Перейти на главную страницу
Бензол сақинасымен байланысқан амин тобы, бензолды күшті активтендіреді. Сол себептен көптеген электрофилді реагенттер ароматты аминдердің азот атомына емес орто-және пара-жағдайларда орналасқан көміртек атомына әсер етеді.
Ароматты аминдерді, мысалы ретінде, анилиннің және оның N-метилді туындыларының реакцияларын қарай отырып, N — Н тобы болмайтын диметиланилиннің аса активті (бензол сақинасы болғандығынан) анилин сияқты кейбір реакцияларға азот атомы арқылы кірісе алатындығын ескерген жөн.
Анилин және N —метиланилин жоғарыда айтылғандай азот атомына нитрозданады. Бұл жағдайда анилин фенилдиазоний тұздарын, ал N-метиланилин -N-метилнитрозанилин түзеді.
N, N-диметиланилин көміртек атомы бойынша нитрозданады:
Кейбір электрофилді реагенттер анилиндегі көміртек атомдарына да әсер ете алады. Анилинді күкірт қышқылымен араластырып 180°С-қа дейін қыздырғанда сульфанил қышқылы түзіледі:
Анилиннің күкірт қышқылды тұзын кыздырғанда да жоғарыдағыдай нәтиже береді. Өндірісте бұл реакция «қатыру» (пісіру) деген атпен белгілі.
Сульфанил қышқылының туындыларының тәжірибе жүзінде колданылатыпдарының бірі ретінде микробтарға қарсы пайдаланылатын белгілі препарат стрептоцидті еске алуға болады.
Азот қышқылымен қыздырғанда анилин тотығады. Егер реакцияға баяу тотығатын ацетанилид өндірілсе, онда жеңіл жағдайда орто-және пара-көміртек атомдары нитрленеді:
Қышқылдармен қосып қыздыру арқылы ацетил тобынан айырып, орто-және napa-нитроанилиндерді алуға болады. Анилинді артық мөлшерде концентрлі күкірт қышқылы бар нитрлеуші қоспамен де нитрлеуге болады. Бұл жағдайда анилин негізінен қоспада тұз күйінде болатындықтан алмасу бағыты өзгереді:
Дегенмен, анилинді осы айтылған жағдайда қыздырғанда тек мета-ғана емес, пара-нитроанилин де түзіледі:
Соңғысының пайда болуы анилинде аз да болса негіздік қасиеттің барлығын және қандай күшті қышқылмен болса да толық тұз түзе алмайтындығын, яғни реакцияның соңына дейін жүрмейтіндігін көрсетеді. Түзбен тепе-теңдіктегі аз мөлшердегі негіздің өзі де активтігі жағынан анилиний катионынан басым болады да, белгілі мөлшерде n-нитроанилин түзіліп үлгіреді.
Нитроанилиндерді, аммиак пен нитрохлорбензолдарды әрекеттестіріп алады.
Аммиак сияқты азоттағы сутек галогендермен оңай әрекеттесетін алифатты аминдерден анилиннің айырмашылығы, оның бензол сақимасы өте оңай галогенденеді. Мысалы, анилинге жайлап броммен әсер еткенде бірден үшке дейін бром атомдары бар заттардың қоспалары түзіледі:
Ароматты аминдердің тотығуы бензол сақинасына осер ету арқылы жүреді. Тотықтырғыштардың табиғатына байланысты анилин тотыққанда, нитробензол — тотықсызданғандағыдай — гидразобензол, азобензол, азоксинбензол, фенилгидроксиламин және т. б. сияқты көптеген аралық өнімдер алынады. Бірақ шын мәнінде бұл реакциялардың қай бағытта жүретіндігі белгісіз, сондықтан практикалық маңызы жоқ.
Тотығу реакцияларының ішінен ароматты сақинаға қатынасы жоқ, бірақ практикалық маңызы бар реакцияларға анилин туындыларының үшфторлы асқын сірке кышқылымен әрекеттесіп, нитроқосылыстар түзу реакциясы жатады.
Тиісті жағдайда анилин хром (VI) қышқылымен тотыққанда n-бензохинон түзіледі:
Аминдер табиғатта кең таралған, олар ақуызды тағамдық заттардың құрамында өте көп. Мысалы тұздалған балықта триметиламин кездесетіндіктен, оның өзіндік иісі бар.
Кейбір аминдердің гидрометаллургияда қолданылуымен қысқаша танысайық. Гидрометаллургия — бұл химиялық реагенттермен немесе олардың қоспаларымен өңдеу арқылы кендерден, концентраттардан металдарды бөліп алуға негізделген прогрессивтік техникалық бағыт.
Кеннен алынған ерітінділерді аминдермен өңдеген кезде, аммоний тұзы секілді: амин металл тұзы түзіледі. Егер бастапқы аминде үлкен көмірсутек радикалдары болса (мысалы, триоктил амин (С3Н17)3N), онда жаңа қосылыстар суда ерімейді. Бірақ жүйені керосинмен өңдегенде, олар керосинде оңай еріп, яғни су фазасынан керосинге өтеді. Белгілі бір жағдайларда кендегі барлық металдар арасынан біреуі ғана керосинге өтетін жағдай туғызуға болады. Әрі қарай керосин ерітіндіні сілтімен қосады, сонда алынған қосылыс металл оксидіне немесе гидроксидіне айналып, тұнбаға түсетіндіктен, оны таза күйінде оңай бөліп алуға болады. Бұл әдісті металлургиядағы революция деуге болады; оны, атап айтқанда, химиялық элементтердің периодтық жүйесін аяқтайтын кейбір металдарды алу үшін пайдаланады.
Аромат аминдер химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мысалы, анилин көптегсн бояулар өндіруде бастапқы зат болып табылады, маңызды дәрі-дәрмектер, мысалы сульфаниламид препараттары, қопарғыш заттар, жоғары молекулалық қосылыстар жәнс т.б. алу үшін қолданылады. Сондықтан 1842 ж. Қазан университетінін профессоры Н. Н. 3инин ашқан анилин алудың тиімді әдісі химияның және химия өнеркәсібінің дамуы үшін маңызы зор болды.
Бір қызығы — органикалық синтез өнеркәсібі бояу өндіруден басталған, ал осы ендірістің дамуына анилин алудың қазір химияда Зинии реакциясы деп аталатын әдісін қолдану негіз болды. Бұл реакция нитробензолды тотықсыздандыруға негізделген, оны мынадай тендеумен керсетуге болады:
C6H5-NO2 + 6Н →C6H5-NH2 + 2Н2О
Өнеркәсіпте анилин алудың кең тараған әдісі нитробензолды металмин қышқыл ортада, мысалы, темірмен (шойын үгіндісі) нсмесе катализдік қозган сутегімен тотықсыздандыру болып табылады.
Нитроқосылыстарды тотықсыздандыру — аминдерді алудың жалпы әдісі.
2. под ред. Н.А.Тюкавкиной, «Органическая химия», М., Дрофа, 2002г,
3. А.В.Перакалин, С.А.Зонис «Органическая химия»- М., Просвешение,
1966г,
5. В.Г. Иванов, В.А.Горленко, О.Н.Гева «Органическая химия» -М.,
Мастерство, 2003г,
6. О.А.Реутов, А.Л.Курц, К.П.Бутин «Органическая химия» Ч.2: Учебник.-
М.: изд.-МГУ, 1999г
7. А.А.Петров, Х.В.Бальян, А.Т.Трощенко «Органикалық химия»-А.,
Мектеп, 1975ж
8. Л.Физер, М.Физер «Органическая химия», углубленный курс ІІ, М.,
Химия, 1966г
9. И.И.Гранберг «Органическая химия»-5-изд.стереотип, М., Дрофа, 2002г
10.В.Г.Дрюк, М.С.Малиновский «Курс органической химии»-Киев, Вища шк. Главное изд-во, 1987г
Web сайттар
1.ru.wikipedia.org
2.rushim.ru
3.www.krugosvet.ru
4.www.oval.ru
5.www.chemistru.ssu
Құрамында әр түрлі жеміс-жидектердің экстракттары бар.
Ақуыз жетіспеушілігін толтыруға арналған Хаваю протоины. Тәулік бойы 150грамм ақуызды протеинсіз де жинауға болады, бірақ онымен тәуір болады. Күніне 2-3 рет қабыданады. Жақсы дәмімен ерекшеленеді.
Гонконг зерттеушілері алма және жүзім дәнектерінен дайындалған экстракт қуырылған еттегі токсиндер мөлшерін азайтады. Ет және балықты қуырғаннан кейін түзілетін гетероциклді аминдер канцерогенді.
SPA салонында дене және бет теріне күтім жасауға арналған қажетті зат. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, шоколадты бетперде – опаның құрамында биогенді аминдер бар, олар ағзада бақыт гормондары – эндорфиндердің түзілуіне себепші болады. Компонент құрамына кіретін қан айналым жүйесіне, тромбоциттерге өз әсерін тигізеді. Бетперде алмасу процестерін реттейді, коллаген және эластин синтезінің активтенуіне жағдай жасайды.
Газды бағаналарға қарағанда, анағұрлым қауіпсіз суқайнатқыштары AMINA тіпті ең қатаң үй иесінде қанағаттандырады.
Қызыл қарақат шырыны, қант, жасартушы биогенді аминдер, экстракттар, липой, янтарь, аскорбин қышқылы. Жаңа ұрпақ биогенді амин өкілдері қан айналымын реттейді, нәтижеде есте сақтау қабілет жақсартады. Бұл заттар склероз, паркинсон және альцгеймер ауруларына көмек береді.
Құрамы: алма шырыны, қант, готу кола лимон қышқылы, янтарь қышқылы, аскорбин қышқылы.
Мезококтейльды пайдаланған соң, дене терісі : барқытты, тегіс және серпімді болады. Дене терісін жасартады, дененің мезгілсіз қартаюын болдырмайды, целлюлитке қарсы әсерге ие, терінің созылымдылығын арттырады.
Су, түймедақ, қылқанша, қара жидек, экстракттары, жасартатын биогенді аминдер, кинетин, диметикетон, Е дәрумені, сорбитол, майлы экстракттар: календула, карбомер, парабендер, Д-пентаны, лецитин, аллантион, трилон Б, В 6 дәрумені, пептидті комплекс.
Анилин – өте улы, түссіз майлы сұйықтық, оны нитробензолды тотықсыздандыру жолымен алады. Басқа атауы – аминобензол органикалық қосылыстар өндірісі, дәрілік препараттар, қопарғыш заттар және бояғыштар өндірісінің негізгі көзі болып табылады.
Қасиеттері:тығыздығы 1,02; балқу нүктесі – 6,20С, қайнау нүктесі 184,10С.
Органикалық негіз ретінде анилин резеңке
25 12 2014
3 стр.
Тарау серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері
16 12 2014
3 стр.
Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау
15 10 2014
5 стр.
17 12 2014
8 стр.
Тарау. ОҢТҮстік қазақстан облысы, ТӨлеби ауданы, жаңажол елді мекенінде; Өткізілген туристік экологиялық жарыс 15
16 12 2014
6 стр.
14 12 2014
6 стр.
23 09 2014
1 стр.
16 12 2014
4 стр.