Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2013 жылғы «___» ______

№_____ қаулысымен

бекiтiлген



Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары



    1. Жалпы ережелер




      1. Осы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген Облыстық бюджеттерге және Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), 223 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге және Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы өнімін өңдіру мен сапасын аттыру үшін республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

Облыстық бюджеттерге және Астана және Алматы қалаларың бюджеттеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру және іске асыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүргізілетін болады.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) биоагенттер – зиянды организмдермен күресу үшін пайдаланатын табиғи жаулары, антогонисттер бәсекелестері, немесе басқа өз өсімін өзі молайтатын организмдер;

2) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші –биоагенттерді (энтомофагтарды) өткізуді жүзеге асыратын физикалық немесе заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резиденті;

3) биоагенттердің (энтомофагтардың) отандық өндірушісі – арнайы жабдықталған өндірістік биозертханалары мен биофабрикалары бар, Қазақстан Республикасында биоагенттерді (энтомофагтарды) өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4) биологиялық күрес (биоәдіс) –табиғи жауларын, антогонисттерді бәсекелестерін, немесе өз өсімін өзі молайтатын организмдерді пайдаланыланатын зиянды организмдермен күресу стратегиясы;

5) энтомофаг - жәндіктермен қоректенетін организм.

3. Бюджеттік субсидиялар:

1) отандық өндірушілердің өсімдіктерді қорғауға сатып алатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын ішінара арзандатуға (40 % дейін);

2) биоагенттердің (энтомофагтардың) жеткізушілерінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) сатып алу кезіндегі шығындарды ішінара арзандатуға (40% дейін) арналады.

4. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) сатып алумен байланысты бюджеттік субсидияларды толеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидиялау нормативтеріне сәйкес биоагенттердің нақты өткізілген көлемдеріне ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдістерін колданатын АШТӨ-ге жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің облыстар а және Астана және Алматы қалалары бойыншауыл шаруашылығы дақылдарын залалданған алқаптары туралы ұсынған ақпараттары негізінде субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарын, сондай-ақ бюджеттік субсидия көлемін айқындайды және оларды облыстар және Астана және Алматы қалаларына дейін жеткізеді.

6. Министрлік ұсынған сомалардың негізінде аудандар бойынша бюджеттік субсидия көлемдерін облыстардың Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары бекітеді және биоагенттер (энтомофагтар) субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагентті (энтомофагтарды) өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) 1 граммына (данасына) субсидия нормативі белгіленеді.

7. Министрлікпен келісімі бойынша Облыстар Астана және Алматы қалалары шешімімен мыналардың:

1) ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттерді (энтомофагтарды) сатып алу-сату шартының;

2) бюджет қаражатын игеру есебінің нысандары бекітіледі.

8. Министрлік бюджеттік бағдарламаның ұйымдастырушысы төлемдерді қаржыландырудың жеке жоспары мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрі арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттердің нәтижесі туралы келісімге сәйкес ретінде облысытық бюджетке және Астана және Алматы қалаларының АШТӨ-ге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.



  1. АШТӨ өтінімдерін қарастыру және олардың арасында субсидиялау көлемдерін бөлу тәртібі

9. Жыл сайын, анықтаудан кейін бюджеттің тиiстi қаржылық жылға, бірақ кешiктiрмей қаржылық жылдың 10 қаңтарының кешіктірмей, ауыл шаруашылығының бөлiмi тиiстi аудан, облыстың және Астана қаласының және Алматының (бұдан әрі - Бөлім) әкімдігінің тиiстi аудан, ауданның әкімдігінің интернет-ресурсе орналастырады, облыс және Астананың қалаларын әкiмшiлiк және Алматы әкімдік орналастыр, басы туралы хабарлау өтінімдерді қабылдау туралы өтінімнің әдісінің түбінде хабарландыру қатысу үшін АШТӨ қаражаттандыруында.

10. АШТӨ ағындағы қаржы жылының 20 ақпаның дейін Бөлiмге мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiм ұсынады:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманың көшiрмесі (жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесі);

2) жер теліміне арналған сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесi;

3) нөмiрi көрсетiлген банктiк шотының бары туралы банк анықтамасы;

4) өткен жылдағы ауыспалы егіс танаптарының орналасу картасы (схемасы);

5) ағымдағы жылғы ауыспалы егіс танаптарының орналасу (схемасы).

11. Бөлім өтінім мен осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кеін бес жұмыс күні ішінде олардың көрсетілген тармаққа сәйкестігін тексереді.

Өтінімді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдарламасына қатысудан бас тартуға негізі болып табылады. Мұндай жағдайда Бөлім АШТӨ өтінімін үш жұмыс күнінің ішінде қайтарып береді.

12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда Бөлім өтінімді тіркелген күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде АШТӨ-ге тиісті хабарлама жібереді.

13. Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін АШТӨ ескертуді түземесе, Бөлім пошта арқылы АШТӨ өтінімін және құжаттарын қайтарады.

14. Аудан бойынша АШТӨ жиынтық тізімін Бөлім өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жасайды және облыстыңтиісті аудан әкімімен және Астана және Алматы қалалары әкімінен бекітіледі.

15. Бөліммен бекітілген тізім мен АШТӨ өтінімдері облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарының төрағалығымен және облыс әкімінің шешімімен құралып, құрамында бес мүшеден кем емес облыстық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қарастырылуына жіберіледі және Астана және Алматы қалалары әкімінің шешімімен құралатын ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарының төрағалығымен қалалық комиссияның қарастырылуына жіберіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияның жұмыс органы облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - басқарма) болып табылады.

Комиссия құрамына басқарманың, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының қоғамдық ұйымдардың уәкілдері кіреді. Комиссия хатшысы комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.

Комиссия хатшысы:



  1. комиссия отырысының болатын күні, уақыты және орны жөнінде комиссия мүшелерін хабардар етеді;

  2. комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді және оны комиссия төрағасының бекітуіне ұсынады.

16. Комиссия:

1) Бөлім ұсынған АШТӨ тізімін өтінімдермен бірге үш жұмыс күні ішінде қарайды;



  1. өтінімдерді қарау нәтижиесі бойынша, бюджеттік субсидия алуға арналған АШТӨ жиынтық тізімін, биоагенттерді (энтомофагтарды) сатып алуға арналғані бюджеттік субсидия көлемін облыс және Астана және Алматы қалалары әкімдерінің бекітуіне ұсынады.

Егер Комиссия отырысына оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссия шешімі құқықты болып саналады және комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстардың тең болған кезінде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Бұл ретте субсидиялауға жататын биоагенттердің (энтомофагтардың) көлемі бөлінген бюджет қаражаты мен әрбір АШТӨ өңдеген ауыл шаруашылығы дақылдары алаңының көлемі ескеріле отырып, АШТӨ өтінімдеріне пропорционалды түрде белгіленеді.

17. Комиссияның ұсынысы бойынша облыстардын және Астана және Алматы қалаларының әкімідері екі жұмыс күне ішінде субсидиялау көлемін көрсете отырып, АШТӨ жиынтық тізімін бекітеді. Басқарма облыс және Астана және Алматы қалалары әкімінің шешімін Министрлікке және тиісті Бөлімдерге жібереді.

3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
18. Егер АШТӨ биоагенттерді (энтомофагтарды) отандық биоагент (энтомофаг) өндірушілерден және биоагент (энтомофаг) жеткізушілерден сатып алса бюджеттік субсидиялар АШТӨ-ге бюджеттік субсидиялар нормаларына сәйкес сатып алған жағдайда сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) төленеді.

19. АШТӨ ағымдағы қаржы жылының 20 қыркүйегіне дейін Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:



  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидия алуға өтінім;

2) биоагенттерді (энтомофагтарда) сатып алу-сату шартының көшірмесі;

3) биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын және көлемін жеке көрсете отырып сатып алынған биоагенттерге (энтомофагтарға) ақы толеуге арналған төлем құжаттарының көшірмесі (банкттің төлем тапсырмасы мен кіріс-кассалық ордер, шот фактура).

Бөлім үшжұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және оларды Басқармаға жібереді.

20. Басқарма құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде Бөлім ұсынған құжаттарды қарайды және тиесілі субсиди сомасын көрсете отырып, АШТӨ жинақталған тізілімін қалыптастырады және оңы облыстар Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне бекітуге жібереді.

21. Комиссияның ұсынысы бойынша облыстардың және Астана және Алматы залаларының әкімдері екі жұмыс күні ішінде тиесім субсидия сомасын көрсете отырып жиынтық тізілімді бекітеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдер жиынтық тізілімді бекіткеннен кейін Басқарма тізілімді Бөлімге жібереді.

АШТӨ мәлімдеген биоагенттер (энтомофагтар) көлемін сатып алудан бас тартса, Басқарма биоагенттердің (энтомофагтардың) бұл, көлемін АШТӨ тізіміне қосылған басқа АШТӨ арасында бөледі.

22. Басқарма бюджеттік субсидияларды төлеу үшін тың аумақтық қазыналық бөлімшесіне ақы төлеу шотының тізілім ұсынады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес АШТӨ банктік шоттарына бюджеттік субсидияларды аударады.

23. Басқарма есеп беретін айдан кейінгі әр айдың 5 күнінен кешіктірмей Министрлікке бюджеттік субсидия сомасы мен өңделген егіс алқаптары туралы ақпаратты көрсетіп, отандық өндірушілерге және АШТӨ төленген бюджеттік субсидия көлемі туралы, сондай-ақ бекітілген бюджеттік субидияны игермеу жағдайында игермеу себебімен қоса мәліметтерді ұсынады. Бұл ретте, отандық өндірушілерге төленген бюджеттік субсидия көлемі жөніндегі мәліметтер ағымдағы қаржылық жылдың 25 желтоқсанына дейін ұсынылады.

24. Басқарма ағымдағы қаржы жылының 5 шілдесі мен 25 желтоқсанына дейінгі мерзімінде Министрлікке бюджеттік субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат береді.

25. Министрлік жасалған нәтижелер туралы келісімдер негізінде жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердің төмен тұрған бюджеттерге аудармағаны үшін жауапты болады.

26. Қандай да бір облыс немесе Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Үкіметіне келесі қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

27. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімідері мен жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес емес түрде ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемін пайдаланғаны тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған субсидияларлды пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.

–––––––––––––––––––––––––––
Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы

қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді

қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы

дақылдарын өңдеуге арналған

биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын

арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану қағидаларына

1-қосымша



Биоагенттер (энтомофагтар) бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері


р/с




Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Биоагенттер (энтомофагтар) түрі

Нысаналы трансферттердің нормативтері (40%), теңге












Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы

қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында

ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған

биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын

арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану қағидаларына

2-қосымша



Биоагенттер (энтомофагтар) бойынша бюджеттік субсидияла нормативтері



р/с №



Биоагенттер (энтомофагтар) түрі

Ағымдағы нысаналы трансферттердің нормативтері (40%), теңге



1

2

3

1

Трихограмма

439,6

3

Габробракон

993,2

2

Алтынкөз

2400,0

Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы

қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында

ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған

биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын

арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану қағидаларына

3-қосымша

« _________________облысының әкімдігі» ММ

____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, бар болған кезде әкесінің аты)
ӨТІНІМ
____________________________________________________________________
(биоагент түрі)

биоагентін (энтомофагын) сатып алуға субсидияға алу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тізіміне қосуды сұраймын ____________________________________________________________________

көлемі _________ грамм (дана)

Мекеме жөніндегі мәліметтер:


1. Меншік нысаны _______________________________________________
2. Құрылған жылы _______________________________________________
3. Тіркеу жөніндегі куәлігі ________________________________________
_______________________________________________________________
                          (№, қашан және кіммен берілді)
      4. Орналасқан жері_______________________________________________
      5. Ауыл шаруашылығы дақылдары алаңының мөлшері___________гектар.
      6. Қоса берілетін құжаттар: _______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Басшысы _________________          _________________________________


                  (қолы)             (тегі, аты, барболған кезде әкесінің аты)

      Мөр орны


      «__» ________ 20__ г.

Өтініш қарастыруға «__» ________ 20__ ж қабылданды.
____________________________________________________________________

(өтінішті қабылдаған жауапты тұлғанаң қолы, тегі, аты, барбөлған кездеәкесінің аты)


Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы

қалалары бюджеттерін ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында

ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған

биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын

арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану қағидаларына

4-қосымша



Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріге арналған

субсидия алу өтінімі
негізде әрекет ететіні:
_________________________________________________________________ (құрылтай құжаттары)

___________________________________________________________________


(АШТӨ)

___________________________________________________________________


____________________________________________________________________   

Атынан бірінші басшы ______________________________________________


                               (аты-жөн, барболған кезде, әкесінің аты, лауазымы)
____________________________________________________________________
өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын арзандатуға субсидия бөлуді сұрайды.


      _________ гектар ________

      (ауданы)    (дақыл)

     
      АШТӨ заңды мекен-жайы: __________________________________________


                                  (төгі, аты, барбөлған кезде, әкесінің аты, қолы, мөрі)

Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы

қаллаары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы

тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында

ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған

биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын

арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттерді

пайдалану қағидаларына

5-қосымша



АШТӨ жиынтық тізілімі

20__ жылы субсидия алу үшін




Аудан
(қала)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

ЖСН


Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің ағымдағы шоты

Биоагент


(энтомофаг)

түрі


Сатып алынатын биоагенттердің

(энтомофагтардың) көлемі, грамм (дана)



БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

7

8






















Жиыны:



















Басқарманың құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________________________________________________
(тегі, аты, бар бөлған жағдайда, әкесінің аты, қолы)

Облыстық бюджеттердің және Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің

Энтомофагтардың құнын арзандатуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

159.81kb.

17 12 2014
1 стр.


Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын

Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақст

386.36kb.

25 12 2014
3 стр.


Ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы

Алқаптарды қалпына келтiруге жұмсалатын сома есепке алынып, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеу, сондай-ақ орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындары мен залалдарын өтеу ереж

118.55kb.

13 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №297 қаулысы Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы»

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану

451.16kb.

15 10 2014
3 стр.


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы

Зи сіз(дер)ді 2010 жылы маусымның 24-25 жұлдызында мекеменің құрылғанына 75-жыл толуына орай «Егіншіліктің, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен биологиясының жетістіктері

26.9kb.

25 12 2014
1 стр.


Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесi, басым ауыл шаруашылығы дақылдарына және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызуға және өсiруге субсидия нормативтерiн

Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы n 105 қаулысы. Алматы облысының Әдiлет департаментiнде 2011 жылы 20 мамырда 2073 тiркелдi

133.54kb.

15 10 2014
1 стр.


Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

Е қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделге

91.66kb.

25 12 2014
1 стр.


Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

Е қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделге

91.29kb.

25 12 2014
1 стр.