Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1




Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 45 қаулысы

-->
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 22-құжат

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2004 жылғы 16 қаңтардағы
N 45 қаулысымен  
бекiтiлген    

Мемлекеттiк орман қорының аумағында


орман орналастыруды жүргiзу
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман орналастыруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi.
      2. Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) қарауындағы мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары орындайды.
      3. Мемлекеттiк орман иелiктерi үшiн әзiрленетiн орман орналастыру жобалары өткен тексеру кезеңiнде орман шаруашылығын жүргiзудiң және мемлекеттiк орман қорын пайдаланудың кешендi бағасын және алдағы тексеру кезеңiне орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң негiзгi қағидаларын қамтиды.

2. Орман орналастыруды жүргiзу шарттары мен тәртiбi



      4. Мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыру уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.
      5. Мемлекеттiк орман қорында орман орналастыру жыл сайын белгiленген тексеру кезеңiнiң ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттiк орман иеленушiлердiң орман орналастыру жобаларының уақтылы жаңартылып тұруын қамтамасыз ететiн көлемде жүргiзiледi.
      6. Орман орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 55-бабында көзделген орман орналастыру iс-әрекеттерi, сондай-ақ мынадай шаралар:
      1) табиғи-климаттық, орман өсiмдiктерi мен орман экономикалық шарттардың ерекшелiктерiн қорытындылайтын, орман шаруашылығын жүргiзу қағидаттарын, орман бағалаудың нормативтiк-анықтамалық материалдарын iрiктеп алып, орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау ерекшелiктерiн негiздейтiн құжат - облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
      Көрсетiлген құжат дайындық жұмыстары жүргiзiлетiн жылы әзiрленедi және уәкiлеттi орган бекiткеннен кейiн тиiстi облыс (өңiр), Астана қаласы немесе республикалық маңызы бар қалалар аумағында орман орналастыруды жүргiзу және орман орналастыру жобаларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк кесiм болып табылады;
      2) облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман орналастырудың жиынтық материалдарын құрастыру, орман қорының тиiстi тақырыптық карталарын дайындау, орман мониторингiнiң ақпараттық базасын құру;
      3) дистанциялық зондтау материалдарын, компьютерлiк технологияларды пайдалану, геоақпараттық жүйелердi енгiзу негiзiнде орман ресурстарын есепке алудың жаңа технологиялары мен әдiстерiн әзiрлеу;
      4) мемлекеттiк орман иелену аумағындағы дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат ресурстарын анықтау;
      5) мемлекеттiк орман кадастры мен ормандар мониторингiн жүргiзу үшiн материалдар әзiрлеу жүзеге асырылады.
      7. Орман орналастыруға тиiс объектiде орман орналастыру жұмыстары үш жыл бойы жүргiзiледi және мынадай үш кезеңнен тұрады:
      1) әзiрлiк кезеңi (1-жыл) - жұмыстар далалық орман орналастыру жұмыстарының алдындағы жылы жүргiзiледi, бұл ретте ұйымдық-техникалық сипаттағы мәселелер шешiледi және орман орналастырылуы тиiс аумақтардың аэрофотосуретке түсiрiлуi жүргiзiледi;
      2) далалық кезең (2-жыл) - орман орналастырудың жердегi және дистанциялық әдiстерi қолданылып, орман орналастыру объектiсiнде мемлекеттiк орман қорын түгендеу жүргiзiледi;
      3) камеральдық кезең (3-жыл) - далалық кезеңде алынған ақпаратты камеральдық өңдеу жүргiзiледi, уәкiлеттi орган бекiткен нысан мен құрылым бойынша орман орналастыру жобасы әзiрленедi.
      8. Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде аэрофотосуретке түсiру материалдары техникалық негiз болып табылады.
      Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде пайдаланылатын аэрофотосуреттер деректерiнiң ескiлiгi 3 жылдан аспауға тиiс. Ескiлiгi 3 жылдан асатын аэрофотосуреттердi пайдалануға уәкiлеттi органның рұқсатымен ғана жол берiледi.
      9. Орман орналастыру жобасы әзiрленетiн тексеру кезеңiнiң ұзақтығы орман шаруашылығын жүргiзудiң қарқындылығына, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушiлерiне жүктелген мiндеттерге байланысты және оны уәкiлеттi орган орман орналастырудың бiрыңғай жүйесiнiң құрамында белгiленедi.
      10. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары оларды уәкiлеттi орган бекiткеннен кейiн орман шаруашылығын жүргiзу оның ағымдағы және перспективалы жоспарлануы үшiн мiндеттi нормативтiк кесiмдер болып табылады.
      Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi.
      Орман орналастыруды жүргiзбейiнше және орман орналастыру құжаттамасы болмайынша мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға тыйым салынады.
      11. Тексеру кезеңi аяқталған және орман орналастырудың жаңа жобасы күшiне енбеген жағдайда мемлекеттiк орман иелiгiнiң аумағында:
      1) өртке қарсы iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгiленген көлемде орындалады;
      2) орманды санитарлық мақсатта кесудi қоса алғанда орман қорғау шаралары мемлекеттiк орман иеленушiлер немесе осы салада мамандандырылатын ұйымдар жүргiзетiн орман-патологиялық зерттеулердiң материалдары бойынша айқындалатын көлемде ормандардың санитарлық жай-күйiне байланысты орындалады;
      3) ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына, ең алдымен ағаш кесiлiмдерi мен өртеңдерге белгiленген көлемде орман дақылдары қорының бар-жоғына байланысты орындалады;
      4) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу оны тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгiленген көлемде жүргiзудi қажет ететiн, екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды екпелерден аластатуды талап ететiн екпелердiң бар-жоғына байланысты орындалады;
      5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу уәкiлеттi орган бекiткен сүректi түбiрiмен босатудың жыл сайынғы мөлшерiнде есептi кеспеағашта орман орналастыру жобасы белгiлеген шекте жүргiзiледi, бұл ретте жыл iшiнде есептi кеспеағашқа Қазақстан Республикасының орман заңнамасы белгiлеген тәртiппен түзету жүргiзiледi;
      6) осы Ереженiң 11-тармағының 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетiлмеген орман пайдаланудың қалған түрлерi орман орналастыру жобасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.








-->

Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Азақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етедi

43.62kb.

16 09 2014
1 стр.


Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Азақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 101-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi

39.58kb.

16 09 2014
1 стр.


Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы

Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді

47.9kb.

16 09 2014
1 стр.


Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Азақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

555.5kb.

12 10 2014
4 стр.


Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін

12.22kb.

12 10 2014
1 стр.


Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы

Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарын өтеу ереж

118.55kb.

13 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi n 696 қаулысы

Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiн бекiту туралы

57.79kb.

08 10 2014
1 стр.


Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 мау

26.06kb.

16 09 2014
1 стр.