Перейти на главную страницу
Қаржы министрінің
2009 жылғы «27» ақпандағы
№ 89 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептер жасайды.
3. Бюджеттік есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және растығы;
есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніндегі синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтардың талдамалы есебі деректерінің, сондай-ақ синтетикалық және талдамалы есеп деректерінің есеп пен баланс деректерімен тепе-теңдігі;
көрсеткіштердің толтырылу ұқыптылығы және өшіріп жазу мен түзетулерді жібермеу. Қателерді түзеткен жағдайда, түзету күнін көрсете отырып, бюджеттік есептілікке қол қойған тұлғаның растауымен тиісті жазбалар жасалады.
4. Есептердің нысандары онда көзделген көрсеткіштерге толықтай сәйкестендіріліп толтырылады. Бекітілген есеп нысандарында көрсеткіштерді және олардың кодтарын өзгертуіне немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге болмайды.
Ағымдағы есепті кезеңге, сонымен бірге өткен кезеңге жататын (оларды бекіткеннен кейін) есептілік деректерінің өзгеруі деректердің алшақтығы байқалған кезеңде жасалған бюджеттік есептілікте жүргізіледі.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен өзгерістер енгізу себептерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Мемлекеттік мекеме республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің енгізген өзгерістеріне сәйкес өз бюджеттік есептілігінің данасына республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап 10 күн ішінде өзгерістер енгізеді.
Мемлекеттік мекеменің бюджеттік есептілігіне түзетулер осы Ереженің 3-тармағымен белгіленген түзетулер енгізу тәртібін міндетті түрде сақтай отырып, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер есепті қарау нәтижелері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасы негізінде ғана енгізіледі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық есебіне өзгерістер енгізген жағдайда, бюджеттік есептілікке соңғы түзетулер ұқсас тәртіппен енгізілуі керек.
Бюджеттік есептілікке түзетулер енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және мемлекеттік мекемелер өздері бұрын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетіне берген есептің данасына тиісті өзгерістерді енгізуі қажет.
6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге өзгерістер енгізу себебі көрсетіліп, басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылып енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
Мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері енгізген өзгерістерге сәйкес өзіндегі есептің данасына өзгерістер енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық есебіне өзгерістер енгізген жағдайда, бюджеттік есептілікке соңғы түзетулер ұқсас тәртіппен енгізілуі керек.
7. Нысандардың мекен-жай бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады:
«Орналасқан орны» деректемесі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандары кодтарының анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің орналасқан орны көрсетіледі;
«Функциялық топ» деректемесі - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан функционалдық тобының атауы мен коды;
«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі» деректемесі - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан функционалдық тобының атауы мен коды;
«Бюджеттік бағдарлама» деректемесі - бюджеттік бағдарламаның атауы мен коды;
«Кіші бағдарлама» деректемесі - кіші бағдарламаның атауы мен коды;
«Мемлекеттік мекеменің атауы» деректемесі - Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің атауы және оның коды;
«Кезеңділігі» деректемесі – бюджеттік есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Өлшем бiрлiгi» деректемесі - мемлекеттiк мекемелер есептерiнде теңге, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің жиынтық есептерінде теңге;
«ҚҰЖЖ» коды - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші ретінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 10 қаулысымен бекітілген және күшіне енгізілген Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуішіне сәйкес мемлекеттік мекеменің коды көрсетіледі.
8. Жылдық есеп есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, тоқсандық есептер - ағымдағы қаржы жылының 1 шілдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жасалады.
Жылдық есеп 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк жыл үїшін жасалады.
9. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар белгілейді. Осы мерзімдерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін белгілейді. Бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімінің кестесі есептілікті ұсыну күніне дейін мемлекеттік мекемелерге жеткізіледі.
Бюджеттік есептілік беттері нөмірленген және алғы сөзі бар кітапша түрінде ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілікті тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілікті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады. Есеп берілген күн оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның кеңсесінде тіркеген күн болып есептеледі.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган әрбір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік есебін тексеру және қабылдау рәсімі есеп берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бір қаладағы мемлекеттік мекеме үшін бюджеттік есептілікті ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне қарай табыс еткен күн, ал басқа қаладағылар үшін - почта кәсіпорнының, бiрақ бюджеттік есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 5 күннен кешiктiрмей штемпелінде көрсетілген оны жіберген күн болып есептелінеді. Есептерді ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс күнге (жұмыс емес күнге) сәйкес келген жағдайда, есеп одан кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады.
10. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және олардың ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетiне белгiленген мерзiмде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi дайындау үшiн қажеттi ақпаратты беруеді.
11. Бюджеттік есептілікті жасаған кезде «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсақаулықты, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережеде айтылған есептілік нысандарын толтыру тәртібі туралы нұсқауларды басшылыққа алу қажет.
2. Жылдық, тоқсандық бюджеттік есептілік көлемі
12. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсынатын жылдық, тоқсандық бюджеттік есептілік (осы Ережеге 1-қосымша) көлемінде мынадай нысандар қамтылады:
баланс - бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтамамен бірге № 1 нысан (осы Ережеге 3-қосымша);
қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп - № 2 нысан (осы Ережеге 4-қосымша);
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп - № 4-нысан (осы Ережеге 5-қосымша);
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп- жиынтық № 4 нысан (осы Ережеге 6-қосымша);
мемлекеттік мекемеге қайтарымдылық шарттарында беретін ақша бойынша есеп № 4-д-нысаны (осы Ережеге 7-қосымша);
демеушілік пен қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есеп - 4-дк-нысан (осы Ережеге 8-қосымша);
шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп - № 4-в нысан (осы Ережеге 9-қосымша);
активтердің қозғалысы туралы есеп - № 5 нысан (осы Ережеге 10-қосымша);
материалдық қорлардың және арзан құнды тез тозатын заттардың қозғалысы туралы есеп - № 6-нысан (осы Ережеге 11-қосымша);
өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп - № 7-нысан (осы Ережеге 12-қосымша);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бөлінген өкілдік шығындарға арналған қаражаттардың пайдалануы туралы есеп - № 7-жиынтық нысаны (осы Ережеге 13-қосымша);
зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, жерлеуге және басқа жәрдемақыларды төлеу туралы есеп- № 8-нысан-зт осы Ережеге 14-қосымша);
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқару органдар резервінен бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп -№ 9-нысан(осы Ережеге 15-қосымша);
мемлекеттік мекемелерде ақшалай қаражаттар, активтер мен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы туралы есеп -№ 10-нысан (осы Ережеге 16-қосымша);
сыртқы қарыздар бойынша есеп- № 11-нысан (осы Ережеге 17-қосымша);
гранттар бойынша есеп № 12 нысан (осы Ережеге 18-қосымша);
республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің балансының есеп айырысу баптары жөніндегі дебиторлық берешектің жағдайы турал талдамалы деректер- № 15 нысан (осы Ережеге 19-қосымша);
жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің балансының есеп айырысу баптары жөніндегі дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер- № 16 нысан (осы Ережеге 20-қосымша);
республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің балансының есеп айырысу баптары бойынша кредиторлық берешектердің жағдайы туралы талдамалы деректер- № 17 нысан (осы Ережеге 21-қосымша);
жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің балансының есеп айырысу баптары бойынша кредиторлық берешектердің жағдайы туралы талдамалы деректер -№ 16 нысан (осы Ережеге 22-қосымша);
шығыстар бойынша жиынтық есеп-№ 4-20- нысан (осы Ережеге 23-қосымша);
КБ-Б (осы Ережеге 25-қосымша) кредиторлық берешегі туралы есеп;
КБ-Б (осы Ережеге 26-қосымша) кредиторлық берешегі туралы есеп;
ДБ-Б (осы Ережеге 27-қосымша) дебиторлық берешегі туралы есеп;
ДБ-Б (осы Ережеге 28-қосымша) дебиторлық берешегі туралы есеп.
13. Жылдық және тоқсандық есептерге бюджет бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының міндеттемелерді атқаруға арналған, бюджеттік бағдарламалар жоспары, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары сондай-ақ демеушілік пен қайырымдылық көмектен қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша ақпараттар жоспарының орындалуына әсерін тигізген негізгі факторлар, сондай-ақ кассалық шығыстардың іс жүзіндегіден ауытқу себептері бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) мен шығыстардың экономикалық сыныптама ерекшеліктері бөлінісінде қаржыландыру жоспарларының міндеттемелері орындалмау себептері баяндалатын түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі. Түсіндірме жазбада жүргізілген түгендеу, дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу салдары көрсетіле отырып, олардың жағдайының нәтижелері туралы деректер көрсетілуі қажет. Есепке түсiндiрме жазбада материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының жетiспеуiн мемлекеттiк мекеменің есебiнен шығаруын, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменің бекiтiлген қаржыландыру жоспарынан тыс сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшiн кредиторлық берешектің пайда болу себептерiн көрсету қажет. Бұдан басқа, кiрiстердің бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша тиiстi бюджетке кейiннен аудара отырып, жаңа қаржы жылы мемлекеттік мекеменің кодына мiндеттi түрде қайтарылуы тиiс, ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік мекеменің кодына есепке алу үшiн тапсырылмаған мемлекеттiк мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдықтарының пайда болу себептерiн көрсету керек.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және бюджеттік бағдарламаларды бөлетін жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат алған мемлекеттiк мекемелер түсiндiрме жазбада алған және пайдаланылған резерв қаражаттары, ал пайдаланылмаған қаражаттардың қалдығы болған жағдайда - олардың пайдаланылмау немесе ішінара пайдаланылмау себептері жөніндегі ақпарат көрсетілуі қажет.
Жылдық және тоқсандық есептерге түсіндірме жазбадағы ақпарат қысқа жазылуы және мынадай бөлімдер бойынша түсінік беруді қамтуы тиіс: жалпы ережелер; балансының деректерін түсіндіру; қаржыландыру жоспары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуы мен оның кассалық және іс жүзіндегі атқарылуына әсер ететін себептері; есеп құрамына енгізілген есептіліктің басқа нысандары бойынша түсіндіру; бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде есепті кезең ішінде қабылданған міндеттемелер туралы ақпарат.
14. Түсіндірме жазбасымен бірге жылдық және тоқсандық есептерге мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтер немесе мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісін жиынтық бюджеттік есептілікке бірінші қол қою құқығы осы органның басшысында немесе белгіленген тәртіппен оны алмастыратын тұлғада, екінші қол қою құқығы - бас бухгалтерде болады.
Бюджеттік есептілікпен қоса берiлген барлық нысандарда басшы мен бас бухгалтердiң қолының қасына мiндеттi түрде қойылған қолды таратып жазу қажет (аты-жөнi және тегi).
15. Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жылдық және тоқсандық есептерінің нысандары бойынша негізгі көрсеткіштерді келісу осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес схема бойынша жүргізіледі.
16. Мақсатты трансферттер алған облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары «Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп» № 2 нысаны бойынша алынған қаражат туралы бюджеттік есептiлікті және оларға түсiндiрме жазбаны жасайды және оларды «Баланс» № 1 нысанын ұсынбай-ақ мақсатты трансферттерді алған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бередi.
17. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі сыртқы қарыздар бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және сыртқы қарыз есебінен нысаналы трансферттер алынған республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 3 күні № 11–а нысаны бойынша ай сайын Есеп береді (осы ережеге 29-қосымша). Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган № 11-а нысаны бойынша сыртқы қарыздар жөнінде есепті қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне айдың 5 күні беріледі.
044-жол бойынша республикалық бюджеттен жыл басынан бастап түскен сыртқы қарыздар есебінен нысаналы трансферттер сомасы көрсетіледі – барлығы біріңғай бюджет сыныптаушының кіріс кодтары бойынша; 050 жол бойынша – жыл басынан бастап жұмсалған қаражат сомасы – барлығы (оның ішінде ерекшеліктер бойынша).
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі және бюджетті атқару жөнінде жергілікті уәкілетті орган № 11-а нысаны бойынша сыртқы қарыздар жөнінде есептен алынған деректерді тиісті бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетеді.
№ 11-а нысан айлық есептілік болып табылады.
18. Республикалық бюджеттен ұсталатын, бiрақ тиiстi мақсаттарға жергiлiктi бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алатын мемлекеттiк мекемелер (ішкі істер органдары) № 2 нысан бойынша Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептi тиiстi бюджетті атқару жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органдарға, ал бюджеттік есептiлікті нысандарын толық көлемiнде жоғары тұрған органға ұсынады.
19. Министрлікті және өзге де атқарушы органды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліну) кезінде мүліктік құқықтар мен міндеттемелер біріктіру және қосу кезінде - тапсырып беру актісіне сәйкес, ал бөлген және бөлінген кезде – бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорға беріледі. Бөлу балансы әр бөлінетін мемлекеттік мекеме үшін бір данадан жасалады. Тарату кезінде «Баланс» № 1-нысаны бойынша тарату балансы жасалады.
Жылдық есептілік нысанының көлемінде беру күнгі бөлу немесе тарату балансы қамтылады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға әрбір министрлік немесе өзге де атқарушы орган бойынша жеке есептермен бірге беріледі.
20. Бір бағыныстан екінші бағынысқа берілетін мемлекеттік мекемелер жылдық есеп нысандарының көлемінде беру күні есеп жасайды және оны жоғары тұрған органға бұрынғы бойынша және жаңа бағыныс бойынша ұсынады.
21. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік есептілікті нысандардың толық көлемінде екі данада жасайды, оның біреуі мемлекеттік мекемелермен жоғары тұрған органға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептілікті қабылдауы және тексеруі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
22. Жылдық және тоқсандық бюджеттік есептіліктің мамандандырылған нысандарының үлгілерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері дайындауы мүмкін.
3. Ағымдағы бухгалтерлік есеп шоттарын жабу тәртібі
23. Мемлекеттік мекемелер жылдық, тоқсандық есептерді тиісті құжаттармен расталған тексерілген бухгалтерлік жазбалардың негізінде жасайды. Баланс жасалғанға дейін синтетикалық есепке алу шоты бойынша айналымдармен және қалдықтармен бірге талдамалы шоттар бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып тексеру жүргізіледі.
24. Баланс баптарының деректері есепті жылдың аяғында жүргізілген түгендеудің нәтижелерімен расталуы керек және бұл ретте байқалған алшақтық жылдық есеп ұсынылғанға дейін реттелуі тиіс.
Түгендеуді:
жылдық есептілікті жасаудан бұрын;
материалдық-жауапты тұлғаларды алмастырған кезде (қабылдау-беру күні);
ұрлану немесе зиян келтіру, сондай-ақ құндылықтардың бүліну фактілері анықталған кезде;
өрт немесе табиғат апаттары жағдайында;
мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде таратқан, қайта ұйымдастырған кезде (біріктірген, қосқан, бөлген және бөлінген кезде) жүргізу міндетті.
Түгендеу кезінде анықталған активтердің, материалдық құндылықтардың және бухгалтерлік есеп деректері бар ақша қаражаттарының іс жүзіндегі болу алшақтығы мынадай тәртіппен реттеледі:
артық деп танылған активтер, материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттары кейіннен артық болу себебін белгілеп, кіріске алуға жатады;
активтердің, материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының жетіспеушілігі мен ұрлануы белгіленген сомалар, сондай-ақ материалдық құндылықтардың бүлінуі салдарынан жоғалғн сомалар кінәлі тұлғалардың шотына жатқызылады.
25. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жазуға және бюджеттен төленентін төлемдерді жүзеге асыруға байланысты операциялардың барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 жетоқсанында аяқталады.
Ағымдағы қаржы жылының 31 жетоқсанында аяқталғанға дейінгі қоса алғанда пайдаланылмаған жоспарлы мақсатқа арналған қалдықтар жойылады.
26. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бюджеттік қаражаттардан басқа өзінің иелігінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша, демеушілік, қайырымдылық көмектен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға (бұдан әрі- ақшаны уақытша орналастыру) сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарында шетел валютасындағы қаражаттарды және шоттардағы шетел валютасынан түсетiн ақшаны иелене алады.
Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
27. Дебиторлық берешек сомалары өндіріліп алынуы, ал кредиторлық берешек - өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысуларға есепке түсіндірме жазбада түсініктеме берілуі тиіс.
Есеп беретін тұлғалардан аванстық есептер, сондай-ақ пайдаланылмаған сомалардың қалдықтары уақытылы талап етілуі қажет.
28. Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы жөніндегі ағымдағы есептің шоттарын жабу мынадай тәртіпте жүргізіледі. 230 «Мемлекеттік мекеменің және басқа да іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру» қосалқы шоттың дебетіне (140 «Мемлекеттік мекеменің және басқа да іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есеп айырысу») инвестициялық жоба аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын, сыртқы қарыздың есебінен инвестициялық жобаны іске асыруға арналып мемлекеттік бюджеттен бөлінген бірлесіп қаржыландыру сомасын қоспағанда, 200 «Мемлекеттік мекемені ұстауға және басқа да іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша қалдық кредиторлық берешектің сомалары сондай-ақ көп жылғы жобалар бойынша материалдық емес активтерді әзірлеуге арналған шығындарының сомалары 014 «Материалдық емес активтер» қос алқы шотына жобаның қабылдануы мен аяқталғаны есептен шығарылуы;
201 «Ғылыми әзірлемелерге арналған шығыстар» қосалқы шоты бойынша аяқталған және қабылданған ғылыми әзірлемелер бойынша шығыстар есептен шығарылады.
Егер бюджет бойынша іс жүзіндегі шыєыстардың сомасы 230 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру» қосалқы шот немесе 140 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есептер» қосалқы шот бойынша қаржыландыру қалдығынан асып кетсе, шығыстарды есептен шығару осы қосалқы шоттар бойынша қалдыққа тең сомада жүргізіледі.
231 «Күделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру» және 143 «Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есеп айырысулар» қосалқы шоттарының дебетіне:
093 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 103 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттары бойынша 31 желтоқсанда жабылған қаражаттар қалдығының сомасы;
203 «Күрделі жұмсалымдарға бюджет бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша аяқталған және пайдалануға берілген жаңадан салынған және жаңғыртылған объектілер бойынша шығындар есептен шығарылады.
234 «Трансферттер бойынша қаржыландыру» қосалқы шотының дебетіне 205 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шоты бойынша сома есептен шығарылады.
200 «Мемлекеттік мекемені және басқа іс-шараларды ұстауға бюджет бойынша шығыстар» қосалқы шот бойынша іс жүзіндегі шығыстарды 238 «Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған өзге де қаражаттар» қосалқы шотына есептен шығару жыл аяғындағы осы қосалқы шоттағы қаражаттардың қалдығына тең сомада жүргізіледі, қалған сома 230 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру» (140 «Мемлекеттік мекеменің және басқа іс-шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөніндегі есептер») қосалқы шотқа жатызылады.
29. Өзге де қорлармен айналысатын мемлекеттік мекемелер жыл аяғында 215 «Өзге де қорлар есебінен шығыстар» қосалқы шоты бойынша іс жүзіндегі шығыстар 272 Өзге де қорлар» қосалқы шотының дебетіне есептен шығару жолымен жабылады. Аяқталған және пайдалануға берілген объектілер бойынша шығындар жыл ішінде 216 «Күрделі жұмсалымға арналған өзге де қорлар есебінен шығыстар» қосалқы шотына есептелінеді, ал жыл аяқталған соң 272 «Өзге де қорлар» қосалқы шотының дебетіне есептен шығарылады.
30. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша бойынша ағымдағы есептiң шоттарын жабу 400 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметі) өткізуден түсетiн кiрiстер» қосалқы шот бойынша жыл аяғындағы қалдық шегінде 400 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетiн кiрiстер» қосалқы шотының дебетiнде 211 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетiн ақша есебінен шығыстар» қосалқы шоты бойынша қалдықты есептен шығару арқылы жүргiзiледi. Аз көлемде өнім шығарылатын, 400 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетiн кiрiстер» және 211 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетiн ақша есебінен шығыстар» қосалқы шоттарда кірістер мен шығыстар есебін жүргізетін қосалқы ауыл шаруашылық және өндірістік (оқу) шеберханалары бойынша жыл аяғында аяқталмаған өндіріске жататын шығындар сомасы қалуына болады.
31. Жыл соңында аяқталєан және пайдалануға берілген объектілер бойынша, сондай-ақ шығарылатын өнімнің өзіндік құнына жатпайтын басқа да шығындар 212 «Өзге қаражаттар есебінен күрделі салымдарға шығыстар» қосалқы шоттың кредитінен 400 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетiн кiрiстер», 246 «Өндірістік және әлеуметтік даму қоры» қосалқы шоттардың дебетіне есептен шығарылады. Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектілері бойынша шығындар 212 «Өзге қаражаттар есебінен күрделі салымдарға шығыстар» қосалқы шоты бойынша баланста қалады.
32. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша бойынша жоспарланатын өндірістік (оқу) шеберханалары мен қосалқы ауыл шаруашылығы бойынша шоттарды жабу шығындардың есебі және 080 «Өндірістік (оқу) шеберханалардың шығындары» және 280 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» қосалқы шоттарында жүргізілетін өнімдер мен бұйымдарды сату шығарылған өнімдерді, бұйымдар мен көрсетілген қызметтерді сату нәтижелерін шаруашылықты табысты жүргізген жағдайда 280 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» қосалқы шоты дебетінен 410 «Пайдалар мен зияндар» қосалқы шотының кредитіне, ал зияндар пайда болған жағдайда - 410 «Пайдалар мен зияндар» қосалқы шот дебетіне 280 «Өндірістік (оқу) шеберханаларының бұйымдарын сату» қосалқы шот кредитінен есептен шығару жолымен жүргізіледі.
33. Ағымдағы қаржы жылында игеру аяқталған сыртқы үкіметтік қарыздар есебінен болатын жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 249 «Сыртқы қарыздар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 204 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Ағымдағы қаржы жылында игеру аяқталған гранттар есебінен болатын жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 245 «Гранттар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 209 «Гранттар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
34. Балансқа мемлекеттік мекеме мынадай шоттар бойынша: мемлекеттік мекеменің коды бойынша, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатуынан түсетін ақшаны есепке алуға және олардың есебінен шығыстарды жүргізуге операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша (бұдан әрі-Ақылы қызметтер ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны есепке алуға және жұмсауға (бұдан әрі-демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ), Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақшаны есепке алумен (бұдан әрі- ақшаны уақытша орналастыру), оларға қызмет көрсету және тағайындау орнына қарай шетел валютасындағы шот бойынша және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары бойынша операцияларды енгізуі тиіс.
35. Жазбалар түпкілікті аяқталғаннан кейін келесі жылдың 1 қаңтарына № 1 нысан бойынша қорытынды Баланс жасалады.
Сы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық,
12 10 2014
3 стр.
25 12 2014
1 стр.
12 10 2014
1 стр.
Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесіне
25 12 2014
1 стр.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті орындау және коммуналдық меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер мемлекеттік саясатын өткізу қызметі
17 12 2014
1 стр.
Осы Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 112, 113-баптарына сәйкес әзірленген
25 12 2014
1 стр.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының аты-жөні
17 12 2014
2 стр.
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы
25 12 2014
1 стр.