«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
НАРОДНО-ДЕМОКРАТИЧЕСКАЯ ПАРТИЯ «НУР ОТАН»
Қазақстан Республикасы, Астана, 010000, Д. Қонаев көшесі 12/1
тел.: 55 55 96, факс: 707 625
БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» халыққа жолдауында қойылған міндеттердің бірінші бағыты етіп қазақстандықтарды жұмыспен қамтуды атап көрсетті. Бұл – тиімді оқыту жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, ауылда кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, еліміздің белсенді экономикалық орталықтарында жұмысқа орналасу басымдылығына қол жеткізу.
«Нұр Отан» ХДП Сайлауалды тұғырнамасының «Қолжетімді еңбек және лайықты жалақы» бөліміне сәйкес, партия болашақта да «Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді.
«Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы», бірінші кезекте, азаматтардың мәселелерін шешуге бағытталғанын ескере отырып, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ағымдағы жылдың 28 наурызында сағат 10.00-18.00 аралығында аймақтық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын өткізеді.
Акцияны ашық сұхбат алаңы ретінде өткізудің өзектілігі – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы азаматтарға «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асырушы операторлар болып табылатын мемлекеттік органдармен тікелей жүздесуге мүмкіндік туғызуында.
Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мәліметі бойынша акцияға 5 мыңнан астам адам қатысады деп көзделуде.
Акция аясында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы, Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиясында Президенттің қойған міндеттеріне сәйкес, Бағдарламаға енгізілген өзгерістер туралы тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.
Әкімдіктер, мемлекеттік органдар және партия филиалдарының басшыларымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар жүріледі.
Сонымен қатар, акция барысында 3 мың бос жұмыс орынына сұраныс жариялаған 827 жұмыс берушілердің қатысуымен 110 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
Орталық аппарат қоғамдық қабылдау бөлмесі республикалық деңгейдегі баспасөз ақпарат құралдарына төмендегі филиалдардың жұмысын жариялауды ұсынады:
Астана қалалық филиалы – Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы (жауапты тұлға – М.Елеуқулова, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, тел.: 8 (7172) 36-88-25 .
Қызылорда облыстық филиалы (жауапты тұлға – Ш.Әбдірахманов «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі тел: 8 (7242)264628;
Қостанай облыстық филиалы (жауапты тұлға – І. Жунусқанов «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, тел.: 8 (7142) 392282;
Маңғыстау облыстық филиалы (жауапты тұлға – Ә. Шамшадин «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, тел.: 8 (72922) 429737.