М А З М Ұ Н Ы |
КІРІСПЕ |
І - ТАРАУ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
|
|
|
II – ТАРАУ. ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
2.1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру; |
2.2. Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібі; |
2.3. Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру. |
III – ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ |
|
|
|
Қорытындылар мен ұсыныстар. |
Қолданылған әдебиеттер тізімі. |
Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдерi және салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiк қатынастарына негiзделген кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
кедендiк бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша, оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Кедендiк бақылау жүргiзуді кеден органдарының лауазымды адамадары жүзеге асырады.
Кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) кеден кодексінің 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда, еркiн айналыс үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен кедендiк режимдердiң талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы мiндеттемелерiн орындауына кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол берiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi.
Кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы.
Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын кейiнгi операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның iшiнде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi.
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды осы Кодекстiң 431-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шарттық негiзде өзге де ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
Мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардан тартылған мамандар мен сарапшылар мемлекеттiк құпия, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер, оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.
Кедендік ресімдеу, күні бұрынғы операциялар жүргізу, тауарларды қайта тиеу, оларды қарау және кедендік тексеру орындары, уақытша сақтау орындары, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының тұрақтары, кеден қоймалары, арнайы экономикалық аймақ аумақтары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері және жолаушылармен тауар ағымдарының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстары дамуының қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарының орналасқан орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Кедендік бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген орындарда құрылады.
Орындарды кедендік бақылау аймағы деп тану үшін:
2) кеден органының орналасқан орны туралы тіркеу құжаты;
3) Кеден кодексінің 20-бабына сәйкес, кедендік ресімдеу орындарын оның ішінде әуежайларда, порттарда, теміржол станцияларында белгілеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешімі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық өткізу пункттерін немесе арнайы экономикалық аймақты құру (ашу) туралы акт негіз болып табылады.
Тұрақты кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
Уақытша кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
қызметтік куәліктің;
тиісті мемлекеттік орган құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және алдын алу жөніндегі ұйымдастырушылық жедел-профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арнап тіркеген қаулының немесе нұсқаманың болуы шартымен жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылау нысандары:
Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексередi.
Кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады.
Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәлiметтердi сұратып алуға құқылы.
Iрiктеп тексеру негiзiнде кеден органдарының құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне жол берiледi.
Кеден кодексінің 442-бабының 3-тармағына сәйкес қосымша құжаттар мен мәлiметтер сұрату және оларды тексеру, егер кеден кодексінде тiкелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергi жасамауға тиiс.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi жүргiзу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пiкiр сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пiкiр сұрау нәтижелерi жазбаша нысанда ресiмделмейдi.
Түсiндiрмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпаратты алуы.
Түсiндiрме жазбаша нысанда ресiмделедi. Адамды түсiндiрме алу үшiн шақыру туралы хабарламаға тиiстi кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
Кедендiк қадағалау
Кедендiк қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Кеден органы лауазымды адамдарының тауарлар мен көлiк құралдарын, оның iшiнде халықаралық почта жөнелтiмдерiн, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендiк бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жерi, жай-күйi, мөлшерi туралы, тауарларда, көлiк құралдарында және олардың жүк тиелетiн бөлiктерiнде кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және басқа да қондырылған бiрдейлендiру құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi растау үшiн жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру - егер мұндай тексеру көлiк құралы мен оның жүк тиелетiн бөлiктерiн ашумен және тауарлардың орамаларын бұзумен байланысты болмаса, кедендiк бақылау мақсаттары үшiн тауарларды, жеке тұлғалардың багажын, көлiк құралдарын, жүкке арналған ыдыстарды, кедендiк пломбалардың, мөрлердiң және өзге де тауарларды бiрдейлендiру құралдарының бар-жоқтығын сырттай көзбен тексеру.
Кедендiк бақылау аймағында тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi тексеру кезiнде қатысуға тiлек бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, аталған адамдардың қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру нәтижелерi бойынша кеден органдарының лауазымды адамдары, егер мұндай тексерудiң нәтижелерi кедендiк мақсаттарда пайдаланылатын болса, белгiленген нысан бойынша акт жасайды. Кеден органының лауазымды адамдары тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамның талабы бойынша акт жасауға мiндеттi. Кедендiк қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға тапсырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау
Кедендiк тексерiп қарау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлiк құралының жүк тиелетiн бөлiктерiн не ыдыстарды, контейнерлердi және тауарлар бар немесе болуы мүмкiн өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты iс-әрекетi.
Кедендiк тексерiп қарау тауарларды кедендiк мақсаттар үшiн бiрдейлендiру, мәлiмделетiн мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау не Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу туралы ақпарат болған кезде мұндай ақпаратты тексеру, сондай-ақ iрiктеп тексерудiң негiзiнде кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында жасалады.
Белгiленген жағдайды қоспағанда, декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi өздерiнiң бастамасы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау кезiнде қатысуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар декларант немесе өзге тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органы лауазымды адамдарының талабы бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын тексерiп қарау кезiнде қатысуға және кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi жәрдем көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушы арнайы уәкiлеттiк берген өкiл болмаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын жеке тұлға осы мiндеттi атқарушы болып табылады.
Кеден органы декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамдар және олардың өкiлдерi болмаған кезде, мынадай жағдайларда:
Егер кедендiк декларацияда көрсетiлген тауарлардың бiр бөлiгi бiр атаудағы тауарлар ретiнде кедендiк тексерiп қарауға ұшыраған болса, онда мұндай тексерiп қараудың нәтижелерi кедендiк декларацияда көрсетiлген осындай барлық тауарларға қолданылады.
Кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi бойынша екi дана етiп акт жасалады. Кедендiк тексерiп қарау жүргiзiлгендiгi туралы актiде мынадай мәлiметтер:
1) кедендiк тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды тұлғалары мен оны жүргiзу кезiнде қатысқан адамдар туралы мәлiметтер;
2) декларанттың, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар өзге де адамның қатысуынсыз кедендiк тексерiп қарау жүргiзудiң себептерi;
3) кедендiк тексерiп қараудың нәтижелерi көрсетiледi.
Актiнiң екiншi данасы тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар адамға не оның өкiлiне тапсырылады.
Кедендiк бақылаудың ерекше нысаны ретiндегi жеке тексерiп қарау Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн не кедендiк бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, кеден органы басшысының, оны алмастырушы адамның не Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пунктi уәкiлеттi лауазымды адамының жазбаша шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Жеке тексерiп қарау жүргiзуге байланысты рәсiмдi және жеке тексерiп қарауды рәсiмдеу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Жеке тексерiп қарау басталар алдында кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмiн көрсетуге, жеке тұлғаны мұндай тексерiп қарауды жүргiзу кезiндегi құқықтарымен таныстыруға және жасырған тауарларын өз еркiмен беру туралы ұсыныс жасауға мiндеттi.
Кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу кезiндегi iс-әрекетi жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлiп отырған жеке тұлғаның:
2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектiлерi болып табылатын өзiнде жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
3) жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамының жеке тексерiп қарау жүргiзу туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгiзе отырып, мәлiмдеме жасауға;
4) жеке тексерiп қарау жүргiзудiң нәтижелерiмен және iс жүргiзу құжаттарымен танысуға;
5) жеке тексерiп қарау жүргiзетiн кеден органы лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне осы Кодекске сәйкес шағым жасауға;
6) адвокаттың қызметтерiн пайдалануға құқығы бар.
Өзiне қатысты жеке тексерiп қарау жүргiзiлген жеке адамға жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгенi туралы хаттаманың көшiрмесi, тауарлардың алынып қойғаны туралы актi берiледi.
Жеке тексерiп қарауды тексерiлiп қаралатын адаммен бiр жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екi куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуiне және олардың тарапынан жеке тексерiп қараудың жүргiзiлуiн қадағалау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiп қаралатын адамның дене органдарын тексерiп зерттеудi маман-дәрiгер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргiзуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, маман-дәрiгердiң кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексерiп қарауды жүргiзу туралы шешiмiн орындаудан жалтаруға құқығы жоқ.
Жеке тексерiп қараудың жүргiзiлгендiгi туралы уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша хаттама жасалады.
Хаттамаға - жеке тексерiп қарауды жүргiзген кеден органының лауазымды адамы, өзiне қатысты тексерiп қарау жүргiзiлген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексерiп зерттеу жүргiзiлген кезде - дәрiгер қолдарын қояды.
Тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау, оларға бiрдейлендiру белгiлерiн қою
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кеден органдары кедендiк бақылауды тауарларда (олардың орамаларында) арнаулы таңбалардың, бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелудiң заңдылығын растау үшiн пайдаланылатын тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болуын тексеру жолымен жүзеге асырады.
Тауарларда арнаулы таңбалардың, бiрдейлендiру белгiлерiнiң немесе тауарларды белгiлеудiң өзге де тәсiлдерiнiң болмауы, егер өзiнен мұндай тауарлар табылған адам, декларант не өзге де мүдделi адам басқаша дәлелдей алмаса, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына тауарларды кедендiк ресiмдеу мен шығару жүргiзiлмей жүзеге асырылған тауарлар әкелу ретiнде қаралады.
Тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру
Кедендiк бақылаудың нысаны ретiндегi тауарлардың және көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру мынадай жағдайларда:
Шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын, тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шаралары белгiленген тауарларды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары осы Кодекске сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау кезiнде тұлғалар беретiн мәлiметтер негiзiнде, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандарда Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының аумағында шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдаланатын тұлғалар және осы Кодексте белгiленген өзге де тұлғалар олардың есебiн жүргiзуге және кеден органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен есептiлiк тапсыруға мiндеттi.
Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден бақылауын жүргiзу мақсатында кеден органының лауазымды адамдары қызметтiк куәлiгiн және кеден органының басшысы қол қойған нұсқаманы көрсеткен кезде, кедендiк бақылауға жататын тауарлар мен көлiк құралдары, кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар болатын, не болуы мүмкiн, не кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты қызмет жүзеге асырылатын аумақ пен үй-жайларға (тексерiп қарау мен тiнту жүргiзу құқығынсыз) кiруге құқығы бар.
Кiруге прокурор рұқсат ететiн тұрғын үй-жайларды қоспағанда, аумаққа және үй-жайға кiргiзуден бас тартқан жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары, аумаққа және үй-жайға екi куәгердiң қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiруге құқылы. Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кiрудiң барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етедi. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кiруiне қарсылық көрсеткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Кейiнге қалдыруды күттiрмейтiн жағдайларда прокурордың рұқсаты талап етiлетiн әрекеттер рұқсатсыз да, бiрақ кейiннен прокурорды жиырма төрт сағаттың iшiнде жазбаша хабардар ете отырып жүргiзiлуi мүмкiн. Прокурор аталған хабарламаны алғаннан кейiн жүргiзiлген әрекеттердiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда күшiн жояды немесе тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды өз қаулысымен тоқтатады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының жекелеген объектiлерге кiруiнiң арнаулы тәртiбi белгiленсе, онда мұндай объектiлерге кiру осы заң актiлерiнде айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.
Кедендiк бақылаудағы, оның iшiнде шартты түрде шығарылған тауарлардың бар екендiгiн растау мақсатында жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды тексеру уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, бос қоймаларда, арнаулы экономикалық аймақтарда, бажсыз сауда дүкенiнiң үй-жайларында, сондай-ақ осы Кодексте көзделген кедендiк рәсiмдердiң немесе кедендiк режимдердiң шарттарына сәйкес тауарлар болуы тиiс тұлғаларға жүргiзiледi. Үй-жайлар мен аумақтарды тексеру тауарлардың жоғалғаны, оларды иелiктен айырғандығы не оларға осы Кодексте белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өзге де тәсiлмен билiк етiлуi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексеру үшiн, сондай-ақ iрiктеп тексеру негiзiнде жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған көрсетiлмеген тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын тексерудi кеден органдары осындай үй-жайларда немесе аумақтарда Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына осы Кодексте көзделген тәртiптi бұза отырып әкелiнген тауарлардың бар екендiгi туралы ақпарат болған жағдайда, осындай ақпаратты тексерiп шығу үшiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi жөнiнде уәкiлеттi орган бекiтетiн нысан бойынша акт жасалады, оның екiншi данасы тексеру жүргiзiлген тұлғаға берiледi.
Үй-жайлар мен аумақтардың кеден кодексінің 89, 104, 130, 145, 246-баптарында белгiленген бағалау талаптары мен шарттарына сәйкестiгiн анықтау үшiн тексерудi де кеден органдары жүзеге асырады. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша қорытынды жасалады.
2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
II – ТАРАУ. ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. КЕДЕН IСI САЛАСЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕКСЕРУ
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру - сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының орындалуын кеден органдары жүзеге асыратын тексеру. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру кеден кодексінде көзделген негiздемелер бойынша түрлерге бөлiнедi және жүргiзiледi.
Қажет болған жағдайда кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексерудi кеден органдары басқа да мемлекеттiк органдарды тарта отырып жүргiзуi мүмкiн.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi тексеру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) жоспарлы тексеру - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке нақты қатысушыны алдын ала жоспарланған тексеру. Жоспарлы тексеру:
4) үстеме тексеру - кеден органдары тексеру жүргiзген кезде тексерiлетiн субъект берген мәлiметтерiнiң дұрыстығын растау мақсатында үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда, үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру;
5) құжаттық тексеру - ұйғарым ресiмдеудi талап етпейтiн және тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар берген жүктiң кедендiк декларацияларындағы, тауарға iлеспе және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi зерделеу және талдау негiзiнде тiкелей кеден органдары жүзеге асыратын тексеру.
Құжаттық тексеру тiкелей кеден органы орналасқан жер бойынша жүргiзiледi.
Кеден органдары кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзудi мынадай кезеңдiлiкпен:
1) жоспарлы тексерудi - кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтiң нақты қатысушысына қатысты жылына бiр реттен жиi емес;
2) рейдтiк тексерудi - Қазақстан Республикасының құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдары белгiлеген мерзiмдерге сәйкес жүзеге асырады.
Шектеу мына жағдайларда көзделмейдi:
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру уәкiлеттi орган немесе уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi не кеден берген нұсқама ұсыныла отырып жүргiзiледi.
Нұсқамаға кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қоюға тиiс, ол елтаңбалық мөрмен расталған, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпке сәйкес арнаулы журналда тiркелген болуға тиiс.
Нұсқама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес прокуратура органдарында тiркелуге тиiс.
Кеден органының нұсқамасында мынадай деректемелер:
Кеден кодексінің 462-бабының 2-тармағында көзделген тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда, алдыңғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiлген қосымша нұсқама ресiмделедi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға мiндеттi түрде қызмет куәлiгiн көрсете отырып, нұсқаманы тапсырған кез тексерудiң басталғаны болып есептеледi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген нұсқаманы алудан бас тартуы тексерудi тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.
Тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
Тексерудi жүзеге асыратын кеден органы қызметiнiң аймағы шегiнен тысқары жерде құрылымдық бөлiмшелерi бар кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру кезiнде тексеру жүргiзу мерзiмi алпыс жұмыс күнiне дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргiзу мерзiмi кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға кеден органының құжаттар беру туралы талаптарын тапсырған және оларға сұратылған құжаттарды берген кездiң арасындағы уақыт кезеңдерiнде, сондай-ақ кеден органының сұратуы бойынша мәлiметтер мен құжаттар алу кезiнде тоқтатыла тұрады.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы осы Кодекстiң 452-бабына сәйкес кеден органының лауазымды адамдарын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жiберудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тексеру жүргiзушi кеден органының лауазымды адамдарын көрсетiлген аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жiберудi қамтамасыз етуден бас тартылған жағдайда хаттама жасалады.
Хаттамаға екi куәгердiң қатысуымен тексеру жүргiзетiн кеден органының лауазымды адамы және кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы қол қояды. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы көрсетiлген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бас тартудың себептерi туралы жазбаша түсiнiк беруге мiндеттi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының, егер:
Аталған шараларды қолданбау кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарды жасыруға әкеп соғуы мүмкiн ерекше жағдайларда мөрлеу және алып қою жүзеге асырылады.
Тексеру аяқталғаннан кейiн кеден органының лауазымды адамдары:
1) тексерудiң жүргiзiлген орнын, акт жасау күнiн;
2) тексеру жүргiзген кеден органы лауазымды адамдарының лауазымын, тегiн, атын, әкесiнiң атын;
3) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының тегiн, атын, әкесiнiң атын не толық атауын;
4) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының орналасқан жерiн, банк деректемелерiн;
5) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының кедендiк және қаржылық есептiлiк жүргiзуге, кеден органдары өндiрiп алатын кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленуiне жауапты басшысы мен лауазымды адамдарының тегiн, атын, әкесiнiң атын;
6) алдыңғы тексеру мен бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы мәлiметтердi;
7) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы тексеру үшiн тапсырған құжаттар туралы мәлiметтердi;
8) кеден iсi саласында анықталған құқық бұзушылықтарды Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң тиiстi нормаларына сiлтеме жасай отырып, егжей-тегжейлi сипатталуын;
9) кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыны тексерудiң нәтижелерiн көрсетiп тексеру актiсiн жасайды.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға тексеру актiсiн тапсырған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталған күнi болып есептеледi.
Егер тексеру аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарын бұзу анықталмаған жағдайда, тексеру актiсiнде тиiстi жазба жүргiзiледi.
Тексеру актiсiне тексеру барысында алынған құжаттардың көшiрмелерi, есептер және басқа да материалдар қоса тiркеледi.
Тексеру актiсi тексеру жүргiзген кеден органы лауазымды адамының қолы қойылып үш дана етiп жасалады.
Тексеру актiсi тексеру актiлерiн тiркеудiң арнаулы журналында тiркеледi, ол нөмiрленген, байлап-қайымдалған және кеден органының мөрiмен бекiтiлген болуға тиiс.
Тексеру актiсiнiң бiр данасы кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға қол қою арқылы немесе тексеру актiсiн алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен берiледi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы тексерудiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының басшысы немесе уәкiлеттi лауазымды адамы тексеру актiсiне тиiстi жазба жасайды.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды тексеру аяқталғаннан кейiн тексеру актiсiнде көрсетiлген нәтижелердiң негiзiнде кеден органы осы Кодекстiң 350-бабында көзделген нысанда кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама шығарады.
Хабарлама кеден кодексінің 350-бабында көзделген тәртiпке сәйкес кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға жiберiледi.
Кедендiк төлемдердiң, салықтардың және өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама алған кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы оны кеден кодексінің 350-бабында белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi.
Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде тексерудiң нәтижелерiне шағымдануға құқылы.
16 12 2014
4 стр.
16 12 2014
5 стр.
16 12 2014
3 стр.
25 12 2014
4 стр.
14 12 2014
6 стр.
25 12 2014
3 стр.
26 09 2014
13 стр.
14 12 2014
4 стр.