Перейти на главную страницу
КІРІСПЕ МИКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯСЫ 1. Микроэкономика теориясының пәні 2. Микроэкономика методологиясы Сұрақтар мен тапсырмалар СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі 2. Сұраныс және ұсыныс моделі (үлгісі) 3. Нарықтың тепе-теңдігі 4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі Сұрақтар мен тапсырмалар СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ. САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ 1. Баға бойынша сұраныстың икемделігі. Сұраныстың айқас икемделігі 2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі 3. Ұсыныс икемділігі 4.Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі Сұрақтар мен тапсырмалар ТҰТЫНУШЫНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ТЕОРИЯСЫ 1.Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері) 2.Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары 3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі 4. Тұтынушының тепе-теңдігі Сұрақтар мен тапсырмалар САЛЫСТЫРМАЛЫ СТАТИКА ЖӘНЕ СҰРАНЫС ТАЛДАУЫ 1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы 2. Табыс әсері мен ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі 3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы 2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі) 3. Капитал ұсынысы Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция 2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы 3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу 2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары 3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар 4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста Сұрақтар мен тапсырмалар БӘСЕКЕЛЕС ФИРМА ПАЙДАСЫНЫҢ КӨБЕЮІ 1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні 2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары) 3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі 4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі Сұрақтар мен тапсырмалар МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ. НАРЫҚ БИЛІГІ 1. Монополияға тән сипаттар 2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік 3. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі 4. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері 5. Монополиялардың мемлекеттік реттеуі Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы 2. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік 3. Монополия бәсекелестігінің салдары Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы) 2. Олигополия үлгілері 3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс 2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік 3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары 4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары Сұрақтар мен тапсырмалар ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК 1.Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі 2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы 3.Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік 4.Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы Сұрақтар мен тапсырмалар СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР 1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер 2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар Сұрақтар мен тапсырмалар ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР 1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы 2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары.Тепе-теңдік 3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері Сұрақтар мен тапсырмалар СИММЕТРИЯЛЫҚ ЕМЕС (БІР-БІРІНЕ САЙ ЕМЕС) АҚПАРАТЫ БАР НАРЫҚТАР 1. Сапаның белгісіздігі 2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі 3. Моральдік тәуекел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі Сұрақтар мен тапсырмалар
|
7 8 8 9 10 12 12 13 18 23 25
29 33 34 35 37 40 40
48 50 51 54
57 60
65 65 66 70 75 77 77 79 81 85
88 90
95 99
102 103
104 109 111
116 116 118
122
126
129 129
131 132
133
145
149 149
156 157 159 162
162 166 167 169
171 174 174
178 180 180
184 185
187 189
191 193 194 |
Неоклассиктердің экономикалық көзқарастар негізін тиімді (оңтайлы) ойлау мен экономикалық агенттердің (субъектілердің) мінез-құлқы, олардың әл-ауқатын жоғарылату, еркін бәсекелістік, өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттің экономикаға кіріспеу қағидалары құрады. Әуелі ол баға теориясы, сонан соң – фирма теориясы, кейінірек – «микроэкономика» деп аталды. 1937 жылы шыққан Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы макроэкономикалық мәселелерді зерттеуге шақырды. Макро- және микроэкономиканы бір-біріне қарсы қоюға болмайды, өйткені экономика теориясы бөлімдерінің пәні бірдей: игіліктерді өндіру, үлестіру, тұтыну бойынша заңдылықтар мен адамдардың қызметімен байланысты қатынастарды зерделеу, шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен шектелген қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу. Бұл жағдайда бөлімдердің әр қайсысы осы мәселеге өз тұрғысынан келеді. «Экономикс» авторлары К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю айтқандарын сәл өзгертсек; «Егер микроэкономика ағашты зерттесе, макроэкономика – орманды зерттейді», – деп айтуға болады.
Микроэкономиканың зерделеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан, сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан – сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде) сатушы да, сатып алушы да болады. Олардың өзара қатынастар барысында (үдерісінде) нарық пайда болады – айырбас, ауыстыруды іске асыратын сатушылар мен сатып алушылар жиынтығы. Әр айырбас қатысушы өз әл-ауқатын жақсартуға тырысады: сатушы – табысты көбейтуге, сатып алушы – пайдалылықты өсіруге.
Экономикалық агенттердің қызметі 2 алғышарттарға байланысты: қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың (қорлардың) шектеулігіне. Экономика теориясындағы талдаудың басқа да маңызды алғышарты ретінде ресурстарды (қорларды) пайдаланудың балама түрінің бары болып келеді, ол шешімдерді қабылдау барысында агеттердің оңтайлы тәртібінің (мінез-құлқының) қажеттілігін үйғарады.
2. Микроэкономиканың негізгі қағидаларының мәнін түсіндіріңіз: қажеттіліктер шексіздігі мен ресурстар (қорлар шектеулігі, ресурстарды (қорларды) қолданудың балама нұсқамалары (түрлері), экономикалық агенттердің оңтайлы тәртібі (мінез-құлқы)).
3. Микроэкономикада қандай әдістер қолданады? Олардың ерекшелігі неде?
4. Шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу, математикалық модельдеу әдістерінің мәнін түсіндіріңіз.
а) стадионды пайдалану нәтижесінде алынған кіріс (табыс).
б) оның күзеті мен басқа персоналына (қызметкерлер құрамына) жалақы төлеу
в) осы стадионның құрылысы үшін өндірісі тоқтатылған тауарлар мен қызметтердің бағасы
г) стадион кірістерінен (табыстарынан) төленетін салықтың нақты (шынайы) мөлшерінің өзгеруі
д) стадион құрылысының келесі жылғы бағасы
а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол шығыны)
б) туристік жорық кезінде кететін шығындар
в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)
г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны
д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар
а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі
б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі
в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі
г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі
д) экономикалық шама өзгермейді
а) шекті шамалар динамикасын зерделеу
б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін зерттеу
в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу
г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі қозғалыста зерттеу
д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні модельдеу және талдау.
Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N), мұнда
Qd – тауарға сұраныс (guantity of demand)
P – тауар бағасы (price)
I – сатып алушының кірісі (табысы)
T – сатып алушылардың ұнатулары
PS– субститут – тауарлар (substitutes) бағасы
PC – тауарлар – комплементарийлердің (комплементтер – complements) бағасы
N – нарықтағы сатып алушылар саны (number).
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі (бейнеленеді)
D
Q
D1
D2
Q
2 сурет. Сұраныс қисық сызығының жылжуы.
Кейбір жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс заңының парадоксы (қайшылығы) деп аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.
1. Бай сатып алушыларға көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.
2. Бағасы бойынша сапасы жөнінде айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.
3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.
4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді.
Жеке сұраныс (бір тұтынушының сұранысы) пен нарықтық (салалық) сұранысты (осы нарықтағы немесе саладағы барлық тұтынушылардың сұранысы) айыру қажет. Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:
QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда
QS – тауар ұсынысы (supply)
P – тауар бағасы
PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары
Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы
K – технология деңгейі
Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)
N – нарықтағы сатушылар саны
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық – ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді – сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
P S
Q
4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
P
А1
В 6 сурет. Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
А
S
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны – жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. – ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR – immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.
Қысқа мерзімді кезеңде (SR – short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR – long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)
P S P S P
S
Q Q Q
«Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
13 10 2014
14 стр.
17 12 2014
8 стр.
Бұл тарауда криминология пәнінің түсінігі, мазмұны және криминология ғылым ретінде қалыптасуы, дамуы қарастырылған. Криминология ғылымның методологиясы мен және криминологиялық тан
14 12 2014
3 стр.
Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және
16 12 2014
2 стр.
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
17 12 2014
8 стр.
14 12 2014
3 стр.
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына арналған «Анатомия және спорттық морфология» пәні бойынша
25 12 2014
3 стр.
З. Ш. Шумековпен және оқытушы А. Е. Қуаныштаевамен құрылған 5В050900- Қаржы мамандығының Қр мемм 08. 312-2006, 5В050700- есеп және аудит мамандығының Қр мемм 08. 313-2006, 5В050600
13 10 2014
4 стр.