Мемлекеттік қызмет көрсетулердің
үлгілік стандартын бекіту туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің үлгілік стандарты бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар әрбір мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша олардың құзыретіне кіретін жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
«Мемлекеттік кызмет көрсетілуінің стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
| Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 20 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысы.
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
| – |
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
| – |
5.
|
Жобаны, қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі
|
–
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
| – |
7.
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі
| – |
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, қаржылық, және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
| – |
9.
|
Өзге де мәліметтер
| – |
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі З. Балиева
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
200_жылғы «___» ________
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
үлгілік стандарты
________________________________________________
Қызметтің атауы
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы:
_____________________________________________________________
(мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық анықтамасы)
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету түрі:
_____________________________________________________________
(толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған, автоматтандырылмаған)
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы)
4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектінің атауы:
_____________________________________________________________
(толық атауы)
_______________________________________________________________________
(қызмет көрсетілетін орын, сайт)
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
_____________________________________________________________
(анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат және т.б.)
6. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтыншу қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі: ______________________.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлғалар санаты.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын және мемлекеттік қызмет көрсетулерге төлем (алым, төлем) жүргізілетін қаржы ұйымының қажетті банктік деректемелерін көрсету.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі ретінде осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты міндетті түрде орналастырылатын орынды көрсету. Бұл тиісті сайтқа сілтеме, жауапты адамның кабинетінің нөмірін, анықтама терезесінің нөмірін немесе күту залында орналасқан жерін көрсету болу мүмкін.
10. Жұмыс кестесін (күні, сағаты, үзіліс)көрсету, қызмет көрсетуді алу үшін алдын ала жазылуға бол ма, жедел қызмет көрсетіледі ме.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен талаптарды (мысалы, өтініш иесінің электрондық сандық қолтаңбасының болуы) көрсету.
11.1. _______________________ беретін__________________________
ұйымның атауы құжаттың атауы
11.2. _________________________________________________________
ұйымның байланыс деректері (жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефон)
беретін__________________________________________________________
құжаттың атауы
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін толтырылуы қажет т сайтқа сілтемені, не бланк берілетін орынды (өтініш нысандары және т.б) көрсету.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу үшін толтырылған бланкілер, нысандар, өтініш және басқа да құжаттар тапсырылатын сайтқа сілтемені, не жауапты тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
14. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуді алған күні қамтылған барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету.
15. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілін көрсету - электрондық пошта, веб-сайт арқылы, жеке бару, курьер және т.б. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені, не жауапты тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
3. Жұмыс қағидаты
16. Мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты қызмет көрсету міндеттемесін білдіретін жұмыс қағидатын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету). Қызмет көрсету орнында жайлы және қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның немесе өзге де субъектінің міндеттемесі.
4. Жұмыс нәтижелері
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне және нәтижелеріне қойылатын талаптар төмендегі кестеде көрсетілген көрсеткіштер жүйесімен айқындалады.
18. Мемлекеттік органның, мекеменің жұмысы бағаланатын көрсеткіштердің мәнін және олардың құрамына кіретін мекемелердің құрамын жыл сайын тиісті ведомствоның басшысы бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
19. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және өтініш дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, электрондық поштасының мекен-жайын, шақыруларды өңдеу орталықтарындағы (call-орталықтар) телефондардың нөмірлерін, не лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
20. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, электрондық поштасының мекен-жайын, не лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету.
21. Шағымның қабылдағанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзімді және орнын растайтын құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсету.
6. Байланыс ақпараты
22. Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректерін көрсету (сайт, электрондық поштасының мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары).
24. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызмет көрсетулер туралы ақпарат және т.б.)
______________________
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы __ _________
№ ___ қаулысымен
бекітілген
|
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіш-тің нормативтік мәні
|
Келесі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні
|
Есепті жылдағы көрсеткіштің
ағымдағы мәні
|
1. Уақытылығы
|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғалары % (үлесі)
|
|
|
|
1.2. қызмет алу үшін кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапа
|
2.1. қызмет көрсетулерді ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
|
|
|
|
2.2. құжаттар дұрыс ресімделген жағдайлары (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қол жетімділік
|
3.1. қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
|
|
|
|
3.2. тұтынушылар құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызмет көрсетулердің, ақпараттардың % (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану процесі
|
4.1. қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санымен негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібімен қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.4. шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. қызметкерлердің сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
|
|
|
|
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымғаа сәйкес есептеледі (сайт www. Kyzmet. kz)
_________________________