Перейти на главную страницу
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.
«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ.
P0 S2
Q0 Q
Е1 S
P1 T
PE Е
P2
D
Q1 QE
24 суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады.
Енді салықты енгізуден кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.
Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.
2. Икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз, жеке икемді сұраныс деген не? Сәйкес графиктерді көрсетіңіз.
3. Сұраныстың айқас икемділігінің маңызын түсіндіріңіз.
4. Табыс бойынша сұраныс икемділігі деген не? Табыс бойынша сұраныс икемділігіне байланысты тауарлардың жіктеуін келтіріңіз.
5. Ұсыныс икемділігі деген не?
6. Икемділік көрсеткіштері салық ауыртпалығын бөлуге, үлестіруге қалай әсер етеді?
а) ол азаяды
б) ол көбееді
в) ол өзгермейді
а) егер баға 1% өссе, оған сұраныс 0,5% азаяды.
б) егер баға1% түссе, оған сұраныс 2% өседі
в) егер баға 1% түссе, сұраныс 2% азаяды
г) егер баға 1% өссе, сұраныс 0,5% өседі
4. Икемді сұраныс:
а) бағаның өзгеруінде сұраныс шамасы өзгермейтін ахуал
б) сұраныс шамасы бағаға қарағанда, көбірек пайызға өзгеретін ахуал, сондықтан жалпы табыс баға түскен сайын өсе береді.
в) сұраныс қисық сызығы көлденең болып тұрған ахуал
г) сұраныс қисық сызығы тік болып тұрған ахуал
д) сұраныс шамасы бағаға қарағанда, аздау пайызға өзгеретін ахуал
а) фотоаппараттарға сұраныс 25% өседі
б) фотоаппараттың бағасы 25% өседі
в) фотопленкаға деген сұраныс 25% азаяды
г) фотопленкаға сұраныс 25% өседі
д) тауар бағасы мен оған деген сұраныстың арасындағы тәуелділік келесі кестеде көрсетілген
Бағасы (доллар) |
Сұраныс (тауар бірлігі) |
40 |
120 |
60 |
80 |
100 |
20 |
Баға (доллар) |
Ұсыныс (тауар бірлігі) |
20 |
20 |
40 |
60 |
60 |
80 |
100 |
120 |
Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU – total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы (даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Игіліктің әр келесі бірлігі алдыңғыдан аздау қажеттілікті қамтамасыз етуін экономикалық емес, психологиялық себептермен байланыстырады (түсіндіреді): «Адам өзінің ең алғашқы алған көйлегіне, ең алғашқы тамағына, сатып алған телевизорына көбірек қуанады, екінші рет сатып алғандарымен салыстырғанда; ал екінші сатып алғандарына, үшінші сатып алғандарымен салыстарғанда, көбірек қуанады және т.с.»
TU
0 1 2 3 4 5 Q
б) 0 1 2 3 4 5 Q
Игіліктер |
Игілік- тер саны
|
Шекті пайдалылық (MU) |
Бірліктің бағасы (Р) |
Шығындар бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P) |
X |
10 |
1000 |
100 |
10 |
Y |
10 |
400 |
20 |
20 |
Z |
10 |
900 |
60 |
15 |
Нәтижесінде жаңағы жасалған ауысулар тұтынушыға игіліктер пайдалылығының тең деңгейін қамтамасыз ету керек. Мұндай бөлу (үлестіру) келесі кестеде келтірілген:
Игіліктер |
Игіліктер саны |
Шекті пайдалылық (MU) |
Бір бірліктің бағасы (Р) |
Шығынның бір бірлігіне шекті пайдалылық (MU/P) |
X |
8 |
1500 |
100 |
15 |
Y |
20 |
300 |
20 |
15 |
Z |
10 |
900 |
60 |
15 |
Бұл ереже Госсеннің екінші заңында тұжырымдалған: игіліктер жиынтығын тұтынудан пайдалылықтың ең көбін (жоғары деңгейін) тұтынушы шығындар бірліктеріне келетін тұтынған игіліктердің шекті пайдалылықтарының теңдігінде алады. Оңтайлы, тиімді таңдаудан басқа кез келген тұтынушының өз ұнатымдары болады. Осыған сәйкес функционалды және функционалды емес сұранысты айырады. Оларды ең алғашқы болып американдық экономист Х.Лейбенстайн талдаған.
Тұтынушы ең пайдалыны барлық нұсқалардан ұнатымдысын таңдау әдісімен бағалайды. Сонымен, игіліктің пайдалылық категориясы реттік ұнатымдық түсінігіне тең.
A
3
U
1 2 3 X
Y U1
X
27 сурет. Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы
Х игілігін Y игілігімен ауыстырудың шекті нормасы – тұтынуды қамтамасыз етудің дәрежесі сол күйінде қалу шартымен Y игілігі тұтынуын 1-ге көбейту айырбасына оның тұтынуы қысқартылуға қажет Х игілігінің саны.
MRSXY = - ∆X/∆Y U = сonst жағдайында.
Талғаусыздық қисық сызығының төмен түскен түрі ауысудың шекті нормасы әрқашан теріс болуымен себептелген, яғни Х игілігін көбірек алу үшін, тұтынушы Y игілігінің тұтынуын қысқартуға (азайтуға) мәжбүр болады.
Қисық сызығының еңкіштігі MRS шамасын көрсетеді – ол басқа игіліктерді қосымша тұтыну үшін бас тартуға дайын игілік бірліктерінің саны. Талғаусыздық қисық сызығының дөңестігі (бірақ олар әрдайым дөңес емес) MRS тұрақсыз шама екендігін білдіреді: бір игілікті екінші игіліктің орнына тұтынудың өсуімен (көбеюімен), олардың ауысу үдерісінде бұл шама азаяды. Мына мысалды қарайық: майы көп, бірақ наны жоқ адам нан алу үшін майдың жартысын, бөлігін беруге дайын. Нанды қайта-қайта айырбастаған сайын май азая береді де, енді айырбасталған майдың әр бөлігінің құндылығы өсе береді, ал айырбасталған нанның әр бөлігінің құндылығы түседі. Сонымен, майды нанмен ауыстыру нормасы азайып, талғаусыздық қисық сызығы жайпақталады. Х және Y тауарлары қандай екендігіне байланысты талғаусыздықтың қисық сызықтары әр түрлі болуы мүмкін:
«Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
13 10 2014
14 стр.
17 12 2014
8 стр.
Бұл тарауда криминология пәнінің түсінігі, мазмұны және криминология ғылым ретінде қалыптасуы, дамуы қарастырылған. Криминология ғылымның методологиясы мен және криминологиялық тан
14 12 2014
3 стр.
Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады. Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және
16 12 2014
2 стр.
Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
17 12 2014
8 стр.
14 12 2014
3 стр.
«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына арналған «Анатомия және спорттық морфология» пәні бойынша
25 12 2014
3 стр.
З. Ш. Шумековпен және оқытушы А. Е. Қуаныштаевамен құрылған 5В050900- Қаржы мамандығының Қр мемм 08. 312-2006, 5В050700- есеп және аудит мамандығының Қр мемм 08. 313-2006, 5В050600
13 10 2014
4 стр.