Перейти на главную страницу
Бюджет қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатьша қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипа-тьша байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - боліп түратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде бо-луы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді қүндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объек-тивтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынас-ты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.
Қоғамдық қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің релі ең алдымен осы бюджет (әсірісе шығындары) арқылы үлттық та-быс және жалпы ішкі онімді болу мен қайта белу процестері-мен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика секторла-ры, іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық үлттық шаруа-шылықтың бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық қүралдар арасындағы бюджеттің ролі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді ай-туға болады:
Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады.
Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдала-нуға негіз тудырады. Бюджеттік көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруа-шылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.
Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемле-кеттің экономикалық және қаржылық саясатып іске асыруға арналған әсершіл құрал Қаржылық бақылау барлық деңгей-дегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау, жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекет-тің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бұл бақылау уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық ұйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі бо-лып табылады.
Қаржылық бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақьшау функция-сы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша таны-лу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық өнім құнын бюджеттік беліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржьшық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның іс-әрекет процесінде бюджеттің атқа-руы, ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі, оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.
Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъек-тілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пай-далану бақылауын іске асыру болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асы-рып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.
Қаржылық ресурстарды бюджет арқылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері сандық және сапалық жақтарымен сипатталады.
Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағытта-рын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды экономика дамуьшың қосымша ынта ретінде және оларды жүмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жүмсау әдістерін қолданады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде басқа экономикалық ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджет-тің экономикалық ынта ретіндегі рөлі тек қана бюджеттік қатынас-тар үйымдастыру формалары арқылы кәсіпорындарды неғұрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін қүштарлау емес, оның рөлі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің мүдделерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми-техникалық прогресс тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық қүрылымы жетілдірілсе, экономикалық өсудің факторлары белсендірілсе, онда бүл арада бюджеттің экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мүнда бюджет барлық қоғам өндірісінің экономикалық рента ретінде сипатталады.
1.4. Бюджеттік жүйе түсінігі жэне экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің ма-ңызды қүрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын - бюджетті - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке түлғалар мен аймақтар арасыңдағы барлығы қаржылық қатынас-тар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен қүқықтық нор-маларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.
2005 жылы қаңтар айының 1 жүлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе қүрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе қүры-лымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен ¥лттық қор қарасты-рылады. Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жыл-ға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республика-лық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республика-лық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республика-лық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергіліқті мемлекет-тік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мүндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарльгғымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағьшда төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
Қазақстан Республикасының ¥лттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері қүрайды. Бүл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруыпың негізі келесі қаржылық қатынастары:
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасьшда басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.
Республика аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шьгғыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екені осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.
Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай қүқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу,
бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдала-ну, статистикалық және қаржылық ақпаратқа қажетті бюджет-тік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бүл принципті қолданған бюджетті қүрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді.
Қазіргі кезенде әлемдік тәжірибеде бүл принциптің лайық-тылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы қүралдарын қалыптасуда орталықтырылған әдіс қолданады, сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.
Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бүрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджет-тік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттікрезер-втер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат қүралдарьшда жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шьіғындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік бе-реді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады - ол бюджеттік заңнамалар аумағыңдағы нормативтік-қүқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөніңде басқа да ақпа-раттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу.
Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестпік принципі маңында олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қальштасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бүл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жүмсау бағыттарын анықтау және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізіңде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына қүқық берумен қамтылады.
Бұл принцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жүмсау жөніндегі құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюд-жеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгейдегі бюджетке қайтарьш алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша ресурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буында-рының түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет қүралдарын әрбір деңгейдегі билік органдарының заңмен анықталған өкі-леттіктері негізінде пайдалану құқықтары камтиды. Барлық дең-гейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарасты-ру мен бекіткенде олардьщ тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін.
Бюджеттік жүйе қашанда болса түрақты әрекетте болуы ке-рек, яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар аумагындағы бүрын қа-былданған шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді.
Кейбір уақытта мелекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті бо-лады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-эко-номикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сон-дықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылыкты бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді.
Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік та-лаптарға бағынады. Бүл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оньщ керек екендігі больш бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістік-терді қамтамасыз ету табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюд-жеттік заңнамалар талаптарьш орындауы тиіс. Сондықтан бюд-жеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бүл при-нциптің талабы - бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
Жоғарыда айтылған принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін үйымдастыруда мемле кеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мүндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық), федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртүтас мемлекеттер-де екібуынды бюджеттік жүйе қолданылады - орталық (республикалық) бюджет жэне жергілікті бюджеттер.
Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық бюджеттік федерализм принциптеріне не-гізделеді. Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің барлық мүдделерін оның әрбір белімдерінің мүдделерімен тіркестіреді және аумақтардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін сақтай отырьш, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді.
Сондықтан, бюджеттік федерализмді федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік және әкімші-аумақтық билік арасындағы әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін оңтайлы, ғылыми-негізді бөлу мен олардың шығындарын қаржыландыру себебіндегі қатынастар деп анықтауға болады. Бюджеттік федерализм төменде көрсетілгендей негізделеді:
Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар қар-жылық ресурстарды қалыптастыру, бөліс және қайта бөліс про-цестері арқылы белгілі болады. Олар өз арнауы мен нақты іске асуы бюджеттік жүйе арқылы көрінеді, яғни барлығы әр түрлі деңгейдегі бюджеттер, бюджетаралық арақатынастар мен бюджеттік жайластырушылық арқылы.
Бюджеттік қүрылым - ол елдің мемлекеттік бюджеті мен бюджеттік жүйені ұйымдастыруы және олардың өзара байла-нысының үйымдастырушылық формалары. Бюджеттік жайлас-тырушылық түсінігі бюджеттік жүйенің құрылымын, бюджеттік жіктеуді, бюджеттік жүйе мен бюджеттерді құру принциптерін енгізеді.
Бюджеттік қүрылым елдің мемлекеттік қүрылымдық фор-масымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді қүрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіліктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді. Бұлар бюджеттік жүйенің буындарын қүрайды, ал олардың өзара байланысы бюджетаралық қатынас механизмі арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жайластырушылығы мемлекеттік құрылымның біртүтас формасына сәйкес, мүнда ел-дің әкімшілік-аумақтық бірліктерінде автономия да, мемлекет-тілік те жоқ. Олар барлығы біріккен құқықтық актілерге, биліктің біріккен органдарына, саясаттық, экономикалық және әлеуметтік процестерді орталықтандырылған басқаруға бағьшады. Жалпы айтқанда, бюджеттік қүрылым әрекеттегі негізгі қүқықтық актілер және экономикалық-әлеуметтік процестердегі бюджеттің рөлі мен мәні арқылы анықталады.
Бюджеттік процестегі жоғары және төмен тұратын бюджеттер арасындағы бүктемелеуленген қатынастарды бюджетаралық қа-тынастар деп атайды. Бюджетаралық қатынастар жүйесі тек қана республикалық бюджет пен республиканың аймақтар бюджеттері арасындағы қатынастардан тұрмайды, оған аймақтар ішіндегі облыстық және аудандық бюджеттер арасындағы қатынастар да кіреді. Бюджетаралық қатынастардың негізі болып мемлекеттік басқару деңгейлерінің өкілеттілігі мен функцияларын айқын шек-теу, бюджет деңгейлері арасында кірістер мен шығыстарды белу әдістерінің бірлестігі табылады.
Бюджетаралық қатынастар белгілі принциптерге негізделеді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде келесі бюдже-таралық принциптер мазмұндалған:
ә) мемлекеттік мекемелер керсеткен қызметтерге теленген төлемдер салықтық және салықтық емес түсімдер ретінде сол қыз-меттерді қаржыландыратын бюджеттің кірісі болып түседі;
б)қайта бөліс сипатты және салықтық базасының жайғасты-руы бір қалыпты емес салықтар бюджеттік жүйенің неғүрлым дең-гейіне бекітіледі;
в) салықтар мен бюджеттің басқа міндетті түсімдері неғүрлым
г) тиянақты аумақтық салықтық база бойьшша жинайтын са-
Тәжірибеде бюджетаральгқ қатынастарды реттеудің әр түрлі формалары бар. Олар бюджет деңгейінің әр біреуінің салықтық потенциалы, аймақтардың мүқтаждықтарын объективті бағалау нәтижесі мен бекітілген натуралды нормалардың есебі арқылы анықталады. Республиканың Бюджеттік кодексі бойьшша бюдже-таралық қатынастар реттеудің формалары ортамерзімді фискал-дық саясатқа сәйкес тағайындалады.
Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы бюджетаралық қа-тынастарды реттеу формалары жөнінде ресми трансферттер мен бюджеттік несиелер қолданылады. Ал облыстық және аудандық, облыстық мағынадағы қала бюджеттері арасындағы бюджетара-лық қатынастар ресми трансферттер, бюджеттік несиелер және кіріс бөлу нормативтер арқылы реттеледі.
Трансферттер механизмі бюджеттік ретгеуді біріккен әдістемемен қамтамасыз ету мен бюджетаралық қатынастар қа-лыптасуының субъективтік түрде болмауы үшін қолданылады. Трансферттер нормативті-бөлшекті әдіс негізінде есептеледі, сон-дықтан ол аумақтардың бюджеттік кірістерін көлбеулі теңестіру мен оларға қаржылық жәрдемді бәріне бірдей тәртіппен көрсетуге мүмкіншілік береді.
Жаца Бюджеттік кодекске сәйкес республика бюджеті жаңа қүрылымда қалыптасады. Қүрылымға келесі бөлімдер кіреді:
1. Кірістер:
Бюджет шығындары маңында қайырылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік құралдар алынады. Олар мемлекеттік меке-мелерінің іс-әрекетін қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыруға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу, жеке тұлғаларға ақшалы төлемдер мен заңды тұлғаларға субси-диялар беруге пайдаланады. Бюджет шығындарына ресми транс-ферттер де жатады, себебі олар бір бюджеттен басқа деңгейдегі бюджет пен Үлттық қорға төлейтін төлемдер.
Бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырмасы опе-рациялық қалдық (сальдо) деп аталады. Бұл арада, егерде бюджет шығындары кірістерінен асьш түссе, онда теріс операциялық қал-дық болады, ал кері болса - онда оң операциялық қалдық болады. Теріс операциялық қалдық жіберіледі, егерде бюджет шығындары-на даму бюджеттік бағдарламалар болса, бірақ оның шекті көлемі мемлекеттің ортамерзімді фискалдық саясатпен анықталады.
Қазіргі уақытта ақысыз бюджеттік қаржыландырумен қоса бюджеттік несие беру арқылы бюджеттік несиелендіру де пайда-ланады. Мұндай несиелер қайтару және өтелу шарттары негізінде беріледі, бірақ олар бойынша пайыздар немесе жалпы алынбайды, не болмаса банк несиелері пайыздарының деңгейінен төмен алы-нады. Сондықтан, бюджет несиелері банк несиелері мен бюджет-тік қаржы беру арасынан орын алады. Осыған байланысты бюд-жет құрылымында бюджет несиелері мен оларды өтеу арасындағы айырмасы арқылы есептелетін таза бюджеттік несиелендіру деген түсінік бар.
Мемлекеттің қаржы активтермен мүліктенуге жұмсалған шығындар мен оларды өткізуден түскен түсімдер арасындағы айырмасы қаржы активтер операциялары бойынша қалдық (саль-до) деп аталады. Қаржы активтермен мүліктену маңында занды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан мемлекеттік меншікке қа-тысу үлесі мен құндьг қағаздар сатып алуға жұмсалған шығындар табылады. Ал қаржы активтерді өткізуден алынған түсімдер болып мемлекеттік меншіктегі, мемлекеттік кәсіпорындардың оператив-тік немесе шаруашылық басқарудағы заңды тұлғалар мен халықа-ралық ұйымдардың қатысу үлесі мен құнды қағаздарын сатудан түскен бюджет кірістері табылады.
Бюджеттік тапшылық (дефицит) маңьшда бюджет шығында-рының оның кірістерінен артықшылығы қарастырылады, ал егер-де бюджет кірістері оның шығындарынан асьш түссе, онда бюд-жеттік профицит деген түсінік болады. Бюджет тапшылығының (профициттің) мөлшері операциялык қалдықтан таза бюджеттік несиелеу мен қаржы активтер операциялар бойынша қалдықты минустағанға тең.
Бюджеттік тапшылықты өтеу үшін мемлекет әр түрлі әдістерді пайдаланады, мысалы, ақша эмиссиясы, ішкі және сыртқы шеттен алып пайдалану. Республиканьщ Бюджеттік кодексінде бюджеттік тапшылықты қаржыландыру шеттен алып пайдалану мен бюджет құралдарының бос қалдықтары есебінен қарастырылған. Бюд-жет тапшылығын қаржыландыру мөлшері тапшылық мөлшеріне сәйкес және ол алынған займдар мен бюджеттік құралдар қалдықтары сомасының займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының артықшылығы арқылы анықталады.
Бюджет профицитін пайдалану деген бюджет профицитін, займдар құралдарын, бюджет құралдарыньщ бос қалдықтарын займдар бойынша негізгі берешекті өтеуте жұмсау. Оның көлемі займдар бойынша негізгі берешекті өтеу сомасының алынған займдар мен бюджет құралдар қалдығының қозғалысы сомаларынан артықшылығы арқылы анықталады.
Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік билік-тің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджет-тік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол Бюд-жеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңна-малы-нормативтік актілермен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметті-экономикалық ортамер-зімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте керсетілген басқа бір маңызды жағдай - ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің функцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрінеді:
Үсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республи-ка Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Рес-публикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюд-жеттерді құрастыру мен атқару Тәртібімен басшылық етеді.
Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқық-тарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс-әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс-әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:
Бюджет жобасы атқарушы биліктің органдарымен жасалады, яғни республикалық бюджетті - бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық өкілетті орган, ал жергілікті бюджеттерді - тиісті жер-гілікті органдар. Бюджет құрастыру барысында - ол елдің эко-номикасына әсері, қаржы ресурстардың әлеуметті-экономика-лық бағдарламалармен келістілігін қамтамасыз ету, бюджеттік құралдар бөлудің қажетті пропорциялары мен басымдылықта-рын және бюджет тапшылығын өтеу қайнар көздерін белгілеу сияқты сауалдар шешіледі. Бюджет жобасын жасауда мемлекеттің әлеуметті-экономикалық саясатының бірізділік және ауыспалы-лық принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.
Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкі-меті мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы оргаңдарына жүк-телгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасау-дың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті қүжаттармен жүмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.
Келесі кезенде жоғары және жергілікті атқарушы органдар-мен (Үкімет және тиісті әкімшілік) мақұлданған бюджет жобасы қарастыру мен бекітуге өкіддік органдарға (Парламент және тиісті маслихат) келіп түседі. Мұнда бюджет жобасы арнайы комитет-тер мен комиссияларда қаралады, яғни бюджет баптары анықтап талданады, нәтижәсінде тұжырым беріледі. Содан кейін бюджет жобасы Парламент палаталарында - Мәжіліс пен Сенатқа бюджет талқылауға түседі. Республикалық бюджет Парламент палаталары-ның бірге отырысында, ал жергілікті бюджеттер маслихаттар оты-рысында бекітіледі. Бюджеттік процестің осы кезеңінде алдыңғы қаржы жылғы республикалық бюджет жөнінде заң қабылданады.
Бюджетті атқару кезеңі бекітілген қаржы бәлуге сәйкес бекітілген кірістер алу мен шығыстарды іске асыру және бюджет тапшылығын қаражаттандыру мен профицитті пайдалану жасала-ды. Бұл кезең қаржы немесе бюджет деп аталатын күнтізбелі жыл бойы созылады. Бюджеттерді атқаруды Үкімет пен тиісті жергілік-ті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Осы әрекетте олар келесі принциптерді қолданады:
Бюджет жүйесінің қызмет етуі заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдарының бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.
Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анық-тама берілген, кірістер мен шығындардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. Мұнда тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Үлттық қордың қалып-тасу тәртібі, қайнар квздері мен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.
Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар қүрылымына ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Респуб-ликалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, ҚР Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді. Бюджеттік кодекс бойынша Қазақстан Республикасы Прези-дентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағьшдағы уәкіддігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі Ережені, оның құрамьш анықтау, бекіту, еддің бюджет-тік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.
Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы - Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджеті және оған енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады.
Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыр-тқы бақылау жүргізуінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргізу және заңнамалы-нор-мативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.
Бюджеттік кодекске сәйкес ҚР Үкіметінің бюджеттік қатына-стар аумағындағы құзыретіне келесі қызметтер кіреді:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағьшдағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті екілдік пен атқарушы органдардың уәкілділігі, үйымдастыруы мен іс- әрекет тәртібін анықтайды. Осы Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы - ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс-әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан қүрайды.
Жергілікті өкіддік орган - ол жергілікті түрғындармен сай-ланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қол-данатын сайламалы орган - Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.
Жергілікті атқарушы органдар - әкімгершіліктер заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджеттер жасап, мас-лихаттарға бекітуге үсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалык және қаржылық негізін келесілер құрады:
М а з м ұ н ы кіріспе
16 12 2014
4 стр.
16 12 2014
5 стр.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
16 12 2014
3 стр.
Республикасы кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу мәселелері мен оларды шешу жолдары
25 12 2014
4 стр.
Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі
14 12 2014
6 стр.
Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т б жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат
25 12 2014
3 стр.
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері кө
26 09 2014
13 стр.
Р Үкіметінің 2010. 21. 10. №1092 Қаулысымен (бұр ред.қара); 2011. 11. 03. №253 Қаулысымен (бұр ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012. 17. 02. №231 Қаулысымен кіріспе жаң
14 12 2014
4 стр.