Перейти на главную страницу
Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!»
Ыбырай Алтынсаринді таныту, өлеңмен таныстырып, мазмұнын ашып беру, мәнерлеп оқуға, шапшаң жаттатуға үйрету.
Сабақты бастамас бұрын Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңдегі сауатсыздық мәселесі туралы кіріспе әңгіме айтамын.
43
осындай күйді халық басынан кешірді. Бірақ соның өзінде сол кезде қызыл тілді шешен, сөз ұсталары, ақындар, жыршылар, күйшілер, әншілер, даналарымыз көп болған. Олардың аузынан шыққан шешендік сөздері, өлең, күйлері халық аузында жатталып бізге жеткен. Халықтың осындай жұпыны өмірін көріп, қараңғылықтың шырмауынан алып шығуға әрекет жасаған, күрескен ағартушылар көп. Олар – Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев т.б. – ұлы ақын, ағартушы аталарымыз (суреттерін көрсетемін).
Сендерге арнап көп әңгіме, өлеңдер жазған. Оның өлең, әңгімелерінің берер тәрбиесі мол. Сол еңбектерінің ішінен бүгін сендермен «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқып танысамыз.
- Мен сендерге өлеңді жатқа айтып беремін, сендер дұрыс отырып, мұқият тыңдаңдар.
«Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар!
Сиса көйлек үстіңде,
Тоқуменен табылған!
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған!
44
Өнер - білім бәрі де,
Балалар! Бұл өлең атына байланысты неге шақырып тұр?
Сауысқан да ерінбей шоқып тамағын табады, ал сендер оқып өз орындарыңды, керек нәрселеріңді табасыңдар дейді.
- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін айтып тұрып түрлі қимылдар жасау \мазмұнына сай\. Әуелі өзім айтып тұрып, оларға қимылын көрсетіп, содан соң оларға айтқызып тұрып, қимылын өзіммен бірге қайталатамын. Осы сергіту сәті арқылы өлеңді әрі жаттатқаным, әрі сергіткенім болып табылады.
Балаларға өлеңді оқытамын. Сонан кейін бірінші сыныпта балалар жүгіртіп оқи алмайтын болғандықтан өлеңді естеріне сақтату үшін, жаттату үшін ән сабағымен байланыстырдым. Ән сазымен айтып, балаларға қосылдырып бір – екі рет айтқыздым. Ән сазымен айтқанда балалар өлеңді жаттай бастайды, әрі тілдері жаттыға бастайды. Мысалы, «Оқысаңыз, балалар» деп бастасаң олар одан кейін «Шамнан шырақ жағылар» келетінін біліп өздері айта бастайды.
Плакатқа сөздердің орны ауыстырылып жазылып тақтаға ілінеді.
Кел, балалар көңілге
Оқығанды тоқылық
Ықыласпен оқылық
45
Балалардың назарын көрнекілікке аударып, өзім оқып беріп, бұрыс – қатесін тапқызамын. Кім дұрыс оқиды сол жеңімпаз атанады.
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Білімді – мыңды жығар,
Білімсіз – бірді жығар.
- Ал енді, балалар, біз кімнің өлеңімен таныстық?
- Ыбырай Алтынсариннің өлеңімен.
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ағартушы – ұстаз.
- Бүгін қандай өлеңімен таныстық?
- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңімен оқып, таныстық, ән сазын үйрендік.
- Балалар, бұл өлең бізді неге шақырады?
- Оқуға, білім алуға, өнерлі болуға, ерінбеуге, еңбектенуге тәртіпті болуға.
- Өте дұрыс, балалар.
- Ал кімнің есінде осы өлең аз да болса жатталып қалды, кім айтып бере алады?
Осылай сұрап сабақты аяқтаймын.
- Балалар, осы өлеңді үйден түгелдей жаттап келіңдер, келесі сабақта тағы да ән сазымен айтамыз. Сонда жаттамаған бала айта алмай қалса ұят болады. Ол үшін барлығымыз да өлеңді жаттап келейік.
- Балалар, Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ұлы ағартушы – ұстаз.
- Кімнің есінде 1 – сыныпта біз Ыбырай атаның қай өлеңін оқыдық?
- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқыдық.
- Ал осы өлеңді кім жатқа айтып бере алады?
\ 1 – 2 оқушыға жатқа айтқызу\
- Бұл өлең бізді неге үйретеді?
- Дұрыс оқып, білім алуға үйретеді.
- Балалар, осы оқудың өзі – еңбек деп аталады. Біз оқымасақ,
47
еңбектенбесек бізге еш нәрсе дайын күйінде келмейді екен. Ол үшін еңбектенуіміз қажет. Ыбырай Алтынсарин тек қана оқуға, өнерлі болуға шақырмайды, сонымен бірге еңбектенуге, ерінбеуге шақырады екен. Сондықтан, біз өзіміз еңбектенуіміз керек. Ал, енді, балалар, біз бүгін Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбына жазылған әңгімесімен танысамыз. Ол үшін әуелі Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін есімізге түсірейік.
- «Асыл шөп», «Түлкі мен ешкі», «Асан мен Үсен», Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».
- Ал, енді мына суретке қарап бүгінгі сабағымыздың тақырыбын табайық.
Суретте өрмекші тор құрып жүр, қарлығаш аузында тістеген шөбі бар, ұшып бара жатыр, құмырсқа аузымен дән тістеп, ініне бара жатыр.
Ал, сонымен тақырыбымыздың аты не болды?
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш». Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылды. Енді әрі қарай оқып тақырыптың мазмұнын ашып көрейік.
Бір – екі оқушыға оқытамын. Содан кейін сұрақ – жауап арқылы тақырыптың мазмұнын ашамын.
- Ал, балалар, мұнан біз не түсіндік? Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады?
- Басты кейіпкерлер: өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.
- Әкесі баласына нені үлгі етіп тұр?
Үш жәндіктің еңбегін әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.
- Кім айтады, әңгімеде өрмекші, құмырсқа, қарлығаш не істеп жүр?
- Өрмекші – тұзақ құрып, маса – шыбын аулап жүр.
- Құмырсқа аузына тістеген бидайы бар, қуанып, балаларына апарып
48
беруге асығып, ініне бара жатыр.
- Ендеше, балалар, әңгімеде әкесі баласына ғана айтып тұр ма әлде барлығымызға айтып тұр ма?
Барлығымызға да босқа жүрмей еңбектеніңдер, осы кішкентай жәндіктердің ісінен үлгі алыңдар деп тұр екен.
- Сонда бүгінгі таңда біздің еңбегіміз не екен балалар?
- Оқу.
- Сендер жақсы оқысаңдар, үйге көмектессеңдер, айналадағыларға көмектессеңдер, қамқоршы бола білсеңдер, бұл да үлкен еңбек екен, балалар!
Әңгімедегі «Еңбек етсең – емерсің» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр оқушының ойын сұрау.
Тақтадағы плакатқа жазылған мақал – мәтелдерге назарларын аударту.
«Еңбек – адамның екінші анасы».
«Еңбек етіп ас ішсең, балдан тәтті болады».
Тағы қандай еңбек туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер?
Жұмбақ шештіру.
Өзінен ауыр жүкті көтереді,
Үйінде жатып жейді рахаттанып.
(Құмырсқа)
Ағаш атқа мінгесіп,
Ұзартып қойған мұнардай.
(Өрмекші)
49
3. Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Тартқанда машинасын оң мен солға
Табады қаражатын сонда.
(Шыбынға өрмек құрған өрмекші)
Оқулықтан әкенің балаға айтқан өсиетін оқып бер.
Әңгімеде «сауал сұрайды» деген сөздің орнына басқа бір қандай мағыналас сөз қолданар едің?
Екі мағыналас қатар тұрған сөзді тап.
- Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі саған ғибрат.
Сабақты Н.Жанаевтың «Еңбек» деген өлеңімен қорытындыладым.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең - еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Оқушыларға «Еңбек – маған не береді?», «Менің әкем – нағыз еңбек адамы» деген тақырыптарға қысқаша шығарма жазуларын тапсырдым. Оқушылар өз әлдерінше, өз түсініктерінше қысқаша жазып берді.
Үйге тапсырма.
Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айту, еңбек туралы мақал – мәтел жазып келу.
50
ІҮ сынып. Ана тілі.
Сабақтың жүру барысы:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
51
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рахат тауып басылады.
- Балалар, бұл – Ыбырай Алтынсариннің табиғат лирикасын жырлаудағы «Өзен» атты өлеңінен үзінді. Өлеңнің бірінші шумағында таудан сарқырап жатқан өзенді бейнелеген де, екінші шумағында сол судан барлық азамат, жан – жануарлар су ішсе көңілдері көтеріліп, рахат табатынын айтып тұр.
Ыбырай Алтынсарин табиғат пен адам өмірін байланыстыра жырлаған. Ақынның «Өзені» де табиғат суреттерін тамаша бейнелейді. Суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелеп, тынымсыз ағып, адам, жан – жануар біткенге өмір нәрін ұсынады. Жалпы ақынның табиғат туралы өлеңдері \поэзиясы\, шағын көркем әңгімелері \прозасы\ бастан – аяқ адам тіршілігіне байланысты. Сондықтан да оның прозасына үңілсек те, поэзиясына үңілсек те тақырыбы, мазмұны, идеясы, тілі – бәрі бір – бірімен байланысып, жымдасып тұрады.
Сонымен, балалар, біз Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңіне ұқсас «Таза бұлақ» атты әңгімесін оқып, танысамыз. Ақын бұл әңгімесінде табиғат суретін қалай бейнелеген екен.
Оқулықпен жұмыс.
Сыныптағы оқушыларды тыныштандырып, бір оқушыға әңгімені мәнерлетіп оқытамын. Оқып болған соң сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын талқылатамын. Әңгімені жазушының «Өзен» өлеңімен салыстырамын.
- Ал, балалар, бұл әңгімеде кімдер туралы айтып тұр?
- Үш жолаушы туралы айтып тұр.
- Үш жолаушы қайда кездеседі?
- Бұлақтың басында кездеседі.
52
- Бұлақтың тұрған жері, суы қалай суреттелген?
-Су шыққан жерге не қойылған?
- Қазандай тасты ойып, қорғаныш қылып қойған.
- Таста не деп сөз жазылған?
- «Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол!», - деп жазылған.
- Осыны оқығаннан кейін үш жолаушының қайсысы бұрын сөйлейді.
- Бірінші – саудагер, екінші – молда, үшінші - әдемі жас жігіт сөйлейді.
- Осылардың ішінде қай жолаушы тасқа жазылған сөйлемнің мағынасын дұрыс түсінеді?
Әр бала өздерінше талдайды.
- Өте дұрыс, балалар, үшінші жолаушы жас жігіт дұрысын айтады. Яғни, «Болсаң, осы бұлақтай бол!» - дегені сауда жасап баю да емес, жақсылық жасап міндет қылма деген де емес, ол әрқашанда осы бұлақ сияқты сенің де көңілің ашық, таза, адал болсын, ешкімді алдама, пәк бол дегені екен. Ендеше, балалар, біз де осы бұлақ сияқты көңілімізді таза, адал ұстауымыз керек. Ешкімді алдамай, шыншыл, бір – біріңмен дос, бауыр, жолдас болыңдар. Сонда сендер де осы бұлақ сияқты таза болып өсерсіңдер, сонда сендерге айналадағының бәрі ризашылықпен, сүйсіне қарайтын болады.
Рөлге бөліп оқу \автор, саудагер, молда, жас жігіт\.
Әңгімені оқып болған соң ақынның «Өзен» өлеңімен салыстырамын.
- Ал, балалар, не байқадыңдар? «Өзен» атты өлеңі мен «Таза бұлақ» атты әңгімесінде қандай ұқсастық, байланыс бар.
- Иә, екеуінде де таудан аққан өзен, бұлақ сулары шыныдай жылтылдап тұрған таза, айналадағының барлығын өзінің тазалығымен шақырып тұрғанын, адам да, жан – жануар да рахат табатынын, соған ынтық болатын айтады.
53
Сабақты қорыту. Анкеталық сауалнама беру арқылы.
Аса талантты педагог ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің есімі қашан да болсын уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өзінің туған халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өзінің туған жерін, халқын шексіз сүйіп, оған бүкіл қызмет еткенін айтып қорытамын.
54
Қорытынды
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы сандақтардың бірі.
Ыбырай Алтынсарин қалдырған мәдени мұра бүгінгі өскелең оқушы қауымның қолына жеткенше талай кезеңді басынан кешірді. Қазақ қоғамының ерте кездегі мәдени мешеулігіне байланысты тамаша ағартушының қолымен жасалған асыл мұрасы біраз уақыт көзден таса болып жүрді, одан кейін ұлтшыл – буржуазияшылдардың бұрмалауымен теріс сынға да ұшырады. Бірақ ағартушы есімі қай кезде де халықтың көңілінен тыс болып көрген жоқ. Соның нәтижесінде оның жас ұрпақ, жаңа қауымға қалдырған мұрасы қандай жағдайларға душар болғанына қарамастан ескірмей, өшпей бүкіл асыл қасиеттерін өз бойында сақтап, уақыт, дәуір сынынан толық өтіп біздің бақытты заманымызға жетті.
Ыбырайдың халық ағарту майданы әдебиет саласындағы еңбектері өзінің көзі тірі кезінде – ақ көп жұртшылықтың назарын аударды. Ағартушының қазақ қоғамының даму тарихында ерекше құбылыс боп саналатын «Қазақ хрестоматиясының» баспадан шыға салысымен – ақ «Оренбургский листок» газетінде таныстырылуы және бағалануы айрықша атап өтерлік жағдай. Қоғамдық өмірге жаңа ғана келген, прогресшіл мәдениет пен озық өнер – білімнің алғашқы қарлығашы тәрізді хрестоматияның бірден, халық сынына түспей тұрып – ақ жоғары бағалануы
55
Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып қоймайды, хрестоматиямен нақты танысқан бастапқы аз ғана адамдардың да оның жаңаша мазмұны мен мақсатын дұрыс бағалап, оған лайықты үміт артқанын білдіреді.
Бастауыш сыныпта ұлы ағартушы – ұстаздың мұраларының енгізілу себебі, Ыбырай Алтынсариннің қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет ана тілімізде сауаттылық жолына бастауда сан түрлі ұлттық мектептер мен гимназиялар ұйымдастырып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жазудағы ұлан – ғайыр еңбектері жоғалмақ емес. Сондықтан да бүгінгі педагог қауымы ағартушы шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді. Ыбырайдың өлең, әңгімелері түгел дерлік оқушысына түсінікті, тілі жеңіл, тәрбиелік мәні зор, оқып отырған оқырманына үлкен ой салатындай тақырыбы әсерлі, көркем бейнеленген және ойын жеткізуде тілдік стиль ерекшелігі зор.
Мектеп бағдарламасына Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып кейбір әңгіме, өлеңдері берілген. Оның қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалмақ.
56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
М а з м ұ н ы кіріспе
16 12 2014
4 стр.
16 12 2014
5 стр.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
16 12 2014
3 стр.
Республикасы кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу мәселелері мен оларды шешу жолдары
25 12 2014
4 стр.
Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да қаржылық қүралдар арасындағы рөлі
14 12 2014
6 стр.
Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т б жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат
25 12 2014
3 стр.
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері кө
26 09 2014
13 стр.
Р Үкіметінің 2010. 21. 10. №1092 Қаулысымен (бұр ред.қара); 2011. 11. 03. №253 Қаулысымен (бұр ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012. 17. 02. №231 Қаулысымен кіріспе жаң
14 12 2014
4 стр.