Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы
ҮЗIНДI:
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекiтiлген
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.03.28 № 363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру" мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) "Халықты құжаттандыру және тiркеу" тiркеу пунктi" ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – ХҚТ ТП) қолдана отырып, iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясының аумақтық бөлiнiстерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi – Орталық) көрсетедi.
Мемлекеттiк қызмет сондай-ақ «Электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi – веб-портал) арқылы ұсынылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысының 10-тармағының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (электронды мекенжайы: www.mvd.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген орталықтардың үй-жайлары мен уәкiлеттi органдардағы стендiлерде орналастырылады.
5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлiгiн немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету құжатты алуға өтiнiш ресiмделген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi. Мемлекеттiк қызметтi жеделдетiлген режимде көрсету ресiмделген күннен бастап 7, 10 және 15 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттар қабылданған және берiлген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
2-1) мемлекеттiк қызмет алу үшiн веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген күнiнен бастап – 30 жұмыс күнi;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
Мемлекеттiк баж заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берiлген жердегi бюджетке "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 540-бабымен белгiленген мөлшерде банк мекемелерi арқылы төленедi.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн мемлекеттiк баж көлемi 400 пайызды, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн бергенi үшiн мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген ең төменгi есептiк көрсеткiштiң 20 пайызын құрайды. Мемлекеттiк баж тiркеушi органға тиiстi құжаттар берiлгенге дейiн төленуi тиiс.
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн беру кезiнде: Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi; Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ерi" атақтарын алған адамдар; "Батыр ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңiнде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО-ның ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
9. Мемлекеттiк қызмет Орталық арқылы ХҚТ ТП арқылы ұсынылады, қабылдау жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын түскi үзiлiссiз жүзеге асырылады.
Орталықтың жұмыс кестесi:
Жұмыс күндерi – дүйсенбiден бастап сенбiге дейiн, демалыс күнi – жексенбi.
Жұмыс уақыты:
Орталыққа жүгiнген кезде:
1) мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiштердi қабылдау жексенбi және мерекелiк күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiссiз, сенбi күнi – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады;
веб-портал арқылы жүгiнгенде:
өтiнiштердi қабылдау – тәулiк бойы.
2) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру жексенбi және мерекелiк күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз, сенбi күнi – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтiнiш қағаз тасымалдағышқа толтырылып Орталыққа берiлген кезде қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбi және мереке күндердi қоспағанда, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiссiз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
Орталықтың өкiлдiктерiнде құжаттар түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн қабылданады.
Орталықтарда алдын ала жазылу және жеделдетiлген қызмет көрсету көзделмеген.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
10. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының тұрғылықты жерiндегi мүмкiндiгi шектеулi тұтынушылар үшiн жағдайлар (пандус) көзделген Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, электрондык кезек терминалы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналасқан.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн:
1) тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасы (ХТҚ ТП арқылы қызмет алу кезiнде мекенжай анықтамасы талап етiлмейдi);
2) құжат үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады;
3) ХҚТ ТП арқылы азаматтар ұсынған немесе фотосалоннан алынған фотосуреттердi және мына құжаттардың бiреуiн ұсынады:
туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бiрiншi рет паспорт алған кезде);
iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).
Жеке куәлiкке және (немесе) паспортқа ресiмделген жағдайда өтiнiш берушi құжат ресiмдеген кезiндегi жасына сәйкес келетiн, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, бетi фотосуреттiң жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын мөлшерi 3,5х4,5 см екi фотосурет ұсынады.
Фотосуреттер фотобаспа әдiсiмен бiр негативтен қалың фотоқағазға басылуы қажет. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi.
Тұтынушы веб-портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты, құжат дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түрлерiнiң өзгеруiне байланысты ауыстыру үшiн өтiнiш бiлдiрген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жiберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады, графикалық файл түрiнде көлемi 3,4х4,5см цифрлық фотосуретi және сканерлеген нұсқада 7х2см форматында жеке қолы бекiтiледi.
Мемлекеттiк қызметтi веб-портал арқылы алу үшiн электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызметтi веб-портал арқылы алу үшiн осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады.
Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлiмiнде жүзеге асырылады.
Электрондық сұрау салудың үлгiсi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
12. ХҚТ ТП арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлер толтыру талап етiлмейдi.
Қағаз тасымалдағыштар арқылы мемлекеттiк қызмет алу кезiнде Орталықтың инспекторлары жеке басты куәландыратын құжаттар алу үшiн өтiнiш бланкiлерiн толтырады. Бланкiлер Орталықтың инспекторларында болады.
13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Орталықтардың операциялық залдарында орналасқан ХҚТ ТП-ның жұмыс орындарында уәкiлеттi органның қызметкерлерi жүзеге асырады.
14. Тұтынушыға құжаттарды қабылдау түралы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi тiркеу талоны берiледi.
Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетiне тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн өтiнiмдi қабылдау туралы хабарлама жiберiледi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
15. Дайын құжаттарды берудi Орталық қызметкерлерi тұтынушы жеке өзi келген кезде өтiнiмдi тiркеу талонының негiзiнде жүзеге асырады.
Веб-портал арқылы ресiмделген дайын құжаттарды берудi тұтынушы жеке өтiнiш бiлдiрген жағдайда хабарлама негiзiнде көшi-қон полициясының қызметкерлерi жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуiн ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган қызметкерлерi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкiлеттi органның және Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделген және сыпайылық, көрсетiлетiн қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Көшi-қон полициясы комитетiнiң және уәкiлеттi органдардың, мекемелердiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәлiктер беру" мемлекеттiк қызметiнiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Iшкi iстер министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiлiп отырады.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетiлген Орталық басшылығына жүгiнедi.
21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым уәкiлеттi орган басшысының атына демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Уәкiлеттi орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң атына демалыс және мереке күндерiн, жұмыс күндерi түскi асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiстi қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi. Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң телефоны мен мекенжайы осы стандарттың 26-қосымшасында көрсетiлген.
22. Орталық қызметкерлерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кiретiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiне берiледi. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген, Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетiлген.
23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетiнiң электронды мекенжайына:
[email protected]) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымның кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкiлеттi органдар ұсынған мемлекеттiк қызметтердiң сапасыздығын және Орталық қызметкерлерiнiң дөрекi қызмет көрсеткенiн растайтын құжаттарын қоса бередi.
25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталық немесе уәкiлеттi органның кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалар өтiнiшiн журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
Шағымның қаралу нәтижесi жөнiнде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсiзiдiк көшесi, № 1 үй, телефоны: 71-46-46, интернет-ресурсы: www.mvd.kz.
27. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 14-кiреберiс, e-mail интернет-ресурсы:
[email protected] және "электрондық үкiмет" 1414 Call-орталық нөмiрi.
"Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.29 № 1788 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Мемлекеттiк қызмет көрсететiн халыққа қызмет көрсету
орталықтарының (ХҚО) тiзбесi
Р/с
№
|
Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы
|
Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан мекенжайы
|
Операциялық залдың телефон нөмiрi
|
Басшының телефон нөмiрi
|
Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесi
|
1
|
Ақмола облысының ХҚО
|
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 "а"-үй
|
40-10-76
|
40-10-76 қабылдау бөлмесi
|
Жұмыс уақыты: Орталыққа жүгiнген кезде: 1) мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiштердi қабылдау жексенбi және мерекелiк күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiссiз, сенбi күнi – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады веб-портал арқылы жүгiнгенде: өтiнiштердi қабылдау – тәулiк бойы. 2) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру жексенбi және мерекелiк күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 20-00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз, сенбi күнi – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
|
2
|
Ақтөбе облысының ХҚО
|
Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй
|
56-40-34
|
56-57-87 қабылдау бөлмесi
|
3
|
Алматы облысының ХҚО
|
Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 "б"-үй
|
21-24-35
|
24-41-33 қабылдау бөлмесi
|
4
|
Атырау облысының ХҚО
|
Атырау қаласы, Авангардская, көшесi 2-23 "б"-үй
|
21-29-42
|
21-37-17 қабылдау бөлмесi
|
5
|
Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО
|
Өскемен қаласы, Белинская көшесi, 37 "а"-үй
|
78-42-90
|
78-42-36 қабылдау бөлмесi
|
6
|
Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО
|
Семей қаласы, 408-орам, 21-үй
|
33-54-00
|
33-55-93 қабылдау бөлмесi
|
7
|
Жамбыл облысының ХҚО
|
Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232-үй
|
56-90-07
|
56-90-01 қабылдау бөлмесi
|
8
|
Батыс Қазақстан облысының ХҚО
|
Орал қаласы, Жамбыл көшесi,81-үй
|
28-29-14
|
28-29-14 қабылдау бөлмесi
|
9
|
Қарағанды облысының ХҚО
|
Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй
|
44-64-61
|
41-12-85 қабылдау бөлмесi
|
10
|
Қостанай облысының ХҚО
|
Қостанай қаласы, Таран көшесi, 14-үй
|
53-46-15
|
54-10-20 қабылдау бөлмесi
|
11
|
Қызылорда облысының ХҚО
|
Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/з
|
23-08-05
|
23-07-16 қабылдау бөлмесi
|
12
|
Маңғыстау облысының ХҚО
|
Ақтау, 15-шағын ауданы, 67 "б"-үй
|
42-21-25
|
42-23-11 қабылдау бөлмесi
|
13
|
Павлодар облысының ХҚО
|
Павлодар қаласы,
Павлов көшесi, 48-үй
|
33-47-54
|
33-47-35 қабылдау бөлмесi
|
14
|
Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО
|
Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй
|
33-31-03
|
33-12-57 қабылдау бөлмесi
|
15
|
Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО
|
Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/з
|
21-48-96
|
30-06-79 қабылдау бөлмесi
|
16
|
Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО
|
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй
|
378-09-09
|
378-09-09 қабылдау бөлмесi
|
17
|
Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚО
|
Алматы қаласы, Жандосов көшесi, 51-үй
|
247-16-37
|
247-16-33 қабылдау бөлмесi
|
18
|
Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО
|
Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9 "а"-үй
|
396-20-02
|
396-21-88 қабылдау бөлмесi
|
19
|
Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО
|
Алматы қаласы, Төлеби көшесi, 155-үй
|
390-18-10
|
390-18-08 қабылдау бөлмесi
|
20
|
Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО
|
Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй
|
239-65-54
|
239-65-55 қабылдау бөлмесi
|
21
|
Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚКО
|
Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй
|
234-09-35
|
234-09-74 қабылдау бөлмесi
|
22
|
Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚО
|
Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесi, 24-үй
|
395-36-14
|
395-36-10 қабылдау бөлмесi
|
23
|
Астана қаласы Алматы ауданының ХҚО
|
Астана қаласы, Мирзоян көшесi, 25-үй
|
53-74-68
|
57-07-72 қабылдау бөлмесi
|
24
|
Астана қаласы Есiл ауданының ХҚО
|
Астана қаласы, Сауран көшесi, 7-үй
|
50-13-72
|
50-13-71 қабылдау бөлмесi
|
25
|
Астана қаласы Сарыарқа ауданының ХҚО
|
Астана қаласы, Пушкин көшесi, 97-үй
|
32-66-58
|
32-46-97 қабылдау бөлмесi
|
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша
следующая страница>