Перейти на главную страницу
а) бәсекелес бағаларды қолдау саясатын жүргізетініне фирмалар сенеді
б) бәсекелес өз шығарымын өзгертпейтінін әр фирма үйғарады (сенеді)
в) фирмалар бірлесіп өндіріс көлемін таңдайды
г) барлығы да дұрыс (жоғарыда айтылғандар)
3. Ойындар теориясына сәйкес олигополистердің шешімдері қабылдау процесі (үдірісі) ұйғарады:
а) бәсекелес үшін фирмалар кез келген стратегия нәтижесін бағалап талдайды
б) фирмалар өз әрекеттеріне бәсекелестің іс-қимылдарын (әсер тигізуін) есептемейді
в) фирмалар әрқашан бәсекелестер сәйкес стратегияны таңдайды деп ұйғарады
г) барлық жауаптар дұрыс емес (қате)
4. Курно үлгісіндегі нарық сұранысының қисық сызығы
Р = 200 – Q теңдеуден берілген. А фирмасының шекті шығындары шығарудың әр көлемі үшін 30 тең.
Келесі сауалдарға жауап бер:
а) егер В фирмасы өнімнің 50 бірлігін өндірсе, оған ең жоғары пайданы қамтамасыз ету үшін А фирмасының көлемі қандай болу керек?
1 фирма |
|
2-ші фирма | |
Бағаны түсіру |
Бағаны түсірмеу | ||
Бағаны түсіру |
(10,10) |
(18,5) | |
Бағаны түсірмеу |
(5,18) |
(14,14) |
Q |
Жалпы шығындар | ||
1 фирма |
2 фирма |
3 фирма | |
0 |
20 |
25 |
15 |
1 |
25 |
35 |
22 |
2 |
35 |
50 |
32 |
3 |
50 |
80 |
47 |
4 |
80 |
120 |
77 |
5 |
120 |
160 |
117 |
MRP = MP·MR; MRPL = MPL·MR; MRPK = MPK·MR
Тиісті мағыналарды қойғаннан кейін, аламыз:
MRPL = MPL·MR = (ΔQ/ΔL)·( ΔR/ΔQ) = ΔR/ΔL
MRPК = MPК·MR = (ΔQ/ΔK)·( ΔR/ΔQ) = ΔR/ΔK
Ресурстарға сұранысты анықтайтын негізгі фактор – өндіріс факторлар шекті табыстылығының шамасы екендігі айқын көрініп тұр. Бұдан басқа, оған ықпал жасайтын ауыстырушы ресурстардың, комплементарий – ресурстардың бағалары және өндіріс технологиясының ерекшілігі. Дайын өнімнің нағыз бәсекелес нарығында фирма өз өнімін Р нарық бағасымен сатады дейік. Онда факторлардың шекті табыстылығы өнім бағасына көбейтілген фактордың шекті өнімі ретінде анықталады. Нағыз бәсекелестік жағдайларда MR = P болғандықтан:
MRP = MP·P; MRPL = MPL·P; MRPK = MPK·P
Өндіріс факторына деген сұранысты талдағанда, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді уақыттың кезеңдерін айырады.Өндіріс факторына деген сұраныстың қысқа мерзімді қисық сызығын салу шарты болып тек бір ғана ауыспалы фактордың бары саналады. Осы фактор ретінде еңбекті алып, оған деген жеке сұраныстың қисық сызығын салайық. Ол үшін алдымен еңбек табыстылығының қисық сызығын сызайық. 82 суретте дайын өнімдер нарығындағы фирма үшін MRPL қисық сызығы көрсетілген (жоғары қисық сызығы). Жұмыс уақыты көбейген сайын кемушілік қайтарым заңының әрекеті салдарынан шекті өнімнің шамасы түседі. Сондықтан MRPL қисық сызығының жағымсыз еңкіштігі бар, өнімге деген баға тұрақты болса да. 82 суреттегі төменгі қисық сызығы – MRPL қисық сызығы дайын өнімдер нарығындағы монополиялық билікке ие фирма үшін. Монополистің бағасы шекті табыстан асады (MR
L қисық сызығы бәсекелес фирмаға қарағанда тіктеу және төмендеу жатыр. Монополиялық билігі бар фирма жұмыскерлерді аздау жалдайды.
Жалақы MRPL=P•MPL
MRPL=MR•MPL
Жұмыс уақыты
82 сурет. Дайын өнімнің бәсекелес және монополиялық нарықтары үшін еңбектің шекті табыстылығы.
Фактордың шекті табыстылығы фактордың көлемімен бірге оның бағасын да анықтайды. Қосымша алынатын түсім фактордың қосымша бірліктерін тартуы бойынша шығындарды жапқанша, фирма өндіріс факторларының қосымша бірліктерін пайдаланады. Жалақы немесе пайыз еңбектің немесе капиталдың шекті табыстылығына тең болған сәтте фирма өндіріс факторлар қосымша бірліктерін тартуын тоқтатады. Нағыз бәсекелес жағдайларда фирма өндіріс факторлардың шекті табыстылығы шекті шығындарға тең болуына ұмтылады:
MRPL = W; MRPK = I
83 сурет Еңбек нарығында жеке фирманың тепе-теңдігін көрсетеді
w
w' SL
MRPL=DL
L' L
Жалақы MRPL2
А С
MRPL1
Жұмыс уақыты
84 сурет. Ұзақ мерзімді кезендегі еңбекке деген сұраныстың қисық сызығы
Ұзақ мерзімді кезеңде, екі фактор ауыспалы болып тұрғанда, еңбекке деген DL сұранысының қисық сызығы MRPL1 және MRPL2 қисық сызықтарынан икемдірек, себебі фирма капиталды еңбекпен ауыстыра алады. Соңында өндіріс факторларына деген салалық сұраныстың қисық сызығын сызайық. Оны жеке фирмалар сұранысының қисық сызықтарын қосу жолымен алуға болады. Жалақы мөлшері төмендеді дейік. Саланың барлық фирмалары үшін оның төмендеуіне байланысты 2 нұсқа мүмкін:
15
10 D2
D1
L0 L1 L2
85 сурет. Еңбекке деген салалық сұраныстың қисық сызығы
15 долларға тең жалақы мөлшерінде, саладағы еңбекке деген сұраныс = L0. Жалақының 10 долларға дейін төмендеуі саладағы сұранысты L1 дейін өсіреді. Алайда, егер өнімге деген баға тұрақты болса, сұраныс одан сайын L2 дейін көбееді. Факторлар нарығында фирма пайдасын жоғарылататын ережені анықтау үшін, шығындарға теңей отырып, өндіріс факторларының бағасын пайдалану жеткіліксіз (қазірге дейін біз факторды сатып алуға кететін шығындар – ол фактордың бағасы, яғни жалақы немесе пайыз дедік). Енді орташа және шекті шығындарға сәйкес жаңа категорияларда қажеттілік туады (фирманың пайдасын жоғарылатуы кез келген нарықты МС пен АС шараларымен байланысты екені есімізде). Факторлардың бәсекелес нарығында тұрақты баға бойынша фирма факторлардың қанша санын сатып алам десе де алады, яғни ұсыныс қисық сызығы мүлде икемді (83 суреттегідей). Фирмада нарық билігі жоқ болғандықтан, ол бағаға ешқандай әсер ете алмайды. Фирма ұсынысының қисық сызығы факторлар санына қандай баға төлеуге тиісті екендігін көрсетеді. Сондықтан бұл өндіріс факторларын сатып алуға фирманың орташа шығындар қисық сызығы екен, ол ARC (average resource costs) деп белгіленеді. Сонымен бірге өндіріс факторларын сатып алуға фирманың шекті шығындары (ресурстарға шекті шығындар) болады – сатып алатын фактордың әр қосымша бірлігіне фирма шығындары, олар MRC (marginal resource costs) деп белгіленеді. Өндіріс факторларына шекті шығындар қисық сызығы дайын өнім нарығында шекті шығындар қисық сызығымен беттеседі. Ресурстардың бәсекелес нарығында шекті және орташа шығындар қисық сызығы сәйкес келеді. Сондықтан, 83 суреттегі графикте ұсыныс қисық сызығын осылай белгілеуге болады:
SL = MRC = ARC
MRP қисық сызығы MRC = ARC қисық сызығынан жоғары жатқанша, фирма факторлардың көп санына ие болып, пайдасын жоғарылатады, себебі MRP>MRC (шекті кіріс шекті шығындардан асады). Оған сәйкес, MRP
MRP = W.
Өндіріс факторларына сұраныс қисық сызығын салуының (сызуының) барлық жақтарын қарастырып (еңбек мысалында), факторлар нарығындағы тепе-теңдік үлгісін салуға кірісеміз. Біз пайдаланған маржиналистік амал (тәсіл) өндіріс факторларына сұраныс талдауымен бірге факторлардың ұсынысын талдауында да қолданады. Осы фактор алатын сыйақы оның пайдалануының орнын толтырғанша, фактор ұсынысы бар болады. Осылай фактор ұсынысы мен сұранысы араларындағы тепе-теңдікке жетіп, олардың реттеуіші баға болып табылады. Ол факторлардың ең нәтижелі қолдануын қамтамасыз етіп, ең өндірісті салаларда пайдаланудың кепілі болып келеді. 86-а суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген (дайын өнімнің бәсекелес нарығында): тепе-теңдік жалақы WE құрайды, ал еңбектің тепе-теңдік ұсынысы (жалдаған жұмысшылар саны) LE .
жалақы жалақы
SL
vM SL
wE
wM P•MPL
DL=MRPL DL=MRPL
LE. жұмыскерлер LM жұмыскер-
саны лер саны
а) өнімнің бәсекелес нарығы б) өнімнің монополя-
лық нарығы
Бәсекелес нарығындағы өндіріс факторларына сұраныстың қисық сызығы фирма өндіріс процесінде (үдерісінде) пайданы қосымша пайдаланудан алынған пайданы көрсетеді. Сонымен, еңбек нарығында, нарық тепе-теңдік нүктесінде еңбектің шекті табыстылығы оның шекті шығындарына тең, яғни MRP1/W = MRPK/i. Капитал нарығында да осылай. Егер екі нарық (дайын өнім нарығы және факторлар нарығы) нағыз бәсекелес болса, өндіріс факторлары нәтижелі пайдаланады, себебі валдық табыс пен валдық (жалпы) шығындар араларындағы айырма көбееді (өседі). Егер дайын өнім нарығы монополиялық болып (86-б суреті), MRPL = MPL·P шарты сақталмаса, еңбектің шекті өніміне көбейтілген дайын өнімнің бағасын көрсететін қисық сызық сұраныс қисық сызығынан жоғары орналасады. Тепе-теңдік бұл нарықта жалақы = WM нүктесінде орын алады. (MPL·P) – тұтынушылар қосымша еңбек шығындарынан алатын шама, ал VM нүктесі қоғам үшін шекті пайданы білдіреді. Бұл пайданың себебі: монополист – фирма өндіріс факторларын көбірек сатып алып, соның арқасында өнім шығаруын көбейтіп, таза пайдасын өсіреді.
өндіріс факторының MRC
бағасы
ARC
wc
факторлар саны
L' Lc
87 сурет. Монопсония нарығындағы шекті және орташа шығындар
4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
Монополиялық билігі бар факторлар нарығы әдетте кәсіподақ қызметімен ойда байланыстырылады. Еңбек нарығында өзінше монополист ретінде бола тұра, кәсіподақ өз мүшелерінің де, жалданған жұмысшылардың да бағасына (жалақысына) айтарлықтай ықпал жасайды. Бұны тыңғылықты қарастырайық. 88 суретте бәсекелес еңбек нарығындағы тепе-теңдік көрсетілген, А нүктесі – нарықта кәсіподақтың қатысуынсыз орнатылған нарық тепе-теңдігінің нүктесі. Монополиялық билікке ие кәсіподақтың кірісуінде ахуал мүлде өзгереді. Енді бұл нарық монополиялық болып барады, ал кәсіпорын еңбектің кез келген бағасын және жалданатын жұмыскерлер санын белгілей алады. Жұмысшылар санын көбейту мақсатымен ол өз мүшелігін L1 дейін шектеп, жалақыны W1 деңгейде белгілейді.
жалақы
w1
w2
SL
w' А
MR DL
L1 L2 L3 жұмыскерлер саны
88 сурет. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік пен кәсіподақ қызметі
Сонымен, кәсіподақ мүшелері оның қызметінен ұтады да, мүшелігі жоқтар – жоғалтады. Өз мүшелерінің баламалы табысын жоғарылату мақсатымен кәсіподақтың мүшелікті шектеу процесі (үдерісі)монополиялық фирманың пайданы жоғарылату мақсатымен өндіріс көлемін шектеуіне сәйкес. Графикте – шекті табыстың қисық сызығы еңбектің нарықтық ұсынысының қисық сызығын кесіп өтеді (ұсыныс қисық сызығы – бұл жалданған жұмысшылардың баламалы шығындары), яғни L1. Бұл тәсіл қоғамдық пайда тұрғысынан ең нәтижелі емес. Ең нәтижелі нұсқа: жұмысшылар саны L1 деңгейден шекті табыс = 0 деңгейге дейін өскенде болады. Басқа сөзбен айтқанда: барлық жалданған жұмысшылардың жиынтық жалақысы W2 нүктесінде өседі. Кәсіподақ қызметінің қаралған үлгісі бірсекторлы деп аталады, өйткені онда кәсіпорынмен қамтылған тек қана экономика секторында (бөлімінде) болып жатқан процестер (үдерістер) талданады. Осыдан және де кәсіпорынмен қамтылмаған экономика секторында болып жатқан процестерді (үдерістерді) талдағанда, жұмыскерлерді жалдаудың 2 секторлы үлгісі пайда болады. Екінші секторға кәсіподаққа мүше болмаған жұмысшылар ауысып жүрген экономикалық қызметтің аялары кіреді. Жай айтқанда, кәсіподақ мүшелерін одақ қызметкерлері, ал оған кірмегендерді – одаққа кірмегендер деп атайық. Одақ қызметкерлері мен одаққа кірмегендердің жалпы саны тұрақты дейік, сондықтан еңбектің нарықтық ұсынысы тік.
Бұл үлгіде еңбекке деген сұраныс одақтық сектордағы (DU) еңбекке деген сұранысқа одақтық емес сектордағы еңбекке деген сұранысты (DNU) қосу жолымен пайда болады (құрылады).
жалақы
DU SL
wU
w'
wNU
∆LU ∆LNU жұмыскерлер саны
«Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
13 10 2014
14 стр.
17 12 2014
8 стр.
Бұл тарауда криминология пәнінің түсінігі, мазмұны және криминология ғылым ретінде қалыптасуы, дамуы қарастырылған. Криминология ғылымның методологиясы мен және криминологиялық тан
14 12 2014
3 стр.
Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және
16 12 2014
2 стр.
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
17 12 2014
8 стр.
14 12 2014
3 стр.
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына арналған «Анатомия және спорттық морфология» пәні бойынша
25 12 2014
3 стр.
З. Ш. Шумековпен және оқытушы А. Е. Қуаныштаевамен құрылған 5В050900- Қаржы мамандығының Қр мемм 08. 312-2006, 5В050700- есеп және аудит мамандығының Қр мемм 08. 313-2006, 5В050600
13 10 2014
4 стр.