Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1130 Қаулысы

"Казахстанская правда" от 01.11.2012 г., № 377-378 (27196-27197);

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Өнiмдi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Тау-кен, пайдалы қазбаларды барлау, өндiру, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Уларды өндiру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөнiндегi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Химиялық өнiмдердi тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Бағалы металдармен, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердi арнайы есепке қою туралы анықтаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын қайта өңдеудiң экономикалық орынсыздығы немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытындыны беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Қазақстан Республикасында шикiзат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсiптiк алудың мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындыны беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 сәуiрдегi № 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 406-құжат) мынадай өзгерiстер:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетiмен (бұдан әрi – Өнеркәсiп комитетi) жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет мынадай мекенжай бойынша көрсетiледi: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Өнеркәсiп комитетiнде құжаттарды қабылдау Өнеркәсiп комитетiнiң кеңсесiнде поштамен жөнелту не кеңсеге тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2502 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-00.
      Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Өнеркәсiп комитетi төрағасының атына берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
      Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Шағымды қабылдау кезiнде тұтынушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Берiлген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Экспорттық бақылауға жататын өнiмге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтердi, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Экспорттық бақылауға жататын өнiмге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтердi, ақпаратты жатқызу туралы қорытындыны беру (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – Өнеркәсiп комитетi) жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызмет мына мекенжай бойынша көрсетiледi: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiру, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Өнеркәсiп комитетiнде құжаттарды қабылдау Өнеркәсiп комитетiнiң кеңсесiнде поштамен жөнелту не кеңсеге тапсыру жолымен мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiреберiс, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2502 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-00.
      Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Өнеркәсiп комитетi төрағасының атына берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
      Жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Шағымды қабылдау кезiнде тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi» туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      Берiлген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07.»;
      2) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      реттiк нөмiрi 241-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда) қызметiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензия телнұсқаларын беру».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң      
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен  
бекiтiлген      

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзу жөнiндегi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензия беру,
қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – уәкiлеттi органдар), сондай-ақ «электрондық үкiметтiң»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – веб-портал) арқылы көрсетедi.

      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабының 6) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
      1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарында;
      2) порталда орналасады.
      Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының телефоны бойынша берiлуi мүмкiн (1414).
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi – заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не уәкiлеттi органның уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған қызметтi көрсетуден бас тартуы туралы дәлелдi жауап, не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуы туралы қағаз тасығыштағы немесе электронды құжат түрiндегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
      7. Уәкiлеттi органдарда немесе порталда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      лицензия беру – осы стандарттың 11-тармағының бiрiншi абзацында айқындалған қажеттi құжаттарды алушы тапсырған күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
      лицензияны қайта ресiмдеу – осы стандарттың 11-тармағының он алтыншы абзацында айқындалған қажеттi құжаттарды алушы тапсырған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
      лицензия телнұсқаларын беру – осы стандарттың 11–тармағының сегiзiншi абзацында айқындалған қажеттi құжаттарды алушы берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде;
      мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
      өтiнiш берген күнi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсеткенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының кодексiмен белгiленген мөлшерде және тәртiппен қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады.
      Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алуға электронды сауал берген жағдайда, төлем «электронды үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы (бұдан әрi - ЭҮТШ) жүзеге асырылады.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi органдардың осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу талап етiлмейдi, жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген.
      2) портал – тәулiк бойы жұмыс iстейдi.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдардың ғимараттарында, онда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар, күтуге жайлы жағдай жасалған күту орны және қажеттi құжаттарды дайындау орны көзделген, онда толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      2) порталда – жеке кабинетте көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы не оның өкiлi (сенiмхат бойынша) уәкiлеттi органға не порталға мынадай құжаттарды:

      Уәкiлеттi органға:
      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшiн белгiленген нысан бойынша өтiнiштi;
      2) заңды тұлға үшiн – мемлекеттiк қызметтi алушы жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда) көшiрмесiн;
      4) қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымды төленгенiн растайтын (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) құжатты;
      5) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сай мәлiметтер мен құжаттарды тапсырады.
      Алушы лицензияны жоғалтқан, бүлдiрiп алған кезде лицензияның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензияның телнұсқасын алу үшiн мынадай құжаттарды:
      лицензияның телнұсқасын беру туралы өтiнiштi;
      телнұсқаны бергенi үшiн лицензиялық алымды бюджетке төлегенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмесiн тапсырады.
      Лицензия мынадай жағдайларда:
      заңды тұлғаны бiрiктiру, қосып жiберу, бөлу немесе өзгерту нысанында қайта құру кезiнде;
      заңды тұлғаның атауын және (немесе) заңдық мекенжайын өзгерткенде қайта ресiмдеуге жатады.
      Қызмет түрiнiң атауын өзгерткен жағдайда, алушы осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi беруге құқылы.
      Лицензияның көшiрмесiн (бар болған жағдайда), лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi бередi.
      Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi бойынша қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) өтiнiш;
      2) бюджетке лицензиялық алымды төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi;
      3) лицензия мәлiметтерi (порталда www.elicense.kz бар болған жағдайда) немесе лицензия (бар болған жағдайда) көшiрмелерi.
      Құжаттарды қабылдау кезiнде уәкiлеттi органның қызметкерi негiзгi нұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен ұсынылған мәлiметтермен салыстырады, одан кейiн негiзгi нұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарып бередi.
      Порталға:
      алушының ЭЦҚ қолы қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы.
      Құжаттардың деректерi:
      жеке басының куәлiгi;
      жарғы электронды сканерленген көшiрме түрiнде электронды сұрауға бекiтiледi;
      заңды тұлға үшiн – алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      «электронды үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегенi туралы ақпарат;
      осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар сканерленген көшiрмелер түрiнде электронды сұрауға бекiтiледi.
      Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi бойынша қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:
      алушының ЭЦҚ қолы қойылған электронды құжат түрiндегi сұрау;
      ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегенi туралы ақпарат;
      лицензия мәлiметi (порталда www.elicense.kz бар болған жағдайда) не сканерленген көшiрмесi түрiндегi лицензия электронды сұрауға бекiтiледi.
      Құжаттардың мәлiметтерi, мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын өтiнiш берушi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi уәкiлеттi орган портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      12. Мемлекеттiк қызметтi уәкiлеттi органдарда алу үшiн осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлген нысандағы өтiнiштер бланкiсi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн электронды сұраудың нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау поштамен жiберу жолымен не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органдарға тапсырылады.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау алушының жеке кабинетiнде жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде алушы:
      1) өтiнiштi қағаз түрiнде қабылдауды растау тiркеу күнiн және нөмiрiн көрсете отырып, алушының көшiрмесiнде уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi болып табылады;
      2) портал арқылы жүгiнген кезде алушының порталдағы жеке кабинетiне алушының мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiн алу күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
      15. Дайын құжаттарды алушыға берудi:
      1) уәкiлеттi органдарда уәкiлеттi органдардың қызметкерлерi;
      2) сұрауды өз еркiмен жiберген кезде - порталдағы жеке кабинетте жүзеге асырады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты алушы уәкiлеттi органдарда қағаз тасығышта немесе электронды құжат түрiнде екi жұмыс күннiң iшiнде алады.
      16. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынса;
      2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
      3) алушы бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
      4) алушыға лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмесе;
      5) алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болғанда;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот алушыға лицензия алуға тыйым салғанда мемлекеттiк қызметтi беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады.
      Егер уәкiлеттi органдар осы стандартпен белгiленген мерзiмде алушыға лицензияны бермеген, не лицензияны беруден дәлелдi бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзiмi өткен күннен бастап лицензия берiлдi деп есептеледi.
      Уәкiлеттi органдар лицензияны беру мерзiмi өткен күннен бастап мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi лицензияны бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
      Уәкiлеттi органдар лицензияны бес жұмыс күнi өткеннен кейiн бермеген жағдайда, лицензия алынды деп есептеледi, ал лицензияның өзiн алғанға дейiн қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңдылығын растайтын құжат уәкiлеттi органдардың құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсi бар құжаттың көшiрмесi болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органдардың қызметi алушыға қатысты мынадай қағидаттарға негiзделедi:

      1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтiк борышты орындауда заңдылықты сақтау;
      3) алушылармен жұмыс кезiндегi сыпайылық
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы түпкiлiктi және толық ақпаратты беру;
      5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымдық тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;
      6) алушының құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) алушының құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызметтi алушыларға көрсету бойынша жұмыстың нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

      19. Уәкiлеттi жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын уәкiлеттi органдардың басшыларының тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде уәкiлеттi органдардың қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi уәкiлеттi органның басшыларымен түсiндiрiледi.

      Портал жұмысына шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының атына берiледi.
      22. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дұрыс қызмет көрсетпеуiне шағымды алушылар өтiнiш жолымен:
      1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша тиiстi уәкiлеттi органға;
      2) порталда саll–орталығының телефон нөмiрi (1414) бойынша жiбере алады.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда алушы заңнамамен белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағым құзыретiне шағымда қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаның атына жазылуы тиiс.
      Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (құжаттарда жеке басын куәландыратын бар болған кезде), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға алушы қол қоюы тиiс. Шағымды берген кезде субъектiнiң атауы немесе кiмнiң әрекетiне шағым жасалса, соның лауазымы, тегi және лауазымды тұлғалардың аты-жөнi, шағымдану себебi мен талаптары көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгiленген мерзiмде қаралады. Алушыға тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi (шағымды) қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi. Алушыға шағымды қарау нәтижелерi жазбаша түрде поштамен хабарланады.
      Алушылар порталы арқылы электронды сұрауды жiбергеннен кейiн «жеке кабинетiнен» жүгiнiс туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол мемлекеттiк органда (жеткiзу, тiркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап туралы белгi) жүгiнiстi өңдеу барысында жаңартылып отырады.
      26. Алушылар үшiн қосымша пайдалы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша және уәкiлеттi органдардың интернет-ресурстарынан, сондай-ақ саll–орталығының телефон нөмiрiнен (1414) алуға болады.

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл

сынықтары мен қалдықтарын жинауы    
(дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзуi бойынша қызмет түрiн жүзеге  
асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телқұжаттарын беру»    
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
1-қосымша                

Р/с №

Атауы

Орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесi

Кiрiс құжаттар қабылдау кестесi

Телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

Электронды поштасының мекенжайы

Веб-сайт

1.

«Астана қаласының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Астана қ., Бейбiтшiлiк к-сi, 11

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7172) 55-69-22

Қабылдау бөлiмi 8 (7172) 55-68-97

y.kabdi№[email protected]№a.kz

www.upp-asta№a.kz

2.

«Павлодар облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Павлодар қ., Ленин к-сi, 61

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7182) 32-30-43, 32-27-52, 32-04-20

Қабылдау бөлiмi 8 (7182) 32-00-83

ke№[email protected]

www.upp.pavlodar.gov.kz

3.

«Батыс Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Орал қ., Х. Чурин к-сi, 116

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7112) 50-34-19

Қабылдау бөлiмi 8 (7112) 50-80-09

[email protected]

busi№ess.bko.kz

4.

«Қостанай облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Қостанай қ., Баймағамбетов к-сi, 195

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7142) 53-45-94

Қабылдау бөлiмi 8 (7142) 575-240

dpp@kosta№ay.kz

www.dpp.kosta№ay.kz

5.

«Оңтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Шымкент қ., Қазыбек би к-сi, 5

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7252) 39-11-46, 39-11-57

Қабылдау бөлiмi 8 (7252) 53-49-40

[email protected]

uppuko.ce№terkz.kz

6.

«Шығыс Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Өскемен қ., М. Горький к-сi, 40

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7232) 26-53-62, 57-83-44

Қабылдау бөлiмi 8 (7232) 26-38-71

[email protected]

www.predprom.vko.gov.kz

7.

«Ақмола облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Көкшетау қ., Әуелбеков к-сi, 179а

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7162) 76-29-56

Қабылдау бөлiмi 8 (7232) 76-29-42

[email protected]

upp.akmol.kz

8.

«Ақтөбе облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

Ақтөбе, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7132) 54-48-01

Қабылдау бөлiмi 8 (7132) 54-59-25

energy.akto.kz

9.

«Қарағанды облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Қарағанды қ., Әлiханов к-сi, 13

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7212) 42-57-60

Қабылдау бөлiмi 8 (7132) 41-27-91, 42-45-05

[email protected], [email protected]

www.uppkrg.kz

10.

«Қызылорда облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Қызылорда қ., Абай к-сi, 27

күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7242) 23-48-11

8 (7242) 23-41-66

[email protected]

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Ақтау қ., 14 шағын аудан, 1 үй

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7292) 313597

Қабылдау бөлiмi 8 (7292) 314537

[email protected]

12.

«Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

+7 7152 36-05-49

+7 7152 360402

[email protected]

dpp.sko.kz

13.

«Алматы қаласының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ

Алматы қ., Республика ал., 4

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7272) 716588, 720026, 721006, 720260

Қабылдау бөлiмi 8 (7272) 716554

[email protected]

www.almaty.kz

14.

«Алматы облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Талдықорған қ., Шевченко к-сi, 131

күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7282) 272108, 272645

Қабылдау бөлiмi 8 (7282) 272549

[email protected]

upp.zhetysu-gov.kz

15.

«Жамбыл облысы әкiмшiлiгiнiң Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Тараз қ., Төле би к-сi, 35

күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 15.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7262) 437259, 579258

Қабылдау бөлiмi 8 (7262) 579273

[email protected]

www.business-taraz.kz

16.

«Атырау облысының Кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» ММ

Атырау қ., Әйтеке би к-сi, 77

күн сайын сағат 8.30-дан 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

күн сайын сағат 8.30-дан 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 14.00-ге дейiн, демалыс және мереке күндердi қоспағанда

8 (7122) 354510

8 (7122) 35-45-75

[email protected], [email protected]

www.atyrau.gov.kz

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинауы    
(дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзуi бойынша қызмет түрiн жүзеге  
асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телқұжаттарын беру»    
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
2-қосымша                

Заңды тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiш нысаны

_____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)

ӨТIНIШ

_____________________________________________________________________

(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрi көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берудi

сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
                 (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №,
_____________________________________________________________________
                       телефон, факс, е-mail)
Есеп шоты ___________________________________________________________
                (шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлер, пункттер, учаскелер)
_____________________________________________________________________
                           (орналасқан жерi
_____________________________________________________________________
                          және деректемелерi)
Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшы __________________        _____________________________________

           (қолы)                     (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Мөрдiң орны

Өтiнiш 20__ жылғы ________________________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
            (лицензиялау органының жауапты адамының қолы,
                      тегi, аты, әкесiнiң аты)

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл

сынықтары мен қалдықтарын жинауы    
(дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзуi бойынша қызмет түрiн жүзеге  
асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телқұжаттарын беру»    
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
3-қосымша                

Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар
(материалдар мен құжаттар)*

Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет түрiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Бiлiктiлiк талаптары

1.

мыналарды:
оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi немесе алаңдарды;
түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды;
белгiленген тәртiппен тiркелген кемiнде 50 %-ы электромагниттiк шайбалармен не грейферлiк қапсырулармен жарақталуы тиiс жүк көтергiштiгi кемiнде 5 тонна стационарлық немесе ұтқыр жеке меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздегi жүк көтергiш жабдықты;
қара металдардың сынығын отпен кесуге арналған жабдықты, оның iшiнде қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды;
қара металдардың жеңiл салмақты сынығын пакеттеуге арналған престердi, гидроқайшыларды, жоңқаны сұрыптауға және ұсақтауға арналған қондырғыларды;
олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдарын);
салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты қамтитын мамандандырылған жеке меншiк құқығындағы қоршалған өндiрiстiк база

2.

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiк

3.

мынадай мөлшерлерде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м.;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м.;
автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi

4.

заңды тұлғаның басшысы бекiткен түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегi нұсқаулық

5.

пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткен бiлiктi персонал (краншылар, престеушiлер, газбен кесушiлер, пиротехниктер, дозиметршiлер)

1-тармақта көрсетiлген талаптар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиалды ашқан жағдайда да қойылады.

Мамандандырылған өндiрiстiк базадан өзге жерде аумақтық орналасқан жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы, қоршалған және санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келетiн қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етiледi:

Бiлiктiлiк талаптары

1.

қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай

2.

олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары)

3.

қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша

4.

кемiнде 200 ш.м алаң

      * Барлық берiлетiн құжаттар көшiрмелер түрiнде берiледi және заңды тұлғалар үшiн мөрмен және мемлекеттiк қызметтi алушының бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшiн мемлекеттiк қызметтi алушының қолымен куәландырылады.

«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл

сынықтары мен қалдықтарын жинауы    
(дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және
өткiзуi бойынша қызмет түрiн жүзеге  
асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телқұжаттарын беру»    
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
4-қосымша                

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)

100

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)

100

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)

100

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттiк қызметтi алушылардың %-ы (үлесi)

100

Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

«Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы»

251.73kb.

15 12 2014
1 стр.

Азық-түлiк тауарларының өңiрлiк тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi

Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және "Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметi

176.69kb.

25 12 2014
1 стр.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
453.62kb.

25 12 2014
2 стр.

372.42kb.

17 12 2014

373.61kb.

14 12 2014
1 стр.

"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту

Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үк

769.41kb.

14 12 2014
3 стр.

637.29kb.

16 12 2014

167.62kb.

17 12 2014
1 стр.