Өнеркәсіп саласындағы қызметтi
жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары
және оларға сәйкестiгін растайтын
құжаттардың тiзбесіне
қосымша
Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары
және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттардың тiзбесіне
мәліметтер нысаны
1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін:
1.1 тау-кен және мұнай газ өндеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін; мұнай химиялық, химиялық өндірістерін жобалау үшін:
Жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды – есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын жазу, арнайы құралдарды және ұйымдастыру техниканы атап шығу).
1.2 тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін:
Инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (инженерлік құрылыстарды, машиналарды, тетіктерді, құралдарды, арнайы көліктерді және өзге жабдықтарды атап көрсету).
.
1.3 пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшін:
1)
жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы нөмірі _________;
2) шарттың нөмірі *_____________;
3) шарттың жасалған күні *_____________;
4) лицензиясы бар ұйымның атауы *_____________;
5) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.
* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) тармақтары толтырылмайды.
1.4 мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін:
Каротаж станциясының (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (жабдықтың атауын жазу).
1.5 мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
1) жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы нөмірі _________;
2) шарттың нөмірі *_____________;
3) шарттың жасалған күні *_____________;
4) лицензиясы бар ұйымның атауы *_____________;
5) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.
* ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) тармақтары толтырылмайды.
1.6 мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін:
Бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (жабдықтың атауын жазу).
1.7 ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін:
Тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (жабдықты көрсету).
1.8 мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:
Техника құралдары кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат
___________________________________________________________________________ (құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету).
1.9 құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшін:
Теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың; лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (жабдықты көрсету).
1.10 мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
1) Тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тетіктерді, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
2) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні ___________;
3) аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі *_________;
4) аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күні *___________.
* 3), 4) тармақтардағы ақпарат жеке-меншіктегі лабораторияның болмаған жағдайда толтырылады.
2. Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлік кешенін сатып алу нәтижесінде және заңды тұлғаларда жеке өндірісінің барысында құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметті қоспағанда заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшін:
2.1 Мамандандырылған жеке меншiк құқығындағы өндiрiстiк база:
1) базаның мекен-жайы __________________;
2) жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ______________.
2.2 қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiк:
Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе өзге заңды негіздегі (жүк) автокөлiктің болуы туралы ақпарат
__________________________________________________________________________________________________________________________________________ (әрбір көлік құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмірлері және берілген күндерді көрсету);
2.3 мынадай мөлшерлерде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м. __________________ (учаскесінің көлемін көрсету);
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м. автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi __________________ (учаскесінің көлемін көрсету);
Жер учаскесiн беру туралы шешімінің нөмірі және оны қабылдаған күні.
2.4 кәсіпорында тиісті қара және түсті металдардың сынықтарын қайта өндеу бойынша технологиялық процесске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал:
1) маманның тегі, аты, әкесінің аты _______________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің саласындағы жұмыс өтілі ___________.
2.6 түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның өзге жерде аумақта орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлігі болып табылатын қабылдау пунктiн ашу үшін:
Қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат
_________________________________________________________________________________________ (үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету).