«Клиникаға кіріспе-1» VK-1216 пәні бойынша
Ассистент –Түймебаева Айжан Толегеновна, оқытушы, дәрігер –терапевт (2007 ж. маман-сертификатымен), екінші категориялы дәрігер, педагогикалық стажы-9 жыл, емдеу ісі стажы-12 жыл. 4 оқу әдістемелік құралының, 6 баспа жұмысының авторы.
Ғылыми бағыты: артопатияның диагностика әдістерін дамыту және емдеу. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент: Нұрғазина Лаура Сейітовна, оқытушы, дәрігер-терапевт (2007ж.маман-сертификаты), екінші категориялы дәрігер, педагогикалық стаж-9 жыл, емдеу стажы –8 жыл. Сабақты қазақ және орыс тілінде жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ғылыми-бағыты: пиелонефриті бар науқастарда белок және майдың қышқылдану модификациясын туралы сұрақтарды зерттеу. 1 оқу әдістемелік құралының, 5 баспа жұмысының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Абильдина Назерке Турсыновна, дәрігер-педиатр, балалар гастроэнтерологы (сертификаты 2007-2008 жж.) екінші категориялы дәрігер, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Сабақты қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Кафедрада оқу ісінің меңгерушісі. Қазақ тіліндегі әдістемелік жұмыстарға, мәселелі оқыту бағдарламасына жауапты. 2 ғылыми баспа жұмысының, 3 оқу әдістемелік құралының авторы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент: Кирьянова Татьяна Анатольевна, оқытушы, дәрігер –педиатр, (2007 ж. маман-сертификаты) , педагогикалық стажы – 9 жыл, емдеу стажы – 8 жыл. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Ғылыми бағыты: Қалқанша безінің қызметі бұзылған аналардан туылған балалардағы неонотальді кезендегі тотығу механизм жағдайы. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Алишева Гульнара Лесовна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, 2008-2009 оқу жылынан бастап жұмыс істейді. Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Дундукова Расима Сабировна, педагогикалық стажы 5 жылдан аса, дәрігер-педиатр, бірінші категориялы дәрігер, кафедрадағы оқу кәсіптік тәжірибені жүргізу және ұйымдастыруға жауапты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Ассистент Ильясова Айгуль Койшыгуловна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, медициналық колледжден жұмыс стажы бар, денсаулықсақтау тәжірибесінде жұмыс істеді, сабақты орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді.
Ассистент Даулетова Сағыныш Толеуғалиевна, дәрігер-эпидемиолог (сертификат 2001 ж.). Жалпы стажы 8 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Сабекова Орынбала Жаксылыковна, дәрігер-эпидемиолог (сертификат 2001 ж.). Жалпы стажы 4 жыл. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Бірінші курс топтарында эдвайзер. ОКО на жауапты. Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар бойынша оқыған сертификаты бар.
Ассистент Халмурадова Сымбат Ержановна, дәрігер-терапевт. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар.
Ассистент Курилова Вероника Викторовна, дәрігер-педиатр, бірінші категориялы дәрігер, денсаулық сақтау ісінде 26 жыл тәжірибесі бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. АҚ жауапты.
Ассистент Дреева Наталья Ивановна, дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер, Медициналық колледждағы оқыту жұмысы бойынша стажы бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.
Ассистент Корнеева Елена Аркадьевна, дәрігер-педиатр, жоғары категориялы дәрігер, денсаулық сақтау ісінде 20 жыл тәжірибесі бар. Орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.
Ассистент Жунусова Сандугаш Укашевна , дәрігер-терапевт, бірінші категориялы дәрігер. Қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді. 3 баспа жұмысының авторы.
Ассистент Абрамов Григорий Александрович, дәрігер-хирург. Орыс тілдерінде және ағылшынша сабақ жүргізеді.
Байланыс ақпараты: Оқу бөлімінің кестесі бойынша сабақтар кафедраның клиникалық базасында жүргізіледі ММ”Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы”(С.Сейфуллин көшесі 11) автобустар:№ 7, 33, 41, 122, 127, 165, 146 01, 06, 30, 011 (аялдама Школьник дүкені); автобустар 7, 33, 34, 134, 41, 165, 146 маршрутты таксилер 28, 02, (аялдама Монша).ОСАМККО-ның телефоны 41-64-52.
Оқу пәнінің саясаты кафедраның клиникалық базасындағы оқу үрдісінің кезекті және мақсаты түрде өтуімен бекітіледі. Палатада,мейірбике бекетінде ,емшара бөлмесінде, науқас отбасымен танысудың алғашқы тәжірибені қабылдау немесе медициналық мамандармен өзара-қатынастарын тығыз дамыту. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы жоғарғы мектепте жалпы принциптерге үйретуге негізделген, сырт принциптерге үйретуге негізделген, сырт пішіндерін қатаң қадағалау; үтіктелген таза ақ халаттың немесе хирургиялық киімнің, қатырылған қалпақ, ауыстырылатын аяқ киім, маскалардың болуы. Сонымен қатар емдеу-диагностикалық үрдісте дәрігер көмекшісі ретінде, медициналық этика, деонтология принциптерімен, науқас адамды күту мен бақылаудағы арнайы білім мен әдістерді, арнайы манипуляцияларды жүргізуді үйретуге қатаң көңіл бөлінеді.
Бірінші сабақта пән бойынша базистік білім деңгейі тексеріледі. Базистік білімге оқу журналына 100-балды деңгейде баға қойылады. ӨР есептегенде базистік баға есепке алынбайды. Студентке ағымды бағалар сабақта оқу журналына 100-балды деңгейде әрбір орындаған тапсырма/бөлім бойынша қойылады. Тапсырма/бөлім бойынша ағымды бағаны қою үшін барлық оқу жұмыс түрлері ескеріледі(аудиториялық және аудиториядан тыс). Пән бойынша аралық бақылау СОӨЖ уақытында кафедрада жүргізіледі, тақырып жоспарына сай 2 кем емес. Аралық бақылау пәннің өткен барлық тақырыптарын қамтиды. Себепсіз босатылған сабақтар өтелмейді.Тәжірибелік сабақтың бар сағаттарының 50%немесе одан көп сағатын босатқан студент тапсырма/бөлімді тапсыруға жіберілмей, электронды журналға "0" қойылады.Себепті босатқан сабақты ғана өтеуге болады.Босатылған сабақты өтеу үшін:
Пәннің мақсаты жоғарғы медициналық білімі бар, интегралды жүйемен маман дайындауда өз үлесін қосу.
Пәннің оқыту объектісі болып: орта арнаулы білімі бар медициналық жұмыскер атқаратын кәсіптік істің барлық түрлері мен шарттарын және диагностикалық емдік үрдістерді оң нәтижесі болуын, сонымен қатар науқастың отбасымен жұмыс істеу дағдыларын үйрету.
Пәннің мақсаты: дәрігер мамндығының шарттарын, науқасты күтіп,бақылау дағдыларын, олардың отбасымен өзара қатынасын. кұру.
Пәннің талаптары. Студенттерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау негіздерімен таныстыру студенттерді денсаулық құрылымдарының түрлерімен, олардың жұмыс шарттарымен таныстыру.
●денсаулық сақтау мекемелерінде санитарлы-эпидемиологиялық режимнің әдіс-ережелерін үйрету.
●науқасты тәжірибелік жалпы күту дағдыларын үйрету.
●отбасының медициналық көмекке мұқтаждықтарын айқындау шарттарын үйрету.
Дублиндік дескрипторлар бірінші деңгей (бакалавриат) |
Блум пирамидасы |
Дескриптор бойынша оқытудың соңғы нәтижелері |
Компетенция | |
A |
Бұл аймақ бойынша өз білімін және түсінігін көрсете білу |
Білім |
Денсаулық сақтаудың негізгі приоритеттерін қалыптастыру. Емдік мекемелердің типтерін, санитарлы-эпидемияға қарсы режимнің қағида ақпараттарын білу, науқастарды жалпы күту ережелерін білу. |
1,2,4 |
|
|
Түсіну |
Науқастарды күту ерекшелігі және санитарлық өңдеу түрін анықтау. |
1,2,4 |
B |
Білім мен түсінуді мамандық деңгейінде қолдану |
Қолдану |
Халі ауыр науқастарға күтім жасау негізгі ережелерін анықтау. Науқастарға күтім жасау технологиясы бұзылғанда, асқынулардың алдын алу. Науқастың жағымсыз функционалды жағдайын айыра білу. Науқастың комплаенсын қолдауда өз ролін бағалау. |
1,2,3,4,6,7,8 |
С |
Зерттеу аймағының мәселелерін шешу және аргументтер қалыптастыру |
Талдау |
Науқасқа гигиеналық шараларды ұйымдастыру. Емдік мекемеде ем- сақтау режімі тапсырмасын орныдау. Науқасты тасымалдауды жоспарлау және ұйыдастыру. Науқастың физиологиялық қажеттілігін жүзеге асыруда көмектесу және науқастың өмір сүру көрсеткіштерін бақылау: қан қысымын өлшеу, пульске, тынысқа, диурезге динамикалық бақылау жүргізу. Науқасты эмоциналды қолдау. |
1,2,3,4,6,7,8 |
D |
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларын есепке ала отырып,ақпаратты жинау және интерпретация жасау. |
Синтез |
Гигиеналық режіміді іске асыру нәтижелерін талқылау. Халі ауыр науқастардағы ойық жараның және басқа асқынулардың алдын алу шешімдерін шығару. Науқастарға күтімді ұйымдастыру және тасымалдаудың жаңа әдістерін талқылау. Жобаны жасайтын және волонтерлық көмекті іске асыратын топ құру. |
1,2,3,4,6,7,8 |
Е |
Ақпаратты, ойын, мәселесін және шешімін мамандарға, маман еместерге айту. |
|
Клиникаға кіріспе - 1 пәнінен алған білімін қолдану: Клиникаға кіріспе- 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, «Коммуникативты дағдылар-2», «Жалпы хирургия». |
1,2,3,4,6,7,8 |
№ тақ
|
№ тап
|
Тақырып аттары |
Ұзақтығы |
1 |
1 |
Санитарлық- эпидемияға қарсы тәртіптерді сақтау. Дезинфекция туралы түсінік, ерітінділерін дайындау. |
2 сағат |
2 |
1 |
Науқасты қабылдау және санитарлық тазалықты өңдеу. |
2 сағат |
3 |
1 |
Науқастарды тасымалдау. |
2 сағат |
4 |
2 |
Науқастың функциональді жағдайын бағалау: аурудың есін, жатқан бітімін, тері сипаттамасы, тыныс алуын. |
2 сағат |
5 |
2 |
Науқастың функциональді жағдайын бағалау: пульсін есептеу, артериялық қысымын өлшеу, термометрия. Қызбасы бар науқастардың жалпы күтімі. |
2 сағат |
6 |
2 |
Халі ауыр науқастардың жеке гигиенасы шаралары. Терінің ойылып қалған жарасының алдын-алуы. |
2 сағат |
7 |
3 |
Науқасты күткенде және оның жанұясымен танысып тіл табысу. Коммуникативті дағдылар бойынша білімін қолдану. |
2 сағат |
8 |
|
Бөлім бойынша қорытынды сабақ. |
1 сағат |
|
Барлығы |
15 |
№ тақ
|
№ тап
|
Тақырып аттары |
Ұзақтығы |
1 |
1 |
Емдеу- сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы. |
2 сағат |
2 |
1 |
Емдеу-сақтандыру мекемесіндегі тазалаудың түрлері. Инвентарларды өңдеу. |
2 сағат |
3 |
1 |
Аурухана бөлімшесіндегі емдік-сақтау режимі және жұмысын ұйымдастыру. |
2 сағат |
4 |
2 |
Науқасты күту: киімін ауыстыру, тері, шаш, көз, тырнақ гигиенасы. |
2 сағат |
5 |
2 |
Халі ауыр науқастарды күту:физиологиялық қажеттілігіне көмек беру. |
2 сағат |
6 |
2 |
Науқастарды тамақтандыру. Халі ауыр науқастарды тамақтандыру. |
2 сағат |
7 |
3 |
Участкелік дәрігермен бірге халі ауыр науқасты мүгедектің үйіне патронаж жасау. |
2 сағат |
8 |
Бөлім бойынша қорытынды сабақ. |
1 сағат | |
|
Барлығы |
15 |
№ тақ
|
№ тап
|
Тақырып аттары |
Өткізу формасы |
Ұзақтығы |
1 |
1 |
Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары: Симс қалпы, Фаулер қалпы. |
Дене биомеханикасы бойынша білім жаттығу кешенін құру.Функциональді қалыптың. |
5 сағат |
2 |
2 |
Кәрия науқастардың күтімі |
Егде жастағы науқастардың ерекшеліктеріне байланысты күту жоспарын құрастыру. |
5 сағат |
3 |
3 |
Жанұямен танысқанда алған пікірлерді талдау. Жанұямен қарым-қатнаста жеткен жетістіктерді және қиыншылықтарды талдау |
Жоба әдісі. Мейірбикенің отбасына көмек картасын толтыру. |
5 сағат |
|
Барлығы |
|
15 |
Кеңес апта сайын сенбі күндері кафедрада 9.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
Аралық бақылау уақыты:
Қорытынды бақылау уақыты: Академиялық күнтізбеге сәйкес.
1.Мұратбекова С.К. Мейірбике ісінің негіздері.-Астана, 2007жыл.- 412 бет
2.Давлицарова К.Е., Миронова С.Н. Манипуляционная техника:Учебное пособие.-М.:ФОРУМ:ИНФРА - М,2005.- 480 с.
3.Кулешова Л.И. Инфекционная безопасность в лечебно профилактическом учреждении.: Ростов н/Д Феникс, 2005.-316 с.
4.Ужегов Г.Н. Справочник по уходу за больными.- М: Центрполиграф,2006.-366 с.
5.Морозова Г.И. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: Учеб.пособие для мед училищ и колледжей/ Г.И.Морозова.- М.: ГЭОТАР- Медиа, 2009.-240 с
6.Обуховец Т.П. Основы сестринского дела: учеб.пособие для студ. обуч. в мед. училищах и колледжах / Т.П. Обуховец, О.В.Чернова.- 14-е изд., доп. и перераб.- Ростов н/Д: Феникс, 2009.- 792 с. -(Медицина для Вас)
7.Обуховец Тамара Павловна. Сестринское дело в терапии: практикум: Учеб.пос./ Обуховец Тамара Павловна .-Ростов н/Д: Феникс, 2007.- 352 с. -(Медицина).
8.Яромич И.В. Сестринское дело:Учеб. пособие/И.В. Яромич.- Изд. 5-е,испр.-М.:ОНИКС 21 век,2005.-464с.:ил.-(Для мед. училищ) .-ISBN 532901347Х:850с.
9.Ослопов В.Н. Общий уход за больными в терапевтической клинике: учеб. пособие для вузов. М: ГЭОТАР- Медиа, 2009
10.Островская И.В. Основы сестринского дела: Учебник для мед.училищ и колледжей/ И.В. Островская, Н.В.Широкова.: ГЭОТАР- Медиа, 2008.-320 с
11.Мухина С.А. Теоретические основы сестринского дела: учебник для мед.училищ и колледжей/ С.А.Мухина, И.И.Тарновская.- М.: ГЭОТАР- Медиа, 2010.-368 с
12.Обуховец Тамара Павловна, Склярова Т.А., Чернова О.В. Основы сестринского дела: Учеб.пособие / Обуховец Тамара Павловна, Склярова Т.А., Чернова О.В.; ред.Карабухин Б.И.- Ростов н/Д: Феникс, 2005.- 506 с.: ил. -(Медицина для Вас)
1. Евплов В.И. Дезинфекция и стерилизация в лечебном учреждении: Сб. документов, коментарии, рекомендации.- Ростов н/Д: Феникс,2003.-478 с.-(Медицина для Вас)
2. Обуховец Т.П. Основы сестринского ухода: Учеб. пос. для мед. колледжей.- Ростов-н/Д: Феникс,2000.- 448 с.- (медицина для вас)
3. Буянов В.М., Нестеренко Ю.А. Первая медицинская помощь: Учебник.- 7-е изд, перераб. и доп..- М.:Медицина,2000.-244 с. (Учеб. литература для уч-ся мед. училищ)
4. Фомина И.Г. Общий уход за больными.- М.: Медицина,2000.- 304 с. 5.Яромич И.В. Сестринское дело: Учеб. пособие.- Мн.: Вышэйшая школа, 2001
5. Обуховец Т.П. Основы сестринского дела: учеб.пособие/ Т.П. Обуховец.- 12-е изд., доп. и перераб.- Ростов н/Д: Феникс, 2008.- 553 с.
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Бағалаудың белгілері |
А |
Клиникалық сұрақтардың мазмұны толықтай ашылған. Қажетті ойлау қабілетімен жауап беруде пәндік саладағы терминология мен символика пайдаланылған. Жауап бергенде студент әртүрлі қиындық деңгейіндегі оқу материалын меңгерген, қажеттілік туындап жатса, басқа оқу пәндері мен курстың мәліметтерін пайдаланған. Қосымша сұрақтарға жауап берген кезде өзіндік жұмыстар негізінде теориялық білімдерінің жүйесін дамыта алады. Практикалық бөліктің барлық тапсырмалары орындалған, клиникалық ойлау қабілетінің жоғарылығы және клиникалық дағдыларын қолдана алатындығы көрінді. Шешімдері ойлауының жоғарылығымен, негізделгендігімен, оңтайлылығымен түсіндіріледі, тапсырмалардың шешімдерін табуда стандартты болмауы мүмкін. |
А- |
Жауап беру кезінде студент әр түрлі қиындық деңгейі бар оқу материалдарымен қаруланғанын көрсеткен, оқу пәнінің мазмұнын өте жақсы меңгерген, сонымен қатар осы білімдерінде шығармашылық қабілетін көрсетеді, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, шешімге келеді. Жауап берушінің өзімен қатесі табылатын бір ғана маңызсыз кемшілік бар. Практикалық бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент барлық тапсырмаларды орындаудағы жоғарғы кәсібилігін көрсете алған, клиникалық ойлау қабілетінің жоғарылығы, және оны клиникалық дағдыларды орындау кезінде көрсету. Үздік жауап кезінде бір маңызсыз кемшілік жіберіледі, ол жауап берушінің жауабына еш қатысы жоқ, және жауап берушінің өзімен тез арада түзетіледі. |
В+ |
Оқу пәнінің негізгі ережелеріне жауап беру кезінде, немесе басқа да қажетті материалға жауап бергенде, оқытушының ескертуімен студенттің өзі түзететін бір-екі қателіктері бар. Қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде студент бағдарламалық оқу материалына сүйене отырып жауап береді, оны таныс емес жағдайда шешудің жолын көрсетеді, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, оны үлгілермен бекітеді. Практикалық бөлімде клиникалық ойлауы көрінеді, оқытушының ескертуімен студенттің өзімен түзетіледі. |
В |
Курстың негізгі материалдарының іргелі ережелерін көрсету кезінде студент бағдарламалық оқу бағдарламасын меңгергенін көрсетеді, ол әр түрлі қиындық деңгейлерінен болуы мүмкін, сонымен қатар оны таныс жағдайда қиындықсыз көрсете алады. Жауап беру кезінде бір қатеден көп емес бір-екі кемшіліктер көрінеді. Студент сенімді түрде қосымша сұрақтарға жауап береді, ол негізгі оқу бағдарламасы курсының негізгі ережелеріне қатысты. Практикалық бөлімді шешу кезінде біліктіліктер мен сәйкес стандартты емес жағдайларда клиникалық дағдыларын пайдалана алады, бірақ практикалық тапсырмалардың нәтижелерін рәсімдеуде маңызды емес қателіктері мен аздаған кемшіліктері бар. |
В- |
Оқу бағдарламасының негізгі ережелері қателіктерімен айтылады. Алайда қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент аса көп қателіктер жібермей, оқу материалының негізгі бөліктеріне жауап бере алады, үлгі бойынша таныс жағдайда бар білімдерін көрсету. Практикалық тапсырмаларды орындау үшін негізгі клиникалық дағдыларды пайдалана алады. Практикалық бөлігін орындау кезінде кейбір жағдайларда дұрыс емес, қорытындыға әкелетін үш қателер жіберілген. Практикалық бөлімнің тапсырмаларын рәсімдеуде аздаған қателіктер жіберілген. |
С+ |
Жауап беруде оқу материалын негізсіз пайдаланғаны көрінеді. Жауапта көрініс тапқан ережелер логикалық байланыссыз жүйесіз айтылады. Маңызды және негізгі түсініктерге және оқу материалының фактілеріне байланысты қосымша сұрақтарға жауап бергенде пәндік саладағы терминологияны пайдалануда қиындықтарға тап болады. Жауап беру кезінде студент әрдайым теориялық білімін қажетті клиникалық материалды пайдалана отырып анықтап бере алмайды. Практикалық бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент клиникалық дағдыларды, емдеу диагностикасы, емдеу, т.б. орындау кезінде айырықша күрделі қателіктер жасайды. |
С |
Материалды баяндау жекелеген үлгілерде нақты емес, жүйеленбеген және қателері бар, негізгі теориялық ережелерді орындауда клиникалық дағдылар/ойлау қабілеті дұрыс қолданылмаған. Студент өз білімін тек нақты таныс жағдайда ғана қолдана алады, ал маңызды емес өзгеріс енгізілсе, қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар қиындықтар қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде де көрінеді, бірақ оқу бағдарламасы мен теориялық ережелердің кейбіреулерінде білімін көрсете алады. Студент жеңіл типтік үлгілер мен клиникалық тапсырмаларды шеше алады, практикалық тапсырманы орындау кезінде клиникалық дағдыларының төмен деңгейде қалыптасқанын көрсетеді. |
С- |
Студент жауап беруге тырысты, бірақ оның білімдері үзілген және жүйесіз. Пәндік саладағы терминологияны төмен меңгерген. Қателері және кемшіліктері бар үш практикалық тапсырма орындалған. Студент меңгерілген материал мен нақты клиникалық үлгілерді шешумен байланысты екенін өзіндік түсіне алмайды, оқытушының көмегінсіз студент өзіне жақсы белгілі фактлерді де пайдалана алмайды. |
D+ |
Студент қойылған сұраққа жауап беруге талпынды, ол оқу материалы туралы көп түсінік бере алмайды. Білім оқу бағдарламасының теориялық жағынан да, клиникалық дағдыларды практикалық меңгеруде де көріне алмаған. Ұсынылған практикалық тапсырмалардың немесе клиникалық дағдылардың төрттен бір бөлігін ғана шешу, сонымен қатар маңызды кемшіліктері бар, клиникалық дағдыларды шешуде де, практикалық тапсырмаларды орындауда да. Студент клиникалық дағдыларды орындауда көптеген күрделі қателіктер жасаған. |
D |
Сұраққа жауап беруге талпынған кезде студент өзіне түсініксіз пәндік саладағы білімін көрсеткен. Ұсынылған клиникалық тапсырманы шешуде қадам жасаған. Практикалық тапсырма тек бөлшектеліп қана орындалған, жеке клиникалық дағдыларды өте төмен меңгерген. |
F |
Студенттің жауап беруден бас тартуы немесе пәндік саладағы теориялық білімдерді білмеу. Бірде бір клиникалық тапсырма орындалмаған, немесе клиникалық тапсырмалар (практикалық тапсырмалар) дұрыс орындалмаған. |
Әріптік жүйе бойынша бағалау |
Бағаның сандық эквиваленті |
Бағаның пайыздық мазмұны |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
4 |
95-100 |
«Үздік» |
А- |
3,67 |
90-94 | |
В+ |
3,33 |
85-89 |
«Жақсы» |
В |
3,0 |
80-84 | |
В- |
2,67 |
75-79 | |
С+ |
2,33 |
70-74 |
«Қанағаттанарлық» |
С |
2,0 |
65-69 | |
С- |
1,67 |
60-64 | |
D+ |
1,33 |
55-59 | |
D |
1,0 |
50-54 | |
F |
0 |
0-49 |
«Қанағаттанарлықсыз» |
«Үздік» бағасы оқушының бағдарлық материалды толық меңгерген жағдайында және қандайда бір қате жібермей, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын уақытында дұрыс орындаса, жұмыс бойынша қатесіз есеп беріп, жоғарғы деңгейде ойлау қабілетін көрсетіп, коллоквиум және үй тапсырмаларын қатесіз тапсырған жағдайда, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан жағдайда, пән бойынша қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса және жұмыс бағдарламасын жүйелей алса қойылады.
«Жақсы» бағасы студент жұмыс материалын 75%-дан төмен игермесе, жауап берген кезде қате жібермей, бақылау және тәжірибе жұмыстарын уақытылы орындап, ескертусіз тапсырса және коллоквиум мен үй тапсырмасын дөрекі ескертусіз орындаса, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиеттерді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысса, принципальді емес қателіктер жіберіп, студенттің өзімен түзетілсе, жұмыс бағдарламасын оқытушы көмегімен жүйелей алған жағдайда қойылады.
«Қанағаттанарлық» бағасы студент бағдарлама материалын 50% дан аз меңгермесе, бақылау және тәжірибелік жұмыстарын орындауда оқытушының көмегіне зәру болса, коллоквиум тапсырғанда қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарына белсенділік танытпаса, тек қана оқу әдебиеттерімен шектелсе және материалды жүйелеу кезінде көптеген қиындықтарға ұшыраса қойылады.
14 10 2014
1 стр.
14 12 2014
1 стр.
14 12 2014
1 стр.
08 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
15 09 2014
4 стр.
08 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.