Күші жойылды - ҚҚА №123 30.04.07ж.
ҚРӘМ № 3132 05.10.2004ж.тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН
ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН
ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2004 жылғы 21 тамыз № 242
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2386 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 29 мамырдағы № 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
|
|
Зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2386 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы”, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2386 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 30 маусым - 13 шілде аралығындағы "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" басылымдарында жарияланған), бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атаудағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесінде:
жоғарғы оң жақтағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
атаудағы "сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалынған және жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі - Қор), олардың құрылтай құжаттарына, Қорлардың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістері мен толықтыруларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру тәртібін, мұндай рұқсат беруге бас тарту негіздемелерін айқындайды.";
1-тармақта:
"реттеу және қадағалау жөніндегі функцияларды және өкілеттіктерді" деген сөздер "реттеу және қадағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік және орыс тілдеріндегі құрылтай құжаттары үш данамен (түпнұсқа және екі көшірме);";
3)-тармақшада:
екінші абзацтағы құжаттарды "өткізер алдындағы соңғы айдағы" деген сөздер "соңғы тоқсанның аяғындағы" деген сөздермен ауыстырылсын";
мынадай мазмұндағы 4)-тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қызметінің стратегиясын, қызметінің бағыты мен масштабын, қаржы перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық (операциялық) жылдағы кірістер мен шығыстар шоты, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары) ашып көрсететін Қордың бизнес-жоспары.";
2-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үш данасы (түпнұсқа және екі көшірме).";
3 және 6-тармақтардағы "жинақтаушы зейнетақы қорларын, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістері мен толықтыруларын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру" деген сөздер "Қорларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларға рұқсат беру, Қорлардың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган әділет органдарында Қорды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беруді, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды, сонымен қатар Қордың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісімдерді жазбаша нысанда беруді жүзеге асырады.";
5-тармақтағы:
"орыс тілдеріндегі" деген сөздерден кейін "мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелері" деген сөздермен толықтырылсын";
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2- тармақтарымен толықтырылсын:
"5-1. Қордың филиалын ашуға келісім алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:
-
филиалды ашуға келісім алуға еркін нысандағы өтініш;
-
Қордың жарғысына сәйкес уәкілетті органның Қордың филиалын ашу туралы шешімі;
-
Қордың уәкілетті органы бекіткен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Қордың филиалы туралы ереже, үш данамен (түпнұсқа және екі көшірме);
-
үй-жайдың, ұйымдастыру техникасының, телекоммуникациялық жабдықтың бар екендігін растайтын құжаттар;
-
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен келісілу рәсімінен өту үшін филиал мен өкілдіктің басшы қызметкерлерінің лауазымдық қызметіне кандидаттардың құжаттары.
Қордың өкілдіктерін ашуға келісу алу үшін осы тармақтың 1)-3), 5)-тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылады.
Әділет органдарында филиалды (өкілдікті) есепке алуды тіркегеннен кейін он төрт күннің ішінде Қор уәкілетті органға есепке алуды тіркеу куәлігінің көшірмесін береді.
5-2. Филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде Қор әділет органдарында оларды есепке алуды тіркеген күннен бастап он төрт күннің ішінде филиал (өкілдік) туралы ережеге нотариалды түрде куәландырылған өзгерістер мен толықтыруларды, сонымен қатар есепке алуды тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін уәкілетті органға ұсынады.);
6-тармақтағы "4-тармақта көрсетілген" деген сөздер "6-2-тармақта көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Уәкілетті орган осы Ереженің 6-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Қордың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруде жазбаша нысанда бас тартады.
6-2. Әділет органдарында Қорды мемлекеттік тіркеуге рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарды, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды, Қордың филиалдарын (өкілдіктерін) ашығуға келісімдерді осы Ережеде көрсетілген құжаттар топтамасын берген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде уәкілетті орган қарайды.";
қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы:
"№" белгісі алынып тасталсын;
"сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістері мен толықтыруларын" деген сөздер "олардың құрылтай құжаттарына өзгерістері мен толықтыруларын, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруді" деген сөздермен ауыстырылсын;
№1 қосымшада:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі _________________";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттік арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретін акцияларының саны";
7-тармақтың 3)-тармақшасындағы "(үлесінен)" деген сөз "акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан немесе үлесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
"жарғылық капиталда" деген сөзден кейін "дауыс беруші акцияларға иелік етуде және/немес пайдалануда, және/немесе иеленуде" деген сөздермен толықтырылсын;
№2 қосымшада:
9-тармақтың 3)-тармақшасындағы "(үлесінен)" деген сөз "акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санынан немесе үлесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Құрылтайшылардың арасында орналасқан Қор акцияларының жалпы санына проценттік арақатынаста құрылтайшы болып сатылып алынатын Қордың дауыс беретін акцияларының саны".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап:
-
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ашуды және жабуды келісу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 7 қаңтардағы № 4-П бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 467 тіркелген);
-
Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіні Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998 жылғы 7 қаңтардағы № 4-П бұйрығымен бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ашуды және жабуды келісу тәртібі туралы Ережеге" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 27 маусымдағы № 70-П (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1218 тіркелген)бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығына және Зейнетақы қорларының қауымдастығына жіберсін.
5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға Б. Жәмішев