бүлдiру (оның iшiнде қасақана және абайсызда) және т.б.

2. Қылмыс субъектiсiн сипаттайтын белгiлерге негiзделген.

Олар: жыныс (ерлер немесе әйелдер қылмыскерлiгi), жас (кәме­летке толмағандар, жастар, ересек адамдар қылмыскерлiгi); әлеуметтiк жағдай (кәсiпкерлердiң қызметкерлердiң оқушылардың және басқалардың қылмыскерлiгi); өзiндiк әлеуметтiк пози­ция (рецидивистер қылмыскерлiгi, бас бостандығынан айыруды өтеп



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
15

жатқандар қылмыкерлiгi- пенитенциарлық және т.б.) және басқалар.

3. Тiршiлiк қызметiнiң қылмыс жасалатын өpiciнiң (саяси, экономикалық әскери және т.б.) немесе қызметтiң неғұрлым нқ­ты саласының ерекшелiгiн сипаттайтын белгiлерге негiзделген.

4. Қылмыстық iс-қимыл сылтауларын талдаудан шығатын: пайдакүнемдiк, зорлық және т.б.

Қайта-қайта жаңа критерийлер таба отырып қылмыскерлiктiң түрлерiн шексiз бөлшектеуге болады.

Ал, мынадай сұрақ туындайды: жаңа түрлердi бөлiп алу не бередi, қылмыскерлiк заңдылығының айқындауға, онымен күреске көмектесе ме? Бұл жерде зерттеушi бөлiнiп алынған түрлердi са­лыстыруы, сондай-ақ олардың қылмыскерлiктiң жалпы құрылы­мындағы орнын түсінуі керек.

Басқа жағынан, олардың барлығы бiртұтас өте күрделi құбы­лыстың көріністері eкенін түсiнбей, олардың өзара байланысы мен өзара әpeкeттecтiгiн анықтамай, негiзiнен детерминацияның бiр жүйесiнiң бiр себептiлiк кешенiнiң барлық қоғам деңгейiнде туындау фактiсiн елемейтiн болсақ қылмыскерлiктiң әр түрлi көріністерін (адам өлтiру, парақорлық және т.б.) методология­лық және теориялық сауатты талдау мүмкін емес.

Қылмыскерлiктiң жекелеген түрлерiн өзiнше бөлек –бөлек қарағанда қылмыскерлiктiң күрделi, жүйелiк-құрылымдылық әлеуметтiк құбылыс ретiнде бүтiндiгiн, оның әрбiр түрлерiнiң диалектикалық өзара байланыстары мен өзара әpeкeттecтiгiн әрқа­шанда есте сақтау керек.

Дәл осы жүйелiк-құрылымдылық тәсiл «қылмыскерлiктiң көpiнic сипаттамасын» реттеуге және оның өзiндiк детерминоло­гиясының нақты тeтіктерін ашуға мүмкiндiк бередi.

Криминология бойынша оқулықтарда және монографияларда қылмыскерлiктiң түрлерiнiң криминологиялық сипаттамасы қаралады. Олардың кейбiреулерi жиi кездеседi және олар жалпы қылмыскерлiкке елеулi ықпал етедi. Ал, кейбiреулерi, аса кеш таралмасада, не қоғамға аса қауiптi, не едәуiр ерекшелiктерге ие.



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
16

Қылмыкерлiктiң сылтауламa негiзiнде бөлiнiп алынған жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi

Сылтаулама негiзiнде қылмыстарды және оларды жасаушы адамдарды топтастыру типологиялық топтастыру жақындайды. Қасақана және абайсыздағы қылмыстарды бөлiп алу назар ауда­рарлық.

Белгiл бiр-себептерден шығатын қылмыстар: материалдық аса мұқтаждықтан, маскүнемдіктен шығатын қылмыстар топтамасы да типологияға жақын. Қасақана қылмыста бәрiнен бұрын пайда­күнемдiк және зорлық қылмыстар бөлiнiп алынады.

Пайдакүнемдiк қылмыскерлiкте оның неғұрлым көп таралған мына түрлерi, олардың туындылары бөлiнiп алынады:

а) адамның жалпы азғындауы - маскүнемдiк, наркомания, ток­cикомания, арамтамақтық, бұлардың нәтижесiнде адамда, бiр жағынан, бұрмаланған мұқтаждық туындайды, екiншi жағынан ­оны қанағаттандырудағы қиындық болады, себебi ол бiлiктiлiгiн жоғалтқан, онда заңды табыс көзi жақ және т.б.;

ә) мол байлыққа кенелудi аңсау, мұның нәтижесiнде адам қыл­мыстың аса қауiптi түрлерiн жасауы мүмкін: ұрлық жасайды, шаруашылықтық лауазымдық қылмыстар, бандитизм және бас­қа ic-әрекеттер жасайды;

б) төзгiлiктi өмip деңгейiн қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайдағы аса мұқтаждық.;

в) контрагенттерге заңсыз сыйақы беру және сөйтiп, ақшаны, құндылықтарды берудiң және алудың заңға негiзделмеген тәртiбiн пайдалану, салықтар мен өзге төлемдердi төлемеу негiзiнде кейде мүлде заңды мiндеттердi шешудi көздейтiн «көлеңкелi, экономи­калық және басқа қатынастар;

г) иесiздiк, мүлiктi есепке алудың бақылаудың және күзетудiң нашарлығы, құқық қорғау қызметiндегi ол қылықтар, бұлардың нәтижесiнде мүлiктiк қылмыс жасауға болатындық және жаза­сыз қалуға болатындық ceнім ұялайды;

д) бюрократизм, ведомстволық рушылдық мұның нәтиже­сiнде қайткен күнде де сырт көріністі әдемiлеп, мемлекеттiк мүліктің талан-таражға түскендiгiн, басқа қылмыстар болғандығын жа­сыруға тырысады;

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007
17

е) экономиканы баскарудағы қателiктер, нәтижесiнде инфля­ция өседi, халықтың тұрмысы нашарлайды, жекешелендiру процесiне байланысты пайдакүнемдiк қылмыстар саны көбейедi;

ж) қоғамды басқарудың демократиялық принциптерiнiң бұзы­луы, жариялылықтың, халықтың билiктi органдарға бақылау жасауының батымды тетігінің болмауы, нәтижесiнде мемлекеттiк аппаратты өзiнiң жеке не кландқ мүддесіне пайдакүнемдiкпен пайдалану орын алады.

Зорлықты қасақана қылмыскерлік, әдетте, өзара байланысты ықпалдан туындайды:

а) халыктың маскүнемдiкке салынуы, жыныстық бетiмен кету, азғындаған адамдардың, ұйымдасқан қылмыстың құрамалардың ерекше топтарының туындауы, олардың арасында күш қолданған қақтығыстар жиi болып тұрады, ондай қақтығыстар басқа субъ­ектiлермен де болады, күш қолдануды - дауды шешудiң құралы ретiнде дәрiптеп жеткiншек ұрпаққа тepic ықпал ету;

ә) бұрмаланған көзқарастар, зиянды салттар, дәстүрлер, дағ­дылар, мысалы, күш қолданып дауды шешу (өш алу, т.б.), әйел­дерге қатысты дөрекiлiк (әйелдi ұрып-соғу және т.б.);

б) бюрократизм, жариялылықтың жоқтығы мемлекеттiк органдар мен азаматтың қоғам институттарының азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметiнде орын алған кемшiлiктер, нәтижесiнде өзара қатынас­ты анықтау күш жұмсауға дейiн барады;

Абайсызда қылмыс жасаушы қылмыскерлердiң жеке басын eкi типке бөлуге болады. Олар: мiнез-құлқында менмендiк басым болатындар және жеңiлтектiк басым болатындар.

Қылмысты абайсызда жасау көбiне мыналармен байланысты:

а) iс-қимылдың арнаулы ережелерiн зерделеуге және оларды қолданудың дағдыларын алуға жеңiлтектiкпен жауапсыз қарау­мен;

ә) әлеуметтiк позияциялар мен рөлдердiң қажеттi сабақтас­тығының болмауымен, мамандарды, лауазымды адамдарды, қан­дай да бiр қызметтiң қатысушыларын нашар кәсiби даярлаумен;

б) ведомстволық мансап, «даңқ» жолында арнайы ережелердi жақтауды



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

18

құрбандық етiп басымдылықтар жүйесiн бұрмалаумен;



в) ережелердi орындауды қиындататын жағдайларда қалумен (орта талаптарының қайшылығы, жұмыстан шаршағандық т.б.).

Бұдан бiз осы бөлiнiп алынған барлық жағдайларда қылмыс­керлiкпен күрес бағытының қаншалық әр түрлi екендiгiн көремiз.



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

19

Әдебиеттер



Әдебиеттер

1. Алауханов Е. Как уберечься от преступника. Алматы: Өркениет, 2005.

2. «Криминогендiк», «антикриминогендiк», «криминалдық» терминдерiн дұрыс қолдану керек. Кейде «криминогендiк жағдай» деп қылмыскерлiктiң жайын айтады. Бұл ретте «криминалдық жағдай» деу керек.

3. Қараңыз: Қайржанов Е. И. Криминология. Алматы, 1995. ll-бет.

4. Жекебаев У.С. О социально-психологических аспектах преступного по­ведения. Алматы, 1971. 28-бет.

5. Қараңыз: Ван-Кан. Экономические факторы преступности. М., 1915; Познышев С.В. Основные начала науки уголовного права. М., 1912; Чубuнcкuй М.П. Курс уголовной политики. М., 1907; Криминология (А.И.Долгованың редак­циясында. М., 1997. 15-30-беттер.

6. Конгрестер 1885 жылы Римде, онда Ломброзо идеясы үстемдiк еттi, 1889 жылы - Парижде (онда Ломброзо әлеуметтiк факторды ескермегенін мо­йындады), содан соң 1892 жылы - Брюссельде, 1846 жылы - Женевада, 1901 жылы - Амстердамда, 1906 жылы - Туринде өттi. Қараңыз: Журнал Мини­стерства юстиции. 1901. №9.

7. Маркс К., Энгельс Ф. шығармалары. Т.2. 361-бет.

8 Мұнда Ф.Листтiң Ресейде - М.В.Духовскийдiң И.Я.Фойницкийдiң Н.С.Таганцевтiң, М.П.Чубинскийдiң және басқалардың үлесi зор.

9 Кан Уэдо. Преступность и криминология в современной Японии. М., 1989. 23-26-беттер.

10. Курс советской криминологии. Т. 1. М., 1985. 58-бет.

11 Қараңыз: Криминология / Н.Ф. Кузнецованың Г.М. Минковскийдiң редакциясында. М., 1994; Криминология / В.Н.Кудрявцевтiң, В.Е.Эминов­тың редакциясында. М., 1997; Криминология / Н.А.Беляевтiң, И.В.Болгаре­ваның редакциясында, СПб, 1992; Криминология / В.Н.Бурлаковтың және т.б. редакциясында. СПб, 1995. және басқалар.

12. Қараңыз: Ағыбаев А.А. «Қылмыстық құқық), Алматы: Жеты жарғы. 2003.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

20

13. Алауханов Е.И. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002 с.117.



14. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. М., 1968; Механизм пре­ступного поведения. М., 1981.

15. Франк Л.В. Потерпевшие от преступления. Душанбе, 1977. Черных Н.С.

Виктимологическая профилактика преступлений военнослужащих / / Пре­ступность и законодательство. М., 1997.

16. «Қылмыскерлiк - таптық қоғамның белгiлi бiр мемлекетте, белгiлi бiр кезеңде жасалатын барлық қылмыстар жиынтығынан тұратын, бiршама жап­пай, тарихи өзгерiп тұратын әлеуметriк, қылмыстық-құқықтық сипаты бар құбылысы» - деп жазды Н.Ф.Кузнецова. Н.Ф. Преступление и преступность. М., 1969).

17. Джекебаев У.С. Преступность как криминологическая проблема. Алма- Ата, 1974. 105-бет.

18. Қараныз: Гуров А.И. Профессиональная преступность. М., 1990.

19. Қараныз: Шнайдер Г.Й. Криминология. М., 1995. 127-бет.

20. Қайржанов Е.И. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, 1986. С.19.

21. Жунусов Б.Ж. Проблемы уголовно-правовой политики. Алматы, 1993.

22. Себепке мынадай әмбебап анықтама беруге талпыныс болған: «Кез келген қоғамдағы қылмыскерлiктiң ортақ себебi - объективтiк әлеуметтiк қайшылықтар». Қараңыз: Криминология / В.Н.Кудрявцевтің, В.Е.Эминов­тың редакциясында. 1995. 76-бет.

23. Миндагулов А.Х., т.б. Причины преступности, Хабаровск, 1988. 12-бет.

24. Шаргородский М.Д. Преступность, ее причины и условия в соц. общест­ве // Преступность и ее предупреждение. Л. 1966, 30-бет; А.Н Ағыбаев. Уго­ловная ответственность за должностные злоупотребления в РК. Аламаты, 1995, 115б.

25. Жұмағали А. Криминология. Жалпы бөлiм. Дәрicтер. Алматы, «Lem» баспасы, 2003. 57-бет.

26. Дюркгейм Э. Норма и патология // Социология преступности. М., 1966. 27 Аванесов Г.А. Теория и методология крим. прогнозирования. М., 1972; Лунев В.В.



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

21

Мотивация преступного поведения. М., 1991 және басқалар.



28. Ной И.С. Методологические проблемы сов. Криминологии. Саратов, 1975. Емельянов В.П. Преступность лиц с психическими аномальями. Саратов, 1980.

29. Булатов С.Я. Возрождение Ломброзо в советской криминологии / / Революция права. N2 1. 1920. С. 48.

30. Герцензон А.А. Уголовное право и социология. М., 1970; Дубинин ВЛ. және басқалар. Генетика, поведение, ответственность. М., 1982.

31 Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002 С. 133.

З2. Кудрявцев В.М. Правовое поведение: норма и патология. М., 1982.

33. Мәлiметтер Е.О. Алаухановтың «Пайдақорлык'-ЗОРЛЫК кылмыстардьщ алдын алудын: криминологиялык проблемалары» такырыбындаfыl 3.Г.д. гыл ... дарежесiн алу ушiн дайындалган диссертациядан алынды (Алматы, 2004, l3l-бет).

34. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения. Алматы, 2002. С. 146

35. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-на­сильсвенными преступлениями. Алматы, 2002. С. 126.

36 Мауленов Г.С Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. Алматы, ғылым, 1999. с.б.

37. Қ.Р. Президентiнiң және Қ.Р Министрлер кабинетi актiлерi жинағы, 1992.

№ 27. 493-496-беттер.

38. Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильсвенными преступлениями. Алматы, 2002. С. 187.

39. Скаков А. К. К вопросу о правовых основаниях назначения режима исправительной колонии в порядке исключения // Вестник Мин. Юст. РК. Алматы, 1995. 136 с.

40 Алауханов Е.О. Пайдакорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. З.ғ.д. ғыл ... диссертация. Алматы, 2004. 201­бет.

41 Ибрагимов М.А. Влияние юридической и моральной ответственности на развитие сознания личности// Взаимодействие правового сознания с мора­лью и нравственностью в обществе переходного периода. Алматы: Жетi жар­ғы, 1995. С. 197.



file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

22

42 Алауханов Е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың



криминологиялық проблемалары. З.ғ.д. ғыл ... диссертация. Алматы, 2004. 230 ­бет.

43. Кудрявцев в.н. Правовое поведение: норма и патология. М., 1982.

44 Алауханов Е.И. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-на­сильсвенными преступлениями. Алматы, 2002. С. 199.

45 Жадбаев С. Х. Криминология. Алматы: Жетi жарғы, 2002. С. 93.

46. Ашитов 3.0. Вопросы дальнейшего укрепления социалистической за­конности. Алматы. 1976. С. 11.

47 Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-на­сильсвенными преступлениями. Алматы, 2002 С. 197.



48 Алауханов Е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. З.ғ.д. ғыл ... диссертация. Алматы, 2004. 82­бет.

file://C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\ЭУИ УП Раиса\IN... 10.04.2007

Криминология

Бұл тарауда криминология пәнінің түсінігі, мазмұны және криминология ғылым ретінде қалыптасуы, дамуы қарастырылған. Криминология ғылымның методологиясы мен және криминологиялық тан

461.51kb.

14 12 2014
3 стр.


Криминология

Бұл тарауда қылмыскерлікпен күрес ұғымы, аспектілері, алдын-алу шаралары қаралып, қылмыскерліктің жекелеген түрлеріне криминологиялық сипаттама берілген

264.84kb.

17 12 2014
1 стр.


Преступные действия с компьютерной информацией ограниченного доступа

Специальность 12. 00. 08 «Уголовное право и криминология; уголовно-исполнительное право»

305.64kb.

08 10 2014
1 стр.


Криминология

Бұл тарауда қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскерлікті зерделеу қаралып, жалпы Қазақстандағы қылмыскерліктің жалпы сипаттамасы жан-жақты ашып көрсетілген

314.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Криминологические и уголовно-правовые проблемы защиты прав и интересов женщин в россии 12. 00. 08 уголовное право и криминология; уголовно-исполнительное право

Криминологические и уголовно-правовые проблемы защиты прав и интересов женщин в россии

316.21kb.

25 12 2014
1 стр.