Перейти на главную страницу
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері» деп аталатын екінші бөлімде бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың отандық тәжірибелері, жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ұстанымдары мен педагогикалық шарттары анықталады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру моделі түзіледі.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатындағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар және оның нәтижелері» атты төртінші бөлімде болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың жүргізілуі сипатталып, оң нәтижелері талданып, қорытындыланады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген.
Кейбір авторлардың еңбектерінде «кәсіби құзыреттілік» ұғымы «кәсіби қызметке даярлық» (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин және т.б.) және «педагогикалық кәсібилік» (А.И.Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі.
Кәсіби құзыреттілікті зерттеуде Н.В.Кузьмина арнайы-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, әдістемелік құзыреттілік, дифференциалды-психологиялық және аутопсихологиялық құзыреттілік сияқты түрлеріне, А.А.Реан, Е.С.Алешина-дифференциалдық-психологиялық құзыреттілікке, М.В.Прохорова-басқарушылық құзыреттілікке, Т.Б.Руденко дидактикалық-әдістемелік құзыреттілікке назар аударса, Ю.В.Варданян, В.И.Журавлев, Т.В.Новикова, Н.Ф.Талызина-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін кәсібиліктің бір баспалдағы, А.А.Вербицкий, А.К.Маркова - мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік, дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі, Е.М.Павлютенков - білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов, И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Е.П.Белозерцов, И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, Н.Д.Левитов, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, Ш.Т.Таубаева; педагогтың кәсіби қызметінің психологиялық негізі – Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев т.б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған. Сонымен қатар жекелеген пәндер бойынша біліктіліктерді қалыптастыруға қазақстандық ғалымдар А.Е.Әбілқасымованың, Б.Баймұхановтың, М.Ә.Құдайқұловтың, Ж.А.Қараевтың, А.Нұғысованың, Б.Д.Сыдықовтың, С.Е.Шәкілікованың және т.б. еңбектерінде ерекше көңіл бөлінген.
В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Л.И.Мищенко және т.б. педагогтік мамандықтардың ерекшелігіне орай педагогтің кәсіби құзыреттілігі ұғымын оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрылымы неғұрлым жалпыдан жекеге бағытталған педагогтік біліктілік арқылы анықталады. Мұғалімнің педагогикалық ойлай білудегі жалпылама біліктілігі кезінде байқалатын теориялық дайындығының мазмұны мұғалім бойындағы аналитикалық, болжамдық, жобалау және рефлексивтік біліктіліктердің болуынан байқалады. Практикалық дайындығының мазмұны педагогтің әртүрлі біліктіліктерінің қалыптасуымен айқындалады. Оларға: құрастыра білу, ақпараттық, дамытушылық және бағдарлық қабілеттерді біріктіретін ұйымдастырушылық қабілеті; перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық техника (жеке оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере білу); қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық аспапта ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы т.б.) жатады.
Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді.
Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік-бұл кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі».
Г.Ж.Меңлібекова болашақ мұғалімнің әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына үлкен мән береді. Оның пікірінше, әлеуметтік құзыреттілік - адамның әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуінің, әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің, өзін анықтаудағы субъективтік қабілетінің, әлеуметтік технологияны жүзеге асыру біліктілігінің бірігуі ретіндегі кіріктірілген сапалық қасиеттері.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.
Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Педагог оқу іс-әрекетінде ынтымақтаса отырып, баланың бойына түйінді және пәндік құзыреттердің қалыптасуына жағдай жасайды. Ол үшін болашақ бастауыш сынып мұғалімі осы мақсатқа сай даярлануы керек.
Ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми негіздері: әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білім деп анықтадық (1 сурет).
Зерттеу жұмысы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-
Зерттеу жұмысы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға арналғандықтан, дидактика, дидактика дамуының тарихы, дидактикалық жүйелер, мұғалімнің дидактикалық біліктілігінің мәні, олар туралы әлемдік, шығыс, қазақ философиясындағы өрелі ойларға, отандық педагогиканың тұжырымдамалық пікірлеріне талдау жасау қажеттілігі туындады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделей келе болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби–дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ретінде жүйелілік, тұлғалық, әрекеттік, мәдениетнамалық, құзыреттілік және ақпараттық тұғырлар алынды (1 кесте).
Тұғырдың атауы |
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру аясындағы мазмұны |
Тұлғалық (В.В.Сериков, В.А.Сластенин, И.С.Якиманская) |
Тұлғаға субъект ретінде қарау. Тұлғаның өзіндік ерекшелігіне бағыттай отырып, оның әлеуетін, өзіндік сапаларын аша білуге және дамытуға бағдарлау. |
Әрекеттік (Н.В.Кузьмина, Т.Г. Браже, Л.С.Рубинштейн, Л.Ф.Спирин) |
Тұлғаның өздігінен мақсат қоя білуі, іс-әрекетін жоспарлауы, орындауы, нәтижеге жете білу. |
Құзыреттілік ( Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Дж.Равен) |
Тұлғаның нақты әрекет пен үдерістерде тиімді, өнімді әрекеттер жасай алу қабілетін, дара тұлға сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды |
Мәдениетнамалық (Е.В.Бондаревская, И.Ф. Исаев, Б.С. Гершунский) |
Тұлғаның мәдени қалыптасқандығы, дамығандығы, білімділігі, адамдар арасындағы қатынастағы мәдениеттілік нәтижесі |
Ақпараттық (Т.О.Балықбаев, Е.Ы. Бидайбеков, Б.Д. Сыдықов) |
Тұлғаның ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қандай ма болсын істе қолдана білуі. |
Жүйелілік (Б.Г. Ананьев, А.Байтұрсынов, Э.Г.Юдин) |
Тұлғаның кәсіби дайындығын жүйелі және кәсіби компоненттер бірлігінде жүргізу. |
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен
13 10 2014
6 стр.
Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары м
25 12 2014
4 стр.
Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары м
25 12 2014
4 стр.
М а з м ұ н ы кіріспе
16 12 2014
4 стр.
17 12 2014
15 стр.
Тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі
25 12 2014
4 стр.
Р Үкіметінің 2010. 21. 10. №1092 Қаулысымен (бұр ред.қара); 2011. 11. 03. №253 Қаулысымен (бұр ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012. 17. 02. №231 Қаулысымен кіріспе жаң
14 12 2014
4 стр.
Сабақтың мақсаты: Қазіргі заманда қолданылатын биологиялық мембраналарының құрылымы мен функцияларын зерттеу әдістері туралы анықтама алу
14 12 2014
1 стр.