Ұлттық Бірыңғай Тестілеу: тәжірибелер, ұсыныстар,дайындық барысы
ҰБТ- ол жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қорытынды мемлекеттік аттестатталуын және арнайы орта, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын біріктіріп өткізуді көздейтін, білім ұйымдарынан тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технология ларға негізделген мемлекеттік жүйе.Ол төмендегідей басты мақсаттары айқындайды:
1.Білім беру ұйымдарының қызметін объктивті бағалайды;
2.Олардың нақты рейтнгтерін анықтайды;
3.Жалпы орта білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтеді;
4.Оқушылар мен мұғалімдердің оқу қорытындысын,білімін дәлелдейді;
5. Білім бағытын және мазмұнын жетілдіреді;
6.Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс орнатып,пәнді жүйелі пысықтауға мүмкіндік алады.
ҰБТ-ның негізгі міндеті-мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. ҰБТ білім беру басқармасының жұмысын айқын көрсетіп,оқушылар мен ұстаздардыңбірлескен еңбегін бағалайтын, білім асапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш болып табылады.Тест әр пән бойынша 25 тапсырмадан тұрады,өткен оқу жылынан бастап 5пәннен оқушылар білімі сарапқа салынады.Мұнда мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің мазмұны мен әр түрлі қиындық деңгейлері қамтыла отырып,мемлекеттік білім стандарына сай жасалады.
ҰБТ –ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқушыны ұлттық бірыңғай тестілеуге қалайша жақсы дайындауға болады? Қалай бітірушілер білімін жоғары көрсеткішке жеткіземіз?Осы бағыттағы біздің жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі қандай?
Мектеп тарапынан:
1.бітіруші сыныпты заманауи талапқа сай жабдықталған жақсы кабинет бөлу;
2. компьютерлерді интернет желісіне қосып, қосымша ақпарат алуға жағдай жасау;
3.мектеп бітірушілердің білім құндылықтары мен оқуды жалғастырудағы жоспарларын білу;
4. әр пәннен оқушының білім деңгейін анықтау;
5.пән мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындыққа арналған жеке жұмыс жоспарының бекіту;
6. қосымша сабақтардың кестесін құрып, уақытылы өтіп отыруын назарда ұстау;
7. бітіруші түлектердің ата-аналарымен тығыз байланыста болу;
8. сынақ тестілерінің нәтижелерін сараптап отыру,пәндер бойынша рейтинг жүргізу.
9.тест орталықтарымен шартқа отырып, оқушыларды сынақ тестілеуден өткізіп отыру.
Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруа оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі бірлесіп жұмыс атқарғаны нәтижелі болады. Өткен оқу жылында бітірушілер 77,14 % көрсеткішке қол жеткізіп, орта мектептер арасында 8 орынға ие болды. Ал жекелеген пәндерге келетін болсақ, қазақ тілі мен география 2орын,тарих 4 орын, орыс тілі 19 орын, математика 31 орынға тұрақтады.
Бітірушілердің сынақты (ҰБТ) сәтті тапсырып шығуы- ең алдымен, педагогқа, оның сынақтың жаңа түріне кәсіби дайындығына байланысты. Педагогтың тұрақты кәсіби стеоротиптерінің бірі-барлық оқушыларды жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылуы. ҰБТ-ның өткізілу тәртібі, оған қалай дайындалу керек,тестінің мазмұны мен құрылымымен таныс емес мұғалім оқушыларға қажетті деңгейде білім мен дағды қалыптастыруы екі талай. Бұл үшін мұғалім өзінің кәсіби деңгейін шыңдай беру керек, өз қызметін оқушыға қажетті және жете алатын нақты нәтижеге бағыттауы орынды болар еді.
ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің ең негізгі жолы- оқушы белсенділігі. Барлығы да оқушы біліміне диагносика жасап,оның қабілетін анықтаудан басталып,психологиялық жағдайы тексеріледі.Мектепте дайындық жүргізу барысында сынақта жетістікке жету үшін жұмыстың қандай әдістері, формалары,жолдары жүргізілу керектігі бекітіледі.
Оқу процесінде оқушы сынақ тестілерінен өте отырып,өзінің ҰБТ-ға дайындығын жүйелі бағалап отырады.Мектеп әкімшілігі сараптау жұмыстарын жүргізіп,нәтижесімен оқушыларды таныстырып отырады. Оқушы мұндай жағдайда өзінің мүмкіндіктерін, қол жеткен табыстарын өзгелермен салыстыра отырып, саралап, белсенділіктері артып, алға ұмтыла түсері сөзсіз.