Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 Қаулысы



ҮЗIНДI:
Қазақстан Республикасы   


Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен   
бекiтiлген      

«Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты

      Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. «Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстердi, толықтырулар мен түзетулердi енгiзу» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген аумақтық әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар), сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталықтар) арқылы көрсетедi.


      Шалғай жатқан елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк қызметтi Мобильдi орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексiнiң 268-274-баптарының және «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың үй-жайларындағы стендтерде;
      2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi – «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздерiнде және тiзбесi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылған.
      Сонымен бiрге мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты «электрондық үкiметтiң» call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 1414 телефоны бойынша да алуға болады.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
      1) уәкiлеттi органда:
      қайтыс болуды тiркеу және қайтыс болғаны туралы куәлiктi қағаз жеткiзгiшпен беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап беру болып табылады.
      Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзiлгеннен кейiн мемлекеттiк қызмет алушыға құжатты берген уәкiлеттi тұлғаның қолтаңбасымен бекiтiлген өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзiлген жаңа куәлiк, не қағаз жеткiзгiшпен дәлелдi бас тарту туралы жауап берiледi.
      2) орталықта:
      қайтыс болуғаны туралы куәлiктi қағаз жеткiзгiшпен беру не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.
      Құжатты берген уәкiлеттi тұлғаның қолтаңбасымен бекiтiлген өзгерiстер, толықтырулар және түзетулер енгiзiлген жаңа куәлiк беру, не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi бас тарту туралы жауап берiледi.
      6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      уәкiлеттi органға жүгiнген кезде:
      1) қайтыс болуды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiштер республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттiк деректер қорының Орталық серверiнде актiлiк жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу мен тексерудi жүргiзу қажет болған кезде қарау мерзiмiн ұзарту сәтiнен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға хабарландырыла отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) ұзартылады.
      2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      орталыққа жүгiнген кезде:
      1) қайтыс болуды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi).
      Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы өтiнiштер республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттiк деректер қорының Орталық серверiнде актiлiк жазбалардың электрондық нұсқасы болған кезде күнтiзбелiк 15 күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу мен тексерудi жүргiзу қажет болған кезде қарау мерзiмiн ұзарту сәтiнен бастап 2 жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға хабарландырыла отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмiне кiрмейдi) ұзартылады.
      2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      8. Қайтыс болуды тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк қызмет ақысыз көрсетiледi, азаматтық хал актiлерiне өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк баж белгiленедi. Мемлекеттiк баж сомасы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгiленген мөлшерде есептеледi және заңдық маңызы бар iс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленедi.
      9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi:
      құжаттарды қабылдау сенбi, жексенбi және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезекке тұру тәртiбiмен ұсынылады.
      орталықтың жұмыс кестесi:
      мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сай үзiлiссiз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн көрсетiледi.
      Қабылдау жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Мобильдiк орталықтар бекiтiлген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бiрақ бiр елдi мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырады.
      10. Уәкiлеттi органның үй-жайында мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттерi болады. Кабинеттерде толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызметтi алушының тұрған жерi бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетiледi, онда мүмкiндiгi шектеулi тұтынушылар үшiн жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күтушiлерге арналған креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Қайтыс болуды тiркеудi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы не оның уәкiлеттi органы орталыққа не уәкiлеттi органға:


      қайтыс болуды тiркеу үшiн:
      1) белгiленген нысандағы өтiнiштi (осы стандартқа 3-қосымша);
      2) қайтыс болу фактiсiн растайтын құжатын;
      3) қайтыс болған адамның жеке басын растайтын құжатты;
      4) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты;
      қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулердi енгiзудi үшiн:
      1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген нысандағы өтiнiштi;
      2) қайтыс болғанын тiркеу туралы куәлiктi, егер куәлiктiң төлнұсқасы жоғалған болса – қайтыс болған тiркеу анықтамасын;
      3) өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу қажеттiгiн растайтын құжаттарын;
      4) уәкiлеттi органға жүгiнген кезде жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсынады.
      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi орталық тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады.
      5) бюджетке мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжат немесе салық жеңiлдiгiн беруге негiз болып табылатын құжатты;
      6) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты ұсынады.
      Уәкiлеттi органда немесе орталықта азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы мәлiметтердi, егер тiркеу 2008 жылдан кейiн жүргiзiлген болса, тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады.
      Уәкiлеттi органның қызметкерi немесе орталықтың қызметкерi құжаттардың түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен алынған мәлiметтердiң деректерiмен тексередi, содан кейiн түпнұсқалы құжаттарды мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарады.
      «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес қайтыс болғаны туралы куәлiк қайтыс болған адамның мұрагерлерiне жататын адамдарға берiледi.
      12. Өтiнiштiң үлгiсi www.e.gov.kz порталында, сондай-ақ Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету» бөлiмi «Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты» кiшi бөлiмi) немесе мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан.
      Орталықтарда бекiтiлген нысандағы өтiнiштердiң бланкiлерi күту залының арнайы тағанында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн құжаттар мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген уәкiлеттi органның маманына тапсырылады.
      Мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшаға көрсетiлген орталықтарда құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      14. Тиiстi құжаттарды қабылдау кезiнде уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызметтi алушыға:
      1) сұрау салуды қабылдаған күнi;
      2) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      3) құжаттарды беретiн күнi мен уақыты;
      4) құжаттарды ресiмдеуге қабылдаған маманның тегi, есiмi, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      Орталыққа жүгiнген кезде тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылдаған күнi;
      2) сұратылған мемлекеттiк қызмет көрсету түрi
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беретiн жер мен күнi (уақыты);
      5) құжаттарды ресiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты;
      6) мемлекеттiк қызметтi алушының тегi, есiмi, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттар қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      15. Уәкiлеттi органның маманы осы стандарттың 11-тармағында көзделген дайын құжаттарды берудi мемлекеттiк қызметтi алушы өтiнiшпен келген кезде онда мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.
      Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттiк қызметтi алушыға берудi орталықтың қызметкерi «терезе» арқылы онда мерзiмi көрсетiлген қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.
      16. Уәкiлеттi орган осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды мемлекеттiк қызмет алушы ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады.
      Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттардың толық еместiгiн анықтаған кезде (оның iшiнде мiндеттi жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар берiлген күннен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi.
      Уәкiлеттi органдағы құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкерi мемлекеттiк қызметтi алушыға жетiспейтiн құжаттарды көрсете отырып, қолхат бередi.
      Егер мемлекеттiк қызметтi алушы құжаттарды алуға мерзiмiнде жүгiнбеген жағдайларда орталық оның 1 ай бойы сақталуын қамтамасыз етедi де, содан соң оны уәкiлеттi органға қайтарады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын өтеу кезiндегi заңдылықты сақтауға және әдептiлiк, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тұтынушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасы және тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын осы мемлекеттiк қызмет стандартын әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның басшысының тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым беру тәртiбiне түсiндiрме және шағымды әзiрлеуге жәрдем алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органға жүгiнедi.


      Мемлекеттiк қызметтi алушы орталыққа жүгiнген кезде орталық қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбi туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда уәкiлеттi орган басшысының атына сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiс пен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi 9.00-ден 17.00-ге дейiн шағым берiледi. Уәкiлеттi орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Уәкiлеттi органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң атына жұмыс күндерi, 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiс пен демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн берiледi.
      Орталықта шағым тiкелей орталық басшысына берiледi.
      Орталықтың жауабымен келiспеген жағдайда, шағым осы стандарттың  26-тармағында мекенжайы мен телефоны көрсетiлген «Орталық» РМК атына берiледi.
      22. Орталық қызметкерi тиiсiнше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына берiледi. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.
      Көрсетiлген қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      23. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не осы стандарттың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Шағымға уәкiлеттi органдар ұсынған сапасыз мемлекеттiк қызмет көрсетудi растайтын құжаттар қоса берiледi.
      24. Шағымдардың уәкiлеттi органға пошта және қолма-қол қабылданғанының расталуы уәкiлеттi органның кеңсесiнде олардың жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiнiң журналына тiркелуi болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi қойылады).
      Шағыммен қолма-қол жүгiнген жағдайда шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымды қараудың нәтижелерi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Мемлекеттiк қызметтi алушы орталыққа жүгiнген кезде шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанының расталуы олардың орталықта немесе «Орталық» РМК кеңсесiнде тiркелуi болып табылады (шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi қойылады).
      Шағымды қабылдаған адам мемлекеттiк қызметтi алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiлген талон бередi.
      Шағымды қараудың нәтижелерi туралы мемлекеттiк қызметтi алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiпте және мерзiмде жүргiзiледi.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, www.minjust.kz. Интернет-ресурсы.
      26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефоны: 77172- 94-99-95, www.con.gov.kz интернет-ресурсы

«Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық


хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстердi, 
толықтырулар мен түзетулердi енгiзу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына      
1-қосымша                   

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
уәкiлеттi органдарының тiзiмдерi мен мекенжайлары

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан мекенжайы

Бөлiмнiң телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Ақмола облысының Әдiлет департаментi

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесi, 37

8 (7162) 41-21-65

25-09-39 қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi

Ақтөбе қаласы, Әбiлхайыр хан даңғылы, 51 а

8 (7132) 56-30-16

55-09-59 қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының Әдiлет департаментi

Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесi, 69 а

8 (7282) 24-43-47

21-08-15 қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының Әдiлет департаментi

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесi, 16 а

8 (7122) 46-53-15
46-53-12

35-75-38 қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 6

8 (7232) 55-59-26

22-19-83 қабылдау бөлмесi

6

Жамбыл облысының Әдiлет департаментi

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 а

8 (7262) 43-67-17

43-05-05 қабылдау бөлмесi

7

Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Орал қаласы, Достық көшесi, 208

8 (7112) 50-82-91

51-80-43 қабылдау бөлмесi

8

Қарағанды облысының Әдiлет департаментi

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1

8 (7212) 56-64-12

42-05-33 қабылдау бөлмесi

9

Қостанай облысының Әдiлет департаментi

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 38

8 (7142) 50-65-40

54-82-23 қабылдау бөлмесi

10

Қызылорда облысының Әдiлет департаментi

Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесi, 29

8 (7242) 23-03-57

26-24-03 қабылдау бөлмесi

11

Маңғыстау облысының Әдiлет департамент

Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8

8 (7292) 50-32-20

42-05-70 қабылдау бөлмесi

12

Павлодар облысының Әдiлет департаментi

Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 18

8 (7182) 32-43-02

32-32-58 қабылдау бөлмесi

13

Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 72

8 (7152) 33-27-53

33-23-80 қабылдау бөлмесi

14

Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 16

8 (7252) 23-31-70

23-23-76 қабылдау бөлмесi

15

Алматы қаласының Әдiлет департаментi

Алматы қаласы, Байзақов көшесi, 287

8 (727) 392-16-16

392-25-75 қабылдау бөлмесi

16

Астана қаласының Әдiлет департаментi

Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 15

8 (7172) 48-88-36

39-12-13 қабылдау бөлмесi

«Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық
хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстердi, 
толықтырулар мен түзетулердi енгiзу»   
мемлекеттiк қызмет стандартына      
2-қосымша               

следующая страница>


Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

705.01kb.

25 12 2014
2 стр.


Мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

683.25kb.

15 10 2014
1 стр.


Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақст

309.27kb.

16 12 2014
3 стр.


Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақст

223.74kb.

15 10 2014
1 стр.


Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақст

3781.24kb.

13 10 2014
24 стр.


Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақст

217.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақст

185.19kb.

11 10 2014
1 стр.


Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақст

214.99kb.

18 12 2014
1 стр.