Перейти на главную страницу
Курс - 1
Кредит саны - 3
Жалпы сағат саны 135
Дәріс 2 кредит
Машықтану сабақтары 0,5 кредит
Зертханалық сабақтар 0,5 кредит
ОӨЖ 83 сағат
соның ішінде ОСӨЖ 30 сағат
3 ЕСЖ 2 семестр
Емтихан 2 семестр
Алматы 2012
Курстық бағдарламасын құрастырғандар: мамандықтың жұмыс бағдарламасы негізінде Кенжебекова А.И., физика кафедрасының аға оқытушысы.
Физика кафедрасының отырысында қаралды
« 28» маусым 2012 ж. № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________________ проф. Қарсыбаев М.Ш.
Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері
Пәннің пререквизиттері-Математика-1, Математика-2, Физика-1.
Пәннің постреквизиттері – электр байланысының теориясы 1,2, микроэлектроника, приборлар және зерттеу әдістері.
«Физика 2» пәні 5В071600 –«Приборлар құрастыру» мамандығының бакалаврларын даярлауда олардың кәсіби іс-әрекетінің негізін қалай отырып және ғылыми көзқарасы мен құзырлығын қалыптастыратын базалық курс болып табылады; сонымен қатар ауыл шаруашылығының энергиямен қамтамасыздандырылуы бакалаврларының кәсіби іс-әрекетінің негізін қалау.
«Физика 2» курсында: Максвелл теңдеулері; тербелістер мен толқындар физикасы; кванттық физика және атом физикасы; атом ядросы және элементар бөлшектер, қатты денелер физикасы оқытылады.
Курстың мақсаты - студенттерді классикалық және қазіргі заманғы физика мен физика теорияларын, физиканың негізгі заңдарын, сондай-ақ физиканың әр саласындағы теориялық және тәжірибелік-машықтану есептерін шешудің физикалық зерттеу әдістерін қолдануда дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, өзіндік танымдық іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; олардың болашақта кәсіптік іс-әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физикалық құбылыстарды ғылыми - тәжірибелік зерттеудегі әдістерді меңгеріп, қолдана білуін қамтамасыз ету.
Пәнді оқу тапсырмалары - классикалық және қазіргі заманғы физиканың негізгі теорияларын, заңдарын және тұжырымдамаларының табиғатын және олардың ішкң байланыстарын ашу; студенттердің болашақта кәсіптік іс-әрекеттеріндегі нақты есептерді шешуге көмектесетін физиканың әр түрлі салаларындағы пәннің жалпылама типтік мәселелерін (теориялық, эксперименттік және практикалық) шешуде олардың дағдылары мен біліктерін қалыптастыру және ары қарай жеке өз беттерімен білім алу әдістерін меңгерту; студенттердің өзіндік, танымдық іс-әрекетін, компьютер көмегімен физикалық құбылыстарды моделдеуді меңгеруін және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дағдыландыру.
Нәтижесінде, физика 2 курсын оқып үйренуде студент:
-негізгі физикалық теориялар мен принциптерін қолдануды, зерттеудің физикалық әдістерін, негізгі заңдар мен олардың қолдану шектерін білу;
-нақты физикалық есептерді және жағдайларды шешуде териялық білімді қолдануды,физикалық эксперимент нәтижелерін талдауды, компьютер көмегімен физикалық құбылыстарды моделдеуді үйрену;
-өлшеу құрылғыларын қолдануды, алынған мәліметтерді өңдеуді және есептеуді, физикалық эксперименттерді жүргізуді білуі қажет.
«Физика 2» курсына классикалық және қазіргі заманғымфизиканың негізгі бөлімдері кіреді. Қазіргі заманғы физикада оның заңдары мен теориялары мәнін жоғалтқан жоқ, олар ары қарай дамыды, жалпыланды және олардың қолдану шегіне байланысты критикалық бағаланулар алынды және олар техникада тура және жанама түрде қолдануда.
Студенттердің аралық жұмыстары бақылау жұмыстары, коллоквиум, зертханалық жұмыстарды қорғау және семестрлік тапсырмаларды (есептеу-графикалық жұмыстары) қорғау түрлерімен бақыланады. Соңғы бақылау- емтихан.
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Кадыров Хамза Ганиұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ғылыми - педагогикалық жұмыстардан стажы -34 жыл.
Сыздықова Рабиға Надейнбекқызы, аға оқытушы, ғылыми- педагогикалық жұмыстардан стажы-16 жыл.
Сабақ сұлбасы :
Бірінші семестр жартысында төмендегідей: апта сайын 1 дәріс - 2 байланыс сағаты (100 минут), екі аптада 1 зертханалық сабақ (әр сабақ 100 минуттан), оқытушаның басқаруымен өзіндік жұмыс (ОСӨЖ) апта сайын– 2 сағат (консультация және ЕСЖ тапсыру), оқушылардың өзіндік жұмысы (ОӨЖ)– апта сайын 4 сағат, оған дәріске, машықтандыру және зертханалық сабақтарға дайындалу, ЕСЖ және ОӨЖ тапсырмаларын орындау кіреді.
Сабақтар сұлбасы семестрдің екінші жартысында төмендегідей: апта сайын 1 дәріс - 2 байланыс сағаты (100 минут), екі аптада 1 машықтандыру сабағы – 2 сағаттан (100 минут), екі аптада 1 зертханалық сабақ- 2 сағат (әр сабақ 100 минуттан), мұғалімнің басқаруымен өзіндік жұмыс апта сайын (ОСӨЖ) – 2 сағат (консультация және ЕСЖ тапсыру), өзіндік жұмыс апта сайын (ОӨЖ)– 4 сағат, оған дәріске, машықтандыру және зертханалық сабақтарға дайындалу, ЕСЖ және ОӨЖ тапсырмаларын орындау кіреді.
Дәрістер (30 сағат):
Дәріс/ апта.
|
Тақырыбы
|
әдебиеттер |
1/ 1 |
Максвелл теңдеулері (4сағат) Электромагнитті индукция құбылыстары Электромагнитті индукцияның негізгі заңдары. Ленц ережесі. Өздік және өзара идукция құбылыстары Индуктивтілік. Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары. Токтың магнит энергиясы. Магнит өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24 |
2/2 |
Максвелл теориясының негіздері Электромагниттік индукция құбылысының максвелдік және фарадейлік тұжырымдаулары. Құйынды электр өрісі. Ығысу тогы. Максвелл теңдеулер жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24 |
3/3 |
Толқындар мен тербелістер физикасы (10 сағат) Тербелістербелмелі процестер. Гармоникалық тербелістердің жалпы сипаттамалары. Гармоникалық тербелістерінің дифференциалды теңдеулері. Гармоникалық осцилляторлар. Гармоникалық тербелістердің энергиясы. Тербелістерді қосу. Векторлық диаграмма. Соғу. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24 |
4/4 |
Өшетін тербелістер және оның сипаттамалары. Өшетін тербелістердің амплитудасы және жиілігі. Өшу коэффициенті,өшудің логарифмдік декременті, сапалылық. Өшетін тербелістердің дифференциал теңдеуі. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербеліс фазасы және амплитудасы. Резонанс. Ангармоникалық тербеліс. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24 |
5/5 |
Толқындық прцестер жәнеоның сипаттамалары. Сфералық және жазық толқын. Фазалық жылдамдық. Толқындық теңдеу. Серпінді толқын энергиясы. Умов векторы. Толқындардың суперпозициясы. Толқындық пакет. Топтық жылдамдық. Толқын дисперсиясы. Электромагнитті өріс үшін толқындық теңдеуі. Электромагнитті толқындардың қасиеттері. Электромагнитті энергия ағын тығыздығы -Пойнтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24 |
6/6 |
Жарық - электромагниттік толқын. Жарық интерференциясы. Уақыттық және кеңістіктік когеренттілік.Жарықтың интерференциясын бақылау әдістері (Юнг тәжірибесі, Ньютон сақиналары, жұқа қабықшадағы интерференция құбылыстары). |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 24 |
7/7 |
Толқындардың диффракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Френельдің аймақтық әдісі. Бір және көп саңылаулардағы диффракция. Спектрлі жіктелу. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 24 |
8/8 |
Кванттық физика және атом физикасы (6 сағат) Жылулық сәуле шығару, оның қасиеттері мен негізгі сипаттамалары. Жылулық сәуле шығару заңдары. Абсолют қара дененің сәуле шығару мәселелері. Планктың кванттық гипотезасы және формуласы. Фотондар. Жарық кванттарының энергиясы және импульсі. Комптон эффекті. Электромагнитті сәуле шығарудың корпускулалық-толқындық дуализмі. |
|
9/9 |
Заттардың корпускулалық-толқындық дуализмін матеряның универсалды қасиеті ретінде . Де Бройл гипотезасы және оны эксперименталды растау. Де Бройль толқынының қасиеттері. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері және Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы. Кванттық механикадағы микробөлшектердің күйі. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Шредингердің уақыттық және стационар теңдеуі. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24 |
10/10 |
Шредингер теңдеуі және оның шешімі. Қарапайым кванттық жүйе үшін Шредингер теңдеуінің шешімі. Тік бұрышты бір өлшемді потенциалды шұңқырдағы бөлшек. Бордың сәйкестік принциптері. Бөлшектердің потенциалды тосқауыл арқылы өтуі.Тунелдік эффект. Кванттық гармоникалық осциллятор. Сутегі атомының энергетикалық деңгейлері. Деңгейлер ені. Кеңістіктік квантталу. Электрон спині. Бірдей кванттық бөлшектердің ажыратылмаушылығы . |
Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24 |
11/11 |
Қатты денелер, атомдық ядро және элементар бөлшектер физикасы (10 сағат). Кванттық статистика және қатты денелер физикасының элементтері. Ферми – Дирак және Бозе-Эйнштейн кванттық статистикалары туралы түсінік. Бозондар және фериондар. Металдардағы айныған электронды газ. Ферми деңгейі. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24 |
12/12 |
Қатты денелердің аумақтық теориясы. Кристалдардардағы энергетикалық аймақтар. Аймақтық теориядағы металдар, өткізгіштер мен шалаөткізгіштер. Қоспалы және меншікті шалаөткізгіштердің электр өткізгіштігі. Фотоөткізгіштік. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24 |
13/13 |
Түйісу құбылыстары. Металл бетінен электрондардың шығу жұмысы. Түйісудің потенциалдар айырымы. Электронды және кемтікті шалаөткізгіштердегі түйісу. Шалаөткізгішті диод. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24 |
14/14 |
Атом ядросы. Атом ядросының құрылымы және сипаттамалары. Массалық ақау және байланыс энергиясы. Ядролық күштер. Ядролық күштердің алмасу сипаты. Ядро моделдері. |
Ә. 2, 3, 4, 7, 24 |
15/15 |
Элементар бөлшектер. Фундаменталды әсерлесулер. Күшті, әлсіз, электромагнитті, гравитациялық байланыстар. Қазіргі физика мен астрофизиканың өзекті мәселелері жөнінде түсінік. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 7, 24 |
Машық. саб./ апт. |
Тақырыбы |
Әдебиеттер |
1/8 |
Электромагниттік индукция. 1.Электромагниттік индукцияның негізгі заңдары. Фарадей - Максвелл заңы. 2.Өзіндік және өзара индукция. Индуктивтілік және өзара индуктивтілік. 3. Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары. 4.Магнит өрісінің энергиясы және тығыздығы. |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24 |
2/10 |
Еркін гармоникалық тербелістер. 1,Еркін гармоникалық тербелістердің дифференциалды теңдеулері. 2. Гармоникалық осцилляторлар: физикалық және математикалық маятниктер, тербелмелі контур. 3. Гармоникалық тербелістердің энергиясы. 4.Гармоникалық тербелістерді графикалық кескіндеу. Векторлық диаграмма әдісі. 5. Бағыттас және өзара перпендикуляр тербелістерді қосу. Соғулар Қысқа бақылау жұмысы №1 |
Ә. 1, 2, 3, 4, 5, 8, 24 |
3/12 |
Серпімді және электромагнитті толқындар. 1.Серпінді толқындар және оның сипаттамалары. 2.Серпінді толқындардың энергиясы және энергия тығыздығы. Умов векторы. 3.Электромагниттік толқындар және оның сипаттамалары. 4.Электромагнитті толқындардың энергиясы және энергия тығыздығы. Пойнтинг векторы. 5. Толқынның интерференциясы. 6. Толқынның дифракциясы Қысқа бақылау жұмысы №2 |
Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 24 |
4/14 |
Сәуле шығарудың кванттық табиғаты. 1. Жылулық сәуле шығару және оның сипаттамалары. 2. Абсолют қара дене, оның моделі. 3. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары. 4. Планк формуласы және гипотезасы. 5. Фотондар. Фотон энергиясы және импульсі. 6. Фотоэффект. Эйнштейн теңдеулері. 7. Комптон эффектісі. 8.Электромагнитті сәуле шығарудың корпускулалы-толқындық дуализмі. Қысқа бақылау жұмысы №3 |
Ә. 1, 2, 3, 4, 6, 7, 24 |
Зерт. саб./ апт |
Тақырыбы |
Әдебиет
|
1/1-2 |
Максвелл теңдеулері ЭМК-23 Құйынды электр өрісін оқып үйрену ЭМК-24 Катушканың индуктивтілігін анықтау
|
Ә. 1-4 |
2,3/3-4,5-6 |
Тербелістер мен толқындар физикасы. ЭМК-17 Осциллограф көмегімен тербелістерді қосып үйрену. ЭМК-18 Тербелмелі контурдағы еркін өшетін тербелістерді оқып үйрену. ЭМК-19 Айнымалы токты қолданып еріксіз тербелістерді оқып үйрену. ЭМК-20 Айнымалы ток қуатын өлшеу және қуат коэффициентін өлшеу. ЭМК-21 Математикалық маятник көмегімен гармоникалық тербелістерді оқып үйрену. ЭМК-22 Маятниктің еркін тербелісін оқып үйрену. ЭМК-25 Еріксіз тербелістерді оқып үйрену. Кернеу резонансы |
Ә. 23 |
4/5-6 |
ОТТ-1 Ньютон сақиналарының көмегімен линзаның қисықтық радиусын анықтау. ОТТ-2 Лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтау. ОТТ-3 Тар саңылаудағы жарық дифракциясын оқып үйрену. ОТТ-6 Малюс заңын тексеру. |
Ә. 21 |
5,6/ 7-8,9-10 |
Кванттық физика және атом физикасы ОТТ-8 Фотоэлемент сипаттамаларын зерттеу. ОТТ-9 Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау ОТТ-10 Стефан-Больцман заңын тексеру ОТТ-11 Жұтылу спектрі бойынша Планк тұрақтысын анықтау. ОТТ-12 Мыс ионының дифракциясын бақылау. |
Ә. 20 |
7/11-12, 13-14 |
Қатты дене, атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы ОТТ-13 Жартылай өткізгішті диод жұмысын оқып үйрену. ОТТ-14 Жартылай өткізгіштердің жарық өткізгіштік құбылысын оқып үйрену. ОТТ-15 Жартылай өткізгіштердің кедергілерінің температураға тәуелділігін оқып үйрену. |
Ә. 20 |
ОӨЖ. / апт. |
Тақырыбы |
Әдебиет
|
1/1 |
1.Электр тізбегін тұйықтау және ажырату экстратоктары. |
Ә. 1-5, 8, 24 |
2/2 |
2.Гармоникалық осцилляторлар: физикалық және математикалық маятниктер, |
Ә. 1-5, 8, 24 |
3/3 |
3.Айнымалы электр тогы - еріксіз электромагнитті толқын ретінде. |
Ә. 1-6, 24 |
4/4 |
4.Допплер эффектісі. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
5/5 |
5.Тұрғын толқындар. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
6/6 |
6.Интерферометрлер. Жарық интерференциясын қолдану. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
7/7 |
7.Жарықтардың заттармен эсерлесулері. Жарықтың жұтылуы, шашырауы және дисперсиясы.Жарық пояризациясы. Малюс заңы. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
8/8 |
8.Голография |
Ә. 1-5, 7, 24 |
9/9 |
9.Фотоэффект. Фотоэффект үшін Эйнштейн теңдеуі. Фотоэффект заңдары. Фотоэффектіні қолдану. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
10/10 |
10.Атомның сызықты спектрлері. Бор теориясы. Сутегі атомында электрондардың күй бойынша таралуы. Жұтылу және шығару спектрі. Франк-Герц тәжірибесі. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
11/11 |
11.Электромагнитті сәуле шығарудың заттармен әсерлесуінің кванттық теориясы. Еріксіз және спонтанды сәуле шығару. Лазерлер. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
12/12 |
12.Металдардың электр өткізгіштігінің кванттық теориясы. Асқын өткізгіштік. Джозефсон эффектісі. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
13/13 |
13.Фонондар. Кристалдық тордың Дебайлық жылусыйымдылығы. |
Ә. 1-5, 7, 24 |
14/14 |
14.Атом ядросының радиоактивті ыдырауы. ![]() |
Ә. 1-5, 7, 24 |
15/15 |
15.Радиоактивті сәуле шығырудың заттармен әсерлесуі |
Ә. 1-5, 7, 24 |
Пән бойынша үш ЕСЖ келесі тақырыптар бойынша орындалады:
ЕСЖ №4 «Максвелл теңдеулері»;
ЕСЖ №5 «Толқындар мен тербелістер физикасы. Электромагнитті тербелістер»;
ЕСЖ №6 «Кванттық физика және атом физикасы. Атом ядросы»;
Есептеу- графикалық жұмысты қорғау және тапсыру мерзімі оқу процесінің кестесі бойынша жүргізіледі:
Кесте 1
Жұмыс |
Тапсыру мерзімі |
Қорғау мерзімі |
ЕСЖ №4-№6 |
1-ші апта |
|
ЕСЖ №4 |
|
7-ші апта |
ЕСЖ №5 |
|
10-шы апта |
ЕСЖ №6 |
|
15-ші апта |
Деканаттың және кафедраның тақталарында ілінген.
Электродинамика – 10 -апта;
Тербелістер мен толқындар – 12-апта;
Кванттық физика – 14-апта.
ЕСЖ қорғау – 5, 8, 12 және 14-ші апталар.
Аралық бақылау (дәріс беруші өткізеді) – 7 және 15 апта.
Студенттер үшін оқу процесінің кестесі деканат және кафедра хабарлама тақтасында ілінген.
1. Савельев И.В. Жалпы физика курсы.- М.: Наука, 1989. - т. 2, 3
2. Детлаф А.А. , Яворский Б.М. Курс физики. -М. : Высш. шк., 2002
3. Трофимова Т.И. Курс физики. - М. : Высш. шк., 2004
4. Курс физики. Под ред. Лозовского В.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1, 2
5. Савельев И.В. Жалпы физика курсы: 2 –ші кітап: Электр . –М.: «Издательство АСТ», 2004
6. Савельев И.В. Жалпы физика курсы: Кн. 4:Толқындар. Оптика. –М.: «Издательство АСТ», 2004
7. Савельев И.В. Курс физики: Кн. 5:Квантовая оптика. Атомная физика. Физика твердого тела. Физика атомного ядра и элементарных частиц. –М.: «Издательство АСТ», 2004
8. Иродов И.Е. Электромагнетизм. Основные законы. - М. : Лаборатория Базовых Знаний, 2000
9. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. – М.: Наука, 1981
10. Физика. Задания к практическим занятиям. Под ред. Ж.П. Лагутиной.– Мн.: Высш.шк., 1985
11. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике. - М.: Высш. шк., 1981
12. Савельев И.В. Сборник вопросов и задач по общей физике. - М.: Наука, 1988
13. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. - М.: Физматлит., 1988
14. Трофимова Т.И. Сборник задач по курсу физики для втузов. - М.: Оникс 21 век, 2003
15. . Физика. Тест сұрақтары- 2 бөлім. ЭлектромагнетизмМеханика. – Алматы: АИЭС, 2002.
16. Физика. Тест сұрақтары- 2 бөлім. Тербелістер мен толқындар. – Алматы: АИЭС, 2004
17. Физика. Тест сұрақтары- 2 бөлім. Кванттық физика. Атом ядросының физика – Алматы: АИЭС, 2004
18. Электромагнетизм. Методические указания к выполнению лабораторных работ для студентов всех форм обучения всех специальностей. - Алматы: АИЭС, 2007
19. Тербелістер. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 1999
20.Кванттық физика. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған өдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 1999
21. Толқындық оптика. Оқытудың барлық бөлімінің және барлық мамандық студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АИЭС, 2008
22.. Электромагнетизм. Методические указания к лабораторным работам. Лабораторный практикум с использованием компьютера. - Алматы: АИЭС, 2001
23. Колебания. Лабораторный практикум с использованием компьютера.- Алматы: АИЭС, 2002
24. Физика 2. Конспект лекций (для студентов специальностей 050718 – Электроэнергетика, 050717 – Теплоэнергетика). – Алматы: АИЭС, 2009
25. Физика 2. Физика курсын меңгеруге арналған әдістемелік нұсқау (электр энергетика маманғының күндізгі бөлім студенттері үшін). – Алматы: АИЭС, 2006.
26. Қойшыбаев Н.Қ. Шарықбаев А.О. Физика.-Алматы, 2001.-т.2
27. Жұманов К.Б. Оптика негіздері. .-Алматы, 2004.-т.2
28. Қойшыбаев Н.Қ. Жалпы физика курсы.-Алматы, 2001.-т.4
Мұғалімдер талабы және бағалау критерилері:
Кесте 2
Әріп бойынша бағалау жүйесі |
Баллдары |
%- |
Дәстүрлік жүйе бойынша бағалау |
А |
9 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
8 |
90-94 |
Өте жақсы |
В+ |
7 |
85-89 |
Жақсы |
В |
6 |
80-84 |
Жақсы |
В- |
5 |
75-79 |
Жақсы |
С+ |
4 |
70-74 |
Қанағаттанарлық. |
С |
3 |
65-59 |
Қанағаттанарлық. |
С- |
2 |
60-64 |
Қанағаттанарлық. |
Д+ |
1 |
55-59 |
Қанағаттанарлық. |
Д- |
0 |
50-54 |
Қанағаттанарлық. |
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Кесте 3
Параметр |
% |
Максимал балл |
Дәрістік сабақтарға қатысу |
5 % |
5 |
ОӨЖ |
5 % |
5 |
Машықтандыру сабақтарындағы жұмыс |
20 % |
20 |
ЕСЖ қорғау |
20 % |
20 |
Аралық бақылау |
30 % |
30 |
Зертханалық жұмыстар |
20 % |
20 |
Жіберілу рейтингі келесі формуламен есептеледі:
Параметр |
% |
Жіберілу рейтингі |
60 |
Емтихан |
40 |
Қорытқысы : 0,6 жіберілу+0,4 емтихан. |
100 |
2,3 кестелердегі көрсетілген бағалау баллдары ең жоғарғы болып саналады. Олар жұмыстың орындалу сапасына қойылады. Тестілеу және дәріске қатысуды бағалау баллдары дұрыс жауаптар санына және дәріске қатысу күндерімен есептелінеді.
- сабақты жібермеу және кешікпеу;
- машықтандыру және зертханалық сабақтарға дайындалу;
- кестеге сәйкес есептеу графикалық жұмыстарды орындау және тапсыру;
- зертханалық жұмыстарды орындау, сабақты тек себепті жіберу;
- үйде және кітапханаларда өздігінен дайындалу.
- ұқыптылық;
- тәрбиелілік;
- қайырымдылық;
- турашылдық;
- жауаптылық;
37. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы және негізгі қасиеттері. Ядролық күштер.
38. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның бөліну реакциясы. Энергия көздерінің мәселелері.
39. Радиоактивтілік. Радиоактивті ыдырау заңы. Ыдырау түрлері мен заңдылықтары.
Курстық бағдарламасын құрастырғандар: мамандықтың жұмыс бағдарламасы негізінде Кенжебекова А. И., физика кафедрасының аға оқытушысы
10 10 2014
1 стр.
Жұмыс бағдарламасын құрастырғандар: доцент, х. ғ. к. Тұманова А. А., доцент, х. ғ. Идрисова Қ. С. 2010 ж. 2 қыркүйекте ҚР білім Министрлігі № бұйрығымен бекіткен типтік пән бағдарл
11 10 2014
1 стр.
Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша сыртқы және күндізгі бөлім студенттеріне арналған курстық жұмыстарға әдістемелік нұсқау
01 10 2014
1 стр.
КӘсіпорынның Өндірістік бағдарламасын қалыптастыруды жетілдірудің негізгі бағыттары
25 12 2014
4 стр.
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысымен бекітелген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында БҰйырамын
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан- 2050» бағдарламасын жүзеге асыру-жастардың қолында» атты студенттердің ii-ші ғылыми-практикалық конференциясы
14 12 2014
1 стр.
Азақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың наурыз айында 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының бағдарламасын бекіткені баршаға мәлім
25 12 2014
1 стр.
14 12 2014
3 стр.