Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы

Омарова Батиш Абдирашовна

Omarova Batish Abdirashovna
ПОЛИГРАФИЯ ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ПОЛИГРАФИЧЕСКОЕ ПРОИЗВОДСТВО И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

NEW TECHNOLOGIES PRINTING PRODUCTION
Түйін сөз: Жаңа технологиялар; Баспа-полиграфиялық кәсіпорындары; Зерттеу; Жобалау; Тәжірибелік сынақ.

Бүгінгі таңда баспа-полиграфиялық кәсіпорындарды жаңа техника және технологиялармен жабдықтау, өндірістік жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру арқылы жарыққа шығарылатын баспа өнімдерінің жоғары сапалы, қанық түсті, көлемді және әртүрлі таралымда шығарылуын қамтамасыз етуге болады.

Жаңа техникалар мен технологияларды баспа-полиграфиялық кәсіпорындарға енгізу үлкен дайындықты талап етеді. Бұл дайындық жұмыстарының нысандары, мақсаты мен кезеңдерінің маңызы өте зор. Қойылған талаптарды қамтамасыз етіп, іске асыру мәселелері кешенді жұмыстарды талап етеді.

Полиграфиялық кәсіпорындардың жұмысын алға жүргізіп, шығаратын өнімдерінің нарық бәсекелестікке қабілеттігін арттыра түсу өндіріс мамандарының міндеті. Ол үшін осы саланың заманауи ғылыми жетістіктері мен әлемдік озық жұмыс тәжірибелерінің негізінде шығып жатқан жаңа техникалар мен технологияларды оқып зерттеу керек. Таңдап алынған техника мен технологияларды баспа - полиграфиялық кәсіпорындардың өндірісіне енгізу мүмкіндігін анықтау керек. Егер барлық қойылған талаптар орындалып, жаңа техника мен технологиялар өндіріске енгізілетін болса, еңбек және қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру, жұмысты басқарудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру жаңа сапалы өнімдерді басып шығару үдерісі басталады. Өндірістік техникалық сипаттағы инновацияларға - жаңа немесе жаңартылған техникалар мен технологиялар, нарық сұранысымен пайда болған жаңа өнімдер жатады.

Жаңа техникалар мен технологиялар жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның техникалық ұйымдастыру жұмыстарына көптеген өзгерістер әкеледі. Жоғарыда келтірілген объектілердің кез келгенін жұмыс ағынына енгізу барысында, полиграфиялық кәсіпорындағы басқа технологиялық үдерістерде де өзгеріс пайда болады. Бұл полиграфиялық кәсіпорындардың бірден бір ерекшелігіне жатады. Полиграфиялық кәсіпорынның иелері нарық сұраныстарын ескеріп, кәсіпорынның полиграфиялық қызмет көрсету саласын кеңейте түсу мақсатында, флексографиялық, трафареттік т.с.с. арнайы басу әдістерін игеруді қажет деп тапса, онда да арнайы жабдықтарды сатып алулары қажет. Ал, егер кәсіпорында өнімділігі жоғары, автоматтандырылған жабдықтары іске қосылса, баспа-полиграфиялық өнімдерді дайындайтын барлық технологиялық үдерістерге түзету енгізіліп, шығарылатын өнімдердің сапасы мен түрлері арта түседі. Орындалатын кешенді дайындық жұмыстары мен өндірістік және ұйымдастырудағы жаңа енгізілімдерді жылдам игеріп, технологиялық үдерістердің ұтымды параметрлерін дұрыс таңдай білу, жоспарланған өндірістің экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл баспа полиграфиялық өнімдердің саны мен сапасын және нарыққа бәсекелестік қабілетін арттыра түседі.

Нарықтық экономика бәсекелестік өнімдерді шығаруды талап етеді. Полиграфиялық кәсіпорындарда техника мен технологияларды қайта жабдықтандырып, жаңартылған техника мен технологияларды енгізуде басталатын зерттеу кезеңінде жаңа енгізілім жабдықтарына қойылатын талаптар қалыптасады. Жаңа технология бойынша дайындалатын өнімдердің қажеттілігі мен өнімдерінің нарықтағы сұранысы зерттеледі, яғни маркетингілік зерттеулер жүргізіледі. Өндірісті жобалау кезінде оның технико-экономикалық тиімділігін негіздеу керек. Әрі қарай жаңартуларды іске асыруға қажетті ақпараттық ізденістер мен зерттеулер жүргізіледі. Алдымен полиграфиялық жабдықтар нарығында да маркетингілік зерттеулер жүргізіледі. Жабдықтың құрылымдық, технологиялық, пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

Полиграфиялық жаңа техниканы таңдау барысында мына техникалық көрсеткіштерді міндетті түрде қадағалау керек: басып шығарылтын өнімнің бәсекелестікке сай келуі; техникалардың сенімділігі; құжаттарының толық кешенділігі; құрылымының қолданылатын жағдайға сәйкестілігі; автоматтандырылу деңгейі мен жылдамдық режимдері; беріктігі, қолдану мерзімі және еңбек қауіпсіздігі; метрологиялық жабдықтау шарттары; материалдар мен құрылымының эргономикалық және экологиялық көрсеткіштері; жұмысшылардың жаңа техникада жұмыс істеуге дайындығы; жабдыққа қызмет көрсетудің қарапайымдығы, жөндеуге икемділіктері мен сервистік қызмет көрсету жүйелерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері; қолданылатын материалдар және оларды айырбастау мүмкіндіктері.

Кейбір жаңа технологиялар кешенді жаңа жабдықтар мен материалдарды қажет етеді. Бұл жағдайда жабдықтаушы жақ жаңа техникаларды монтаждау, іске қосу, қызмет көрсетуімен қатар жұмысшыларды осы жабдықтарда жұмыс істеуге үйрету сияқты кешенді қызметтерді көрсетеді. Жаңа техника мен технологияларды полиграфиялық кәсіпорынға енгізудің зерттеу кезеңінде олардың техникалық, экологиялық және әлеуметтік маңызын зор.

Өндірістік-техникалық көрсеткіштерді технико-экономикалық есептеулер арқылы анықтап, артықшылықтары мен экономиялық ұтымдылығына аса үлкен мән беріп, олардың маңызды көрсеткіш екендігін ұмытпау керек. Бұл жаңа енгізулердың дұрыс шешім екендігін көрсетеді. Полиграфиялық кәсіпорынға жаңа техника мен технологияларды енгізуге өндірісті даярлаудың жобалау кезеңінде ғылыми зерттеулер барысында алынған нәтижелерді, техникалық құжаттарды, жаңа техникалардың құрылымы, технологияларды, өндірісті ұйымдастыру және басқару тәсілдерін іске асыру жүргізіледі.

Тәжірибелік сынақтан өткізу жұмыстарына жаңа үлгілерді даярлау және сынау, олардың құрылымдық, технологиялық және ұйымдастыру жатады. Жаңа техника мен технологияларды енгізуде алғашқыда кезінде қалыптасқан экономикалық, техникалық, технологиялық, ұйымдастыру, экологиялық, және әлеуметтік шешімдер кешенді түрде іске асырылады. Кәсіпорынға жаңа техника мен технологияларды енгізу кезеңінде конструкторлық жұмыстан басқа, жабдықты іске қосудың барлық түрі жүргізіледі. Жабдықты іске қосудың басты мақсаты – жаңа техникалардың паспорттарында көрсетілген барлық жұмыстар мен технологиялардың техникалық нұсқауларындағы техникалық шарттарға сәйкес жұмысты ұйымдастырып, сапалы өнімдерді шығаруды қамтамасыз ету.

Экономикалық дайындау барысында экономикалық жоспар жасалып, экономикалық қаржылар есептеледі. Өндірісті дайындауда орындалатын ұйымдастыру жұмыстарының құрамына техникалық, жоспарлық және басқару жұмыстарын ұйымдастыру кіреді. Оларға қызмет көрсету, жабдықтау, жөндеу, тасымалдау, еңбек орнын даярлау, еңбек және материалдық қорлардың нормативтік құжаттарын даярлау және өндіріс жұмысын басқару тәсілдерін жетілдіру жатады.

Мақалада баспа-полиграфиялық өнімдерінің нарыққа бәсекелестік қабілетін арттыра түсу мақсатында, салалық кәсіпорындарға әлемдік ғылыми және озық тәжірибелердің жетістіктері негізінде шығып жатқан жаңа техникалар мен технологияларды енгізу, өндірістік үдерістердің ұтымды параметрлерін таңдай білу, жұмысты экономикалық ұтымды ұйымдастыру мақсатында жүргізілетін дайындық жұмыстарының әдіс-тәсілдері мен кешенді сипаттамалары көрсетілді.


В статье рассматриваются эффективные пути, этапы и принципы внедрения в издательско-полиграфическое производство инновационной техники и технологии с целью повышения качества и конкурентоспособности издательско-полиграфической продукции. Приведены методы, характеристики, этапы комплексной подготовки полиграфического производства для внедрения инновационной техники и экономически эффективных параметров организации труда и технологических процессов.
The article deals with effective ways, stages and principles of implementation in publishing and printing industry of innovative techniques and technologies to improve the quality and competitiveness of the publishing and printing products. The methods, the characteristics of the stages of preparation of complex printing industry for the introduction of innovative technology and cost-effective options work organization and processes.

Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы Омарова Батиш Абдирашовна Omarova Batish Abdirashovna полиграфия өндірісі және жаңа технологиялар полиграфическое производство и новые технологии

Түйін сөз: Жаңа технологиялар; Баспа-полиграфиялық кәсіпорындары; Зерттеу; Жобалау; Тәжірибелік сынақ

49.61kb.

25 12 2014
1 стр.


Баспа-полиграфия саласының Өзекті мәселелері омарова Бәтіш Әбдірәшқызы

Мысалы, баспа-полиграфия саласындағы мәселелелердің біріне қолжазбаларды даярлайтын баспа ісі мамандарының біліктілік деңгейінің төмендігі жатады. Бұл әрине барлық мамандар деген с

123.62kb.

25 12 2014
1 стр.


Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы полиграфиялық басу машиналары

Басу машиналары басу аппараттарының құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: тигельдік, жазық және ротациялық болып үш типке бөлінеді

79.32kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің 2012 жылға арналған тексерулер жүргізу жоспары

Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітілген

37.5kb.

08 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің 2012 жылға арналған тексерулер жүргізу жоспары

Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітілген

45.89kb.

09 10 2014
1 стр.


Жаңа кітаптар Кітапханаға келіп түскен әдебиеттердің

А99 Аяжанов, С. С. Ақпараттық жүйелердің негіздері: оқулық / С. С. Аяжанов, Ш. Е. Омарова, Қ. С. Аяжанов. Алматы: Дәуір, 2012. 399 б. 25 экз

753kb.

11 10 2014
5 стр.


Құрастырушы: аға оқытушы Омарова Г. Т

«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» мамандығының студенттеріне арналған

269.2kb.

25 12 2014
1 стр.


1-бөлім. Жалпы ережелер

«Былғары және тері шикізаты өндірісі», «Былғары аяқ киім өндірісі», «Былғары галантерея өндірісі», «Қайыс-ер бұйымдары өндірісі, «Былғарыдан техникалық бұйымдар жасау өндірісі», «Қ

3250.5kb.

12 10 2014
12 стр.