Перейти на главную страницу
Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.
30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.
Онда білімді бақылау (Е.И.Перовоский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды. Оқушыларды бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластыруды. (Н.Т.Даири).
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады. [2]
«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. [3]
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді. [4]
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату. [5]
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саыалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Ал өзінің істейтін еңбегіне орай, адам тиісті дағдыларды меңгермесе, өзінің істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды, жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп күш жұмсайтын болады. Егер мұғалім мен шахтерді салыстырса, екеуінің де өздерінің мамандығына лайықты көп үйреншікті дағдыланулардың бар екенін байқауға болады. Егер мұғалімді шахтаға түсірсе, мұғалім жұмыстың тетігін білмегендіктен, шахтёр күніне 150 тонна көмір шығаратын болса, мұғалімнің күніне бір тонна көмір табуы қиын болар еді. Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер оқушы оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді.
Түнде ұйықтап жатып, тұрып кететін «лунатиктердің» әрекеттері санасыз болады. Олар ұйықтап жатып, қандай әрекет істегендігін, қалай жүріп-тұрғандығын білмейді. Ондай адамдарды тұрып кеткен уақытында артынан қадағалап жүрген жөн, бірақ оятам деп әрекет жасамау қажет. Себебі ол бір дегеннен шошып, оянып кетіп, жүрегі жарылып өліп кетуі мүмкін. Автоматизмге айналған қимылдарға әдеттерді де қосуға болады. Әдеттердің адамға пайдалылары да, пайдасызы да бар. Сондықтан балаларға пайдалы әрекеттерді сіндіріп, пайдасыз, зиянды әрекеттерді үйретпеу жағын көздеу керек. Мысалы, әдеттерге ерте тұру, уақытты дұрыс пайдалана білу, тапсырмаларды уақытында орындау, жұмысты жақсы істей білу, т.б. жатады. Дағдылануды сипаттарына қарай тағы да екіге бөлуге болады. Оиың бірі - қимыл дағдылары; екіншісі интелектуал (ақыл-ой) дағдылары. Дене қимылы арқылы пайда болатын дағдыларды қимыл-моторика дағдысы дейді. Мысалы, билеу, конъкимен сырғанау т.б. Дағдыланудың бұл түрінде адамның дене мүшелері қимылға түседі. Интелект дағдылар адамның ақыл-ойымен байланысты. Мысалы, оқу үстінде шәкірттерді есепті дұрыс, әртүрлі жолдармен шығара білуді үйрететін дағдыландыру.
Дағдылануды мына төмендегі бағытпен жүріп отырады деуге болады. Дағдылану жылдамдығы біреше себептерге байланысты: егер дағдыланатын әрекет өте қиын болып, дағдылану нәтижесі бір дегеннен көңілдегідей болмаса, ол біртіндеп қалыптасады. 2) Адам әрекетке дағдылануда өзіне қатысты тәжірибесінде болған әрекеттерді қалыптастыруда, оған қызығушылық пайда болып ол тезірек дағдылануы мүмкін; 3) Оқыту, үйрету әдісі, жеңіл, әсерлі болса адам дағдылануға тез үйренеді; 4) Егер оқыту, үйрету әдісі нашар, қиын болса тез дағдылана алмайды. Кейбір мұғалімдердің сыныбындағы балалар хат тануға тез үйреніседі, есепті тез, қатесіз шығара алатын болады. Ал, кей мұғалімдердің үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан, бала оқып-жазуға тез үйрене алмайды, қате жазып, есепті дұрыс шығара алмайды. Дағдылану кезінде оның нәтижесі әркез жоғары өсіп отырмайды, кейде бәсеңдеп, төмен түсіп кетуі де мүмкін. Оның бірнеше себептері бар, оларды объективтік және субъективтік себептер деп бөлуге болады. Мысалы, кей оқушының оқу құралы өне бойы түгел бола бермейді, т.б. Әрине, бұндай жағдайлар дағдының қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Немесе субъективтік жағынан көбіне физиологиялық ерекшеліктері нашар болуына байланысты да болуы мүмкін.
Дағды - әрекеттің адам бойында орнығуы әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп, «дағды - бүкіл оқығандарың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны», - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет. Міне нағыз білім осылар!
«Дағды, - деп көрсетеді психог С.Л.Рубинштейн саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. [7]
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Мысалы, дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінін өзінде-ақ басталады Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауында, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, сөздің аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта дыбыс туралы білім берілгенде де негізге алынады. т.с.с. Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны бақылау өте маңызды деп қарау керек. Өйткені бастауыш сынып оқушыларды үнемі назардан тыс қалдырмай, алған білім нәтижесін бақылаудың ең оңайынан бастап, күрделілендіріп отыру қажет. Сонда әр шәкірт өз еңбегінің жемісін көре біледі, сезеді, оны таразыға салып, тиімді жағын ойластыра бастайды. Өзін-өзі бақылауға ала бастайды, өзіне де, жан-жағындағыларға да сын көзбен қарай бастайды. Жаңа заман талабына сай енгізілген бақылау түрлерін қазақ тілі сабағында әр тақырып бойынша, көлемін сәл үлкейтіп тарау бойынша да, аралық т.б. түрліше етіп, баланы жалықтырмайтындай тексеру түрлерін өткізуге болады. Тест түрлерін әуелі оқушы жақсы ажырата білуі керек және оны пайдалану жолдарын да білгені шарт. Тестілеу арқылы арнайы бақыланған балалар тексерудің бұл әдісіне түсінгеннен соң өзгереді де, соған икемделіп, келесі сабақта өтілетін тестілеуге іштей дайындалып жүреді. Білім, білік, дағдыны тесті арқылы үнемі тексеруден кейде баланың қызығушылығы кемуі мүмкін.
«Сапа» ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру (бұл 12 жылдық оқуға ауысудың бағдарламасында ескерілген ереже).
Бағалау - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау. Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқушылар білімінің оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандартпен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгеруіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жетілдірі мақсатында жүргізілетін күнделікті бақылау.
Мониторинг түсініктері: байқау, сынау, сараптау, жетілдіру.
Бұлар «Оқушы-оқытушы» қатынасындағы ынтымақтастық, бірлігін жұмыс істеу шығармашылық одақта бөлу, бірге басқару сияқты қарым қатынастардың орнығуына ықпал етеді. «Оқушы - оқытушы» жүйесіндегі үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Оқушылардың білімін бағалау білім берудің мазмұны мен мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады. Бастауыш білім мазмұнын игергендігін бағалау. Берілген мазмұнның міндетті стандарттық деңгейде игерілген білім көлемі арқылы жүзеге асады. Білім мазмұнын жаңалау және оқыту сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалып, бекітілді және Базистік оқу жоспары жетілдірілді. Оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар) баспадан шықты.
Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды. [8]
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту болуы тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылар білімді, іскелікті, дағдыны меңгеруі тексерілед. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымеы толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми тәжірибелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін беріледі.
Бақылау түрлерінің біріне тестілер де жатады. Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды, осы күнделікті әр кезеңдегі бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді
Ш.И.Амоношвили, В.М.Полонский М.Н.Скаткин, В.С.Цетлин, Н.В.Селезнев, т.б дидактиктердің және басқа да әдіскердің еңбектерінде айтылмыш екі мәселе жіктеліп, әрқайсысы жеке-жеке қарала бастады. Бағалау - бұл оқушынын оқу-тәрбие алу үрдісінід деңгейін көрсетті Оқушы программаны қаншалықты меңгергендігін мұғалімнің басқаларға көрсете білуі.
Бағалауға екі объект қатысады, мұғалім бағалаушы, оқушы бағаланушы. Бағаланушы пікірін, ойын сөзбен немесе сандық балмен білдіреді. Бағалаушы маман баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі, берген сұрағына айтылатын жауаптың моделін алдын ала болжамдайды, немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған, ешқандай қиындығы жоқ, сондықтанда оқушының жауабын бағалауға бағалаушы алдын ала даяр. Бағалау барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады.
Профессор Щ.А.Амоношвили бағалау - баға берудің ісмерлік нәтижесі, үрдіс-іскерліктің қортындысы, шартты формальды түрі екенін айтқан.
Оқытудың негізгі технологиясында оқушылардың білімін тексерудің күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қортынды бақылау сияқты үш құрамдас бөліктен тұратын кешені қолданылуда.
Күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылаудың бұл түріне әр сабақта күнделікті жүзеге асатын бақылау жұмыстары жатады. Бақылаудың бұл түрінін формалары: ауызша сұрау, тест тапсырмаларына жауап беру, қысқа-қысқа жазба жұмыстары, баяндама, есеп беру, лекция немесе арнаулы әдебиеттердің конспектісін тексеру.
Бақылаудың бұл түрінің формалары: қалыпты және бағдарламалық бақылау жұмыстары, мәнжазбалар, жаттығу тапсырмалар, тестілер.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау бағалау - педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау, (әнгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
Машинасыз бағдарламалар бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны, бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа вариантты, жауаптың мазмұнын жазады, олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары дәл емес, толық немесе бағдар тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі (жазбаша бақылау жұмысы, тестілтк жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант, т.б.) немесе оқушылар әрекетінің бірі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру, т.б.) деп ұғынылады.
Білімді бақылау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі (әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке даралық, диференциялық және тәжірибелік). Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) бұл субъективтік факторларды болдырмауды көрсетеді.
Тақырыптың өзектілігі. Бүкіл адамзат қоғамның, XXI ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы
16 12 2014
5 стр.
18 12 2014
5 стр.
25 12 2014
3 стр.
16 12 2014
3 стр.
Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу материалдары
17 12 2014
3 стр.
Ою-өрнектің атаулары, түстері мен бояулары
25 12 2014
3 стр.
Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен
16 12 2014
4 стр.
Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып
14 12 2014
5 стр.