Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Жамбыл облысы әкімиятының

2008 жылғы 26 маусымдағы

№ 216 қаулысына 2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
Жерді тұрақты пайдалану құқығына арналған актілерді ресімдеу
1.Негізгі түсінік

1. Пайдаланатын терминдер мен аббревиатурларды анықтау.

Жер пайдалану құқығы-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз мерзімге шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

Мемлекеттік Жер ҒӨО-ның Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми өндірістік орталығында жер ресурстары және жер пайдаланудың шаруашылығын жүргізуге құқылы.
2.Жалпы ереже

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді анықтау: Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге) жерпайдалану (жалға беру) құқығына берілетін сәйкестендіру құжатын (акт) дайындау және беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үлгісі: автоматтандырылмаған.

4. Негізі: Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 «Жек және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тізілімдерін бекіту туралы» қаулысы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның атауы: Жамбыл облысы әкімиятының жер қатынастары басқармасы және аудандар мен Тараз қаласы әкімиятының жер қатынастар бөлімі.

6. Аяқталу үлгісі: Жерді тұрақты пайдалану құқығына берілетін сәйкестендіру құжаты (акт).

7. Мемлекеттік қызмет көрсету уақытының аяқталу мерзімі:

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш түскен кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімге қаралады ал, шағын кәсіпкерлік субъектлеріне жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш үш апталық мерзімде қаралады.Аталған мерзімге осы Кодекстің 44- бабының 3 тармағына сәйкес әзірленетін жерге орналастыру жобасын жасау кезеңі кірмейді. Сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзрлеу және комиссияның осы мәселе жөніндегі қорытындысын әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап бір айға дейінгі, ал шағын кәсіпкерлік субъектлеріне жер учаскесіне құқық беру кезінде екі аптаға дейінгі мерзімді құрайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүргізуге бекітілген мемлекеттік органдардың және басқада субъектлердің тізбесі:

1) сәулет және қалақұрылыс бөлімі – жер телімін пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды;

2) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі – келісу (қажет болған жағдайда);

3) өрт қауіпсіздігі қызметі - келісу (қажет болған жағдайда).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттердің

(өзара үйлестіру) тәртіптік сипаттамасы
9. Мелекеттік қызмет көрсету кіріс құжаттарын рәсімдеу тәртібі (оның ішінде электрондық) және тұтынушылардан өтініштерін қабылдау (тіркеу) арқылы ақпарат алу.

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш тиісті құжаттар топтамасымен бірге қабылданады және жауапты қызметкерлер тіркейді.

Өтініш берушіге қаралу мерзімі мен тәртібі туралы тиісті ақпарат беріледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты тиісті құжаттар тізімі:

- жеке куәлік көшірмесі;

- СТН көшірмесі;

- облысытық жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық туралы шешімі;

- жер учаскелерін тұрғын құрылысын салу үшін жер учаскелері бар немесе жоқ екендігі және ЖМТО-дан жеке тұрғын үйі бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

11. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне қатысушы құрылымдық- функционалдық бірліктері:

- Жер қатынастары бөлімдерінің және басқа да мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың жауапты өкілдерінің Т.А.Ә.

- Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне қатысушы тиісті мекемелердің жауапты өкілдерінің Т.А.Ә.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне қосылған, мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерді қарау реті.

13.1. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш тиісті құжаттар топтамасымен бірге қабылданады және жауапты қызметкерлер тіркейді.

Өтініш берушіге қаралу мерзімі мен тәртібі туралы тиісті ақпарат беріледі.

13.2. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары бөлімдері тиісті уәкілетті органдарға сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайтын сұранысжібереді, олар (сәулет және қала құрылысы органдарымен бірге елді мекендердің шегінен тыс) қалақұрылысының регламентіне тиісті жер учаскесін алдын ала таңдауды өткізеді.

13.3. Уәкілетті органдар (сәулет және қалақұрылысы органдары, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі, автомобиль және теміржол транспорттары, су және орман ресурстарын басқару және т,б) құзырының шегінде шығарылған қорытындымен қамтамассыз етуге міндетті.

13.4. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары бөлімдеріне ұсынылған құжаттар негізінде жерге орналастыру жобасын құрайды және жер комиссиясы қарауына сұрақтар енгізеді.

13.5 Жергілікті атқарушы органдардан құрылған жер комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде өздерінің қорытындыларын береді. Ұсынылған жер учаскесіне қарсы болған жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімі өтініш берушіге 7 күн ішінде табысталады.

13.6 Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қорытындысымен бекітілген жерге орналастыру жобасын және шешім жобасын жергілікті атқарушы органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді.

13.7 Жергілікті атқарушы органның шешімі ұсынылған жер учаскесіне құқық жерге орналастыру жобасы түскен кезден бастап бір ай мерзімінде қабылданады, бекітілуге сәйкес органмен, ал шағын кәсіпкерлік субъектісіне ұсынылған жер учаскесіне апталық мерзімде қабылданады.

13.8 Жауапты қызметкерлер шешім қабылданған кезден бастап жер учаскесін пайдалану құқығын немесе жекеменшік құқығына ұсынылған шешімнің көшірмесін өтініш берушіге жеті күн мерзім ішінде табыс етеді.

13.9 Жергілікті атқарушы органның жер қатынастары бөлімі жер –кадастрлық ісін құрау үшін керекті құжаттар жиынтығын құрастырады және жергілікті атқарушы органның шешімінің бір данасын өтініш берушіге табыстайды.

13.10 Өтініш беруші жергілікті атқарушы органның шешімінде белгіленген мерзім ішінде Мемлекеттік жерге орналастыру қызметімен немесе шынайы жобаны тасымалдайтын және жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындайтын тиісті лицензияға ие жеке және заңды тұлғалармен келісім жасасады.

13.11 Тиісті лицензияға ие жерге орналастыру мемлекеттік қызмет көрсету немесе жеке және заңды тұлғалар шынайы жобаны тасымалдайтын, жер учаскесінің шекарасын анықтайтын және сәйкестендіру құжаттарын дайындайтын (бұл қызметтің орындалу жұмысы көрсетілген мерзімге кірмейді) нормативтік құқықтық актлердің талаптарына сай жұмыс етуін қамтамасыз етеді.

13.12 Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары бөлімдері жер учаскесіне құқықты құқықты куәландыруға дайындалған құжаттарды тіркейді және өтініш берушілерге тапсырады.



13.13 Жер учаскесін сәйкестендіру құжаттары ҚР Заңнамаларына сәйкес Әділет органдарында тіркеуден өтуге жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Жерді тұрақты пайдалану құқығына арналған актілерді ресімдеу Негізгі түсінік

Жер пайдалану құқығы-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз мерзімге шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде

48.14kb.

15 10 2014
1 стр.


Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Осы «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» регламентiнде (бұдан әрi Регламент) келесі терминдер мен аббревиатуралар қолданылады

334.93kb.

15 10 2014
5 стр.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1304.85kb.

15 10 2014
7 стр.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1427.3kb.

15 10 2014
8 стр.


Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы

Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу

91.88kb.

15 10 2014
1 стр.


«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1314.92kb.

15 10 2014
7 стр.


«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру»

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1445.24kb.

15 10 2014
8 стр.


«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты

Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы

1885.54kb.

15 10 2014
10 стр.