Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

7 - ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Қантар 2013

«БОТА» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қорғалуына инвестиция жасау арқылы жақсарту.
Қордың негізін қалайтын қағидалар болып көмекке зәру отбасыларға, балалар мен жастарға бағытталған тікелей қолдауды көрсетудегі тиімділік пен ашықтық болып табылады.
Қазіргі уақытта Қор 3 бағдарлама аясында жұмыс жасайды: Келісілген ақшалай жәрдемақылар (КАЖ) бағдарламасы, Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) және Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы (ӘҚҚБ). Әр бағдарлама туралы толық ақпаратты «БОТА» ҚҚ-ның www.bota.kz сайтынан таба аласыздар.



  1. ӘҚҚБ сипаттамасы

Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасының (ӘҚҚБ) мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен балалардың, жастардың және отбасылардың денсаулығын, білімін және әлеуметтік әл-ауқатын коммерциялық/мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан балалықты қорғау бойынша қызметтер мен жүйелердің сапасын, қолжетімділігі мен тұрақтылығын жақсартуға қолдау көрсету арқылы жақсарту болып табылады.


ӘҚҚБ міндеттері:

  • Әлеуметтік қызметтерді тұрақты көрсету үшін жергілікті қоғамдастықты тарту және жұмылдыру;

  • Әлеуметтік қызметтерді көрсететін жергілікті ұйымдардың әлеуетін күшейту;

  • Мақсатты қауымдастықтарда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларында әлеуметтік қызметтерді көрсетуде инфрақұрылымды жақсарту.

ӘҚҚБ қазақстандық және халықаралық КЕҰ-ға әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыруға гранттар ұсынады. Осыдан басқа ӘҚҚБ қызметкерлері гранталушыларға жобаны жоспарлауға, дайындауға, басқаруға, мониторинг жасау мен бағалауға көмектеседі. Осы ретте жергілікті деңгейде тұрақты және пайдалы қызметтерді дамытуға басты назар аударады. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізу үшін түрлі грант түрлерін пайдаланады (төменде көрсетілген).


ӘҚҚБ-сы бес бағдарламалық бағыт бойынша грант ұсынады:
1-бағдарламалық бағыт: Мектепке дейінгі білім мен тәрбие (4-6 жасар балалар)
«Мектепке дейінгі білім мен тәрбие» бағыты бойынша грант беруде ерекше қызығушылықты келесі жобалар тудырады:



  1. Жаңа мектепке дейінгі білім беру орталықтары мен бағдарламаларын құру

  • Жергілікті қоғамдастықтың ықылас білдіруі – негізінен ата-аналарды және жергілікті қоғамдастықты тарту арқылы балабақшалар мен мектептерді олар жоқ жерде ұйымдастыруға, мектепке дейінгі бағдарламалар және/немесе мекемелерді құруға ынталандыру

  • Жергілікті билік пен бизнестің қолдауымен мектепке дейінгі білім бағдарламаларын енгізу

  • Жергілікті қоғамдастық қолдауына ие тұрақты сапалы мектепке дейінгі білім мен тәрбие модельдерін енгізу, сонымен қатар, түрлі елді мекендерде осы модельдерге негізделген жаңа бағдарламаларды қолданысқа жіберу.




  1. Жұмыс істейтін қызметтердің сапасын жақсарту және осы қызметтерге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың қолжетімділігін кеңейту

  • Әлеуметтік жағдайы төмен және осал отбасылардағы балалардың басым бөлігін қамту мақсатында қазіргі мектепке дейінгі білім мекемелері мен бағдарламаларының әлеуетін күшейту

  • Әсіресе, мұғалімдер мен ата-аналарды оқыту арқылы жоғары сапалы мектепке дейінгі білім беру үлгілерін енгізу және әрекет ететін бағдарламаларға ену арқылы мектепке дейінгі білім бағдарламалары мен жағдайларын күшейту

  • Әлеуметтік жағдайы төмен балалардың көп бөлігін қамту үшін Мемлекеттік мекемелер жанындағы шағын орталықтар мен өзге мектепке дейінгі білім беру мекемелерін ұйымдастыру және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарын қаржыландыруды қоса, мектепке дейінгі білім үшін арналған мемлекет қаражатын тиімді пайдалануға ынталандыру бағдарламалары.


2- бағдарламалық бағыт: Ана мен баланың денсаулығы (АБД)
Қор ана мен баланың денсаулығы бойынша білім мен машықтарды жақсарту үшін анамен (немесе ата-анамен) және экономикалық жағдайы төмен жастармен жұмыс істейтін жобаларға қызығушылық танытады.
Бұл бағытта ерекше қызығушылықты келесілер тудырады:

Үш жасқа дейін балалардың ата-аналары:




  • Мақсаттық топтың білімі мен машықтарын төменде көрсетілген мәселелерде жақсарту:

  • Байытылған ұн мен йодталған тұзды пайдалану арқылы қаназдықтың алдын алуға ынталандыруды қоса, ана мен балаға құрсақта және постнаталдық күтім бойынша

  • Ауылда және қалалы жерде осы тақырып бойынша тренингтер мен кеңестер арқылы отбасыда бала үшін қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету

  • Үйде күтім көрсету

  • Жас ана рөлінде кездесуі күтілетін қиындықтарды жеңу

  • Баланы отбасыға қабылдау және оқытуды жалғастыру бойынша әрекетін қолдау

Жасөспірімдер және жастар 12-24 жас:




  • Мектептерде, колледждерде және жастар көп шоғырланатын орындарда тренинг, консультациялар өткізу және «тең теңіне» әдісін енгізу арқылы күтпеген жүктіліктің және баладан бас тартудың алдын алу бойынша экономикалық жағдайы төмен жастардың білімін жақсарту

  • Мақсаттық топтың білімі мен машықтарын төменде көрсетілген мәселелерде жақсарту:

  • Репродуктивтік денсаулығы бойынша

  • Отбасыны жоспарлау

Ана мен баланың денсаулығын жақсарту бойынша қызметтерге қолжетімділікті жақсарту:

  • Төтенше жағдайда көлік пен байланыспен қамтамасыз ету үшін қауымдастық деңгейінде шешімдерді дайындау

  • Ана мен бала денсаулығы бойынша ақпаратты беру және алмастыру үшін әсіресе ауылдық аудандарда әйелдердің өз-өзіне көмектесу, қолдау топтары мен орталықтарын дамыту

  • Ана мен баланың денсаулығына қатысты қызметті жүзеге асыру үшін жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру


3- бағдарламалық бағыт: Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар (0-24 жас)
«БОТА» ҚҚ қызмет көрсететін қызмет жабдықтаушыларын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бағытталған қызметтерді күшейтуге немесе кеңейтуге және олар жоқ жерде жаңа қызметтерді құруға ынталандырады.
Қаржыландыру келесі салаларда қызмет көрсететін КЕҰ жобаларына берілетін болады:

  • Әрекет ететін қызметтерді жақсарту және кеңейту арқылы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларын қолдау:

  • Әрекет ететін қызметтерді сапа мен клиенттердің қанағаттануы тұрғысынан жақсарту

  • Әрекет ететін қызметтерді ерекше қажеттіліктері бар әлеуметтік жағдайы төмен балалардың көп бөлігін қамту үшін кеңейту

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабылдайтын мекемелерді жақсарту (косметикалық жөндеу жұмыстарына жобаның жалпы бюджетінен 20%-дан артық жаратуға болмайды)

  • Қызмет көрсететін мамандар мен жұмысшылардың біліктілігін көтеру

  • Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қарайтын мамандарды, сонымен қатар үй жағдайында күтім көрсететін ата-аналар мен туысқандарды оқыту

  • Ата-аналарды ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсету негіздеріне үйрету

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға жаңа әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету




        • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік интеграциялануына ынталандыру/көмектесу:

  • Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ресми және бейресми мектептер мен балабақшаларға қолжеткізу мүмкіндіктерін арттыру

  • Ерекше қажеттіліктері бар жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қолжетімділігін көтеру

  • Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндік беретін өзге бағдарламаларды дайындау

  • Қоғамдастық пен ата-аналарды ерекше қажеттіліктері бар балалардың/жастардың өмірін жақсартуға қатысуға ынталандыру

  • Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға арналған әлеуметтік еріктілікті дамыту

  • Жергілікті қоғамдастық мүшелері, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастардың ата-аналары, жергілікті білім беру басқармасы мен өзге қызығушылық білдірген тараптармен тұрақты әріптестік қатынастарды дамыту арқылы инклюзивті білім беруге ынталандыру.

Балаларда мүгедектіктің түрлі түрлері (мысалы, көру, есту қабілеті төмен, туа біткен физикалық және психикалық ауытқулар, өзге де ауыр аурулар) болатынын ескере отырып, қор оларды анықтап отырмайды. Нақты ерекше қажеттіліктер жиынтығына бағытталған жобаларды қолдайды. Сонымен қатар, «БОТА» ҚҚ қолдайтын жобалардың мақсатты тобы болып әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы ерекше қажеттіліктері бар балалар табылады. Бұл ереже ерекше қажеттіліктері бар балалары бар, бірақ материалдық жағдайы жақсы отбасыларға таралмайды.


4- бағдарламалық бағыт: Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар (0-24 жас)
Қор төмендегі санаттарда балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен үлгілерін дамытуды ынталандыруға қызығушылық танытады:

  • Жетімдер

  • Әлеуметтік жетімдер

  • Девиантты мінез-құлық тән жастарды қоса, қараусыз балалар мен жастар

  • Зорлық пен қатыгез қарым-қатынас құрбандары болған балалар мен жастар

  • Үйсіз балалар/жастар мен түрмедегі немесе жаңадан босап шыққан балалар/жастар



Қор келесі мәселелерге бағытталған жобаларды қаржыландырады:

  • Балалардың/жастардың әлеуметтенуі мен әлеуметтік бейімделуі – олардың қоғамға енуіне ынталандыру

  • Балалар мен жастарды оқу мен дамуға ынталандыру, мектепті аяқтау және жұмысқа орналасуға ынталандыру бағдарламаларын қоса

  • Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

  • Дамыту бағдарламалары мен қамқорлық пен патронаттылықты қолдау арқылы жетім үйге түсудің алдын алу

  • Заңмен шиеленістегі балаларды әлеуметтік сауықтыру (болмашы заңбұзушылықтар және/немесе қылмыстар)

  • Жасөспірімдік қылмыстардың алдын алу және бас бостандығынан айырудан өзге баламалы үлгілерін алға тарту

  • Балалар қараусыздығы мен үйсіздігінің алдын алу

  • Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу және зорлық және қатыгез қарым-қатынас құрбандарын әлеуметтік сауықтыру

  • Интернаттық мекемелерде балаларға қатысты қатыгездік қарым-қатынас пен зорлықтың алдын алу және оларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Олар келесілерден тұруы мүмкін:

    1. Интернаттық мекемелерде тұратын зорлық және қатыгез қарым-қатынас құрбандарына сауықтыру қызметтерін ұсыну

    2. Балаларға зорлық пен қатыгез қарым-қатынас көрсетудің алдын алу шаралары бойынша интернат қызметкерлері мен өзге қызығушылық танытатын тараптардың әлеуетін күшейту және оқуды ұсыну

    3. Интернаттық мекемелерде тұратын балаларды құқықтық мәселелер бойынша ақпараттандыру

    4. Интернаттық мекемелерде балалармен зорлық пен қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша қоғамдастықты ақпараттандыру

  • Жоғары қауіпті әрекеттен қорғау (маскүнемдік, есірткі заттарын пайдалану, зорлық, күтілмеген жыныстық әрекет мәселелері және т.б.)


5 -бағдарламалық бағыт: Жастардың әлеуетін дамыту (12-24 жас)
«БОТА» қоры позитивті әрекетті дамыту (мәселен, белсенділік, денсаулық, адамдар мен мәдениеттердің айырмашылықтарын бағалай білу, сәтті оқу) бойынша ұстанымдарды ұстанатын жобалар мен бағдарламаларды қолдайды. Дәлірек айтатын болсақ:
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастарға қауіпсіз және жемісті еңбек түрін іздеуге және қалыптастыруға көмектесетін қызметерді көрсету және оқыту арқылы оқудан жұмысқа өту (14-24 жас аралығы) және бала еңбегінің қауіпті түрлерінің алдын алуға төмендегі мәселелерді қоса отырып, көмектесу:


    • Кәсіби оқытуды ұсыну

    • «Өмір сүру машықтарына» оқыту (тілдесу машықтары, келелі мәселелерді шешу, көсбасшылық және т.б.)

    • Бизнес-тренингтерді ұсыну

    • 9-сыныптан кейін мектепті тастап кеткендерге екінші мүмкіндік беру бағдарламалары

    • Кәсіпкерлік машықтарын дамыту

    • Жұмысқа тұруға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасауға көмектесу

    • Жастарға стажировка (сынақ ісі) арқылы жұмыстың өндірістік-тәжірибелік машықтарын алуға көмектесу

    • Кәсіпкерлерді жастарға тәлімгер ретінде тарту

Егер де КЕҰ жоба аясында жастардың әлеуетін күшейту/оларды жұмысқа орналастыру бойынша оқытуды қарастыратын болса, онда жобалар біртұтастық тәсілді (бұл туралы ары қарай толық ақпарат ала аласыздар) ескеруі қажет, сонымен қатар оқытылған жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған компоненттен тұруы керек.


«БОТА» қоры жастар бағдарламасын дамыту үшін жастар клубын, жергілікті орталықтарды, мектептерді қоса, қолданыстағы ғимараттарды пайдалануды қолдайды. Мұндай ғимараттар жоқ, әсіресе, ауылдық жерлерде, «БОТА» қоры жаңа ғимараттарды соғу және жабдықтау немесе ескі ғимараттарды қалпына келтіру үшін жергілікті қауымдастықтың қолдауына ие (асар) жобаларға артықшылық білдіреді. Барлық жағдайда «БОТА» қоры жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жастар мен жергілікті қауымдастықтарды тартуды қолдайды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан тең қаржыландырылатын жобаларға және мемлекет тарапынан қаржыландырылатын мекемеге (мәселен, мектеп) «жастардың позитивті дамуы» қағидасын енгізуді қолдайтын бағдарламаларға артықшылық беріледі.



  1. ӘҚҚБ қолдайтын мақсатты топтар мен қызмет

ӘҚҚБ тарапынан қаржыландырылатын КЕҰ-дар әлеуметтік жағдайы төмен қоғамның осал топтарындағы балалар мен жастардың бес негізгі санатына қызмет көрсетулері керек: мектеп жасына дейінгі балалар (0-6 жас); жастар (12-ден 24 жасқа дейін); ерекше қажеттіліктері бар балалар (0-24 жас), қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар (0-24 жас) сонымен қатар, аналар (немесе ата-аналар) Балалар мен жастар басты мақсатты топ болып табылатындықтан, ата-аналар/қамқоршылар мен отбасылар ӘҚҚБ гранттарының бенефициарлары болып қарастырылады.


1-кесте. ӘҚҚБ-ның негізгі мақсатты топтары:


Мақсатты топтар

ӘҚҚБ бағдарламалық бағыттары

Балалар (4-6 жас)

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие

Жастар (12 – 24 жас)

Жастардың әлеуетін дамыту

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар (0 – 24 жас)

Ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар

Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар (0-24 жас)

Қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жастар

Үш жасқа дейін балалардың ата-аналары, Жасөспірімдер және жастар 12-24 жас

Ана мен баланың денсаулығы



Әлеуметтік қызметтерге гранттарды берудің тәжірибесіне негізделе отырып, «мінсіз» жоспарлар ретінде келесілер табылатынын хабарлаймыз:


  • Ата-аналарға бағытталған – ӘҚҚБ балалардың/жастардың жағдайын ата-аналарды және өзге ересектерді тарту арқылы жақсарту мақсатында балалармен және ата-аналармен/қамқоршылармен жұмыс істеу үшін жаңа үлгілер мен әдістемелерді енгізуге мүдделі .

  • Біртұтас – Сәтті және тұрақты нәтижелерге қолжеткізу мақсатында жобалар мақсатты топтардың мәселелерін жан-жақты қарастыруы керек. Мысалы, жастардың өмір сүру машықтарын дамытуға бағытталған жобалар жастарға оқытудың бастапқы материалы ретінде еңбек нарығын зерттеу компонентінін ұсынуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау бойынша жобалар жоба аясындағы ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандырудан гөрі, әлеуметтік және физикалық қажеттіліктерді ұзақмерзімді негізде қанағаттандыруға бағытталуы керек.

  • Инклюзивті – Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамға тартуға ынталандыру мәселесі маңызды болып отырғанда, ӘҚҚБ бенефициарлар мен қоршаған қауымдастықты жобаларды жоспарлау мен шешімдерді қабылдауға тарту түріндегі инклюзивтілікті қолдайды.

  • Кеңейтілетін – ӘҚҚБ балалардың/жастардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын көрсететін және шығыстар тұрғысынан кеңейтіліп әрі тұрақты және тиімді көшірілген жобаларға қызығушылық танытады.

  • Тұрақты – жобалық ұсынымдар «БОТА» Қоры тарапынан қаржыландыру аяқталғаннан кейін де жобаны жалғастыра алатын тұрақтылықтың шынайы жоспарынан тұруы керек. Балалар мен жастардың мәселелерін сыртқы көмексіз шешуге талпынған жобаларға қарағанда, қызығушылық танытқан жақтардың кең ауқымын (мысалы, қауымдастықтар, жеке сектор, өзге КЕҰ, мектептер, полиция мен жергілікті әкімшілік сынды билік құрылымдары) тартатын жобалар артықшылыққа ие болады.


IV. Грант түрлері
Алтыншы гранттық байқау аясында «БОТА» ҚҚ коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға бағытталған гранттың 5 түрін ұсынады.
1. Жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын дайындауға бағытталған грант:
Жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын дайындау гранттары барлық қызығушылық танытқан тараптарды тарту арқылы әрекет жоспарын дайындауға және қоғамдастықты жұмылдыруға бағытталған шағын гранттар болып табылады. Бұл жерде ӘҚҚБ-ның қызығушылық танытатын салаларында жобаның мақсатты топтарымен тығыз әрекеттестікте бола отырып, әлеуметтік қажеттіліктер үшін дұрыс әлеуеттер қойылатын болады.
Осы грант түрі үшін «БОТА» ҚҚ тарапынан берілетін қаржыландыру жергілікті қоғамдастық өкілдерін жұмылдыруға, жоба бойынша таңдалып алынған мақсатты топтың (мысалы, ерекже қажеттіліктері бар балалар мен жастар) мұқтаждықтарын әлеуеттендіру мен зерттеуге және жобаның нәтижесі ретінде бірлескен әрекеттердің жұмыс жоспарын дайындауға бағытталған. Қаржыландыру осындай жобаны дайындауға кететін шығыстарды жабуға ұсынылады және кездесулерді, сауалнамаларды өткізуге, жол шығындары және т.б. жобаға қатысты шағын шығыстармен шектелетін болады.
2. Әлеуметтік қызметтерді көрсету гранты
Әлеуметтік қызметтер гранты инновацияға, қоғамдастықты тартуға, әлеуетті әсер ету мен тұрақтылыққа бағытталған әлеуметтік қызметтерді көрсету бағдарламаларын жүзеге асыру үшін беріледі. Бұл грант санатын келесі ұйымдар ала алады:


  • Осы уақытқа дейін ӘҚҚБ-ның жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын дайындау грантын жүзеге сәтті асырған КЕҰ (шағын грант).

  • Бірден әлеуметтік қызметтер бойынша грантқа сұраным беретін КЕҰ. Жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын дайындау бойынша гранттан бастамайтын ұйымдар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:




  • ӘҚҚБ-ның бағдарламалық бағыттарында әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша екі жылдан артық тәжірибесінің болуы

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарынан бенефициарларды көбейту ниеті және/немесе

  • Ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту


3. Көшіру (репликация)
«БОТА» Қоры балалар мен жастар үшін маңызды әлеуметтік қызметтерге деген қажеттіліктің орнын толтыратын сәтті жобалардың үлгілерін Қазақстанның қандай да бір облысында немесе бірден бірнеше облыстарында тарата отырып, көшіруге мүдделі.
Гранттың осы санатына мүдделі ұйымдар келесі талаптарға сай келуі керек:


  • Әлеуметтік қызметтердің сәйкесінше бағдарламалық бағытында сәтті тәжірибесінің болуы (бестен он жылға дейін)

  • ӘҚҚБ-ның таңдап алынған бағдарламалық бағытында ұсынылып отырған үлгінің айтарлықтай деңгейде жаңашыл және тұрақты болатындығының (мысалы, ірі елді мекенде және/немесе бірнеше елді мекенде) дәлелденген жетістігі

  • Ағымдағы ұйым қызметімен қатар, жобаны өзге жерлерде көшіру бойынша жаңа қызметке байланысты қосымша жұмысты алып жүре алатын жеткілікті кәсіби қызметкерлер құрамы

  • Кеңейтілетін жобаның сәттілігі мен тұрақтылығында маңызды рөл ойнайтын өзге қызығушылық танытқан тараптармен жақсы әрекеттестік (мысалы, өзге КЕҰ, мемлекеттік мекемелер және т.б.)

  • Үлгі бойынша басылымдар мен таратылған құжаттамалардың болуы (есептер, әдістер, өзге көздерде жарияланған ұйым үлгілеріне сілтемелер).


4. КЕҰ әлеуетін күшейту гранттары
Осы грант түрінің мәні – ӘҚҚБ-сы бағдарламалық бағыттарында балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында жұмыс істейтін өзге коммерциялық емес ұйымдар мен тұлғалардың әлеуетін күшейту мақсатында КЕҰ секторы аясындағы сарапшылардың білімін қолдану. Осы грант санаты бойынша тренер(лер)дің басшылығымен оқытылғандар сабақ/курс/семинар/тренинг барысында алған білімдерін/машықтарын іс жүзінде қолданулары керек.
Тренингтердің негізгі қатысушылары болып өзге КЕҰ-ғы қызметкерлер мен еріктілер, сондай-ақ жоба бенефициарлары, қоғамдық қызмет қызметкерлері (әлеуметтік қызметкердер мен өзге мамандар) табылады.
Гранттың осы түріне мүдделі КЕҰ келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • ӘҚҚБ-ның әлеуметтік қызметтер саласына сәйкес әлеуетті күшейтудегі сәтті тәжірибе (бес жылдан он жылға дейін)

  • Тренинг мазмұнын дайындау және оны жоғары деңгейде өткізуде айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар кәсіби мамандардың болуы

  • Оқу/оқыту материалдарының болуы (қайтадан шығартуды емес, жаңартуды талап етуі мүмкін)

  • Авторлық құқық бойынша оқыту материалдарымен бөлісу ниеті. Басқа сөзбен айтқанда, КЕҰ-дар оқыту материалдарының ешқандай шарт және төлемсіз автор/ұйымға сілтемемен одан әрі көбейтіліп, таралатынына дайын болуы керек.


5. Жүйені жақсарту гранттары

«БОТА» ҚҚ Қазақстандағы балалық пен жастарды қорғау бойынша аймақтық және республикалық жүйелерді, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы және халықтың осал топтарындағы балалар мен жастар үшін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін, оларға деген қолжетімділікті көтеру арқылы жақсартуға мүдделі. Іс жүзінде бұл мақсатты топтарға әлеуметтік қызметтерді тікелей көрсетудін қажеті жоқтын білдіреді. Керісінше грант талапкері балалар мен жастарға көрсететін әлеуметтік қызметтерді жақсартуға үлесін тигізе алатын жобаның маңызды мүдделі жақтармен жүйелі түрде жұмысты ұйымдастыру керек. Солардың ішіне жергілікті және орталық өкімет қызметкерлері, әр түрлі министерство мен ведомтволардың жұмысшылары, әкімшіліктер және (зерттеу жобалардағы) жалпы жұртышылық кіруі мүмкін. Бұл грантты аламдеушілер осындай деңгейде жұмыс істегенін және сондай салада нақты нәтижелерді көрсете алатындай болу керек.


Бұл гранттық санат төмендегі қызмет түрлерін қарастыратын жобаларды қолдайды:

  • Әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін жүйелер мен рәсімдерді, жақсартылған схемаларды қамтамасыз ететін ережелер мен рәсімдерді бастау/дайындау/алға жылжыту/жүзеге асыру

  • Сәйкесінше зерттеулер жүргізіп, нәтижелерді шешім қабылдайтын тұлғаларға жеткізу және қоғамды ӘҚҚБ салаларындағы әлеуметтік қызметтерді көрсету тиімділігіне әсер ететін келелі мәселелер туралы ақпараттандыру

  • Балалықты қорғау бойынша мемлекеттік емес қызметтер саласында тиімді әдістерді қолдау және мемлекеттік салымдарды бөлуге ынталандыратын шараларды алға жылжыту және қорғау кампаниялары

  • Жергілікті билік құрылымдары мен коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында алдыңғы қатарлы тәжірибені алға жылжыту

  • Қолжетімді әлеуметтік қызметтердің сапасына мониторинг және бағалау жүргізу

  • Әлеуметтік қызметтерді көрсету тиімділігі мен саясатын жақсарту мақсатында балалықты қорғау бойынша мемлекет пен коммерциялық емес ұйымдар арасында үйлесімділікті жақсарту және одақты күшейту.

Осы грант түріне үміткер ұйым сұранымды жеке немесе бірнеше ұйым атынан бере алады.


Жүйені жақсарту бойыша грантқа үміткер ұйымдар келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Әлеуметтік қызметтерді көрсету, зерттеу және алға жылжыту саласында бес жылдан он жылға дейінгі тәжірибесінің болуы

  • Балалықты және жастарды қорғауды насихаттау және/немесе жүйелік жақсарту бойынша шаралардың жақсы тізімінің болуы

  • Балалар мен жастарды қорғау бойынша әрекет ететін жүйеде олардың жобасы нақты және тұрақты жақсартуларға алып келетінін көрсету және/немесе

  • Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен халықтың осал топтарындағы балалар мен жастарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту үшін жалпы балалар/жастарды қорғау саласында қоғамдастықпен пайдаланылатын жаңа құралдар мен ресурстарды ұсыну/дайындау.


Барлық грант түрлері бойынша БОТА Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында орналасқан КЕҰ-дан ЮНИСЕФпен ынтымақтастықта дайындаған жобаларды және жергілікті әкімшіліктермен ынтымақтастықта әлеуметтік қызметтерді көрсетуге біріктірілген әдісті үлгілеуге бағытталған сұранымдарды қабылдауға мүдделі.

V. ҚАТЫСУ БОЙЫНША ТАЛАПТАРДЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
2-кесте. ӘҚҚБ грантына үміткер ұйымдарға қойылатын талаптар

Грант түрі

Заңды тіркелу

Тәжірибесі

(жылдарда)

Грант көлемі

Әрекет жоспарын дайындау (ӘЖД) *

X

0

290 000 теңгеге дейін

Әлеуметтік қызметтер ** және *** (ӘҚ)

X

2 жылдан көп

3 625 000 теңгеге дейін

КЕҰ-ның әлеуетін күшейту

X

5 жыл және одан көп

7 250 000 теңгеге дейін

Көшіру (Репликация)

X

5 жыл және одан көп

7 250 000 теңгеге дейін

Жүйені жақсарту

X

5 жыл және одан көп

7 250 000 теңгеге дейін

* Осы грант түрі тұрақты негізде беріледі

** ӘҚҚБ мақсатты топтарымен ӘҚҚБ бағдарламалық бағыттары аясында тәжірибесі жоқ КЕҰ ең алдымен ӘЖД грант түріне қатысуы керек

*** ӘЖД грант түрі бойынша жобаны жүзеге сәтті асырған КЕҰ әлеуметтік қызметтер бойынша грант түріне сұраным бере алады


VI. Үміткер ұйымдарға қатысу критерийлері
«БОТА» ҚҚ байқауына қазақстандық және халықаралық КЕҰ-дар қатыса алады.
КЕҰ-ға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстандық КЕҰ ретінде тіркелу және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (нотариалды растаусыз) ұсыну

  2. Халықаралық КЕҰ Қазақстанда жұмыс істеу құқына ие болуы керек (өкілдік немесе бөлімше ретінде тіркелгендігін растайтын құжат ұсынылуы керек)

  3. Салық бойынша қарызының болмауы

  4. Грант беруші үйым болмау, яғни

    1. жеке өзі қаржы көзі бар және сол қаржыдан грант беретін үйым болмау

    2. Кез келген көздерден (мемлекет, агенттіктер, қорлар, бизнес және т.б.) ірі гранттар алатын және гранттарды кез келген ерекше жобалардың дамуы мен мақсатына қатысы жоқ шағын гранттар беру үшін пайдаланатын үйым болмау.

Егер сіздің ұйымыңыз грант беретін болса және осы критерий бойынша құқықтылық мәселесін нақты білмесеңіз, онда сұранымды толтырмастан бұрын оны ӘҚҚБ қызметкерлерінен анықтап алыңыз.




  1. «БОТА» ҚҚ-ның ашық грант болмау


Сұранымға Қажет Қосымшалардың Тізімі:

  1. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (нотариалды куәландырусыз)

  2. Гранттарды басқару бойынша сауалнамаларды толтыру

  3. Жобаның толыққанды сұраным (таңдалған грант түріне сәйкес)

  4. Жобаның толыққанды бюджеті

  5. Ұйым басшысы мен барлық жоба тобы мүшелерінің түйіндемелері (бухгалтердікін де)


«БОТА» қоры тарапынан жоба мақұлданған жағдайда гранталушы қосымша, нотариалды расталмаған келесі құжаттардың көшірмесін ұсынуы керек:

  1. Жарғы

  2. Банктен шотының бар екендігін растайтын анықтама («БОТА» Қорынан қаражат алу үшін жаңа шот ашу қажет)

  3. Жергілікті салық комитетінен қарызының жоқтығы туралы анықтама


VI. Қаражаттарды пайдалану
ӘҚҚБ барлық қаражаты мақұлданған сұранымда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылуы керек және мақұлданған бюджетке сәйкес келуі керек. Қаржыландыру бойынша барлық шарттар, төлем кестесін қоса, «БОТА» ҚҚ-мен қол қойылатын гранттық келісімде тыңғылықты көрсетілетін болады.
ӘҚҚБ гранттарына сұраным беретін КЕҰ-дар бенефициарларының басым бөлігі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар болатын жобаларды дайындаулары керек. Үміткерлер өз сұранымдарында әлеуметтік жағдайы төмен балалар мен жастардың қалай анықталатынын және жобадан қандай пайда алатынын нақты көрсетулері керек.
«БОТА» Қоры келесі мәселелерге шектеу қояды:

  • Кеңсе шығыстары (жалға алу, коммуналдық қызметтер және т.б.) жобаның жалпы сомасының 15%-нан көп болмауы керек

  • Жақсарту/жөндеу жұмыстары шығыстары – жобаның жалпы сомасының 20%-нан көп болмауы керек (барлық жақсартулар әлеуметтік қызметтер гранты бойынша жобаларға қатысты болуы керек)


«БОТА» ҚҚ қызметтің келесі түрлері мен шығыстарын қаржыландырмайды:

  • Бір реттік акцияларға негізделген жобалар

  • Қымбат бағалы рәсімдер

  • Ғылыми зерттеулер

  • Күрделі салымдар

  • Ғимаратқа/кеңсеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

  • Өзге ұйымдардың салымымен жабдықтар сатып алу

  • Балалар мен жастарға дұрыс баламасыз жағымсыз ақпарат тарату шығындары

  • Көңіл көтеру шығындары, сыйлық ақы, айыппұл, ішімдік және темекі сатып алу

  • Оқыту және дамытудан басқа сыйлықтар мен жүлделер

  • Жеке тұлғаларға демеушілік жасау

  • Қарызға алынған қаражатты пайдалану үшін пайыздарды өтеу

  • Жоба қызметіне байланысты емес ұйым жетілдіруіне бағытталған фандрейзингтік кампания шығындары

  • Мемлекеттік қызметкерлерге төлемдер мен қаламақы төлеу

  • Кез келген саяси кампанияға байланысты шығындар

  • Лицензиялы емес немесе пайдалануда болған тауарларды сатып алу

  • Субгранттарды

  • "БОТА" ҚҚ тарапынан жобаға байланысы жоқ деп ұйғарылған басқа да шығындар

Қор қаражаты жеке пайда немесе қандай да бір саяси пайда үшін пайдаланыла алмайды. «БОТА» қаражаты жергілікті немесе республикалық мемлекеттік құрылымдармен жалданған тұлғаның пайдасы үшін пайдаланыла алмайды.


«БОТА»- мен қаржыландырылатын шаралар мүдделер қақтығысын тудыратын жағдайлардан аулақ болуы тиіс. Ұйым директоры мен бухгалтері бір-бірімен туысқан немесе іскер серіктес болмауы керек.
Грантқа сұраным беретін ұйымдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік лауазымды тұлғаларымен коммерциялық немесе туысқандық байланыста болмауы керек:

  • Қазақстан Республикасының Президенті,

  • ҚР Президентінің әкімшілігі,

  • ҚР Парламенті (Сенат және Мәжіліс),

  • ҚР Үкіметі (Премьер-министр, Премьер-министрдің орынбасары, республикалық деңгейдегі министрлік басшылары мен қызметкерлері),

  • Алматы, Астана және өзге облыстық орталық Әкімі мен әкім аппараты,

  • Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек, сонымен қатар, ҚР Үкіметімен қатысы бар және шешім қабылдау құқына ие өзге құрылымдар


VII. Діни және мәдени ұйымдар
ӘҚҚБ-ның қызығушылық танытатын саласында жұмыс істейтін діни және мәдени ұйымдарды қоса, заңды түрде тіркелген барлық КЕҰ-дар «БОТА» Қорының қаржыландыруына сұраным бере алады. Сонымен қатар ұйымдар өз жобалық сұранымдарында екі маңызды нәрсеге баса назар аударуы керек: a) шығу тегі, білімі, әлеуметтік деңгейі мен діні әртүрлі қазақстандық азаматтар жобадан қалай пайда ала алады (яғни, жоба қалай кемсітушіліксіз жүзеге асырылады); және б) әлеуметтік жағдайы төмен бенефициарлар қалай анықталады және қолдауға ие болады.
VIII. Сұранымдарды іріктеу критерийлері
3-кесте. Әрекет жоспарын дайындау бойынша сұранымдарды іріктеу критерийлері


Бағалау саласы

Үлесі,%

КЕҰ болашақта жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаның қажеттілігін нақты сипаттау

30

КЕҰ болашақта жүзеге асыруды жоспарлап отырған жоба бойынша қызығушылық білдірген тараптардың арасында кімнің болатындығын және кім пайда алатындығын анық көрсету

30


Жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын жүзеге асыру үшін тыңғылықты жұмыс жоспары

40


4-кесте. Әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жобаларға сұранымдарды іріктеу критерийлері


Бағалау саласы

Үлесі, %

ӘҚҚБ-ның таңдап алған бағдарламалық бағытында ұйым тәжірибесі

10

Жобалық топтың біліктілігі мен тәжірибесі

10

Мақсатты топ пен қызығушылық білдірген тараптарды қоса, жобаның қажеттілігін нақты сипаттау

15

Логикалық негізделген және сапалы дайындалған жұмыс жоспары

15

Тұрақтылық негіздері

10

Жұмыс жоспарымен лайықты деңгейде байланысқан қисынды және тиімді бюджет

20

Мониторинг және бағалаудың нақты және тиімді жоспары

10

Мекеменің грант тарихы

10


5-кесте. КЕҰ-ның әлеуетін күшейту бойынша жобаларға сұранымдарды іріктеу критерийлері


Бағалау саласы

Үлесі, %

Әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша таңдап алынған ӘҚҚБ бағдарламалық бағыттарында әлеуетті күшейту бойынша провайдер ретіндегі ұйымның тәжірибесі мен тиімділігі


15

Тренерлерді, кеңесшілерді, менторларды және т.б. қоса жобалық топтың тәжірибесі мен біліктілігі

15

Ұсынылған әдістерді қолдану бойынша дайындалған басшылықтың, оқыту бағдарламалары/оқыту жоспарларының болуы

20

Логикалық негізделген және сапалы дайындалған жұмыс жоспары

10

Жұмыс жоспарымен лайықты деңгейде байланысқан қисынды және тиімді бюджет

20

Мониторинг және бағалаудың нақты және тиімді жоспары

10

Мекеменің грант тарихы

10


6-кесте. Көшіру (репликация) бойынша жобаларға сұранымдарды іріктеу критерийлері


Бағалау саласы

Үлесі, %

Таңдап алған ӘҚҚБ бағдарламалық бағытта ұйымның жағымды әсер ету тәжірибесі

10

Жобалық топтың тәжірибесі мен біліктілігі

10

Көшіру (репликация) үшін сәйкесінше/инновациялық үлгі

15

Логикалық негізделген және сапалы дайындалған жұмыс жоспары

15

Тұрақтылық негіздері

10

Жұмыс жоспарымен лайықты деңгейде байланысқан қисынды және тиімді бюджет

20

Мониторинг және бағалаудың нақты және тиімді жоспары

10

Мекеменің грант тарихы

10


7-кесте. Жүйені жақсарту бойынша жобаларды іріктеу критерийлері



Бағалау саласы

Үлесі, %

Жоба бағытталатын жүйелі мәселелерді нақты сипаттау және ұсынылған жоба мәселені шешуге қалай жағымды әсер ететінін түсіндіру

20

КЕҰ-ның анықталған мәселелерді жою/жұмсартуға жағымды әсер ету тәжірибесі мен біліктілігі


10

Жобалық топтың тәжірибесі мен біліктілігі

10

Логикалық негізделген және сапалы дайындалған жұмыс жоспары

10

Ұзақмерзімді тұрақты әсерді көрсетуде ұсынылған шешімнің әлеуеті

10

Жұмыс жоспарымен лайықты деңгейде байланысқан қисынды және тиімді бюджет

20

Мониторинг және бағалаудың нақты және тиімді жоспары

10

Мекеменің грант тарихы

10


IX. Жобаларды іріктеу процесі
Гранттың барлық түріне келіп түскен сұранымдар ӘҚҚБ қызметкерлерімен байқауға қатысудың негізгі талаптарына сәйкестігіне қарастырылады.
Жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын дайындау гранттары бойынша шешім алынған сұранымдарға сәйкес «БОТА» Қорының ішкі Іріктеу комитетімен қабылданады.
Өзге грант түрлеріне келіп түскен барлық сұранымдар жоғарыда көрсетілген әр грант түрі үшін бағалау критерийлері бойынша сыртқы сарапшылардан тұратын Тәуелсіз Іріктеу Комитетімен бағаланады. Тәуелсіз Іріктеу комитетімен қарастырылу барысында қажет балл көлемін жинаған жоба, оған және оны ұсынып отырған ұйым туралы ақпаратты тексеру кезінде жобаны орындай алу қабілеті туралы қандай да бір жағымсыз ақпарат анықталса, «БОТА» қоры жобаны Қаржыландырмау құқын өз тарапында қалдырады.
Барлық ірі гранттар (көшіру, жүйені жақсарту және КЕҰ-ның әлеуетін күшейту) ақырғы растауға ие болу үшін «БОТА» Қорының Қамқоршылар кеңесінің мақұлдануына беріледі.
Осы қарастыру барысында «БОТА» қоры ұсынылған жобаны тиімдірек ету, сол арқылы қаржыландыруға ие болу мүмкіндігін көтеру үшін ұсыныстар беруге құқылы, ал үміткер өз кезегінде оларды қабылдауға не қабылдамауға құқылы. Грантқа үміткер ұйым ұсыныстарды қабыл алған жағдайда, ұсынылған жұмыс жоспары, жоба сипаттамасы мен бюджетті қайта қарастырылуы мүмкін. Өзгертілген жобалық ұсынысты ұсыну жобаны болашақта қаржыландырылатынына кепілдік бермейді.
Грант түріне тәуелсіз, «БОТА» Қоры ұсынылған сұранымдағы бюджетті тыңғылықты қарастырады. Сатып алу, жалақы, операциялық шығыстар мен бюджеттегі өзге ақылға сыйымсыз шығыстар грантқа үміткер ұйыммен бірге талқыланады, қайта қарастырылады және алынып тасталуы мүмкін.
Төменгі шектен жоғары барлық гранттарды бағалаудың маңызды критерийлері болып шығындардың негізділігі табылатынын ескере отырып, үміткерлерге жобаны жүзеге асыру үшін сәйкесінше грант санатындағы ең көп грант сомасын көрсетуден гөрі, қажет минималды грант сомасы көрсетілген бюджетті ұсынуға кеңес беріледі.
Байқау нәтижесінде жобалары өтпеген КЕҰ-дар, оның себебі көрсетілген жазбаша түрде түсініктеме алады.
Жергілікті қоғамдастықтың әрекет жоспарын дайындау және әлеуметтік қызметтер бойынша грантқа үміткер БАРЛЫҚ үміткерлер байқау нәтижесі туралы жазбаша түрде 2013 жылдың наурыз айының соңында хабарланатын болады.
Ірі гранттарға үміткерлер («Көшіру (Репликация)» «Жүйені жақсарту» және «КЕҰ-ның әлеуетін күшейту») нәтижелер туралы 2013 жылдың сәүір айының соңында жазбаша түрде хабарланатын болады.
X. ЖЕТІНШІ ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ КЕСТЕСІ
Гранттық байқаудың басталуы: 2013 жылдың қантар айының 18 жұлдызы.

Сұранымды қабылдаудың соңғы күні: 2013 жылдың ақпан айының 18 жұлдызы, сағ. 24:00-ге дейін (Астана уақытымен).
Грант сұранымдары «БОТА» ҚҚ-ның кеңсесіне қағаз НЕМЕСЕ электронды түрде [email protected] мекенжайына жіберілуі керек. Егер грант сұранымы қағаз түрінде берілетін болса, онда CD дискіге жазылған электронды нұсқаны салу керек.
Қағаз түрінде толтырылған сұранымдарды 2013 жылдың ақпан айының 18 жұлдызы сағат кешкі 24:00-ге дейін төменгі мекенжай бойынша ұсыну қажет:
050051, Алматы қ., Достық даңғ., 160, 3-қабат, 309б-кеңсе

«БОТА» Қоғамдық қоры

ӘҚҚБ, гранттық байқаудың 7-кезеңі




Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы 7 гранттық байқаудың сипаттамасы қантар 2013 «бота» Қоғамдық қорының

«бота» Қоғамдық қорының негізгі миссиясы – Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік қор

299.33kb.

25 12 2014
1 стр.


СҰраным үлгісі жобаның сипаттамасы

Жобаны жалғастыруға шақыру, «бота» ҚҚ-ның Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы

84.37kb.

05 09 2014
1 стр.


Сұраным үлгісі жобаның сипаттамасы

Жобаны жалғастыруға шақыру, «бота» ҚҚ-ның Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы

79.89kb.

05 09 2014
1 стр.


Жүйені жақсарту сұраным үлгісі жобаның сипаттамасы

Жобаны жалғастыруға шақыру, «бота» ҚҚ-ның Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы

81.8kb.

05 09 2014
1 стр.


I. кіріспе «бота» Қоғамдық қорының

Жергілікті қауымдастықты жұмылдыру мен әрекет жоспарын дайындау грантының сипаттамасы

186.15kb.

25 12 2014
1 стр.


ӘҚҚБ –ның Іріктеу Комитетінің Мүшелері (Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы)

Халықаралық Еңбек Ұйымы Xалықаралық балалар еңбегіне тосқауыл бағдарламасы (ХЕҰ -xбетб)

23.42kb.

25 12 2014
1 стр.


2013 жылы мамандық бойынша (жоо) gpa (4-тен) сәтті аяқтады

Бгб 2013 түлегінің аты-жөні) 2009 жылдан 2013 жылға дейін «бота» қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасының (бгб) стипендиаты болды

14.51kb.

25 12 2014
1 стр.


ӘҚҚб іріктеу комитетінің МҮшелері (Әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламасы)

Спид-пен, туберкулезбен және безгек ауруларымен күресуге арналған Жаһандық қор (gfatm)

15.87kb.

23 09 2014
1 стр.