Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсын ұйымдастырып, өткізу
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Бұл ереже Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсының (ары қарай – Конкурс) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырып, өткізу, қорытынды шығару, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
Конкурстың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы
Конкурстың мақсаты - жастардың бойында қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Конкурстың міндеттері:
- Шығыс Қазақстан облысының шығармашыл дарынды балаларын анықтап, қолдауға жағдай жасау;
- өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін «қазақстандық – патриот» образын насихаттау;
- оқушы жастардың санасында болашаққа ұмтылушылық пен мақсаттарының ортақ болуын нығайту;
- «өз елінің азаматы» деген жағымды адам имиджін құру;
- талантты жас журналистерді анықтап, қолдау.
II. Конкурстың ұйымдастыру комитеті
Конкурсты ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың тұжырымдамасын әзірлейді;
- Конкурсқа дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылық етеді;
- қазылар алқасы құрамын құрып, бекітеді;
- Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар мен өтінімді қабылдайды;
- Конкурс қорытындысын сараптап, қорытады;
- бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурсқа дайындық жұмыстары мен өтуі туралы, нәтижелерінің жариялануын қамтамасыз етеді.
III. Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа қатысу ерікті түрде.
Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары мен кәсіптік-техникалық мектептер мен колледж студенттері қатыса алады.
Конкурс келесі жас категориялары бойынша өтеді:
1- категория – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары,
2- категория – облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары,
3- категория – облыстың кәсіптік-техникалық мектептер мен колледж студенттері.
IV. Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
I кезең – қалалық (аудандық).
Конкурстың қалалық (аудандық) кезеңдері жергілікті жерлерде 2012 жылдың 12 қарашасында дейін өткізіледі.
II кезең – облыстық.
Облыстық кезеңге қатысу үшін әр ауданнан (қаладан), кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждерден төмендегідей жұмыстар қабылданады:
- «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» деген тақырыпта әр категориядан үздік 1 (бір) мақала.
- конкурс тақырыбы бойынша бейнеролик жасау.
Жұмыстар 2012 жылғы 23 қарашаға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтарының, кәсіптік-техникалық мектептер мен колледж директорларының қолымен куәландырылған өтінім мен қатысушылардың жұмыстарын ұсыну қажет.
Конкурсқа ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды, қайтарылмайды.
Конкурстың қорытындысы 2012 жылдың 29 қарашасында шығарылып ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында (www.shygysdaryny.kz.) жарияланады.
V. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар
Облыстық кезеңге ұсынылған жұмыстарға қойылатын талаптар. 1.Мақала «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» деген
тақырыптағы тұжырымдалған шығармашылық жұмыс болуы қажет.
Жұмыстар электронды және қағаз түрінде беріледі.
Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар.
1. Мақала мәтіні компьютерде теріліп (WORD, шрифт 14, аралық интервал 1,5), титул беті болуы қажет.
2.Титул бетте:
1) жұмыс орындалған білім мекемесінің толық атауы;
2) жұмыс тақырыбы;
3) орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, аудан, қала) туралы мәліметтер болуы керек.
3. Бейнематериалдың ұзақтығы - 2 минуттан аспауы қажет.
Ұйымдастыру комитетіне бейнеролик DVD дискіде тапсырылуы керек.
VI. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
Конкурс 3 категория бойынша жеке қорытындыланады.
Конкурс жұмыстарын бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізіледі:
- материалдардың конкурс мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
- материалдардың қоғамдық-әлеуметтік маңыздылығы;
- материалды ұсыну объективтілігі, ерекшелігі, аналитикалық көзқарасы;
- мазмұндаудың дәлелділігі және тақырыптың терең ашылуы;
- мазмұндау тілінің көркемдігі, нақтылығы және түсінікті етіп жеткізуі, мазмұндау шеберлігі;
- композициялық шешімнің сапасы мен логикалық жеткізілуі;
- материалды публицистикалық стильде беру.
Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтайды. Жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
VII. Конкурсты қаржыландыру
Конкурсты қаржыландыру құрылып, бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.